Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Смагулов Ж.Б. Морфологические особенности развития желудочно-
кишечного тракта ягнят разных сроков рождения //Сб.науч.трудов ин-та
экспериментальной биологии. –Алма-Ата, 1969. –Т.4. –С.244-249.
2.Мурзамадиев А. Особенности постнатального роста внутренних органов у
овец казахской тонкорунной породы и их помесей //Сб.науч.трудов ин-та
экспериментальной биологии. –Алма-Ата, 1969. –Т.4. –С.54-61.
3. Борлаков С.И. Интенсивное выращивание и нагул молодняка карачаев-ской
породы овец в условиях высокогорных районов Карачаево-Черкесской
автономной областя: автореф…канд.с-х.наук: 27.10.75. –Ставрополь, 1975.
-23 с.
4.Литовченко Г.Д. Организация зимнего ягнения в совхозе «Сарпа»
//Овцеводство. –М.: Сельхозиздат, 1956. -№3. –С.13-30.
5.Зарытовский В.С. Сравнительные данные проведения зимнего, ранне-
весеннего и весеннего ягнения овец //Сб.науч.трудов Ставропольского СХИ. -
Ставрополь, 1960. –Вып.10. - с.189-195.
Резюме
Продуктивные особенности ягнят в разных сроках окота
Summary
Produсtive features of the lambs which were born in different time periods
60
ӘОЖ 71.75.785
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ ТӘСІЛДІК ОРЫНДАУДАҒЫ ДОП БЕРУ
ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алшынбаев К.И., Әбілда А.Б., Садыкова Д.Б.
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент қаласы
Доп беруді доптың ұшу жылдадығына қарай баяу (10 м/с-қа дейін),
үдемелі (16 м/с-қа дейін), жылдам (16 м/с-тан аса) деп бӛледі. Доптың ұшу
жылдадығын арттыру үшін жоғарыдан екі қолмен доп беру әдісімен
орындалатын, үдемелі және жылдам доп беру әдістерін қолданады. Доптың
ұшу жылдамдығын арттыру түрлері:
-
бастапқы қалып- ең жоғары тұрыс, аяқты тізеден аз бүгеді (140є
шамасында); қол саусақтарының қалпы доп беру ұзақтығына байланысты, бірақ
барлық жағдайларда олар баяу доп беруге қарағанда тӛмен тұрады;
-
соққыны тез әрі белсенді қол қимылымен орындайды, мұнда екі қол да
бір мезетте тіктеледі.
Мұнда кӛмекші қимылдар жоқ, сондықтан бұл доп берулер дәл бола
бермейді.
Дәл доп беруді орындау үшін екі қолмен жоғарыдан доп беріп
орындалатын баяу доп
берудің барлық түрлерін пайдаланады. Бұлай доп беруді дұрыс
орындаудың шарттары:
-
доптың астына дәл әрі дұрыс шығу;
-
қолдың баяу қимылына қарай аяқтың белсенді әрі тез қозғалуы;
-
доп берудегі доптың ұшу бағытындағы кӛмекші қимылдарды белсенді
орындау.
Доп беруді бағыты мен ұзақтығына қарай кезектестіру шабуыл үшін
тордың барлық
ойын бӛлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Алға қарай доп беру бұның
алдында қарастырылған.
Артқа доп беру. Оны бір аяқты (әдетте сол аяқты) екінші аяқтың алдына
қою қалпымен орындаған дұрыс. Бастапқы қалыпта қолды саусақтар бастан
жоғары болатындай етіп кӛтереді (дәлірек айтқанда, дененің ЖДО-нан жоғары).
Соққы қимылында алдымен аяқты тізеден жазады. Ойыншы кеуде және бел
бӛлігінде бір мезетте бүгіледі. Сосын қолдарды іске қосады: оларды шынтақтан
толық жазып, жоғары кӛтереді. Доп беру бағытындағы қажетті ұшу бұрышы
қол қимылымен емес, бүгілу шамасымен беріліп, реттеледі (11-сурет).
Ҧзақтан, қысқа, қысқартылған доп берулер. Доп беру ұзақтығына
қарай былайша жіктеледі: аймақ арқылы бағытталған ұзақтан доп беру
(мысалы, 2-аймақтан 4-аймаққа), кӛршілес аймаққа бағытталған қысқа доп беру
(мысалы, 3-аймақтан 4-аймаққа), ӛз аймағына бағытталған қысқартылған доп
61
беру (мысалы, 2-аймақтан 2-аймаққа). Қысқа қашықтықтан доп беру жоғарыда
айтылды, доптың ұшу бұрышы 75±3є-ты құрайды. Ұзақтан доп берудегі
бастапқы қалыпта қолды алға қарай біршама тӛмен жібереді, демек,
басбармақтар ойыншы мұрынының деңгейінде тұрады. Соққы қимылын
орындағанда аяқты жазу жылдамдығы жоғары болады, тез әрі қуатты қол
қимылы қажет. Доптың ұшу бұрышы 67±2є-ты құрайды.
Қысқартылған доп берудегі бастапқы қалыпта қолды жоғары кӛтеріп,
басбармақ ойыншының маңдай тұсында тұрады. Доп беруді ӛте жоғары
тұрыстан орындайды, аяқты аз бүгеді., доптың ұшу бұрышы 85±2є-ты құрайды.
Күтпеген шабуыл қимылы әсеріне жеткізу үшін доп беру биіктігін
кезектестіріп, алаңдатушы амалдар қолдану қажет.
Жоғары, орта, тӛмен доп беру. Биіктігі бойынша доп беруді мынадай
түрлерге бӛледі: тӛмен – доптың ұшу жолының тордан ең жоғары биіктігі 1 м-
ге дейін, орташа – 2 м-ге дейін, жоғары – 2 м-ден жоғары. Доптың ұшу
жолының биіктігі соққы қимылының орындалу жылдамдығымен және жұмыс
қалпында алдын ала жартылай (аяқтың тізеден бүгілуі) отыру шамасымен
реттеледі. Допты жоғары беру қажет болған сайын соққы алдында соған сәйкес
тӛмен түсіп, соққы қимылын тез орындау қажет.
Алаңдатушы іс-қимылдармен доп беру. Қарсыласын алдағы шабуыл
туралы ақпараттан адастыру үшін доп беретін ойыншының алдарқату
амалдарының бірі. Қарсылас үшін ең ақпаратты дайындық кезеңі басқа бір
әдістен, ал негізгі кезеңі келесі бір әдістен алынады.
Алдымен тәжірибеде «алдау» (откидка) деген атпен белгілі доп беру
мысалын келтіреміз. Дайындық кезеңінде ойыншы тікелей шабуыл соққысына
тән барлық жүгіріп келу, секіру, сермеу қимылдарын орындайды. Алайда
қолын сермеу кезіне тіркемейді. Ұшудың жоғары нүктесінде ойыншы кеудесін
торға қиылыстыра бұрады, сонымен бір мезетте қолын бастан асыра кӛтереді
және оң қолын секіре доп тастағандағыдай бастапқы қалыпқа келтіреді. Сосын
допты әріптесіне береді. Сонымен, алаңдатушы қимылдармен доп беру әрекетін
былай кӛрсетуге болады:
-
басқа әдістік амалдың (мысалы, шабуыл әрекетінің) немесе осы әдістік
амалдың басқа түрінің (мысалы, қалауынша артқа доп беруді орындап, ал
барлық дайындық іс-қимылдарын алға доп беру әрекетіндегідей орындау)
дайындық әрекеттерін орындау;
-
қажетті доп беруді орындауға тән бастапқы қалыпты қабылдау
(мысалы, секіруден екі қолмен жоғарыдан доп беру немесе екі қолмен
жоғарыдан артқа доп беру);
-
ӛз әріптесіне доп беруді орындау.
Шабуыл соққысы қарсылас жағына қарай тордың жоғары жиегінен биік
тұстан бір қолмен доп ұруды қарастыратын шабуылдың әдістік амалы. Оның
екі әдісі (тікелей және бүйірлік) мен кӛптеген түрлері бар.
Тікелей шабуыл соққысы (1-сурет). Тікелей шабуыл соққысында
қимылды сагиттальді жазықтықта орындайды. Бастапқы қалып доп беруді
орындағандағы тұрысқа сәйкес. Дайындық кезеңіне жүгіріп келу, сермеу,
62
секіру кіреді. Жүгіріп келу іс-қимылдың қажетті кӛлденең жылдамдығына жету
мен оны секіру кезінде барынша қолдану қызметін атқарады.
Жүгіріп келу ұзақтығы – 2-4 м (үш қадам). Бірінші қадам шағын, қимыл
жылдамдығы аз. Ол жүгіріп келудің жалпы бағытын анықтайды. Екінші қадам
жүгіріп келу бағытын дұрыстайды. Қадам ұзындығы ӛскен, оны орындауға
жұмсалатын уақыт азайып, қозғалыс жлдамдығы артады. Үшінші қадамда
жүгіріп келудің кӛлденең жылдамдығы секірудің тік жылдамдығына ұласады.
Қадам ұзындығы шағын, дененің ЖДО-сы біршама тӛмендейді, қозғалыс
жылдамдығы ӛсе түскен. Соңғы қадамды әдетте қарғып (секіріп) орындайды:
Сурет 1. Шабуыл соққысын оқыту техникасы
аяқты (кӛп жағдайда, оң аяқты) алға соза жіберіп, ӛкшеге қояды, табаны
жазық. Оң аяқ тірекке тек осылай қатаң қоюда тежелу әсері байқалады.
Ойыншы соңғы қадамында келесі аяғымен тіректен тебіліп, аз уақыт
аралығынан кейін оны оң аяққа қояды.
Тірексіз қалыптағы дене бӛліктерінің қимылдарын үйлестіру үшін тебілген
кездегі табанның орналасуы ӛте маңызды. Оларды аяқтың ұшымен ішке
бұрыңқырап немесе қатар қою ӛте тиімді. Жүгіріп келу ұзындығын азайтқанда
және екі қадамнан жүгіріп келуге ауысқанда екінші және үшінші қадамды, ал
бір қадамнан жүгіріп келуде тек үшінші секіру қадамын орындайды.
Секіру қадамымен бірге екі қолды да артқа жібереді. Тебілу кезінде
қозғалысты бірінші кезекте доға бойымен арттан-тӛмен-алға қозғалағн қол
бастайды. Бұл сермеу қимылы саусақтар бастан асыра кӛтерілгенде қолды кілт
тоқтатумен аяқталады.
Дененің ЖДО-сы тіректің артында тұрғанда барып, аяқтар тебілу қимылын
іске қосады; ол бұл жағдайда барлық буындарда тіктелген. Секіру биіктігі
қолдың сермеу қимылы мен жүгіріп келгеннен кейін аяқтың тізеден бүгілу
шамасына байланысты. Алайда бұл бұрыш 90є-тан кем болмауы тиіс.
Аяқтың тіректен ажыраған сәтінен бастап ойыншы денесі жоғары және сәл
алға қозғалады, бұл – ұшу кезеңі. Кӛлденең сырғуды болдырмау үшін аяқтың
тіректен ажыраған сәтінде кеуденің жоғары бӛлігін артқа жіберу керек. Бұндай
қимыл белгілі мӛлшерде дене ЖДО-сы айналасындағы дене салмағын анықтап,
63
қарама-қарсы кӛлденең құраушы күш жағына бағытталған біршама
айналымдық сәт құрайды. Бұл дененің ұшу жолының ұзындығын азайтуға
кӛмектеседі.
Оң қолдың кӛтерілуімен бір мезетте жоғары-артқа сермейді. Сонымен
дайындық кезеңіндегі қол қимылы соққы салмағының үдеу алу жолын
арттыратын созылмалы күш салу мен сермеуден құралады. Бұл екі бӛлікті
қимыл бағытын ауыстыру арасындағы шағын үзіліс бӛліп тұрады. Сермегенде
білекті бастан асыра жіберіп, қол алақандарын жоғары кӛтеріп, оң иығын артқа
жібереді. Шынтақты кӛтеру биіктігі ойыншының жекелеген ерекшеліктеріне
байланысты ӛзгеріп отырады, бірақ кез-келген шынтақ иық буыны белдеуінен
жоғары болуы тиіс. Ойыншылар кӛп жағдайда «садақ» қалпында болады, яғни
кеуде мен бел бӛлігінде бүгіліп, аяқты тізеден бүгіп, аяқтың басын артқа
жібереді. Сол қол сермеу кезінде белсенді қимыл жасайды: оны қапталға
жібереді, соның нәтижесінде үлкен кеуде бұлшықеті созылады.
Соққы қимылы денені тік ось бойымен бұрып, алға жіберіп, оң иықты
кӛтеруден басталады. Бұл қимыл жұмысқа сәл кейін кірісетін қолға бастапқы
жылдамдық береді. Оны шынтақтан тіктеп, жоғары созып, сол арқылы допты
ұрудың қажетті биіктігін қамтамасыз етеді. Қолды допқа қамшылау әдісімен
жоғары бүйірден (қолдың иілу бұрышы 75є-тан кем емес) еркін қояды. Мұнда
иықты алға жіберіп, қолды доппен біргеалға-тӛмен жылжытып, қолды
білезіктен бүгеді. Допты саусақпен сырғып кетуден сақтап, алға-тӛмен
бағыттайды. Сосын иықты тағы да алға және тӛмен жібереді, олар алға-тӛмен
қозғалған тіректің ролін атқарады. Қол қимылының жылдамдығы толқынды
ұлғайып, ұру сәтінде ол жоғары кӛрсеткішке жетеді.
Әдебиеттер
1.Алшынбаев К.И, Шегенбаев А.А, Гусейнов М Г, Беков А А, Желеубаева Б.С -
Волейбол ойыны
2.Кумянский В.Л. Волейбол: О судьях и судействе, – Москва: 2002
3.Ильюшенко К.В. Волейбол в Казахстане: учебное пособие по истории
волейбола Казахстана. - Алма-Ата: КазИФК, 1979.
4.Ильюшенко
КВ.,
Асарбаев
АК.
Подготовка.
квалифицированных
волейболистов: учебник по теории и методике тренировки волейболе. - Алма-
Ата: Изд. Мин. Обр.; КахССР, 1989.
5.Железняк 10.Д., Слупский Л.Н. Волейбол в школе: пособие для учителя. -
Москва: «Просвещение», 1989.
Резюме
Учитывание физиологических и возрастных особенностей; методические
приемы при подаче мяча
Summary
The volleyballs methods in differences of giving balls
64
ӘР ТҤРЛІ ЕЛДЕРДІҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӚСПІРІМДЕР
МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Алшынбаев К.И., Азизов Ш.Б.
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, М.Сапарбаев
атындағы №14 жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы
Резюме:
В данной статье рассматривается различие физического воспитание в
детско-юношеских организации в разных странах
Summary:
This article discusses the difference between physical education in youth
organizations in different countries
Дене тәрбиесi педагогикасы мен теориясы үшiн әртүрлi елдердегi дене
тәрбиесi бағдарламаларын талдаудың маңызы ӛте зор, себебi талдау
сабақтарыньң кӛлемi мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ Қазакстан Республикасындағы ―дене тәрбиесi‖ пәнi бойынша қазiргi
заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен қолайлы
ұсыныстар енгiзуге пайдасы тиедi.
1985 жылы бұрынғы одақтағы педагогикалық ғылымдар Академиясының
балалар мен жасӛспiрiмдер физиологиясының ғылыми зерттеу институты
жасаған дене тәрбиесi бағдарламасында бүкiлодақтық ―Еңбекпен Отанды
корғауға дайынмын‖ 1 ден іс тәрбиесi жиынтығына негiзделген, тұтас жүйенi
құрайтын мектептегi дене тәрбиесiнiң негiзгi түрлерi түгел қамтылған. Ендiгi
жерде коғамдағы үлкен ӛзгерiстер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерiнiң
тәуелсiздiк алуына байланысты дене тәрбиесiң iс бағдарламаларына ұлтгық
ерекшелiктердi, дәстүрдi, коршаған орта мен ӛмiр жағдайын ескеретiн жаңа
ғылыми қағида қажет.
Дене тәрбиесi бағдарламаларында белгiлi ғалымдар ұсынысы бойынша
мынадай жас топтары енгiзiлген: мектепке дейiнгi [3-6 жас], кiшi мектеп жасы
[6-10, орта [11-16‘, жеткiншек [17-18 жас], кәсiптiк техникалық колледждер
К.Т. У, жоғары жастағы оқушылар [5].
Оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламасында 6-18 жас аралығына
дейiнгi мерзiм қамтылады. Мектеп жасы шартты түрде кiшi, орта және жоғары
болып бӛлiнедi. Бұл бағдарламада он жас мерзiмiнiң морфофункционалдық
ерекшелiктерi ескерiледi. Кiшi мектеп жасында белгiлi қозғалыс дағдылары
оңай бекiтiледi. Тiптi оны балалар нұсқаусыз-ақ ӛз беттерiмен жетiлдiре алады.
(Мысалы, шаңғымен және конькимен жүрудi, велосипедтi айдау). Кӛпшілiк
дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар ынталы жаттығады және жаңа
қозғалыстың күрделi әрекеттерiн игередi, яғни қозғалыстарға кұмарлықпен
дайын болу дене тәрбиесi үшiн қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да кiшi
мектеп жасындағы оқушыларды оқыту ―ең жақсы‖ кезең ден танылады.
65
Орта жене жоғары мектеп жасындағы балалар да спортқа кызығады. Олар
күрделi дағдыларды ӛз бетiнше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын
орындауға тӛзiмдiлiк, қайсарлық таныта бiлiп, кейде спортгық жарақат алып та
қалады. Бұл жас кезеңiнде дененiң қимыл-қабiлеттiгiн үйрену мен қызығуда
саналылық калыптасады.
Қимыл-әрекетi ұйымдастырып, басқаратын жинақылық. мүше ретiнде
козғалу талдағышы осы кезде ӛзiнiң толық жұмыс қабiлетiне жетедi.
Орта мектеп жасында (11-16 жас) жыныстық жетiлу күшейедi, осыған
байланысты ағзаның кейбiр (байланыстыру) бағдарлық қабiлттерiнде ауытқу
болып, жаңа қозғалыс дағдыларын игеру қиындайды. Бұл жаста кӛңiл-күй
тұрақсызданып, оқушылардың ӛз тұлғасына, оқудағы, спорттағы табыстарына
айрықша мән беру күшейедi. Оқушылардьң мұндай мiнез-кұлкы дене тәрбиесi
бағдарламасында ескерiлуi керек.
Жоғары мектеп жасын индивидумның барлық дене және қозғалыс
дағдыларыньң жекелей қалыптасуының аяқталу кезеңi ден санауға болады.
Бозбалалар мен бойжеткендер ӛсiп жетiле келе болашақта тұрақты сақталатын
негiзгi қозғалыс дағдысына жаттығады.
Бұл бағдарламада сыныптан тыс спорттық жұмыс бойынша дене тәрбиесi
сабақтары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты арнаулы топтарға
арналған бӛлiмде қамтылған. Жинақылық бағдарлама бес болiмнен турады
және дене тәрбиесi құралдарының негiзiн жасап, оқу күн тәртiбi бойынша дене
қимыл формаларын дұрыс мӛлшермен орналастырудың катаң түрде сақталуын
және қозғалыс белсендiлiгiнiң жалпы кӛлемiн анықтайды (2-кесте).
Бағдарламаның бiрiнші бӛлiмiне оқу күн тәртiбiндегi дене тәрбиесi
сауыктыру шаралары енгiзiлген: сабаққа дейiнгi гимнастика, сабақ барысында
дене шынықтыру минуттары және үзiлiс кезiндегi қозғалыс ойындары,
денсаулық сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар.
Бағдарламаның бұл бӛлiмi бүкiл жұмыс күнi бойында жоғары жұмыс қабiлетiн
сақтап, шаршауды болдырмау үшiн маңызы зор.
Бағдарламаның екiншi бӛлiмiнде мектептегi сабақ кестесiнде аптасына 2
рет 45-минут бӛлiнетiн дене тәрбиесi сабақтарындағы оқу материалдары
қамтылған дене тәрбиесi сабағы - жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене
тәрбиесiнiң негiзгi формасы. Сабакқа қойылатын негiзгi талаптар:
оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртурлi әдiс-амалдармен
қамтамасыз ету; қимыл дайындыктары және дененiң дамуы; оқу сабақтарының
бiлiктiлiк пен нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық сезiну және моторлы
тығыздықтың жоғары деңгейiне жету; дене тәрбиесi сабағындағы дағдылар мен
шеберлiктi оқушылар ӛз бетiнше қалыптастыру. Ӛз бетiнше орындауға
арналған жаттығу тапсырмаларды оқушылар сабақта алады. Олардың
мазмұның дене қасиеттерiн дамытуға бағытталған қарапайым қимыл-әректтердi
сабақта қайталап қалыптастырудан құралады. Сондай-ақ, үй тапсырмасын
орындауды тексеру де сабақтарда жүйслi түрде iске асады.
Жоғары сынып оқушыларына арналған дене тәрбиесi бағдарламасында
еңбек үстiндегi психофизикалық, қызметтердi дамыту қарастырылады. Ол дене
тәрбиесi сабақтарында және оқу цехтарындағы, сабақтар арасьндағы
66
үзілістерде, оқу-ӛндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс лагерлерiнде
жургiзiледi.
Жоғары сыныптағы оқушылардың әскер қатарындағы қызметке
дайындығын күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық
мәлiметтерi кiргiзiледi. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердiң Жарғысьна
сәйкес кейбiр әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы
уақыт бӛлiнедi.
Бағдарламаның үшiншi бӛлiмiнде дене тәрбиесiнiц сабақтан тыс жұмыс
түрлерi енгiзiледi: спорт үйiрмесi, оқушылардың дене тәрбиесi үйiрмелерi,
әскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б.
топтардағы жаттығулар кiредi. Спорттың таңдаулы түрлерiмен айналысқысы
келетiн оқушылар үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде Б.Ж.С.М. арнаулы
спорт мектебiнiң бастауыш топтары да ашылады.
Спорт үйiрмслерi үшiн жалпы дене дайындықтары бойынша материалдар
бiрдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама
бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерде спорт түрi бойынша ең кӛп
берiлген. Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалiмдер спорттың басқа түрi
бойынша сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлi сабақтан тыс спорт үйiрмелерiне
мектеп оқушыларын толық қатыстыру үшiн оларды ұйымдастырып, еткiзуге
жоғарғы сынып оқушыларын, қоғамдық,нұсқаушыларды, педагогтарды, ата-
аналарды және басшыларды шақыру керек.
Бағдарламаның тӛртiншi бӛлiмiнде жалпы мектептiң тәрбиесiндегi
бұқаралық және спорттық шаралардьң мазмұны: ай сайын денсаулық және
спорт күндерiн ӛткiзу, мектеп iшiндегi жарыстар, туристiк жорықтар, слепер
/бас қосу/ жоспары берiледi.
Бағдарламаның бесiншi бӛлiмiнде дене тәрбиесi бойынша үй
тапсырмасын орындауға ұсыныстар берiлген.
Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесiнiң
құрал-жабдықтары мен әдiстерiнiң барлық түрi қатаң белгiленген уақыт
тәртiбiне қамтылған.
Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұрақда жақс, тiптi ӛте жақсы деуге
болады. Сеебi, мұда сабақтарды қайда, қашан ӛткізу керектiгi нақты анық
кӛрсетiледi. Бiрақ, ӛкiнiшке орай, дене тәрбиесi процесiн кейде тым ―берiлген
талаптан асыра‖ ұйымдастырады.
Ұсынылған бағдарлама кептеген мектептердегi, әсiрәсә, ауылдық
жерлердегi
материалдық-техникалық,
базалардың
жәе
әдiстемелiк
жабдықтардың әлсiздiгiн ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық
жағдайлардың арасында алшақтықтың кӛптiгi соншалық, бұл бағдарлама,
бiздiң кӛзқарасымыз бойынша, нақты емес, жалған тәрiздi болып керiнедi. Дене
тәрбиесiнiң жалпы әдiстемесiнiң негiзiндегi түпкi нәтижелерiне (оқушылардың
денсаулығы)
мұғалiмнiң
жауапкершiлiгi
мен
ӛз
бетiнше
жасаған
шығармашылық жаңалықтарын, бұрынғы бағдарламаны қайта құруда негiзге
алуы керек. Сондай-ак, жинақылық бағдарламасы оқу күн тәртiбiндегi дене
тәрбиесi сауықтыру тапсырмалары мен сабақтың түрлерiне арналған. Бiздiң
кӛзқарасымыз бойынша, бағдарламада негiзiнен сыныптан тыс және мектәптен
67
тыс спорттық жаттығуларды дамытуға кӛп кӛңіл бӛлінуі тиіс. Орта және
жоғары сынып оқушылары үшiн ӛздерiнiң қызығушылығына қарай, денсаулық
жағдайларына
қарай,
дене
дайындығын
және
ағзаның
жеке
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып спорттың бiр түрін таңдап
алуы керек. Кәсiптiк бағдарға сай мектептерде қандай да бiр спорттық бағыт
ұстану керек. Оқушыларды мектептегi бар спорттық үйiрмелерге таңдап
алмастан, олардың жеке ерекшелiгiне сай келетiн қандай да бiр спорт түрi
бойынша ұсыныстар мен кӛмек берiлуi керек. Кесiптiк-техникалық
колледждерге арналған дене тәрбиесi бағдарламасында кептеген ерекшелiктер
бар. Бұнда жалпы бiлiм беретiн мектептегi бағдарламадағыдай тәрбиелiк және
сауықтыру мiндеттерi қойылған. Дегенмен, бағдарламаның жауапты бӛлiмi
кәсiптiк-қолданбалы дене дайындығына арналған. Мұнда мынадай қосымша
мiндеттер қойылады: әсiресе берiлiген мамандыққа қажеттi дене қасиеттерiн
дамыту, кемекшiк қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетiлдiру, қалыптастыру
ағзаның әртүрлi кәсiптiк ӛндiрiстiк факторлардың әсерiне тӛзiмдiлiгiн арттыру.
Негiзгi қойылған мақсат - ең үздiк кәсiптiк дайындыққа қол жеткiзу үшін
сабақтарда арнайы дене жаттығуларына кеңiл кӛп бӛлінеді.
Бағдарламадағы кәсiптiк-техникалық колледждегi оқушыларға арналған
дене дайындығына коятын талаптары мен материалдары жалпы бiлiм беретiн
мектептегi дене тәрбиесi мазмұнымен бiрдей болып келедi, бұл авторлардың
айтуынша, осы оқу мекемелерiндегi байланысты сақтайды.
Балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебiнiң /БЖСМ/ дене тәрбиесi
бағдарламасының мақсаты - спорттық олимпиадалық түрлерi бойынша
маманданған спортшыларды даярлау болып табылады. БЖСМ-дегі жұмыстың
негiзгi түрi — оқу топтарындағы жаттықтыру сабақтары, жарыстарға қатысу,
спорттық, сауыктыру лагерлерiне бару, ӛзiн-ӛзi бақылау, гигиеналық теориялық
сабақтар ӛту болып саналады.
Жасӛспiрiм спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерiнiң оқу
жоспарьна баланың жас ерекшелiгi мен спорттық мамандығына қарай бiр
жылда сабақтарға 500 - 1000 оқу сағаты бӛлiнедi. Жаттығу уакытының басым
бӛлiгi (70% мелшерiндей) спорттық мамандық түрiне - арнаулы дене
жаттығуларға арналады. Спорт мектебiндегi сабақтар мектептен тыс уакытта,
әдетте аптасына 3-4 рет ӛткiзiледi: әр жаттығу сабағыньң ұзақтығы жас
ерекшелiгiне қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебi оқушыларының
дайындығының ӛлшемi жарыстар кезiндсгi спорттық нәтижелер болып
табылады.
Спорттық бағыттағы жалпы бiлiм беретiн мектепинтернаттардағы
оқушылардың дене тәрбиесi бағдарламалары спорттың белгiлi бiр түрiнен
жоғары шеберлiкке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы
мықты, дене жағынан шыңдалған балалардың iрiктеп алады, оларды 3-4
сыньптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-
интернаттарының оқу жоспарына бiр жылға 700-1500 оқу сағаты бӛлiнетiн
спорпттық дайындық жоспарланады.
Жаттықтыру сабақтары демалыс күннен басқа барлық күндерде
жүргiзiледi. Әр жаттығудың ұзактығы 3-6 сағат, олар әдтте: таңертеңгi және
68
кешкi жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелiгiне,
спорттың түрiне, жаттығу процесiнiң мерзiмiне қарай берiлетiн жаттығу
жүктемелерi кӛбейедi немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-
интернаттағы оқу-жаттығу сабақтарынан орта мектептегi жалпы бiлiм берушi
пәндердiң аздап қысқарған кӛлемi қосылады.
Спорттық мектеп-интернат оқушылары үшiн мiндеттi түрде денсаулықты
қалпына келтiру шараларыньң жиынтығы жүргiзiледi, дұрыс тамақтану және
күндiзгi демалыс пен ұйқыны қамтитын күн тәртiбi ұиымдастырылады.
Интернаттағы медицина қызметкерлерi мен аймақтық денн тәрбиесi
диспансерiнiң дәрiгерлерi оқушылардьң денсаулық жағдайы мен оқу-жаттығу
жүктемесiнiң мӛлшерiн бақылап отырады. Жаттықтырушылар дәрiгерлiк
бақылаудьң нәтижелерiн спорттық дайындықтың жеке жоспарын түзетуге
пайдаланады. Мұндай мектептердегi оқушылардың дене тәрбиесiнiң ӛлшемi -
спорттық нәтижелер, елдiң құрама тобында қатысулары болып табылады.
Осылайша, Қазақсдағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесiндегi қазiргi
бағдарламалары олардьң жастарына қарай және оқу тәрбие мекемелерiнiң
үлгiлерiне қарай жiктелген. Бұл бағдарламада дене тәрбиесiнiң ету мiндеттi
және қажеттi түрлерi қарастырылған оқу аптасы мен оқу жылының күн
тәртiбiндегi сабақтардьң кӛлемi мен ұзақтығы, қажеттi құралдары кӛрсстiлген.
Басқа елдерде қабылданған осындай бағдарламаларды талдаудьң мәнi зор.
Мұндай салыстырулар бiздiң елдегi жастардьң дене тәрбиесiн жетiлдiру
жолдарын кӛбейтуге мүмкiндiк бередi.
Батыс Европаның кӛп елдерiнде мектепке дейiнгi жастағы балалардың
дене тәрбиесiнiң мiндеттi мемлекеттiк бағдарламасы жасалған. Осы тұрғыда
берiлген ұсыныстарда осы жастағы балаларға ӛте лайықты спорттық ойындар
кӛп берiлген, дене жаттығу сабақтардьң түрлерi баланың табиғи белсендiлiгiн
кӛтеруге бағытталған [3].
Достарыңызбен бөлісу: |