Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

Әдебиеттер 

1.

 



. www: \\medinfo.perm.ru\content\tuberculosis\tubcommon\  

2.

 



Г.С.Ходжакулеиевтің  Г.А  Халлыева  ;  Под.  Ред.  А.И.  Нетрусова.  Экология 

микроорганизмов.  Учеб  для  студ.  Вузов.\  М.:Изд-кий  центр  «Академия» 

2004-272с. 

3.

 



А.А.Ахундов  пен  Қ.Ч.Чарыев;  Практикум  по  микробиологии:  Учебное 

пособие для вузов 2004-256с. 

4.

 

А.А.Ахундов  Практикум  по  микробиологии:  Учебное  пособие  для  вузов 



2003-165с. 

5.

 



. www: \\ everyday.com.ua\grentea\milk-types. Htm  

6.

 



. www:\\ kulinarniy. Front.ru\napitki\moloko-9.htm 

7.

 



7.А.Толмачевтың    (Saccharomyces  lactus),  .  А.М.  Скородумовтың 

«Микробиология с основами вирусология: Учебное пособие  для вузов пед. 

Ин-тов по биология и химии спец,- 

8.

 



Қазақстан  Республикасы  «Түйе  жарыс»  федерациясының  республикалық 

газеті –«Желмая». 20-қараша,2004ж. 



108 

 

ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ КЕЗЕҢІНЕ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ 



ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРДЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 

 

Атанчаева Л.Е. 

Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университет 

 

Әлемдегі  қарқынды  даму  кезеңінде  әлеуметтік  ,  экономикалық  және 

технологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында адамдардың мәдени 

құндылықтардың  басымдығын  мойындау  дизайнның  мағынасын  жоғары 

сапалы деңгейге кӛтереді. Халық тұтынатын тауарлардың тұтынушылық және 

сапаларын  жоғарылату  болып  табылатын  дизайнның  негізгі  міндеттерімен 

қатар  қоғамның  қарқынды  жаңару  жағдайында  ӛмір  сүру  қалпын  мәдени 

сабақтастықпен қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады. 

 

Бүгінгі  таңда  дизайн  жобалау  мәдениетінің  негізгі  бӛлігі  болып 



табылатын  жобалау  қызмет  түрі  ретінде  қарастырылады,  бұл  жерде 

шығармашылық  тапсырмаларды  тұжырымдамалық  және  кӛркем-  әсемдік 

әдістермен  шешуді    игеру    дизайнердің  басты  қабілеті  ретінде  танылады. 

Осының  барлығы  жобалау    шығармашылығында  ӛзіндік бастаманың  маңызды 

ролі  бар  екенін  кӛрсетеді.  Дизайнердің  жеке  тұлға  ретінде  шығармашылық 

және  жалпы  мәдени  ойының  студенттік  кезеңінен  басталады.  Осыған 

байланысты  кәсіпті  дамуының  осы  сатысында    дизайнға  оқытудың 

педагогикалық мәселелері ерекше маңызды. 

 

Қазіргі  кезде  отандық  және  шетелдік  кӛптеген  дизайн  мектептерінің 



талаптары бойынша оқыту процесінде негізгі мақсат жеке қабілет  пен білімді 

игеру  емес,  оларды  жоғары  кәсіби  деңгейдегі  интеграциялау  ға  ие  ету.  Бұл 

адамның толық танымдық құрылымының қалыптасу қажеттілігін кӛрсетеді.  

 

Қазіргі  кезде  дизайн  мамандығына  оқытудың  кӛптеген  педагогикалық 



мәселелерінің  ішінен  біз  кәсіби  ойлауды    бӛліп  қарастырамыз.  Кӛбінесе  ол 

«жобалық»  немесе  «дизайндық»  терминдермен  анықталады  және  осындай 

кӛзқарас  кезінде  ойлаудың  кәсіби-  қызметтік  мінездемесі  ескеріледі,  бірақ 

кӛркем  жобалау  шығармашылығында    танымдық  процестің  маңызы 

ашылмайды. 

Бейнелі ойлау 



Ауызша логикалық 

Жобалық- бейнелеу 



Зат 


Кӛркемдік – жобалау 

Дизайн педагогикасы үшін, кәсіби ойлауды зерделеу кезеңінде ең алдымен 

кӛркем- жобалау шығармашылығының еркшелігіне қарау  қажет етеді. Дизайн 

жобалауының  психологиялық  негізгі  танымдық  кезеңдер болып  табылады.  Ол 

жерде  бастапқы  құндылықтар,  ӛзінің  мәні  бойынша  ӛмірдің  және  заттар 

ортасының  болашақ  күйі  туралы  ойлардан  тұратын-  болашақ  бейнелерінде- 

жобалау бейнелерінде қорытылады және түсіндіріледі.  



109 

 

Дизайнерүшін жобалау, бұл ӛмір сүру қалпы мен заттар ортасының ӛзара 



қатынасына  араласу,  олардың  мағынасына,  ӛмірлік  оқиғалардың  құнды 

маңызына  әсер  ету.Ӛз  кезегінде  «жобалау  бейне»  дизайнердің  теоретикалық 

және  практикалық  қызметтерінің  әр  түрлі    жақтарының  қосындысы  ретінде 

қарастырылады,  Бұл  бірқатар  авторлаға  дизайнердің  ойлау  қабілетін  жобалы- 

бейнелеу  деп  мінездеме  беруге  негіз  берді.Дизайнның  теоретикалық 

зерттеулерінде  кӛп  қолданылатын  «жобалық  бейнелі  ойлау»түсінігі,  жеке 

тұлғаның танымдық кезеңдер деңгейінде толық ашылмаған. 

 Оның  ерекшелігі  ақпараттық  ерекше  түрленуінде,  бұл  жерде  ауызша- 

ойша  қойылған  мәселе  толық  тұжырымды-  әсемдік  бейнеге  нақты  түрде 

айналады.  Біздң  тұжырымдауымыз  бойынша  дизайнердің  кәсіби  ойлауының 

қалыптасу  жолдарын  психологиялық-  педагогикалық  зерттеу  және  қарастыру 

үшін,  кәсіби  ойлауды,  бейнелі  ойлаудың  бір  түрі  болатын  жобалық  бейнелі 

ретінде белгілеу дұрыс болып табылады. 

 

Студенттің  жобалық-  бейнелеу  ойының  қалыптасуы,  оның  субьективті 



жаңа  ӛнім,  жобалық  бейнені  жасап  шығару  процесінде,  ӛзінің  сапалы  жаңа 

жағдайда  практикалық  жұмысы  арқасында  алған  білімін,  шеберлігін  және 

дағдысын салған әрекеті ретінде қарастырылады. 

Жобалық-  бейнелі  ойлау-  бұл  бейнелерді  реттік  және  мақсатты  үйлестіру 

арқылы  жобалық  мәселені  түрлендіруге  бағытталған  танымдық  әрекет. 

Осындай  кӛзқарас  зерттеудің  жаңа  жолдарын  ашады.  Ойлаудың  процесуалды 

құрамын  және  оның  меңгеруін  қамтамасыз  ететін  құрылымын  қарастыруға 

мүмкіндік береді. Студент- дизайнердің кәсіби ойлау қабілетін жобалау бейнелі 

ретінде  қарастыру  бізге  оның  қалыптасу  жолдары  мен  амалдарын  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Осылай  жобалау  шығармашылығының  практикасын  талдау 

кезінде,ойды  жобалық  бейнеге  жеткізетін  және  жобалық  ойды  таныстырып, 

кӛрсететін әдісі, кӛлемдік қалыптасуының бір технологиясы болып табылатын 

графикалық әрекет, жобалау шығармашылығының практикасын талдау кезінде 

кәсіби  білім  беруде    студент-  дизайнердің  кәсіби  ойлау  қабілітінің  қалыптасы 

құралы ретінде , жеткіліксіз мақсатта қолданылатындығын кӛрсеттеді 

 

Бұл студент- дизайнердің графика- тәсілімен – жобалы- бейнелеу ойның 



қалыптасу мәселесін, кәсіби дизайнның маңызды шарты ретінде қарастырамыз.  

 

Зерттеу нысаны – студент- дизайнерлердің жобалауға оқыту процесі. 



 

 Зерттеу  тақырыбы-  жобалау  сабақтарындағы  студент-  дизайнерлердің 

жобалық-  бейнелеу  ойларның  қалыптасуына  кӛмектесетін  теоретикалық 

негіздер, педагогикалық шарттар, оқытудың әдісі. 

Зерттеу  мақсаты-  алдын-  ала  дайындалғантапсырмалар  жүйесінің  негізінде, 

жобалық-  графикалық  әрекет  ретінде,  графикалық  тәсілдермен  жобалау 

сабақтарныда  студент  –дизайнерлердің  жобалық-бейнелі  ойлау  қабілетінің 

қалыптасы мәселелерін теоретикалық және практикалық шешу. 

 

 Зерттеу  болжамы-  егер  жобалауға  оқыту  кезеңіне  біз  дайындаған 



әдістемелік  жүйені ендірілсе, онда  бұл  жүйе  студент-  дизайнерлердің  жобалқ-

бейнелеу  қабілетінің  қалыптасуын  белсендіруге  мүмкіндік  береді.  Жобалау 

сабақтарында  студенттердің  танымдық  әрекеттерінің  табыстырақ  болуына 


110 

 

кӛмектеседі,  және  тұлғаның  жеке  шығармашылығының  дамуына  дұрыс  әсер 



етеді. 

Бұл дайындалған әдістемелік жүйеге мыналар кіреді. 

-жобалауға оқыту кезеңіндегі графиканың мақсаты мен міндеті: 

-  жобалы  бейнені  ойлау  компоненттерінің  кезеңмен  қалыптасуына 

негізделген  жобалық  бейнені  жасау  кзеңіндегі  дизайнның  әдістері  мен 

обьектілер  студенттердің  толық  игеруіне  бағытталған  іс-  жүзіндегі  жобалық 

жобалық  әрекет  ретіндегі  графикалық  тапсырмалардың  жүйесі-  бұл  жерде 

мәселені талдау және түсіну , жобалық тұжырымдаманы іздеу және ұсыну, оны 

ӛңдеу, дәлелдеу және тексеру, студент- дизайнерлердің танымдық кезеідерінің 

жүйелі түрде жұмыс жасауын алып келу: 

- оқытудың тәсілдері мен әдістері, әдістемелік тәсілдері: 

-  Оқыту-тәрбиелік  кезеңдері  мен  қалыптасу  кезеңдерін  әдістемелік  және 

дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету құралдары. 

Жобалау  кезеңін  анықтаудың  әр  түрлі  жолдары  кезінде  жалпы  мақсат 

процестің соңғы мақсатын анықтау болып табылады. 

 

 



ЖЕКЕ ТҦЛҒАҒА ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ 

 

АӘИУ-нің магистранты Ауелбекова А. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.  

 

Қазақ  этнопедагогикасының  үлкен  бір  саласы  —  қазақ  халқының  салт-



дәстүрлері  болып  табылады.  Халықтың  игі  әдеттері  дағдылана  келе  әдет-

ғұрыпқа,  әсерлі  әдет-гұрыптар  салт-дәстүрлерге,  халықтың  ӛмірінде 

қалыптасқан  салт-дәстүрлер  салт-сана  болып  қалыптасқан.  Халықтың  салт-

дәстүрлері  рәсімдер  мен  жӛн-жоралғылар,  рәміздер,  ырымдар  мен  тыйымдар, 

түрлі  сенімдер  арқылы  ӛмірде  қолданыс  тауып  келеді.  Оның  бәрі  дамып, 

толысып, жаңарып отырады. 

Халықтың  игі  мәдени  дәстүрлері:  ізеттілік,  қайырымдылык,  мейірімділік, 

қонақжайлылық,  имандылык,  иманжүзділік  —  барлық  мәдени  үлгі  ӛнегелі  іс-

әрекеттердің кӛрінісі — әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін 

айқындап,  дәлелдей  келе,  халықты  рухани  тазалығы  жағынан  алып,  қазақ 

халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл 

—  ұлт  мәдениетінің  ең  озық  кӛріністері.  Халықтық  әдеп  —  ұрпақ  тәрбиесінің 

ӛзекті арқауы. 

Бесік  –  тәрбие  бастауы  "Ел  болу  үшін,  бесігіңді  түзе"  (М.Әуезов)  деген 

сӛздің  мән-мағынасына  ой  салсақ,  ол  —  тәрбие  ұрпақты  дүниеге  келтіруден 

басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын 

жан-жақты  пайдаланып,  даналықпен  дамыта  білу  керек  деген  ӛсиеттің  мәнін 

ұғамыз.  Нәрестелік  кезінен  басталатын  тәрбиенің  қалыптасқан  ұлттық 

рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық-салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-

тәрбиелік әсер етеді 


111 

 

Шілдехана.  Нәресте  туған  күннен  бастап,  үш  күнге  дейін,  нәрестені  әрі 

күзетіп,  әрі  ананы  куаныш-шаттыққа  бӛлеп,  ойын-сауық  ӛткізу  рәсімі.  Ертеде 

"нәрестені  үш  күнге  дейін  жын-періден  қорғап  күзету"  секілді  діни  рәсімге 

байланысты туған, кейін шаттық тойына айналған бұл дәстүрдің ӛзіндік әдептік 

және жанжүйелік мәні бар. 

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні 

қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі. 

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек 

адамдардың кӛңілін кӛтереді, бауырмашылығын арттырады, ӛнерін ӛркендетіп, 

дарынын дамыта түседі. 

Соңғы  кезде  "Шілдехана"  тойы  бала  туған  соң  жеті  күннен  кейін,  немесе 

бала қырқынан шыққан соң ӛткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында 

ішімдікке жол беру — әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады. 

Кіндік  шеще  —  босану  кезінде  анаға  кӛмек  кӛрсетіп,  нәрестенің  кіндігін 

кесетін  әйел.  Кіндік  шешені  ана  жӛне  оның  жанашырлары  (анасы,  ата-енесі, 

т.б.)  күнібұрын  тақуа,  таза,  мейірманды,  жанашыр  адамнан  сайлайды.  Ол, 

кӛбінесе, ӛмірден кӛргені мол тәжірибелі адам болу керек. 



Бӛбекті  қырқынан  шығару  —  бӛбек  туған  соң,  кӛбінесе,  қырық  күн 

толғанда,  оның  шашын  алып,  бесікке  салу  рәсімі.  Бӛбекті  қырқынан  шығару 

рәсімі  ананың  "бой  кӛтеріп",  денсаулығының  толысып,  жетілген  кезінде 

ӛткізіледі  (қыз  бала,  кӛбіне,  ер  баладан  ертерек  қырқынан  шығарылады). 

Бӛбекті  қырқынан  шығарғанға  дейін  ана  қалжаланып,  денсаулығын  түзейді, 

емшекке  уыз  қатып  қалмауы,  емшек  сүтінің  мол  болуы  үшін  ананы  қалжалау 

кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, 

әже, абысын, т.б.) болуға тиіс. 

Бӛбек  қырқымы  толыса  бастағанда,  ол  мазасызданып,  жылауық  болуы  да 

мүмкін.  Қырқынан  шыққан  бӛбектің  ұйқысы  тыныш,  жан  сезімі  рахаттана 

бастайды. 

Бӛбекті қырқынан шығару, кӛбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге ӛткізіледі. 

Бӛбекті  қырқынан  шығару  кезінде,  мүмкіндігінше,  оны  күміс  ыдысқа 

шомылдыру,  ол  шомылатын  суға  күміс  теңгелер  салу  ырымының  гигиеналық 

мәні зор. 

Бӛбекті  қырқынан  шығарғанда  оның  қырқым  шашын  алу  салтанаты  ең 

сыйлы,  тәжірибелі,  ардақты  әйел  орындайды.  Бұл  рәсімге  жанашыр  жақын 

әйелдер  шақырылады.  Оларға  бұл  кішігірім  той  кезінде,  сый-сыяпат 

кӛрсетіледі.  Бала  шомылдырылып,  сыланған  соң  бесікке  бӛленіп,  бесік  жыры 

айтылады. 



Балаға  ат  қою  рәсім.  Кӛбінесе,  шілдехана  ойын-сауық  кешінде 

орындалады.  Ертеде  нәрестеге  ат  қою  рәсімін,  негізінен,  жанұядағы  ең  үлкен 

ұлағатты  кісі  орындаған.  Мұсылман  дінінің  рәсімі  бойынша  балаға  "азан 

шақырып ат қою" рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, 

иманы  кәміл,  адал  жанды,  ардақты  адам  орындайды.  Тұрмыстық  және 

әлеуметтік  жағдайға байланысты, балаға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, 

салтанатты  түрде  ӛткізудің  мәні  зор.  Жанұяда  балаға  ат  қою  рәсімін 

орындаушылар  кезегі:  баба,  ата,  әке,  аға,  ана,  т.б.  Егер  баланың  бабасы  бар 



112 

 

болса, ол — үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын 



мақтанышпен  еске  алады,  оның  бауырмашылдығы,  үлкен  адамды  құрметтеуі 

басқалардан басым болады. 

Балаға  ат  қоюда  қазақ  халқы,  кӛбінесе,  атақты  адамдардың  атын  қоюды 

дәстүрге  айналдырған.  Мысалы:  елін  сүйген  ерлердей  болсын  деп  халық  ұл 

балаларын:  Алпамыс,  Тӛлеген,  Бауыржан,  Тоқтар  деп  атаса,  қыз  балаларын: 

Мәншүк, Әлия деп атайды, мӛлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген 

халық  қыз  балаларын  кӛбінесе:  Баян,  Жібек,  Ақтоқты,  Қарашаш,  Айгерім, 

Ақбала деп атайды. 

Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соңата-ана ырым етіп, балаларына 

— Итбай, Байбӛрі, Итемген, Күшікбай, т.б. ат қойған. 

Атының  аталуы  кезінде  жан  жүйеге  әсер  ететін,  әдептілікке  бейімдейтін 

қасиеттері сол аттың ӛз мәніне байланысты болады. 

Балаға  ат  қоюда  ұлағаттылық  пен  жауаптылық  қажет.  Кейде  баланың 

бастапқы  аты  ол  ӛсе  келе  түрлі  себептерден  "дуалы"  ауыздардан  шыққан 

қосымша  атаулармен  ӛзгеріп  отырады  (Әбілмәмбет  —  Сабалақ  —  Абылай, 

Ыбраһим — Абай, Сәдуақас — Сәкен т.б.). 

Бесікке салу қазақ баласының бесігі — құс тӛсек, жастық, жаялық, жӛргек, 

қол  бау,  тізе  бау,  тізе  жастық,  бесік  кӛрпе,  шүмегі  мен  түбегі  тазалық  үшін 

ыңғайлы  даярланған,  екі  басы  доғаша  иіліп  жасалынған,  қүрау  шабақтары 

нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дӛңес табанды, арқалығы ӛрнектелген 

жанұя. 

Бесікке  салу  рәсімі  кӛбінесе,  баланы  қырқынан  (қырық  күннен  соң  шілде 



шашын қырқып, суға күміс теңге салып шомылдыру) шықкан соң кішігірім той 

ретінде ӛтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, 

жӛн-жорасын  ала  келеді.  Баланы  алғаш  рет  бӛлеу  рәсімі ұрпақ  ӛсірген үбірлі-

шүбірлі  әйелге  тапсырылады.  Бесікті  жабдықтау,  бесік  шашуын  жасау,  түбек 

үстін  отпен  аластау,  баланы  бӛлеу  ырымдары  мен  дәстүрлерін  орындау 

мерейлі,  ӛнегелі  түрде  жүргізілуге  тиіс.  Баланы  бесікке  салушыға  және  оның 

кӛмекшілеріне  ата-ана  атынан  кӛйлек,  жаулық  сияқты  сый  тартылады. 

Үлкендер  батасын  беріп,  баланың  ер  жетуіне,  ананың  үбірлі-шүбірлі  бола 

беруіне  тілектестік  білдіреді.  Ана  қуанышы,  аналар  мейірімі,  ырымдағы 

имандылық  пен  ізеттіліктер,  бата  беру  дәстүрі  аналардың  аналық  махаббатын 

арттырып, мерейін тасытады. 

Адамгершілік  —  қоғамдық  ӛмірдің  тарихи-әлеуметтік  заңдылықтарына 

сәйкес,  адамдар  арасындағы  адамдық  қарым-қатынастар  жүйесін  реттеп 

отыруға  негіз  болып  табылатын,  қауымдық,  әулеттік,  халықтық  игі  іс-

әрекеттер,  азаматтық  беделін  жояды.  "Ерді  намыс  ӛлтіреді,  қоянды  қамыс 

ӛлтіреді" деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып, "әкеден де асып 

туып",  қатарынан  қалмай,  алдына  қойған  мақсаттарын  абыроймен  орындауға 

борышты:  елін  қорғау,  еңбек  ету,  ата-анасын  ардақтау,  ӛнер  үйрену,  күш-

жігерлі болу, айтқан сӛзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар 

болмау,  әйел  адамды  құрметтей  білу,  жасық  болмау,  т.б.  ізгі  касиеттерді 

бойына  сіңіру  ер-азаматтың  намысы,  абыройы,  ары,  әсіресе,  ұлттық  дәстүрге 

сәйкес  инабатты,  иманды,  ілтипатты  болу  —  ер  жігіттің  айнымас  ары, 



113 

 

бұлжытпай  орындайтын  занды  борышы.  "Түрі  жылыдан  түңілме"  деген  сӛз 



содан калған. Халықтың үкімдік заңын пір тұтқан ер-азамат арына адал болған. 

Қыз  абыройы  —  отбасының,  елдің  болашағы, босағаның  беріктігі,  ӛмірдің 

қызығы.  Қазақ  халқы  "Қыздың  жолы  жіңішке"  деп,  оның  абырой  сақтауын 

қатаң  қадағалап  отырған.  Қыздың  абыройы  оның  ақыл-парасатына, 

инабаттылығына,  махаббатты  жоғары  бағалауына,  іске  бейімділігіне, 

ӛнерпаздығына, білімдарлығына байланысты. 

Қазақ  халқы  қыздың  абыройын  жоғары  бағалайды,  оның  абыройлы 

болуына,  кӛбінесе  ана  жауапты  деп  карап,  анасын  ардақтай  білмеген  қыз,  ӛз 

абыройын  да  сақтай  білмейді  деп  тұжырымдайды.  Ӛз  намысын  қорғаған  қыз 

есер  жігітке  кіріптар  болмайды,  есті  жігітке  ес  қосады.  Қыз  абыройлы  болу 

үшін мінез-құлқы ибалы, иманды болу  керек. "Қыз қылығымен жағады"  деген 

мақал содан қалған. Халық ӛсіп келе жатқан қыздың алдына ӛмірлік міндеттер 

қойып,  оны  орындауын  —  қыздың  абыройы  деп  санаған:  ізетті  болу,  әсем 

киіну,  әкені  күту,  шешені  сыйлау,  дӛрекі  сӛйлемеу,  қабақ  шытпай  жүру, 

үлкеннің алдынан кесіп ӛтпеу, ұкыпты  болу, ӛсек айтпау, бала тәрбиесін білу, 

ұлт  дәстүрлерін  құрметтеу,  ана  тілін  ардақтау,  орынсыз  сӛз  айтпау,  арқан  есе 

білу, қой сауа білу, кілем тоқи білу, кесте тіге білу, т.б. іс-әрекеттер мен мінез-

құлықтық қасиеттер иманжүзді, абзал жанды қыздың бойында  болу керек деп 

есептеген.  Отбасында  да,  балалар  бақшасында,  мектепте  де,  кӛпшілік 

орындарда  да  баланы  ер  намысына,  қыз  абыройына  сәйкес  тәрбиелеу  — 

баршамыздың міндетіміз. 

Бата  —  адам  баласына  жаксылық  ойлау,  оған  тілек  айту  қазақ  халқының 

дінге  байланыссыз,  алғашқы  қауымнан  қалыптасқан  дәстүрі.  Кейіннен  келе 

тілек  айту,  сол  тілекке  жету  "құдіретке  байланысты"  деген  сеніммен  бата 

қалыптасты да, оған діни сӛздер тірек болды. Шын мәнінде, тілек дегеніміз — 

бата,  бата  дегеніміз  —  тілек.  "Үйің  құтты  болсын",  "Сапарың  оң  болсын", 

"Жақсы  жатып,  жайлы  тұрыңыз" деген  тілектер  қысқа  баталық  сӛздер.  Халық 

дәстүріңде батаны жасы үлкен адам немесе қария беру керек. 

Бата  —  адам  баласына  жақсылық  ойлау,  ол  жастарды  бірлікке, 

әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.  

 

Әдебиеттер 

1.

 

Волков В.Г. Этнопедагогика – Москва: «Аседема», 2000. 



2.

 

Жұмабаев М. Педагогика – Алматы: «Рауан», 1993. 



3.

 

Нысанбаев Ә, Әбжанов Т- Алматы: «Білім», 1994. 



4.

 

Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі-Алматы: «Санат», 1995. 



 

Резюме 

В  данной  статье  рассматриваются  пути  национального  воспитания 

личности. 

Summary 

The article deals with the ways of national education of indivifuals. 

 

 

 

114 

 

ӘОЖ 37.013:331.106.5 (574) 



 «ТЕХНОЛОГИЯ» САБАҒЫНДА ҚОЛӚНЕР БҦЙЫМДАРЫН 

ЖАСАУДА ТҤСТІК ҤЙЛЕСІМДІЛІКТІ МЕҢГЕРТУ 

 

Педагогика  ғылымдарының магистрі Ж.Е.Арыстанова 

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 

Шымкент қ., Қазақстан 

 

Сәндік  қолданбалы  ӛнер  ӛз  атауы  кӛрсеткендей,  халықтың 



тұрмысында  кең  кӛлемде  қолданылады.  Бұл  ӛнер  қолданылатын 

материалдарына, орындалу техникасына, қолданылу мақсатына байланысты 

бірнеше  түрге  бӛлінеді.  Сәндік  қолданбалы  ӛнердің  белгілі  бір  бұйымды 

жасауға қажетті негізгі материалдары метал, керамика, текстиль, ағаш, жүн, 

тері сүйек, фарфор, шыны тағы басқа болуы мүмкін. Орындалу техникасына 

байланысты  бұл  ӛнер  ою,  роспись,  кесте,  құю  чеканка,  инкрустация 

тәсілдері таңдап алынады. 

Сәндік  –  қолданбалы  ӛнердің  бір  ерекшелігі  халық  тұрмысында  жиі 

қолданылуы болса, екіншіден оның ұлттық сипатының айқын болуы.  

Қолӛнер — халық ӛмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан 

ӛміршең  ӛнер.  Шеберлердің  қолынан  шыққан  қолӛнер  туындыларын 

халықтың ӛмірінен, тұрмысынан бӛліп алып қарау мүмкін емес. Ӛйткені, бұл 

заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззәт әкелген. Кӛз салып, 

байыптаған  адамға  қолӛнер  бұйымдарына  салынған  тұрлі  тұсті  ою-

ӛрнектерден  адамзат  дүниесінің  табиғатпен  біте  қайнасқан  сонау  заманнан 

келе  жатқан  қарым-қатыңасын,  бӛлінбес  бірлігін  кӛруге  болады.  Қолӛнер 

шеберлері  табиғат  сұлулығын  ӛнер  туындыларына  арқау  ете  білген.  Осы 

туындылардың бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып ӛрнектер ӛзгеше бір 

тілмен  ақтарыла  сыр  шертетіндей.  Қолӛнер  дүние  жүзінің  әр  халқына  тән, 

бұл  —  халық        қазынасы,          ғасырлар  мұрасы.  Соған  орай  әр  елдің  әр 

халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық 

таларамына  байланысты  қолӛнері  ӛзіндік  ерекшелігімен  халық  ӛмірінде 

ӛшпес із қалдырып отырған. 

Қазақ  қолӛнерінің  бүгінгісі  мен  болашағын  айтар  болсақ  оның 

ӛткеніне  назар  аудармай  кете  алмаймыз.  Ұлттық  ӛнердің  ӛзіндік 

ерекшелікпен  қалыптасуына  үлкен  әсерін  тигізген  жайт  —  кӛп  ғасырларға 

созылған  кӛшпелі  ӛмір.  Демек,  күнделікті  тұрмысқа  қажетті  қолӛнер 

бұйымдары  кӛшіп-қонуға  ыңғайлы,  пайдаланар  орнына  сәйкес  сыртқы 

формасын, түр-түс үйлесімділігін тауып, әр шебердің талғамына, ой-ӛрісіне 

тән  ою-ӛрнекпен  нақышталып  беріліп  отырған.  Алдымен  бұйымның 

мықтылығы,  ӛнімділігі  қарастырылды  десек  те,  олардан  бояуы,  әсемдігі 

жағынан табиғи үндестік байқалады. 

Адамзат  дамуының  қай  сатысында  болсын    қоғаммен    бірге    дамыған    қол 

ӛнері әр дәуірде ӛзінің ӛшпес ізін қалдырып, әлеуметтік кӛркемдік жағынан 

дәуір  тынысын  қалт  жібермей  әсерін  тигізіп  отырады.  Кӛне  заманнан  келе 


115 

 

жатқан  қазақ  қолӛнері  де  ӛз  халқының  дәстүрлі      кӛркемдік      мұрасын   



сақтап  қалған.        Қазақстан        территориясында  археологиялық  қазба 

жұмыстары  кезіндегі  табылған  әр  кезеңде  жасалған  қолӛнер  бұйымдары 

соны дәлелдейді. 

Осы  бұйымдардан  ғасырлар  бойы  жинақталған    тәжірибе,      халықтың  

даналығы мен таланты байқалады.  

Халық  шеберлері  қолӛнер  бұйымдарын  үйлесімді  ою-ӛрнектермен 

әшекейлеумен  қатар  жаңа  ою-ӛрнектерін  тұрмыс  тіршілігіне, ӛз  дәуіріндегі 

заман  ағымына  қарай  лайықтап  отырған.  Мысалы,  халқымыздың  кӛне 

бұйымдарындағы ою-ӛрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл, 

әрі  берік  болу  жағын  қарастырған  және  олардың  түстік  үйлесімділігі  де 

ерекше үйлесімді болған. Қазақ шеберлері қолӛнер бұйымдарындағы түстік 

шешімге  үлкен  кӛңіл  бӛлген.  Мұны  қазіргі  кездегі  қолӛнер  шеберлері 

жасаған  бұйымдардан  да  байқауға  болады.  Табиғат  кӛріністерін  немесе 

белгілі  бір  мағынаны  тек  ою-ӛрнек  арқылы  ғана  емес  олардың  түстері 

арқылы да бейнелей білген. Мысалы, кӛк түс арқылы аспан, су белгісін, сары 

және  қызыл,  жасыл  түстер  арқылы  табиғат  ӛсімдіктерін,  ал,  қоңыр  түс 

арқылы топырақты бейнелеген. 

Қазақ  киімі  халықтың  сәндік  ӛнерінің  бір  бӛлігі.  Ал  оның  кешеңінде 

халқымыздың  сезімталдығын,  аса  зор  эстетикалық  талғамын  аңғартатын 

қарқара,  шұрақ  айырқалпақ,  қасаба  сияқты  зерлі  –  кестелі  бас  киімдердің, 

бұрын бір ата елдің, кішігірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде, қыз ұзатып, 

келін  түсіргенде  ғана  киетін,  кәдесіне  лағыл,  жақұт,  інжу,  маржан,перуза, 

ақық секілді бағалы тастар, алтын – күміс шытырлар жаратылған сәкәгүлді, 

құйма  тӛбелі  сәукеле,  тіптен  кемер  белбеу,  кісе  белдік,  қыздар  буынатын 

ширатпалы  нәзік  белдік  күмістеген  таптаурын  кебіс,  кӛксауыр  етік  секілді, 

қол ӛнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен кӛрінетін заттардың, алтынмен аптап, 

күміспен  күптеген  алқа,  тарақша,  шолпы,бойтұмар,  сырға,  білезік,  сақина 

жүзіктердің  болғаны  әсемдікке  құштарлықты  кӛрсетеді.  Мұның  ӛзі  қазақы 

киімнің  табиғаттағы  екі  жақтылықты  –  тұрмыс  қажеті  мен  сымбатты  болу 

қамын  аңғартатын  жәйт.  Ӛйткені  заттық  ӛндірістің  ӛзі  сайып  келгенде, 

халықтың сезімталдың талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс. 

 

Осы жерде қазақтың ұлттық киім үлгілерінде әр түстің ӛзінің нышаны 



болғанын  айта  кеткен  жӛн.  Қазақ  түстердің  ӛзін  ӛмірімен,  тіршілікпен 

астастырған.  Қай  түсті  қандай  жағдайда  қолдануды  ойластырған. 

Бояулардың қаншама түрін біле тұрып, қазақ сол бояулардың әрқайсысының 

астарын ашқан, оған әлеуметтік мән берген. 

 

Қазақтың  ұғымында  кӛк  түс  -  аспан  асқан  паңдықты  (асқақтық), 



биіктікті әйгілейтіні себепті кӛк кӛйлекті қыздар кӛлбеңдеп, ӛздерін жоғары 

ұстаған.  Аспан  түстес  болудың  әр  жағында  мәңгілік,  яғни  мәңгілік  жастық 

түсінігі жатты. 

 

Қызыл  түс  -  кӛзге  отты,  күнді  елестетуіне  қатысты  қызыл  кӛйлекті 



қыздың  мінезі  де  от  сияқты  лапылдап  тұрған.  От  -  жастықтың  бір 

таңбасындай. Соған байланысты қызыл түсті негізінен жастар киетін болған. 

Жасы үлкен адамдар қызыл түстен киім кимеген. 


116 

 

 



Ақ  түс  -  тазалықтың,  пәктіктің  белгісі  деп  бағаланған.  Ақ  түс 

адалдықты,  шындықты  әйгілеп  тұрған.  Ақ  түс  бақыт  әкеледі  деп  санаған. 

Сол  себепті  ақ  түсті  кӛйлектерді  қалыңдықгар  тойға  киетін  дәстүр 

қалыптасқан.  Мұның  ӛзі  шаңырақты  жаңа  аттаған  жастарға  бақыт,  ақ  жол 

тілеудің белгісі. 

 

Сары  түс  -  сабырдың,  ақылдың  нышаны.  Сары  түсті  әйелдер 



сарықарын тартқанда, келіншектер енді әйел, одан әже боларда киген. Сары 

түстің  сабыр  мен  ақыл  нышаны  болуы  тегін  емес.  Мұнда  да  қазақтың 

табиғат пен жер құбылысын қапысыз танитын алғырлығы жатыр. Күзде бәрі 

сары түске боялары белгілі. Күз-жемістің, берекенің уақыты. Бүкіл қыр сары 

түске боялып, кӛктемгі қуаныштың, жазғы еңбектің жемісін әкеледі. Ендеше 

адамның  сары  түсті  табысқа,  ақылға,  сабырлылыққа,  байлыққа  балауы  тегін 

емес. 

 

Оның  есесіне  қара  түс  -  топырақты  танытқан.  Кӛбінесе,  еңбек  пен 



бейнеттің түсі деп танылған.   

 

Жасыл  түс  кез-келген  адамды  жайнатып  жібереді.  Жасыл  түс  кӛктемді 



елестетеді.  Сондықтан  да  кӛктемдей  кӛк-ӛрім  жастар  жасыл  кӛйлек,  жасы 

тақия-бӛрік  киіп  құлпыратын  болған.  Ал  кӛйлекке  жасыл  түсті  кесте 

тіккізген. 

 

Сонымен  қандай  түс  болмасын  негізсіз  түспеген.  Олардың 



әрқайсысынын  ӛз  ролі,  айтар  ойы  болған.  Ата-бабаларымыз  қандай  киімге 

болмасын жан-жақты әлеуметтік мән берген, оның ішінде киім әшекейлінің 

бояуларына  дейін  ұмытпаған.  Осындай  тәжірибелік  білімдерді  бүгінгі 

жастардың да ұмытпағаны дұрыс. 

       Сонымен  қатар  композицияны  құрауда  түстің  алатын  орны  ерекше. 

Себебі,  түс  адамның  кӛңіл  күйіне,эмоциялық  жағдайына  едәуір  әсер  етеді: 

әртүрлі  түстер,олардың  бір  –  бірімен  сәйкестенуі  адамға  әр  түрлі  сезімге 

бӛлентеді,  әртүрлі  кӛңіл  күй  сыйлайды.  Қою,күнірттенген,қара  түстер бізге 

бір  қысым  мен  кӛнілсіздік  әкеледі,  ал  ашық  түстер  –  керісінше 

қуантып,кӛтеріңкі кӛніл – күй сыйлайды. 

        Түс  -  жылулық  пен  суықтың    әсерін  бере  алады.  Жылы  түстерге  сары, 

қызғылт  –  сары,  жасылтым  –  сары,  яғни  сарыға  жақын  түстердің  барлығы 

жатады. Ал суық түстерге – кӛкшіл – жасыл, кӛгілдір,кӛк, кӛкшіл – кӛгілдір, 

яғни кӛкке жақын барлық түстерді жатқыза аламыз. Қызыл және қызғылт – 

сары түстер оттың, күннің батуының образын береді. 

      Киімнің  сұлулығы    -  ең  алдымен    оның  түсінен  басталады.Себебі  ең 

бірінші адамның кӛңілін аударатын ол – костюмнің сырт кескідемесі. 

      Түстің  басты  қызметі  ол  ӛзіне  "серігін"  табу.  Мысалы,  кӛгілдір  түсті  

кӛйлек,кӛк түсті кӛзбен,сонымен қатар, ақ адамдарға жақсы тұрады. Кӛйлек 

пен  шаштың  түсі  бір  болып  келуі  жақсы  үйлесім  болып  табылады.    Бірақ 

қайткенде  де  кӛздің  түсін  қайталайтын  түс  –  біздің  негізгі  түсіміз  болып 

табылады.  Себебі,  кӛз  –  бейненің  психологиялық  центрі  болып  табылады.  

Бірақ міндетті түрде кӛздің түсімен сәйкес бүкіл киімді тігіп шығу міндетті 

емес. Шарф, жағаның канты, тіпті зерегерлік бұйымның ӛзі едәуір сәнді етіп 

кӛрсетеді. 


117 

 

    



Түстің  кӛмегімен  фигураның  пропорциялық  гармониясына,оның  

оптикалық  заңдарын  біле  отырып,бойды  ұзын  немесе  қысқа  етіп  кӛрсетуге 

болады.Суық  түстер  пішінді  кішірейтіп,ал  жылы  түстер-пішінді  үлкейтіп 

кӛрсетеді.                                        

Табиғат кӛркемдігін сүю, сұлулығын сезіну, түрлі – түсті ажырата білу 

жеке  адамның  ӛз  басына  ғана  байланысты  болғанымен,  жалпы  қоғам  үшін 

түр  –  түс  жайындағы  мәлімет  ӛте  қажет.  Осыған  орай  басқа  да  табиғи 

құбылыстар  сияқты,  түр  –  түс  табиғатының  тым  күрделілігіне  байланысты 

онымен  бүгінде  физика,  физиология,  психология,  химия,  оптика, 

астрономия,  метрология,  ӛнертану,  лингвистика  т.б.  толып  жатқан  ғылым 

салалары ішінде түр – түс табиғатын, арнайы зерттейтін ғылым саласы орыс 

тілінде  «Цветоведение»  деп  аталады,  осыған  сәйкес  қазақшалап  түр  – 

түстану ғылымы деп алуымызғы болады. 

Табиғатты түр – түс әлемінен таныс болу, оны тұрмыс – тіршілігімізде 

атқаратын аса қажетті қызметін білу тағы бар. Табиғаттағы кеше алуан түр – 

түстері  мен  олардың  ренктерін  адам  баласы  екі  түрлі  жолмен  танып,  біле 

алады  екен.  Олардың  бірі  –  ғылыми  жолда,  екіншісі  халықтық  дәстүр, 

тәжірібе  түр  –  түс  әлемін  ғылыми  жолмен  тану,  әрине,  осы  құбылысты 

зерттеуге  қатысты  ғылым  салаларының  дамуына  байланыстыболса, 

дәстүрлік  тану  белгілі  бір  қауымның  ұзақ  дәуір  бойындағы  ӛмір 

тәжірибесіне  сүйенеді,  хронологиялық  алып  қарасақ,  әрине,  дәстүрлік  тану 

ғылыми танудан бұрын тұруы керек. 

Түр – түсті сезіну және қабылдау адамда пайда болатын сезімдерді зерттеу 

үшін негізгі психология ілімінде жататын кӛптеген құбылыстарды зерттеуге 

тура  келеді.  Мәселен,  спектрдің  тек  қысқа  толқындарынан  тұратын  жарық 

сәулесін  кӛзінің  ақауы  жоқ  адам  кӛк  түс  ретінде  кӛреді.  Сол  кӛк  түсті 

сәуленің  түсіп  тұрған  жазықтықты    ықшамдау  бӛліп,  оның  айналасына 

кӛлемдірек етіп ашық жасыл сәулені түсірсек, жаңағы кӛк түстің реңі күлгін 

қызылға айналып кеткенін байқау қиын емес. 

Түр    –  түстердің  ӛзара  салыстырмалы  қарама  –  қарсылықта  болуы 

(контраст)  адам  белгілі  бір  түр  –  түс  бейнесін  ұзақ  уақыт  қараған  соң  кӛзі 

үйреніп, басқа түсті затқа кенет бұрылғанда ол заттың түсін бірден анықтай 

алмайтындай  халде  болады.  Себебі:  кӛздің  тор  қабығында  болатын  жарық 

сезгіш  анализатордың  қызметіне  байланысты.  Біз  қараңғы  бӛлмеден  ашық 

күн  астына  шыққанда  бірден  жарыққа  қарай  алмай,  кӛзімізді  кӛмгейлей 

береміз,  тек  біраз  уақыттан  кейін  ғана  кӛру  қабілетіміз  орнына  келеді, 

керісінше  жарықтан  қараңғы  үйге  кіргенде  де  алғаш  екі  нәрсені  бағдарлай 

алмай тіпті кӛрмей қаламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет