Әдебиеттер
1.
Тәнікеев М.Т., Асарбаев А.Қ. Қазақстандағы дене шынықтыру спорт
тарихы // Оқу құралы - Алматы, 2002 ж. 5 бет.
2.
Алимханов Е.А. Қазақша күрес ережесі. // Алматы, 2000 ж., 3-5 бет
Резюме
Основать теоретические основы и методы создания здорового образа
жизни молодежи с использованием методов национальных видов спорта
Summaru
purpose to base theoretical bases and methods of creation of a healthy way of
life of youth with use of methods of national sports
ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АӘИУ-нің магистранты Байдуллина М.
Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.
Қазіргі нарықтық-экономикалық кезеңнің даму барысында қоршаған орта
мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын
байқалады. Біз ӛмір сүріп отырған осы ғасыр, адамзат баласының мекен
ортасында бұрын соңды болмаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталуда.
Осының нәтижесінде адамзат табиғатты ӛзгертудің келеңсіз нәтижелеріне кез
болуда. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың ӛзгеруі ғылыми-техникалық
ӛрлеумен тығыз байланысты.
Осының бәрі адам ӛмір сүріп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер
бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын ӛзгертуде. Соның
нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа,
топырақ, ӛсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде. Міне осы ӛзекті проблеманы
шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген,
мәдениетті,
жанашырдық
кӛзқарасты,
адамгершілік
қатынастарын
қалыптастыруды қойып отыр.
Оқушылардың экологиялық кӛзқарасын, мәдениетін қалыптастыру, олардың
қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру бүгінгі ӛзекті мәселелерінің
бірі. Ол экологиялық тәрбие мен білім беруді, болашақ мамандардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ӛмірге ендіруге тікелей байланысты.
Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев[95] «Стратегиялық тұрақты даму жолына
арналған 2030 бағдарламасында» осы мәселеге айрықша кӛңіл бӛлгенін атап
кеткен жӛн.
Әлеуметтік экологиялық қарама-қайшылықтардың ғаламшарлық деңгейде
шиеленісуі кезеңінде «адам -қоғам — табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынастың
157
үйлесімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттің жаңа түрі: экологиялық
мәдениетті қалыптастыру.
Бұл жағдайдан шығудың жолдарының бірі — оқушының санасында
қоршаған орта және оны қорғау жӛнінде берік білім қалыптастырып, осы
бағытта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға
ұқыптылықпен қарайтын, ӛзін сол ортаның бір бӛлігі ретінде сезінетін,
табиғатты суйетін, яғни, экологиялық сауатты, мәдениетті азамат дайындау.
Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді ӛзара байланыстыра,
кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды
шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына
жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын кӛздеп
отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке
пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен ӛзара жымдасуын қамтамасыз
ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін ӛз кӛзқарастарын дұрыс
қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін кӛбірек ӛткізу тиімді. Олар
конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Мысалы, «Су және
тіршілік», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының
дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге
дағдыландыру мақсатында тӛменгі, орта буындарда іскерлік ойындар ӛткізудің,
ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше
пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік
іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.
Психологиялық тұрғыдан алғанда оқу әрекеттерінің бір-бірімен ұқсастығы
(ойын, бақылау, тәжірибе), физиологиялық тұрғыдан даму қарқындылығының
тездігі, олардың берілген білімді игеруге ынталылық, ондағы қойылған басты
мақсатқа жетуге қызығушылық, ол білімді қабылдағыштығы мен беріктігі
сапалылығы
сияқты
қасиеттерінің
ӛзі
пәндермен
экологиялық
байланыстылықты, сабақтастықты ұғындырудың нәтижесі болуына негіз беріп,
мүмкіндік тудырады.
Әрбір сабақ жоспарларындағы тақырыптары мен олардағы материалдар
бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық
үғымдар, экологиялық білім, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге
алынған оқу құралдарының мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің
оқытудағы іс-әрекеті мен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оларда
теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары
деңгейге кӛтеру мақсаты жүзеге асады.
Жаратылыстану
пәндерінен экологиялық білім беруде пәнаралық
байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті
ақпарат құралдарынан алынатын мағлүматтар мен ғылыми-экологиялық
материалдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу
материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мүғалімнің
шеберлігіне байланысты.
Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін
арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады:
158
пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін
дәлелдеу;
экологиялық білім беруде химияның немесе биологияның жаратылыстану
пәндерімен байланысында нені оқыту керек;
пәндер арасынддағы ӛзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және
қандай
тақырыптарды ӛзара байланыстыруға болады; пәнаралық байланысты қандай
формада және қандай әдіспен оқыту керек;
пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің нәтижесі қандай
болмақ.
Барлық пәнаралық байланыста оқыту үдерісінде мына міндеттер іс жүзіне
асырылады:
Ана тілі, дүниетанудан жаратылыстану пәндерімен байланысын үздіксіз
қолдана отырып, экологиялық білім алуда, зертханалық, сарамандық
жүмыстарға шығармашылық деңгейде кӛңіл бӛлу;
зертханада, ӛндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті тіршілікте
байкалатын сандық, сапалық ӛзгерістерді бақылауда ӛзінің білімін қолдана -
білу және сол аркылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну;
- пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерден алынған білім қорымен
байланыстырып, табиғат туралы материалистік кӛзқарас қалыптастыру;
ағзалармен, табиғи заттармен, оларды зерттеп-танып білуге қажетті кӛрнекі
және техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білудің біліктері мен
дағдыларын калыптастыру:
- экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, ӛмірде, қоғамға пайдалы
еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;
- тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық
дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;
- тұлғаның пәнге кӛзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық байланыс
негізінде экологиялық білім бере отырып дамытып, болашақ мамандықтарына
бағдар беру.
Бұл келтірілген мақсат пәнді оқытудың бағдарламада кӛрсетілген
міндеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылатыны анық. Жаңа әлеуметтік
экономикалық жағдайда пәнаралық байланыстағы экологиялық білімді
жетілдіруді талап етудің маңыздылығы, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін жоғары сатыда жылдам түбегейлі меңгеретін, табиғат
заңдылықтарымен санаса білетін білікті тұлға қалыптастыру болып табылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына, еліне деген
сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Ӛзін табиғаттың
бір бӛлшегі екендігіне, табиғатпен ӛте тығыз байланыста екендігіне кӛз
жеткізу. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық қабілеттерін дамыту,
білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты мультимедиа
кабинетінде «Табиғат» атты журналдың «Ауа — газдар қоспасы» тақырыпты
нӛмірімен таныстыру деп алып, сабақ барысында мүғалімнің жетекшілігімен
журналдың әр бетіндегі қызықты ақпараттармен жұмыс істету. Сабақты «Оқы,
оқы және оқы!» деген шабыттандыратын ұранмен бастадық.
159
XX ғасырдың екінші жартысында халық санының күрт артуы салдарынан,
үдермелі индустрияландыру және қарқынды кӛші-қон нәтижесінде қоғам мен
табиғат арақатынасында сапасы жағынан елеулі ӛзгерістер жүріп ӛтті,
антропогендік қысымнан экологиялық жүйелер ӛздігінен тазалану мен қалпына
келуге бейімділігінен айырыла бастады. Оның салдарынан биосферадағы зат
айналымы бұзылды, қазіргі және болашақ ұрпақ денсаулығы қатерге тігілді.
«Қоғам және табиғат» жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың артуы оның
мазмұнын әлеуметтік-экономикалық жағдай ретінде сезінуге мәжбүрледі және
қазіргі кездегі ғаламдық мәселелермен бір қатарға қойды. Сонымен қатар,
«Экология» ұғымы ӛзінің бастапқы мағынасынан айтарлықтай кеңейді.
«Экология» ұғымына мұндай тұрғының салдары ретінде адамның
ажыратылмайтын құқықтары: ӛмір сүру мен әділеттілікке деген құқықтар жан
мен тәннің тазалығымен байланыстырылды. Табиғат заңдылықтарын сақтауды
біріктіретін «қоршаған орта экологиясы» ұғымымен қатар, қоршаған ортамен
үйлесімділікті білдіретін «жан экологиясы» және «тән экологиясы» ұғымдары
қалыптасты.
Осылайша, жан мен тәнді, содан соң біздің аумағымызды, атмосферамызды,
суымыз бен топырағымызды тазарту керек. Тек осылай ғана Қазақстан
азаматтартарының рухани-адамгершілік ӛзіндік тазаруын іске асыруға болады.
Біз уақыт пен кеңістікте ӛмір сүреміз және осы екі маңызды даналық
ұғымдардың әсерін сезінеміз. Сондықтан біз басты ісіміз ретінде экология
туралы қамқорлықты, ӛзіміз тұратын кеңістік туралы қамқорлықты таңдауға
міндеттіміз!
Қазір Қазақстаннның алдында «адам мен табиғаттың» қарым-қатынасының
жаңа деңгейіне ӛту қажеттілігі – экологиялық қоғам құру қажеттілігі тұр. Адам
мен табиғаттың үйлесімді арақатынасында адамның шаруашылық іс-әрекеті
нәтижесінде табиғаттың азып-тозуының алдын алатын іс-шаралар алдыңғы
қатарда болуы тиіс.
Әдебиеттер
1.
Е.К. Тӛлемісов Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. [90 бет]
2.
Г.А. Уманов «Педагогикалық және психологиялық жас ерекшелік»
Алматы 1996 [61 бет]
3.
Э.И. Шыныбекова «Ауыл оқушыларына экологиялық тәрбие беру»
Алматы 1995 [17 бет]
4.
Ұзақбаева С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы. А., 1995. 223 б
5.
Жарықбаев, Қалиев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы. А., 1995. 245 б
Резюме
В данной статье рассматриваются особенности экологического
воспитания учащихся.
Summary
The article deals with the peculiarities of pupils ecological education.
160
ӘОЖ:372.8.Б-17
ТАРИХ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ПАЙДАЛАНУ
Баймҧрат Меруерт Алдашқызы,
№ 2 Ә.Бӛкейханов атындағы жалпы орта мектебі, Шымкент қ
Резюме
В этой статье рассматриваются применения новых технологии на
занятиях истории
Resume
The using of the new technology on the History lessons is considered in this
article
Қазақстан тарихы пәніне қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны ешқандай да
дүниежүзілік тарихпен, Еуразия контингенті тарихымен, кӛшпелілер ӛркениетімен,
түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бӛліп-
жармай бірлікте, тұтастықта қарау деген сӛз. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін
толығымен жинап, ӛлгені тіріліп, ӛшкені жанып, ата-бабадан мұраға қалған мол,
құнды мирасқа қолы жеткен тұста оның маңыздылығы мен функционалды рӛлі де
артуда. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу
пәніне айналып отырғандығында. Оқу пәніне айналып қана қоймай, елінің мол
тарихынан, тағылымынан еліміздің болашақ тұтқасын ұстайтын жас
жеткіншектеріне халықтың тарихи жадын қалпына келтіруде, ұлттық сана мен
бірлікті қалыптастыруға, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеуде үлкен
маңызды, рӛл атқаруында.
Ұстаз, мұғалім, оқытушы үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс
таңдау. Білім сапасын жетілдіру, болашақ ұрпақты жаңа жаманға сай білімді
ұрпақ етіп тәрбиелеп шығарудағы қолданылатын жаңа педагогикалық
технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық
ойының дамуында басты рӛл атқарады. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру
оқытушының зияткерлік, адамгершілік, рухани және басқа да кӛптеген
тұлғаның адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Тұлғаның ӛзін-ӛзі
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына да мол септігін тигізеді.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын
игеруге және оны ӛзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған
ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал
тарихты оқыту - ӛзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын
құрауыштардың басын біріктіретін ӛте күрделі процесс. Оқыту процесіндегі
қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол
қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен
әдістерінің арасында пайда болады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі
күрделі және кӛп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің
сипатымен айқындалады.
161
Оқытушы ӛзінің жүргізетін пәнін қаншалықты жетік білгенімен
оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра
алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды. Қазіргі заман талабына орай білім
беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарға, мәдениетке, белсенді
шығармашылыққа бейімделген тұлғаларды дайындау міндеттері тұр. Тұлғаны
қалыптастыру мен дамытуда адамдардың жеке ӛзінің белсенді қызметі шешуші
роль атқарады. Оны жетілдіру мұғалімдердің бірден-бір міндеті. Бүгінде білім
беру саласында жүйелеу тәсілін қолдануға баса назар аударылуда. Бұл
проблемаларға бірқатар ғалымдар арнайы еңбектер де жазған. Атап айтар
болсақ, В.Ф.Шаталовтың технологиясы бойынша оқу материалдарын тірек-
сызбалары-конспектілеу арқылы беру, берілетін ақпаратты, ойды айқын
бейнелейтін тірек конспектісі арқылы жүзеге асыру болып табылады. Кӛрнекті
әдіскер В.Ф. Шаталов тірек-сигналдарды қолданып, конспект-парақ
дайындаудың мынадай жадынамасын ұсынады:
1.Оқулықтың тарауын мұқият оқып шығып, ӛзара байланысы мен
тәуелдігіне қарай мәтінді мағыналық бӛліктерге бӛлу;
2.Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша мазмұндау;
3.Қысқартылған жазбаны алдан-ала қағазға түсіру;
4.Жазбаларды кескіндемелік, әріптік, рәміздік белгілерге айналдыру;
5.Сигналдарды блоктарға біріктіру;
6.Блоктарды кескінмен бӛлектеу және олардың ӛзара байланысын
кескіндемелік белгілермен белгілеу;
7.Маңызды бӛліктерді боя, түспен бӛліп кӛрсету.
Тірек-сызбаларды
жазғанда рәміздік-сӛздік, суреттік, шартты-
кескіндемелік белгілерді қолдануға болады. Тірек-сигнал тәсілімен жұмыс
істеуде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, 10-11
сыныптарда 3-4 параграфты біріктіруге болады. Жақсы ойластырылған
кескіндемелік сұлбалар күрделі мәселені ұсақ бӛліктерге бӛліп, шартты түрде
бейнелеуге мүмкіндік береді. Ол жағдай оқушылардың зейінін нақты
тақырыпқа аударып, ондағы жекелеген кезеңдерді тұтастықта қабылдауына
кӛмектеседі.
Оқушылардың базалық білімді игеруіне кӛру арқылы қабылдаған тірек
ұғымдар едәуір ықпал жасайды. Мұндай тірек-сызбалар басты деректерді есте
сақтауға жұмылдырылған шартты-кескіндемелік белгілердің жүйесін құрайды.
Мұғалім оқып-үйренуге арналған материалды тірек-сызбалармен жазылған
ерекше конспект түрінде ұсынады. Тірек - символдар оқушыларға ақпарат
бірліктерін -басты және қосалқы деректерді есте сақтауға кӛмектеседі. Бұл
жүйемен жұмыс жасаудың мәні білімді кӛп рет қайталау негізінде игеру және
оқушылардың ӛздерінің кӛмегімен білім сапасын күнделікті қадалауға
кӛмектесу болмақ.
Тірек-сызбаларды дайындау үшін мұғалім ең алдымен тақырыпты оқу
барысында мәтінге құрылымдық-функционалдық талдау жасап, сонымен бірге
оқулықтың қандай тақырыптарын бір сабаққа топтастыруға болатындығын
анықтайды. Тақырыпты аша отырып, мұғалім бір парақ қағазға 4-5 тақырыпты
орналастыра алады. Олардың саны материалдың күрделігіне байлнысты.
162
В.П.Беспалько еңбектерінде оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы
оқытуда жүйелілік тұрғыны пайдалану сан түрлі қырынан қарастырылған.
Оның пікірінше, оқу мазмұнын кӛрнекілік түрінде құрылымдау, бір жағынан
оқылып отырған саланы оқушылардың қабылдауын оңайлатса, екінші жағынан
қабылдау мен меңгеруді, зердені дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Егер
оқушылар оқылатын материал бойынша сызбаны ӛздері жасаса, онда
мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болмақ. Мысалы: «Ресейдің отарлау
саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары» тақырыбын ӛткізу
барысында оқушыларға арнайы жасалған тірек сызбалармен сабақ ӛтуге
болады. Бұндай әдіс-тәсілмен ӛткізілген дәріс оқушының есінде жақсы
сақталады. Мысалы, сұрақтарға жауап беру:
- Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
- Патша ӛкіметінің қазақтардың рухани ӛмірінде жүргізген саясаты.
- Қазақстан территориясындағы казак әскерлері.
- Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына
кіруі.
- Орта және Ұлы жүздің Ресейге бірігуі.
-Қазақ және орыс сауда қатынастары.
«Тапқыр болсаң, тауып кӛр» (үлестірмелі карточкалар бойынша ӛтілген
материалды қайталау).
-
Кӛтерілістің алғышарттары мен себептері?
-
Кӛтерілістің басталуына түрткі болған жағдайлар?
-
Кӛтерілістің мақсаты?
-
Кӛтерілістің қозғаушы күштері?
-
Кӛтерілістің басшылары?
-
Кӛтеріліс барысы мен кезеңдері?
-
Нәтижесі мен жеңілу себептері?
-
Кӛтерілістің тарихи маңызы?
Сонымен қатар, оқушыларға сызбаны ӛздері құрастырып келуге тапсырма
беріледі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында билердің
ӛмірбаядары, олардың қара қылды қақ жарған әділдіктері туралы мағлұматтар
айталыд. Дәріс «Кім тез», «Кім жылдам» деген ойынмен бекітіліп, үй
тапсырмасына «Ресейдің отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалыстары» деген тақырыпта «Сабаққа дейін не білдің», «Сабақ барысында
не білдің» « Болашақта не білгің келеді» деген қысқаша хабарлама жасауға
тапсырма беріледі. Осылайша сабақтарды тірек-кесте, сызбаларды пайдалану
арқылы уақытты үнемдеу, тақырыптың мазмұнын нақты түсінуге мүмкіндік
жасауға болады. Қорыта айтқанда жаңа технологиядағы басты мақсат -
ӛздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны мұғалім
дайындап әкелген жаңа материалды жәй қабылдаушыдан оны іздеп табышуға
айналдыру болып табылады. Оқушылар сызбаны ӛздері жоспарласа, жаңа
тақырыпты меңгеру дәрежесіде жоғары болады. Мұғалімнің сабақ құрылымы
жиі ӛзгеріп тұрса оқушылардың ойлау қабілетіне, ӛз ойын қорыта айтуға,
тарихи деректермен жұмыс істеуіне қозғау салары сӛзсіз немесе оқушының
163
пәнге қызығушылығы артып, нәтижелі кӛрсеткішке жетері анық. Тарихты,
отанымыздың тарихын білу таным пен білімпаздықтың, тағылымдықтың белгісі.
Әдебиеттер
1.
Жанысбеков Ә.,Байтұров М.,Жанысбекова Г. «Қазақ елінің тарихы». - Шымкент
2002.
2.
Рысбай Қ. Қазақстан Республикасының тарихы. - Алматы, 2005.
3.
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. - Алматы, 1992.
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
АӘИУ-нің магистрантты Баймаханова С.
Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.
Қазіргі нарықтық-экономикалық кезеңде білім алу ордаларында бұрын-
соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық ӛмірге ықыласы жоқ балалар саны
күннен күнге артуда. Олар дӛрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге
бейім келеді.
Мұндай жағдайға кездесетін себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-
аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,
қатыгездікті, дӛрекілікті, ӛзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін
болсақ, кең байтақ ӛлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік,
кӛргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол
қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Келесі бір себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-
аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен
жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-
құлқы шешуші рӛл атқарады. "Сіз ӛз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан
бұрын ӛзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз
нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың ӛздеріне талап қоюы, олардың ӛз
үйелменін қадірлей білуі, ӛзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең
бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы",
"Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға ӛмірінің
алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бӛлек. Егер әке
маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық
ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз кӛңіл аударылады. Кейбір
отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға
қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның ӛз ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі
әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы,
164
оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді
бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Сондықтан халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды
салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен
пайдалануымыз керек.
Рухани байлығымыз халық ӛз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында
ӛмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің ӛзіндік әдеп-ғұрпын
жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты
қазыналары, сан қилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары
мен кӛшпелі ӛмір салтының ӛзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты
тәрбие берудің ӛзгеге ұқсай бермейтін ӛзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер
болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз ӛсіріп, мәпелеп, солардың
жемісін кӛру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадағы қарым-
қатынас, дүниетанымын, ӛмірге деген кӛзқарасын және соған сай мінез-кұлқын
қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға
ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиелеудің және
мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды ӛмір мен еңбекке даярлау
тәрбиелеу процесінде жүзеге асырылады.
«Тәрбие баламен сӛйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана
шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға
әркімнің ӛз жеке басы арқылы үлгі-ӛнеге кӛрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып,
тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие
жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық
сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі ӛзгерістер қоғамымыздын
барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы
баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе
емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде
отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Кӛбінесе
коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін
жетекші рӛліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі
мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз
ете алмауы себепті балабақшалар кӛптеп қыскара бастады. Соған орай
керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рӛлін күшейту талабы қойылып
отыр.
Кӛптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сӛйлесу, аялау,
еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т.б. тағылымды
тәрбиенің негізін қалайды.
165
Әрбір отбасының ӛзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас
ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы,
отбасы ӛмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды
пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т.б.
Бұның барлығы баланың күнделікті ӛмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік
ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы ӛмірінін тұрмыс-тіршілігін
ұйымдастыру, кӛңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық
дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да
баланы тәрбиелеу, оның ӛмірін ұйымдастыру ата-ананың ӛзін-ӛзі тәрбиелеу,
отбасы ӛмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты
қамтамасыз
ететін
ізгілікке
құрылған
үй-ішілік
қарым-қатынасты
орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы кӛбінесе педагогикалық
ықпалдын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни ӛзара құрмет, достық
сенім атмосферасында ӛскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге кӛнгіш
болады.
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның
мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын
болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік,
отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар
отбасының бірлігін нығайта түседі. Ӛсіп келе жаткан кішкентай азаматқа үлкен
қуаныш сыйлайды.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың
тарапынан болатын талаптың бірлігі ӛте маңызды.
Отбасындағы ӛзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке
мен шеше рӛлінің ӛте маңызды екені белгілі. Ана ӛз баласының тәрбиешісі ғана
емес, отбасының ұйытқысы.
Қазақ халқы ӛз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында ӛмірінің жалғасы,
мұрагер балаға тәрбие берудің ӛзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға
бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы
қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары
мен кӛшпелі ӛмір салтының ӛзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты
тәрбие берудің ӛзгеге ұқсай бермейтін ӛзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Қорыта келе айтарымыз тәрбие арқылы оқушыларды шығармашылыққа
баулудың негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы
дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында
басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |