ОЮ-ӚРНЕК ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӚНЕРІНІҢ
ҚҦРАМДАС БӚЛІГІ
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Балтабаев Даулетияр Сҧлтаналіҧлы магистрант
Шымкент.,Қазақстан
Abdu-rohman5@mail.ru
Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық
келбетін айқындап бейнелейтін ӛнер түрі – ою-ӛрнек. Ою-ӛрнек деп
қосарланып айтылатыны болмаса, бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, дамытып
отырады. «Ою-ӛрнек» дегеніміз – (латынның ornament – әсемдеу, сәндеу деген
сӛзінен шыққан) үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын
нақыштар. Екеуінің де мағынасы бір. Одан бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау
немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне түсіру деген
мағына жатады.
Қазақ ұлттық ою-ӛрнегінің басты қолданылатын орны – сәндік қолданбалы
ӛнерінің барлық салалары. Қай халықтың болса да рухани әлемі ең алдымен,
оның дәстүрлі ӛнерінен кӛрінетініммәлім.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі құз-шыңдары кең-байтақ даласымен
жалғасып жатқандықтан болар, дүниеге кӛзқарасы, оны қабылдап, ұғыну
қабілеті ассоциациялық ой-ӛрісі тұрғысынан еркін ӛсіп-даму арқылы үнемі
қозғалыста, кӛркемдік тұтастықтағы ӛнер үлгісі болып қалыптасты.
Қазақ халқының ою-ӛрнек ӛнерінің даму процесіне кӛз салсақ, тым әріге –
тас
дәуіріне
барып
тіреледі. Ӛйткені
соңғы
палеолит
дәуірінің
ескерткіштерінен-ақ жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет
онша айқын емес, бірақ символдық мағынасы біздің заманымызға дейінгі
адамның ойлауын кӛрсете алатын әртүрлі белгілерді байқауға болады.
Адамның күнделікті ӛміріндегі қоршаған кӛріністер (адам, аң-құс, жануар,
ағаш, ӛсімдіктер, т.б. ) уақыт ӛте келе интерпретациялық ӛзгерістерге
ұшыраған. Бейнелер түрленіп, байып, мазмұнданып, яғни стильденген,
абстрактіленген ою-ӛрнекке айналды.
Тас дәуірінде қарапайым геометриялық сызықтардан бастау алып, сонау
ғасырлар қойнауынан қазіргі ұрпақтарына жетіп, саналы ӛміріміздің кәдесіне
184
жарап, жалғасын тауып жатқан ӛнер. Қола, темір дәуірлерінде Батыс Сібір мен
Қазақстандағы мекендеген кӛшпелі тайпалардың әсемдікке құштарлығы ұшқан
құстан, жүгірген аңнан кӛрініс тапты. Андронов, сақ, ұғн, үйсін мәдени
мұраларында ою-ӛрнек үлгілері – адамның мифтік дүниетанымынан туған
фантастикалық бейнелер. Мұндай стильденген зооморфтық бейнелерді кӛне
дәуірде салынған ежелгі сақ, Алтай қорғандарынан табылған зергерлік
бұйымдардан кездестіруге болады. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларында «аң
стилі» ӛте кең тараған. II-III ғасырлардан бастау алған зооморфтық ӛнер әдісі
ғасырлар ӛте ою-ӛрнек сұлбасынан абстрактілі ою-ӛрнекке айналды. VI-VIII
ғасырларда Түрік қағанаты құрылу кезеңінде бал-бал тастар, тас мүсіндер,
құлпытастар, қойтастар, сағана тамдар, күмбездер кӛптеп жасалып қойды.
Шеберлер түрлі ӛсімдік үлгісіндеге ою-ӛрнектерді тасқа ойып салды.
Қарлұқтар мен қараханидтер (X-XII ғғ.) кезеңдерінде феодалдық үстем тап
ӛкілдерінің ӛміріне сән беру үшіе жасалған қолӛнер бұйымдарында ою-
ӛрнектің мәнерлі, абстрактілі түрі жақсы дамыды.
Ислам дінінің келуіменен тіршілік иесінің бейнесін салуға тыйым
салынғандығының әсерінен халық шеберлерінің ою-ӛрнектерінде бірқатар
ӛзгерістер болды.
Еліміздің басына дүниежүзілік, мәдени-тұрмыстық, идеологиялық
экспансиялануына қарсы тұратын қазақ халқының ұлттық бет-бейнесін
білдіретін
бір
қыры
–
бай
мұрасы
бар
ӛнер.
Қазіргі
таңда
мәдениетімізгемемлекеттік деңгейде үлкен қолдау кӛрсетіліп, сәндік
қолданбалы ӛнер сұранысқа ие болған кезең. Бүгіндері қайта кӛрейген, жаңа
мазмұнға ие болған, ӛмірімізден ӛзінің лайықты орынын алған бұл ӛнер
саласында күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің ажарын ашып, жаңалап
жаңғыртуға Шӛптібай Байділдаұлы ағамыз ӛз үлесін қосып жүр. Байырғыдан
келе жатқан ою-орнектердің негізгі тарихи түп-тамырын сақтап, оны
әдемілігіне жеткізе, кӛркемдігін аша отырып жаңа түр, жаңа мазмұн бере
білген.
Халқымыз молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды –
арыстанға, қыран бүркітке теңеді. Сұлуды – ай мен күнге, хош иісті гүлге,
құралайың лағына, аққудың кӛркіне, бота мен тұрымтайдын кӛзіне, сұқсұрдың
мойнына, алмаға, қарақатқа теңеді. Әсемдікті аң-құстан, ӛсімдіктен, табиғаттан
іздедң. Сол сұлулықты ою-ӛрнекке түсірді, дамытты. Оның нақты айғағын
«Алтын адам» киімдеріндегі алтын ою-ӛрнек, әшекейден кӛруге болады.
Қазақ халқының тұрмыс, тыныс тіршілігінде ағаштан, мал, аң терлерінен,
жүнінен жасалған заттар кең қолданылады. Әсіресе ағашты ата-бабаларымыз
киелі санаған.
Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар ӛте кӛлемді. Жазы,
қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй, киіз бен
ағаштың ӛте күрделі үйлесімінен тұрады.
Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де ӛте қолайлы осы мүлікке ою-ӛрнек
қолданылмайтын бӛлшек жоқтың қасы.
Киіз үйдің керегесі мен түндігінен басқа бӛлшектеріне: сықырлауық
ашпалы есіктерге, есік сыртындағы киіз жаппаға, туырлықтың жиегіне,
185
шаңырақтың жағалай жиегі мен шабақтарына, уақтың тӛменгі жалпақ иініне,
бақанға, адалбақанға, желбауға, басқұрға, дӛдегеге, кереге сыртынан ұсталатын
шиге, жалпақ құрларға, жалпақ туырлықтың түндігінің бауларына тоқылып
оюлар салынады, шашақтар байланады.
Киіз үй ішіндегі жиһаздар: кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, жүк
жапқыш, шымылдық, орамал, сүлгі, дастархан, кірсалғыш, кесе қап, шабадан,
кебеже қап, қоржын, торсық, саба, күбі, асадал, сандық, қолсандық, жүкаяқ,
ағаш тӛсек, ағаш аяқ, ожау, ағаш қасық, табақ, астау, тегене, самаурын,
шәйнек, кесе, сапар кесеге оюлар түседі. Ер-тұрман: қамшы, жүген, ер, ноқта,
тұсамыс, кісе, шыбыртқыға, масақаққыш сабыны, домбыра, қобыз, сырнайға,
басқа да үй жиһаз, мүліктеріне шебердің талғамына орай әр түрлі ою-ӛрнектер
салынып келді.
Ою-ӛрнек жақсы сапалы жасау үшін алдымен пайдаланатын материялды
дұрыс таңдай білу қажет, оның ою ырғағы мен молшерін яғни оюдың заттың
бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оймастан бұрын тақырып
таңдай білу керек. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлылығында,
шеберлігі мен оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-ӛрнектің қандай түрі
болса да ол – адам ойының жемісі.
Ою-ӛрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы
керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса – ою ӛзінің сәнін,
сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұның жоғалуы мүмкін.
Қазақ ою-ӛрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою
түрін жасағанда да осы ою түрі басты кӛрініс табу қажет. Басы қошқар мүйіз
орынан бастау алған ӛрнек дами келе неше алуан түрге еніп, аражігі әртүрлі
ою-ӛрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою атасы қошқар
мүйіз бастаған ӛрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып,
байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы
әсем гүл шоғырындай ою-ӛрнек те ӛз шеберін тапса жарасып, құлпырып, кӛз
тартып, кӛзге қуаныш, кӛңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып
тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай ӛнер түрін ӛзінің шырқау
шыңына жеткізе білген.
Ою ойған адам әр саладан хабары бар шебер болуы қажет. Ағаш шеберлері
ағаш тамырынан, байланған шор бездерінен ойып, әр айшықты оюларды ойып
салған, ағаш аяқ, тостаған, қымыз ожаулар жасаған. Күміспен қаптап, асыл
тастармен ӛрнектеген. Семіз жас малдың қайнатылмаған сүйегі оюға,
ӛрнектеуге ыңғайлы. Түие, жылқы сүйегі сапалы, қара кемік болмайды. Арқар
мүйізіне ӛңез жабыспайды, маса қонбайды,мүйіз ожау күнге қызбайды,
қымызға салқын леп береді. Мүйізді қыздырады не қайнатады. Тарақ тісін
шығару үшін тақтайға мүйізді қоса қысып тіледі. Арқар, бұғы, тау теке
мүйіздерін түрлі сүйектерді ағаш қобдишаларға, шақшаларға, мылтық
құндақтарына, пышақ саптарына, домбыра беттеріне және қазақы ерлерге алуан
түрлі күрделі әшекей ою-ӛрнектер салған.
«Қошқармүйіз» ою-ӛрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны.
«Қошқармүйіз»
бен
«арқармүйіз»
оюларының
қазақ
қолӛнерінде
қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың кӛлемі
186
,сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюлар
салынады. Бұл ӛрнектер «иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе табан»,
«қос ирек, «қазтабан», «құсмұрын», «сыңар ӛкше», «айшық гүл», «жұлдыз гүл»
т.б аттармен аталады.
Қолӛнер шеберлері ою-ӛрнекті әр заттың ӛзіне лайықтап,жарасымын,
үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-ӛрнек бір-бірімен ӛте сәнді
қабысып, шынайы кӛркемдік беріп отырған. Ою-ӛрнек түрлері ӛте нәзік түрде
түскен. Пайдалану орнын шатастырмай нақ тауып, орын-орнына қоя білген.
Қазіргі уақыттағыдай бас кійімге салатын оюды балаққа, жағаға салмаған.
Жарамысын пайдалану орнын тапқан ою-ӛрнек алғаш қарағаннан кӛңілге
қуаныш, жүрекке жылылық, сәндікке құмарлық беріп, ӛзіне тартқан кӛздің
жауын алған.
Жалпы ою-ӛрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы,
әсемділігіне жеткізе білуі керек. Ӛнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ
ою-ӛрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
Біріншісі - қазақ халқының ӛзіне тәнертеден кележатқан ұлттық ӛюлары.
Екіншісі – басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
Үшіншісі – уақытқа қарай бейімделу.
Ертедегі қазақ ою-ӛрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1)
Мал ӛсіру мен аңшылық,
2)
Жер-су, кӛшу-қону
3)
Заттардың сыртқы бейнесі.
Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюуы қолданылып араласып
отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру тайпалардың таңбаларында, малдың ен –
таңбасында, ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалауда орын алады. Шеберлер
сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды
ӛңдеген. Әсемдікті таңдай да, жасайда білген.
Осындай әсемділікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-
ӛрнекке бояу түрлерін пайдалану да жете меңгерген. Халқымыздың ою-
ӛрнектерінде басым тӛс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-ӛрнектің ең шешімін
тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір-бірін айқын
ашып, қандай затқа пайдаланса да анадайдан кӛздің жауын алып, сән беріп
тұрады. Асқан шеберлер былғарыны ақ күміспен әшекейлеп түс киіз жасаған.
Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген. Әрбір түстің ӛз мән-
мағынасы бар.
Мысалы: кӛк түс-аспан әлемін меңзейді. Кӛк түспен жасалған затты киелі
санап, аяқ астына тӛсемеген. Кӛк түс кӛк тәңіріні, аспанды меңзейді деген
кӛнеден келе жатқан ұғым бар. Қызыл түс - оттың , күннің символы, ақ түс –
ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың, пәктіктің белгісі, сары түс – ақыл-
парасаттың, мұңның символы, қара түс – жердің символы, жасыл түс –
жастықтың, кӛктемнің, жасыл әлем символы. Әрине, әр шебер, оюшы тур мен
түсті оз талғамына, ойлау жүйесіне, наным-сеніміне қарай іріктеуі мүмкін.
Ою-ӛрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы ӛте кең. Оюдың жекеленген
тармақтарынан бастап үш түп, тӛрт түп, бес түп, алты, жеті, сегіз,тоғыз т.б
187
тармақтарынан әрі қарай ӛрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық
дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Айшығы мол, жасалуы
күрделі, ӛте нәзік оюлар ертеректе хандардың салтанат сарайларын, үйлердің
ішін, күрделі діни кесенелерде безендірген. Оған мысал Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіндегі, Айша Бибі мазарындағы, Қырым хандығы сарайындағы,
Испаниядағы мұсылман мешіттеріндегі, қасиетті Мекке Мәдинадағы мешіт
іштеріндегі оюларды айтуға болады. Қарасақ коз тоймайтын, жасалу
күрделілігіне ақылың жетпейтін неше кереметтер болған біздің киелі жерде, Ал
мұсылманша жазуларды қарап отырсаңыз шетсіз, шексіз бір бірімен астасқан,
үйлесім тапқан, артық-кемі жоқ жымдасқан ою-ӛрнектен жасалған алтын
шынжыр іспетті.
Ою-ӛрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бір бӛлігі. Халқымызда жазу
болмағанда ою-ӛрнек болды. Сол ою-ӛрнек арқылы халқымыз ӛз тыныс-
тіршілігін, мәдениетінен, ӛнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде
дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып
отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі ӛнерді әрі қарай дамыта отырып,
кӛздің қарашығындай сақтау.
Басты мақсат – қошқар мүйіз оюуын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар
шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар
топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлеріде бар.
Ұсынылған ою түрлерін қажетіне қарай, талғамына қарай – әр талапкердің
еркінінде. Мақсат – жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық түсіндіре
отырып,,пайдалану жолдарын ұсыну,оюдың ӛндіріске енуіне ықпал жасау.
Оюларды уақыт талабына сай сұрыптай отырып, ұлттық негізде қазақ
халқының ӛнер туындысы деп бағалауға тұрарлық, шет елдерге ұлттық
мақтаныш, ұлттық мұра белгісі ретінде ұсына алатын,бүгінде шығарылып
жатқан мән мағынасы,мазмұны, сапасы жоқ бұйымдармен бәсекеге түсетін
ұлттық тұрмыстық ӛнім ретәнде, оюлаған қазақы кілем,сырмақ,түскиіз,үй
жиһаздары,үстел, орындықтар, ұлттық ӛрнекпен безендірілген салтанат
сарайларын,
неке
сарайларын,
мұражайларды,жастар
сарайын,мешіт,
медреселерді,мектепті, бала бақшасын, демалыс орындарын неге салмасқа. Кез
келген мәдени орындарда ұлттық нақыштағы ою-ӛрнек тәндік безендірулер
болса, кӛрермен кӛзіне жылылық ұялатып, ӛнерге деген құлшынысын ашары
анық. Жақсы жасалған ою-ӛрнектер үнемі үйлесім тауып бір-бірімен сіңісіп,
шытырман айшық жасап, үлкен күрделі оюға ұласады. Шебер оюшы бір ғана
қошқар мүйізді дамыту арқылы мыңдаған ою шығарушы анық. Оюлардың
түріне, зергерлік бұйымға шектеу жасауға болмайды, оның даму аясы адам
ақыл ойының кеңдігімен, іскерлігімен, тапқырлығымен дами бермек. Әрине,
бай мұраны зерттеп қанықпай жаңа туынды жасау, оюлардың бастапқы
атауларын толық меңгермей уақыт талабына сай жаңа ою-ӛрнек жасау ӛте қиын
да күрделі іс. Уақыт ӛте шебердің ой-ӛріс кеңдігіне сай ою түрлерімен
атауларының ӛзгеруі заңдылық. Бұл жаңа талғам талабы. Оюдың басты шарты:
симметрия, тепе-теңдік, дәлме-дәлдік, тұп-туралық, біркелкілік, сәйкестік,
188
үйлесім, сәнділік, кӛзге әсем кӛріну, кӛңілге жылы тию. Ал ӛрнектер ою заңына
бағына бермейді, еркін жүйемен жасалады, симметрия, тепе-теңдік сақтамайды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері
ӛзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін ӛзгерткенмен түрін, пішімін
(модасын) ӛзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-
ӛрнек, кие, қасиет. Осы киіммен, осы оюлармен халқымыз тарихи дәуір
ӛткізген, досы да, қасы да таныған. Түрінде, түсінде ӛзгертпей ғажайып киімдер
жасаған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-ӛрнек тілімен шеберлер ойында, кӛңіл-
күйінде, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Жасалған ою-ӛрнектерге
түгелдей та беру мүмкін емес. Әр шебер ӛзі жасаған ою-ӛрнегінің қандай ою
түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-ӛрнекті қай затқа қалай
пайдалану керектігін дәлде нақты білген.
Ою-ӛрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпы тастарға да салынады. Ер
адамға құлпы тас тұрғызылса, оған ою-ӛрнекмпен қатар қылыш, найза, айбалта,
ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпы
тас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да
басқа заттар бейнеленген.
Осы ою-ӛрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен кӛмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра
бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға, студент жастарға
қолӛнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолӛнер түрлері
мектепте пән ретінде ӛтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті
сиюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері
ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-ӛрнек кең кӛлемде ұсынылса,
шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолӛнер дамыған
болар еді. Сол арқылы жұмыс, ӛнерге қамқорлық, тұтынушыға қнер
туындылары ұсынылар еді.
Халқымыз сәндікті, сұлулықты сүйген, ӛнер туындыларының жетілген
түрлерін ӛмірге енгізген, тұрмыста қолданған. Сол ою-ӛрнек арқылы әсемдікті
насихаттаған. Сұлулықты сүйген халық жүрегі нәзік, таза, ақжарқын,
қайырымды болған. Міне, ғасырлар бойы бабаларымыз ешкімнің ала жібін
аттамаған, сырт елге соғыс ашпаған. Қайта басқа елге қамқор болған. Сол
қамқорлық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Басқа ұлт ӛкілдерін
бауырымызға бастық. Халқымыз ата-баба дәстүріне, салтына, мәдени мұраға
адалдықпен қараған. Қаншама алапат соғыс, қуғын-сүргінді бастан ӛткерсе де
атадан қалған ктелі жәдігерді шамасы келгенше тастамаған. Осындай бабалар
мұрасын қастерлеп сақтау, мәдени мұрамызды дамыту, Егемен еліміздің әрбір
азаматының басты мұрат-мақсаты екені анық.
Әдебиетер
1.
2004-2006 жылға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы – Алматы, 2004.
2.
Баділдаұлы Шӛптібай «Қазақтың ою-ӛрнектері». Алматы: «Ӛнер», 2006. –
160бет
3.
Қазақ ӛнерінің тарихы «Мәдени мұра». Алматы: «Ӛнер»,2008. – 608бет
189
Резюме
В данной статье рассматриваются декоративного прикладного
искусство, как составная часть казахского народа.
Summary
In this article examined decorative applied art, as component part of the Kazakh
people
УДК. 371. 035. 3
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ПРАКТИКАНЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ МҤМКІНДІКТЕРІ
п.ғ.к., аға оқытушы Бердибаев О.К.
п.ғ.к., аға оқытушы Мамырбаева Б. С.
Академиялық инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын
бітірумен аяқталмайды, ол мүғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін
қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кӛтеріп отыруы
оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық
тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық
ортада белсеңді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және
педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжым-ның қолдануға ие
болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі кӛтермеленіп отырса, мұғалімнің
кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті
болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір
рет мұғалімдер біліктілігін кӛтеру институттарында немесе педагогикалық
жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтеріңде арнайы дайындықтан
ӛтуі тиіс. Біліктілік кӛтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында
мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытылып,
мектепте сыннан ӛткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұңдай жағдайда
мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім
үшін баға жеткіліксіз кӛмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда
мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына
жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп
жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғы-шарттарға байланысты. Ең
бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі ӛмірлік
және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс.
Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау
және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.
190
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және
ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық
та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік
жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік
педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау
және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану
қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің
теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін
кӛтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім
стандарттарын оқып,үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар,
нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-
әдістемелік кӛмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру -
жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге;
педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;
педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б; мұғалімдердің ӛздігінен
педагогикалық білім кӛтеруіне кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық
мәдениет деңгейін кӛтеру.
"Оқудың негізгі функцияларының практикаға жүзеге асуы, біріншіден,
оку сабағының әр түріне кешендік мәселелер жоспарлау арқылы, екіншіден,
білім беру, тәрбиелеу және дамыту мәселелерін қарастыру арқылы: мұнда осы
мәселелердің біреуі әрбір сабақта «азды-кӛпті шешіледі» деген шартпен, үш
мәселені де қанағаттандыратын оқытушылар мен студенттер арасындағы іс-
әрекетті дұрыс талдау арқылы жүзеге асады".
"Үш үрдіс": оқыту, дамыту, тәрбиелеу қандай байланыста болсада
практикада, оқыту функцияларында бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Олар ӛзара байланыста, біреуі екіншісінің себепшісі болып келеді. Оқыту
үрдіснің
барлық
дидактикалық
құрамында,
құрауыштарына
оқыту
функциялары жүзеге асады. Кешенді мәселелерде, оқыту мазмұнында,
әдістемелік жүйесінде, оқыту формалары мен құралдарында және оқыту
үрдісінің психологиялық ортасында. Бұл арқылы оқытуға қойылатын бірнеше
талаптар анықталады, олардың орындалуы қазіргі дидактикаға сәйкес табысты
және жаңа сапаға кӛтереді.
Мұғалім - жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып,
тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мұғалім - педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы,
арнаулы дайындағы бар адам.
Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс-
әрекетімен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде
жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет ӛсіп келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім-бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас
ұрпаққа беру және оларды ӛмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі оқу мен
тәрбиені ӛз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Ежелгі Шығыс
елдерінде мұғалім негізінен абыздардан болатын. Орта ғасырда мектеп шіркеу
191
қарауында болғап кезде мұғалім міндетін дін қызметшілері атқарған. Мектеп
ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті
училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік
ӛз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның
қоғамдық ӛмірдегі рӛлі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде ӛзгеріп
отырады.
Ғылыми еңбек белгілі бір қабіліеттілікті қажет етеді, ал оның ӛзі кез
келген студентте болады. Әрине, оны белгілі бір бағытта, әрі дамытып отыру
қажет. Зерттеушілік қабілет -бұл ақыл -ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші
кезекте проблеманы кӛре білушілік. Резорфорд былай деген екен: егер оның
қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істемейін
деп сұраса, ұстазы оған ғылыми жұмысыңды таста деп кеңес берер еді.
Творчестволық ақыл -ой қарапайым нәрседен кереметті, ӛзгелер байқамаған
сұрақтар кӛре білуі тиіс. Венгер ғалымы А.Сент-Дъердьи былай деп жазды:
«жаңалық ашу -демек бәріміз кӛріп жүргенді кӛре білу, бірақ осыған дейін
ешкімнің ойына келмегенді ойлап білу». Ал Д. Бернал былай деп түсіндіреді:
«Проблеманың шешімін тапқаннан гӛрі, оны білу әлдеқайда қиын. Оның
алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне -қиял қажет».
Кӛп білген ғалым емес, бәрінен кӛп оқытатын ғалым.
Қоғамдық пікірді зерттеу үшін анкеталау, әңгіме ӛткізу, интервью алу және
тапсырма беріп тексеру әдістері қолданылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар (тестар) құру -білім мен тәжірибені қажет ететін ӛте
күрделі іс.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру талаптарының бірі - жоғары оқу
орнында оқытудың барлық жылдарында оның үздіксіз ӛткізілетіндігінде. Осы
талапты негізге ала отырып, мыналарды атап кӛрсету қажет. Мәселе мынада:
оқыту мен тәлім-тәрбие берудің нәтижесі бірден байқала қоймайды.
Кейде былай болады: мұғалім сабақта материалды тартымды, ұғынықты, әрі
шебер түсіндіреді, ал оқушылар оны жақсы түсініп, бір-екі күндей кӛкейінде
сақтайды, бір-ақ бірер айдан кейін ұмытып, жаңа материалды оқығанда
бұрынғы еткен ережені есіне түсіре алмайды. Демек, мұғалім алғашқы
түсіндірген сәтте ережені ӛткен материалмен жеткілікті байланыстырмаған
және «алдағы уақытта жұмыс істеуге қажетті» кейбір сәттерін атап
кӛрсетпеген.
Бұл жағдайда мұғалімнің оқыту жұмысындағы теріс нәтижелері кӛрінеді,
оның үстіне ең бастысы, ол бірден байқалмай отыр. Егер студент-практикант
бірнеше сабақты ғана бақылаған жағдайда, мұндай олқылықты байқамауы
мүмкін, ал кейіннен пәнді оқытуда ӛз басы осындай қиыншылықтарға
кездескенде жете түсіне алмайды.
Оқу-тәрбие жұмысының, әсіресе оқушыларды ӛнегелілікке тәрбиелеудің
тек қолайсыз жақтары ғана емес, қолайлы нәтижелері де бірден сезіле
қоймайды. Мәселең, мұғалім оқушыларды мұқияттылыққа тәрбиелеу жӛнінде
дұрыс, әрі қажетті міндет қояды. Осы мақсатта қызғылықты шаралар әзірлейді.
Мұның ӛзі класс сағаты, әңгімелесу, диспут болуы мүмкін. Кез келген істе
мұқиятты болу керек екендігі, мұның езі еңбек сүйгіш адамның ең қажетті
192
сапасы екендігі туралы мұғалім де, оқушылар да бейнелі салыстырулармен
тартымды әңгімелеп береді. Әркімге мұқияттылықтың қажеттілігі ешқандай
талас тудырмайды.
Осыдан кейін тәрбие міндеті шешілді, нәтиже ойдағыдай деуге бола ма?
Оны келесі күні-ақ аңғаруға болады. Мектепке біреуі қаламсапсыз, екіншісі —
ұшы сынған қарындашпен, үшіншісі — түймесі үзілген, ботинкасы
тазартылмаған қалпында келді, тӛртіншісі — столға қобыратып қағаз шашып
кетті, ал бесіншісі... Мұқияттылық жайында жеткілікті-ақ айтылған сияқты еді,
алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Демек, тәрбие ықпал етпегені ме?
Әрине, бұлайша үзілді-кесілді айтуға болмайды. Ӛнегелілікке тәрбиелеудің
мәні сонда, ӛнегелілік нормасын түсіндіру — бұл әлі бастамасы ғана. Әуелі
оқушы оны терең түсінуі, белгілі бір тәртіпті бұлжытпай орындау керектігін
жете ұғынуы, кейіннен мұның ӛзі оның үйреншікті дағдысына және
қажеттілігіне айналуы тиіс. Ол үшін жалпылай, жан-жақты кеңесуден кейін
әрбір оқушымен жеке әңгімелесіп, оларға бақылау қояды, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне
ықпал етеді, яғни тәлім-тәрбие процесіне үздіксіз және тікелей катысады.
Тиімді нәтижеге жетпей тұрып, педагогикалық қызметті меңгердім деп айта
алмайсың.
Алайда бұдан әрбір студент жоғары оқу орнында оқыған жылдары тек бір
ғана оқушымен жұмыс істеуі тиіс деген ұғым тумайды. Ӛйткені оқу кезінде
оқу-тәрбие процесінің барлық негізгі жақтарымен, бағыттарымен, бүкіл
ерекшеліктерімен, оқушылардың әр түрлі жас топтардағы ӛзіндік
ӛзгешеліктерімен, оқу-тәрбие мекемелерінің (қалалық және ауылдық
мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер, пионер лагерьлері, жоғары класс
оқушыларының еңбек және демалыс лагерьлері) алуан түрімен танысуға тура
келеді. Педагогикалық практика объектілерінің ауысуы оның ӛзін күрделендіре
түседі, алайда педагогикалық іскерліктің қалыптасу деңгейін тексеруге
мүмкіндік береді.
Педагогикалық практиканың толассыз сипатының тағы бір кӛрінісі сонда,
әрбір жаңа кезеңдегі оның міндеттері ӛткен кезеңдегі міндеттермен ілесе
жүреді. Белгілі бір кезеңдегі педагогикалық қызметтің қажетті деңгейін
игермеген, орындамаған, жаңа кезеңде ондағы міндетті тапсырмалардың әлде
біреуін атқармай ұмыт қалдырған жағдайда бұл олқылықты бірден сезесің.
Педагогикалық практика ӛзінің комплекстілік сипатымен ерекшеленеді.
Практикалық педагогпкалық қызмет барысында әр түрлі оқу курстарында,
түрлі уақыттарда оқушы, мұғалім, оқу-тәрбие процесі туралы алған бүкіл
білімің ұштасады, жинақталады қорытылады. Студент ӛзінің арнайы оқу
пәнінің мазмұнын арнайы сабақтарда оқып-үйренеді, псохологиилық-
педагогиқалық сабақ циклдерінде оқыту мен тарбиелеу заңдылықтарын жете
ұғынады, кейіннен ол оқушылармен тікелей жұмыс істегенде пән мазмұнын,
методикалық, психологиялық, педагогикалық іскерлік секілділерді айналып ӛте
алмайды.
Педагогикалық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан
сырларын ой-елігінен ӛткізіп шығу қажет. Кәсіптік білімнің ұлғайып
тереңдеген сайын мектептегі оқу-тәрбие процесі, оның тұтастық сипаты
193
барынша айқындала түседі. Педагогикалық практиканың комплекстілігі оны
жоспарлау, ұйымдастыру, мазмұндау бақылау және бағалау жүйесі арқылы
байқалады. Жалпылама бірыңғай баға бергенде студенттің практикалық
қызметінің бүкіл бағыты кӛріпеді.
Педагогикалық практика оқу сипатында болады, оның барысында
оқытушының басшылығымен болашақ мұғалімде педагогикалық іскерлік
жүйесі бірте-бірте қалыптасады. Алайда іскерлік жүйесін терең меңгеру әрбір
студентте дербес ӛткенімен, бүкіл практикалық педагогикалық қызмет
коллективтік түрде болады — мұғалім мамандығының басты ерекшелігі де
осында. Студент осы ерекшелікті қаншалықты түсінсе, педагогикалық практика
барысында коллективтік педагогикалық қызметті қаншалық жете үйренсе,
кәсіптік-педагогикалық даярлық соғұрлым табысты болады.
Мәселе тек әрбір кәсіпке тән коллективтік жұмыстың адамгершілік нормаларын
терең меңгеруде ғана емес. Педагогикалық қызметтің артықшылығы сол, жеке
оқушылар, оқушылар коллективі бір адамның, ең жақсы деген мұғалімнің ғана
емес, бүкіл педагогикалық қоллективтің ықпалымен қалыптасады. Оркестрде
музыканттың аспап күйін келтіргені секілді, мұғалімдер де, тәрбиешілер де,
кітапханашылар да, бала бағушылар да және мектептегі асхана жұмыскерлері
де бірыңғай педагогикалық үндестікке құлақ түруі, ӛз қарым-қатынастарында,
оқушыларға және бір-біріне талап қоюға бір-ауызды болуы тиіс. Мұның ӛзі
мұғалімнің ӛз дербесті-гін, қабілетін, талантын танытуға ешқандай бӛгет
жасамайды, қайта коллективті байыта түседі, мектепте творчестволық ахуал
орнатуға ықпал етеді.
Студенттер тобы педагогикалық практика барысында педагогикалық
коллективтің ӛзінше моделіне айналады. Әрбір студенттің күш жігері белгілі
бір мектепте (кәсіптік-техникалық училищеде) жұмыс істейтін топта тиісті
ынтымақты қарым-қатынас, жоғары талап орнатуға, ортақ мақсат пен міндетті
түсінушілікке бағытталуы тиіс.
Студент-практиканттар коллективі мен мұғалімдер коллективі бір-біріне
қарсы қойылмайды, алайда объективті себептерге байланысты қосылмайды,
ӛйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен
мұғалімдердің қамқорлығы осы мектептегі студент-практиканттардың
қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы,
ауыспалы және тура мағынасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі
ӛз орнын белгілеуі; ӛз мүйісін безендіруі мектеп ӛмірінің ішкі тәртіп ережесін
толық білуі, коллективтік дәстүрге араласуы тиіс.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ерекшелігі — қоғамдық-
саяси, қоғамдық-педагогикалық қызметтердің және кәсіптік-педагогикалық
әзірліктің біртұтастығында. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп
реформасының негізгі бағыттарында тек ата-аналарға ғана емес, оқушы
жастардың жұмысына катысы бар барлық адамдарға мұғалімдер күшімен
педагогикалық жалпыға міндетті оқу ӛткізу кӛзделген. Студенттердің
қоғамдық-саяси практикасы олардың «жұмыс орындарында» (мектептерде)
етеді, әрі педагогикалық қызметке тығыз байланысты болады. Студенттер
оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істегенде тәрбиешілік
194
іскерлігін кӛрсетіп қана қоймайды, лекторлык, ағартушылық, насихатшылық
шеберлігін де жетілдіреді. Қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушылары
қоғамдық-саяси және қоғамдық-педагогикалық қызметке байланысты барлық
мәселелер бойынша студенттерге методикалық ұсыныстармен консультация
лармен қосымша практикалық кӛмек кӛрсетеді.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңызды талаптарының бірі -
оны бірінші курстан бесінші курсқа дейін жоспарлаудың перспективалығын-
да. Практикалық педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор.
Егер барлық пәндер бойынша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру
жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық
педагогнкалық қызмет студент алдына кез келген уақытта толық кӛлемде
кездеседі.
Жоғарыда
педагогикалық
іскерліктің
міндеттері
мен
жүйесі
тұжырымдалды, оның ӛзі әр алуан кезеңде педагогикалық практиканың
мазмұнын таңдау үшін белгілі бір бағыт береді. Алайда мұның ӛзі жеткіліксіз.
Ӛйткені нақтылы бір міндеттер, нақтылы бір іскерлік кезеңнен кезеңге қарай
қайталанып отырады, алайда бұдан нақтылы бір әрекет қайталанады деген
ұғым тумайды, қайта жаңа «айналымнан» ӛткен сайын ол дамытылып оты-
ратындықтан
перспективалық
жоспарда
кӛзделеді.
Оның
үстіне,
перспективалық жоспарлау әрбір студенттің жеке ерекшелігі мен қабілеті
ескеріле отырып, олардың практикалық педагогикалық қызметін меңгеруіне
қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сӛйтіп ол қосымша күш-жігер мен
уакытты қажет ететін практикалық әзірлік жағына кӛңіл бӛлуге ықпал етеді.
Перспективаны білу тӛзімділік деңгей қаншалық екендігін ұғынуға, осы сәтте
іскерлік қандай кӛлемде игерілу керектігін білуге жәрдемдеседі.
Ал егер студентке бәрі ойдағыдай болмаса ше? Перспективалық жоспар
мұндай жағдайда да кӛмектеседі. Оның ӛзі жіберілген олқылықты әрі
қарай жоспарлы түрде түзету мүмкіндігінің болу-болмауын немесе қазіргі
жағдайда оқушылармен дербес жұмысты, қоғамдық-саяси практиканы
толығырақ пайдалану қажеттігін кӛрсетеді. Ӛзін кәсіптік тәрбиелеу
программасына қиын мәселелер дер кезінде енгізілуі тиіс.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тағы бір талаптарын-
педагогикалық басшылық пен жоғары белсенділікті, студент-практиканттың
дербестігін үйлестіруді атаған жӛн. Педагогикалық практика программасын- да
студенттер қызметінің басты бағыттары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие
жұмысының нақтылы мазмұны мен келемін студенттердің ӛздері белгілейді.
Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан кӛрінеді. Екі аптада бір
рет практикалық сабақта оқытушының басшылығымен практиканттардың
дербес жұмысы талданады, педагогтық іскерлікті меңгерудегі жетістіктері атап
кӛрсетіледі. Студенттердің дербес жұмысында-ғы жинақтаған тәжірибесі
негізінде, оларға алдағы екі апталық мерзімге арналған жаңа оқу міндеттері
қойылады. Егер белгіленген мерзімде студенттің тындырғаны шамалы болса,
белсенділік пен дербестік танытпаса, онда оқытушыға да, студентке де қиын
соққаны демек іскерлікті қалай қалыптастыру, нендей олқылық болды, қандай
тұрғыда ерекше жұмыс істеу керектігін ойластырады.
195
Дербестіктің ӛзі кезекті практикалық сабаққа әзірленгенде студент тек
қана ӛзінің педагогикалық оқу практикасын ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-
саяси және қоғамдық-педагогикалық қызметін де талдайды.
Педагогикалық
практиканы ұйымдастырудың жоғарыда аталған
талаптарының маңызды екені сӛзсіз, бірақ олардың ӛзара байланысты екендігін
түсіну одан да маңызды. Шындығында, кәсіптік даярлықтың, қоғамдық-саяси
және қоғамдық - педагогикалық қызметтің біртұтас талаптары педагогикалық
басшылықпен үйлестірілген дербестілік пен белсенділік талаптарымен тығыз
байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |