Әдебиеттер
1.
Алауханов Е.О. Криминология: Оқулық . –Қазығұрт, 2006.
2.
Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтің 1997 жылы Қазақстан
Республикасы халқына жасаған Жолдауы «Қазақстан - 2030».
3.
Сборник статических данных о преступности , результатах деятельности
правохранительных органов и судов в РК. –Астана, 2007.
4.
Кудрявцев В.Н. Генезис преступления (опыт криминологического
моделирования). –М., 1997.
5.
Абельцев С.Н. Криминологическое изучение насилия и защита личности от
насильственных преступлений. Дисс. ... к.ю.н,-М., 2000-С.17.
6.
Долгова А.И. Криминология: -М., -С.181.
Резюме
В этой статье рассматривается изменение поведения характера
молодежи.
Summary
In this article examined the change of behavior of character of young people
140
КӚРКЕМДІК БАСТАУЫ – АУДАРМАШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ДАРАЛЫҒЫ
Алдажар Әбілов – филология ғылым. канд., доцент
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
Гулзада Абилова – магистр, оқытушы
М.Мәметова атындағы Қызылорда гум.колледжі
allazhar_57@mail.ru
Кӛркем аударма ӛнерінде аудармашы шығармашылық даралығы деген
мәселе кӛркемдік, шеберлік деген кӛкейтестілікпен тұтастықта қаралғанда ғана
толық ашылатыны белгілі. Жалпы жазушы шеберлігі, қаламгер шеберлігі –
әдебиеттану ғылымында қай кезеңде болмасын аса маңызды, теориялық мәні
ӛте зор мәселе болғаны белгілі және осылай болып қала берері де даусыз жәйт.
Осы бір күрделі де, маңызды мәселе кӛркем аудармаға да тікелей қатысты. Кез–
келген елдің, кез–келген ұлттың әдебиетін алсақ та, әлемдік деңгейге кӛтерілуі
үшін кӛркем аударма ӛнері дамуы керектігі қандай айқын болса, кӛркем
аударма ӛнерінің дамуы үшін де аудармашы шеберлігі, кӛркем аудармадағы
шеберлік мәселесі жан – жақты терең зерттелуі керек.
1886 жылы жарық кӛргеннен бері сан рет қайта басылып, кӛптеген
тілдерге аударылған Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романының қазақша
тәржімасын оқып отырғанымызда И.С.Тургеневтің – «Аударма бізге, неғұрлым
аударма болып кӛрінбей, ӛзінше тӛлтума шығарма болып кӛрінсе, онда оның
соғұрлым тамаша болғандығы», - [1, 157] деген сӛзі ойымызға оралады. Иә,
Әбілмәжін Жұмабаев аударған «Жұмбақ салт атты» романы кәдімгі ӛзіміздің
қазақ әдебиетіміздің тӛл туындысы іспетті. Осы туралы, Қасымжан Ӛмірұлы да
былай дейді: «Әбілмәжін Жұмабаев аударып отырған шығарманы ӛз
шабытынан тудырып отырғандай. Қазақша нұсқа орысша нұсқамен іштей
үндесіп кеткен. Тіпті, тәржімалық туындыны оқып отырғанымызды естен
мүлде шығарамыз. Аудармашының шеберлігі дегеніміз осы да» [2]
Осы бір әділ пікірге қосылғаннан басқа не айтарсың. Аударманы ӛнер
ретінде қарап, ұлты басқа, тілі бӛлек талай сарабдал суреткерлердің
туындыларын тӛл топырағымызға әкеліп, ел,халық игілігіне айналдырған
аудармашы Ә.Жұмабаев Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романын аудару
үстінде шығарманың тұла бойының терең тамырлы рухына үңги еніп, ішкі
иірімдер мен ағыс–тасқындарды, ырғақтарды жанымен сезіне отырып, мазмұн
мен мәнер арасындағы байланысты, кӛркемдік қасиеттерді сақтауға кӛп күш
жұмсап, тер тӛккен.
«Техасский олень, дремавший в ночной тиши саванны, вздрогнул,
услышав звук лошадных копыт. Но он не покидает зеленого ложа, даже не
встает на ноги. Он только слегка поднимает свою красивую голову над высокой
травой, показывается его рога и слушает: не мустанг ли скачет с соседнего
пастбища?» [3,3]
Романның орысша нұсқасы осылай басталады, ал енді оның қазақшаға
қалай аударылғанына назар салайық.
141
«Кӛк шалғынды кең даланың тамылжыған түнінде жусап жатқан Техас
бұғысы шапқан ат тұяғының тысырын естіп, елең етті.
Сонда да балауса-балғын жайын қимай, манаурап жата берді. Иен даланың
иесі бір ӛзі ғана емес, түнгі салқын самалмен осы маңда жабайы жылқылар да
жайылып жүреді. Ол тек басын кекшитіп, әлгі дыбыс шықпас па екен деп тың
тыңдап еді, жайқалған биік шалғыннан арбиып мүйізі кӛрінді» [4,5].
Біз бір қарап ӛткеннің ӛзінде –ақ сӛйлем жолдарынан артық тіркестер мен
сӛздерді аңғарамыз, ол тіпті, әуелгіде аудармашы олқылығы сияқты да кӛрінеді,
алайда тереңірек қарап, нұсқалардағы кӛркемдікті салыстыра қарасақ, ол
тіркестер мен сӛздер – «... жусап жатқан...», «иен даланың иесі бір ӛзі ғана
емес», «түнгі салқын самалмен осы маңда жабайы жылқылар да жайылып
жүреді» деген сӛйлемдердің кӛркемдік тұрғысынан артық - кемі жоқ, керісінше
кітаптың кӛркемдік әсем - бояуын бұрынғыдан да қалыңдата, аша түскен –
деген тоқтамға келеміз...
«Он стремительно вскакивает и мчится по прерии. Лишь отбежав на
значительное расстояние, он останавливается, оглядывается назад: кто это
нарушил его ночной покой?» [3,3]
«Ол атып тұрып, кең даламен зыта жӛнелді: әудем жерге барғасын, түн
ұйқымды бұзған қай жазған екен деп одырайып артына қарады» [4,5] .
Осы бір «... түн ұйқымды бұзған қай жазған екен деп одырайып артына
қарады» - деген сӛйлемнің былай қарасақ алып бара жатқан кереметі жоқ
тәрізді. Ал үңіле, салыстыра қарар болсақ, тәржімашының тапқырлығын,
шеберлігін байқар едік. Егер осы сӛйлемді бізге аудартар болса «түн
тыныштығын бұзған кім екен – дегендей артына қарады» - деп қарап
отырарымыз, солайша аудара саларымыз сӛзсіз жайт. Ал, аудармашы
Әбілмәжін Жұмабаев болса түпнұсқа ойын дӛп басқандықтан сӛйлемге жан
бітіре, тамаша тәржімалаған. Орынды қолданылған бір ғана «жазған» сӛзінің
ӛзі бүкіл сӛйлемді ойнатып тұрғаны анық.
«Припав к земле, откинув голову далеко он продолжает смотреть в его
больших карих глазах отражаются страх и недоумение» [3,4].
«Ол артқы аяғын бүгіп, денесі дір-дір етіп, кейінге қараған сайын күрең
кӛзін беймәлім үрей басып, құты қаша берді». [4,5].
Сӛйлем жалпы жақсы аударылған, бірақ біздің пікірімізше олқылық та
кеткен, мәселен «күрең кӛз» деген қолданысты қазақ тілінде дағдылы
қолданыс деп айту қиын, одан гӛрі аудармашының «қоңыр кӛз» деп аударғаны
жӛн сияқты. Келешек роман тағы да қайта басылатын болса, мұның ескерілгені
дұрыс деген ойдамыз. Енді мына бір сӛйлемнің аударылуына назар аударайық:
«У всадника нет головы!». [3,4].
«Құдай - ай , сақтай гӛр! Салт аттының басы жоқ қой!» [4,6].
Ал енді, салыстыра қарасақ, «Құдай – ай, сақтай гӛр!» деген сӛйлем
орысша нұсқада жоқ, яғни аудармашының ӛзінің қосқаны. Сонда аудармашы
түпнұсқа мәтінінен ауытқи беру керек пе? Жоқ, олай болмайды. Егер, бұл
тәржімашы қолданған тәсіл болып, ол кӛркемдікке қызмет етсе ше? Онда,
әңгіме басқа. Нақтылай айтсақ, бұл – еркіндік пе, әрине, еркіндік. Ал осы
орынсыз, басы артық нәрсе ме? Жо - жоқ, олай деп айтуға болмайды. Қайта
142
осы сӛйлем ӛзінен кейінгі сӛйлемнің бойына қан құйып, тірілтіп тұрған жоқ па?
Иә, осы бір сӛйлем о баста алдыңғы мен соңғы сӛйлем арасында дәнекер
ретінде алынғанмен, аудармашы шеберлігі арқасында кейінгі сӛйлемнің
ажырамас мүшесіне айналып кеткен. Шығарманың осы тұсына дейін туып келе
жатқан үлкен бір қорқынышты, үрейлі оқиғаны сезініп отырған оқушы «Құдай
– ай, сақтай гӛр! Салт аттының басы жоқ қой!» деген сӛйлемді оқығанда еріксіз
селт етері даусыз. Бұл не ? Бұл – аудармашы таланттылығы. Иә, солай, бұл
тұста басқаша айту мүмкін емес. Осы романның қазақшасы туралы «Кӛркем
аударманың теориялық және практикалық жағын жете меңгерген Ә. Жұмабаев
демек, әуел бастан – ақ ұстанған методологиялық принципін сәтті шығаруға
тырысып, тәржіма ӛнеріне шығармашылық нәзік талғаммен қараған. Оның
мұндай қарекеті толыққанды (адекватты) қазақшаланған «Жұмбақ салт
аттының» әрбір бетінен аңғарылады», - деп кӛрсеткен болатын Қасымжан
Ӛмірұлы.
«Но вдруг что-то словно вывело всадника из задумчивости, его конь
ускорил шаг». [3,4].
«Бір кезде салт атты селт етіп қалың ойдан оянды білем – астындағы аты
бұлан құйрыққа басты» [4,6].
Шебер аударылған бұл сӛйлемге ешкімнің де дау айтпасы анық. «Бұлаң,
құйрыққа басты» - деген балама діттеген жерге дәл тиіп, қазақ ұғымына сай
келісті сурет болып шыға келген. Мұндай тапқырлық толып - ақ жатыр. Алайда
оның бәрін тізе беру, әрине, орынды деп айта алмаймыз. Сонда да болса тағы
бір мысал келтіре кеткен жӛн тәрізді.
«Рядом с ним – два всадника: один по правую сторону, другой по
левую»[3,7].
Бұл сӛйлемді Ә.Жұмабаев: «Оның екі жағында үзеңгі түйістіріп екі салт
атты келеді» - деп [4,8] асқан шеберлікпен аударған.
Орысша нұсқадағы оқиға болып жатқан кеңістік, не болғалы тұрған
тӛңіректің кӛрінісі, яғни табиғат, пейзаждың аударылуы да тәржімашының бұл
тұрғыда да кӛп ізденіп, ерінбей еңбек еткенін кӛрсетеді.
«Впереди, на сколько хватало зрения, расстилалось необятное
пространство совершенно черной, выженной прерий» [ 3,9-10] .
«Тӛңіректе күйе жалағандай жалаңаш жазықтан басқа кӛз тоқтатар бұдыр
жоқ» [4,11].
Ал, енді осы екі сӛйлемді салыстыра қаралық, орысша нұсқадағыға
қарағанда қазақшасы сәтті шыққан тәрізді емес пе. «Күйе жалағандай жалаңаш
жазық» - деп оқығаннан - ақ, кім - кімнің де кӛз алдына жазушы суреттеп
отырған тӛңіректің картинасы келе қалары анық. Иә, одан артық қайтіп
тәржімаларсың. Міне – аудармашы ізденісінің, талантының жемісі,
міне – тәржімашы еңбегінің нәтижесі.
«Впереди, направо, налево, уходя в бесконечную даль, развернулась
безгранично печальная картина» [3,10] .
Бір қарағанда жеңіл – ақ кӛрінгенмен, дәл осы сӛйлемге қатысты түпнұсқа
ырғағын сақтай аудару деген қиямет қайым емес пе. Ал, аудармашы
Ә.Жұмабаев қалайша шешім қабылдады екен, енді соны салыстыра қаралық.
143
«Айналадағы кӛз жетерлік жердің бәрі қара жамылғандай қасірет кебін
шертеді» [4,11] . Бұған не айтарсың? Еріксіз риза боласың, әрине.
«С северной стороны над прерией внезапно поднялось несколько
совершенно черных смерчей. Они не имели определенной формы и
беспрестанно меняли размер, очертания и место: то останавливались на минуту,
то скользили по обугленной земле, как великаны на коньках, порой изгибаясь и
наклоняясь друг к другу в самых фантастических сочетаниях» [3,25].
«Шексіз саһараның теріскей бетінен кенет он шақты қап - қара құйын
тұрып аспанға шаншыла кӛтерілді. Мұндай бәлені бұрын жолаушылардың
бірде - бірі кӛрмеген. Осынау зәулім діңгектер бірде мелшиіп тұрып қалса, енді
бір сәтте коньки тепкен дәулердей күлі ұшқан жазық даламен зымырай
жӛнеледі де, бір - біріне жақындап, бұралаңдап, ғажайып бір би билегендей
болады. Аңыздарда айтылатын дәулер тіріліп кеп, Техас саһарасында жын
ойнағын жасап жатқан сияқты» [4,25].
Мұндағы образдылық – сӛзбен салынған сурет қалай аударылған
десеңізші. Орысша нұсқада «кӛтерілу» бар, бірақ қалай кӛтерілгені
айтылмайды. Осы тұста аудармашы «шаншыла кӛтерілді» деп кӛркемдікті аша
түседі. «...порой изгибаясь и наклоняясь друг к другу в самых фантастических
сочетаниях» деген сӛйлем «...бір – біріне жақындап, бұралаңдап, ғажайып бір
би билегендей болады. Аңыздарда айтылатын дәулер тіріліп кеп, Техас
саһарасында жын ойнағын жасап жатқан сияқты» болып аударылған. Бір
қарағанда сӛйлем шұбалаңқы сияқты кӛрінгенмен, сол картинаны, сол мезеттегі
кӛріністі қазақшаға бұдан артық қалай жеткізерсің.
Аудармашы диалогті аударуға да аз еңбектенбеген. «Диалогті
аударғандағы бір қиындық, - дейді академик Зейнолла Қабдолов, - диалогте
сол сӛзді сӛйлеп тұрған кісінің мінезі тұрады, оның қуанышы - реніші ,
күйініші – сүйініші жатады. Диалогті аударғанда белгілі бір кейіпкер сол
сӛзді қандай халде айтты, оның кӛңіл – күйі не күйде еді, - міне осы
жайттарды есте мықтап ұстаған жӛн» [5,334].
Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романының қазақша тәржімасы
аудармашы Ә. Жұмабаевтың осы талап деңгейінен шыға білгенін кӛрсетеді.
- «Я бы сказал – самодовольный молодой человек – пробормотал
Кольхаун, от которого не ускользнул взгляд, брошенный незнакомцем в
сторону кареты. – Что касается его имени что все равно он назывался бы
вымышленним именем. Техас переполнен такими франтами. Это или
преступники, сосланные сюда в наказании, или же авантюристы. Они ищут
здесь приключений и скрывают свои настоящие имена.
- Послушай, Кассий, - возразил молодой Пойндекстр, - ты
несправедлив. Он производит впечатление образованного и вполне
порядочного человека, достоиного честного имени – я бы сказал» [3,18].
- « Мардымсыған мақтаншақ дер едім мен оны – деді Колхаун міңгірлеп,
- ол бейтаныс жігіттің күймеге кӛз тіккенін, оған ерке қыздың елжірей
қарағанын байқап қалған. Ал оның аты - жӛнін сұрамағаныңыздың ӛзі жӛн
болды. Ол бір ойына келген атты айта салатын еді. Осында келгесін құлаққа
144
жағымды жаңа бір атты иемдене салатын немесе ӛз атын әртүрлі себептермен
ӛзгерте беретін сабаздар Техаста жиі кездеседі.
- Кассий, сен оны бекер қаралап келесің. Меніңше, оның ӛзі білімдар,
қандай асыл текті фамилия болса да, соны алып жүруге лайық джентельмен
болса керек» [4,18].
Салыстыра қарау орысша нұсқадағы «...Техас переполнен такими
франтами. Это или преступники, сосланные сюда в наказании, или же
авантюристы. Они ищут здесь приключений и скрывают свои настоящие
имена» деген тұстың аударылмай қалғанын кӛрсетеді. Бәлкім, тәржімашы
кӛркем шындыққа кӛп нұқсан келмейді ғой деп ойлаған болар, алайда
түпнұсқа ретінде алынып отырған орысша нұсқадағы біраз ойдың қазақшаға
аударылмай қалғаны анық. Оның үстіне орысша нұсқада басқа тұста болғанмен
дәл осы үзіндіде жоқ «джентельмен» сӛзін қыстыру да онша керемет болып
тұрған жоқ. Бұл – олқылық па? Әрине, аудармашы олқылығы. Қайта басылып
жатқан жағдайда, ескерілуі керек жәйт. Шығармада бұдан да жақсы
аударылған диалог те, шұбалыңқы аударылған кемшілікті диалог те кездеседі.
Бірақ біз тек жақсы деп тапқан орта деңгейдегісіне тоқталып отырмыз. Біз
жоғарыдағы диалогтен тек Кольхаун мен Генридің бір – біріне қарама – қарсы
пікірін ғана емес, қызғаншақ, қара ниет Кольхаунның мінез – құлқы мен әділ
де ақ кӛңіл Генри Пойндекстердің турашылдығын да байқаймыз.
«Диалогті аударғанда геройдың айтқан сӛзіне ғана емес, оның ӛзіне де
қарау керек, - дейді академик З.Қабдолов – «Сӛз мәні сӛйлеуде ғана емес,
қалай сӛйленуінде жатады» (М.Горький), сол сияқты «әр сӛздің айтылуына
қарай мың мағынасы бар». (А.Чехов). Бұл сырды есте тұтпай болмайды,
ӛйткені әр адамның сӛзінде оның ӛмір тәжірибесі, оның мәдениеті, оның ой -
ӛрісі жатады. Сӛз терең психологиялық туынды» [5,335].
Иә, жоғарыда мысалға алынған үзіндідегі диалогтен де ондағы сӛз
иелерінің ой - ӛрісі дәрежесін аңғару қиынға соқпаса керек.
Аудармашылық ӛнерінде психологиялық иірімді, кейіпкерлердің
сӛйлеген сәттегі кӛңіл - күйін, адамның мінезі, ішкі бітімін, адам
психологиясының кӛзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың
жан түсінбес қиын құпиясын суреттеген жолдарды аудару оңай дүние емес.
Осы бір қиын міндетті шешу жолында аудармашы Ә.Жұмабаев аз тер
тӛкпеген. Аудармада еркіндік басымдау. Бірақ аудармашы шығарма авторының
идеялық биігіне шалқып кӛтеріліп алған соң, жалаң пішін емес, терең
мазмұнның басымдығына баққан.
М.Ридтің
«Жұмбақ
салт
атты»
романының
қазақшалануында
тәржімашының кей сӛздердің дәл баламасын тауып, ал кейде сол сӛздердің сӛз
тіркестері немесе мақал - мәтел арқылы беруі кӛңілге қонымды. Мысалы:
1).«... Мы будем наказаны лишь за свою наивную доверчивость к совсем
чужому человеку». [3,23].
«... кӛлденең жолыққан кӛк аттыға сене салған аңқаулығымыздың азабын
тартамыз» [4,23].
2). «... – тут не джо смеха, - сказал приближаясь Кольхаун - Может быть
нам и в самом деле придется ночевать в этой черной прерии» [3,22].
145
« - Орынсыз күлкі опық жегізеді, - деді әңгіме кезінде жанамалап жақын
келген капитан тұнжырап: - Байқаңдар, осы ӛрт шалған далада шынымен - ақ
түнеп қалып жүрмелік» [4,22]
3).«... Их было всего десять. Слишком мало для торгового каравана или
правительственного обоза» [3,6.]
«... Олардың жалпы саны он: сауда керуені деуге де, ӛкімет кіресі деуге де
болмайды, кӛзге қораш, кӛңілге олқы» [4,7].
Аудармашы Әбілмәжін Жұмабаевтың бір құбылысқа ӛз жанынан
қосқан теңеулері сол болмыстың сұлу суреттілігін одан әрі аша түскен.
Мысалы:
1).«В уеденении своей комнаты, выздоравливая от ран Кольхаун
обдумывал план убийства мустангера» [3,119].
« Жарасын жалап жазатын қасқырдай, оңаша бӛлмеде жатып,
Колхаун, мустангерді қалай ӛлтірудің амал - айласын қарастыра бастап еді»
[4,131].
2).«У нее мельнула надежда, что глядя на Гасиенду, он думал о ней. Но
это было мимолетная радость. Она сменилась снова мрачной тоской» [3,128.].
«Асинда жаққа қарағыштай беретіні тегін болмас, жігіт мені ойлады ғой
деген ой жылт етті. Бірақ жылт еткен сол бір қуаныш тұтылған күн сияқты
қарауытып барып жоқ болды да, орнын қайтадан қасірет басты» [4,144].
Мұндай мысалдарды тізе берсек, бір кітап жазып шығуға болар, сірә.
Алайда, біз осы екі мысалмен-ақ тоқталуды жӛн кӛрдік. Аударма ӛнерінде
түпнұсқа образын айнытпай беру негізгі де басты міндет екені кім-кімге де
белгілі жайт. Бұл ең алдымен аудармашыдан түпнұсқадағы кейіпкер
характерінің ӛзіне ғана тән негізгі сипаттарын ұғынуды талап етеді.
Кейіпкердің ӛз басына ғана тән характері, психологиясы, айналасындағы
болмысты қабылдауы, тануы оның іс–әрекеттерінен, сезімінен айқын кӛрініп
отырады. Әрине, іс-әрекеттердің, сезім кӛріністердің бәрі бірдей характерді
анықтай бермеуі мүмкін. Міне, сондықтан да характердің негізгі сипаттарын
танытатын іс-әрекеттерді, сезім кӛріністерін айыра беру керек.
Аудармада кейіпкер характерін берудің негізгі әдісі оның түпнұсқадағы
қимыл – әрекетін жете түсінуді керек етеді. Кейіпкер характерінің сипаты
оның не істегенімен анықталмайды, қалай істегенімен анықталады. Осы мәселе
тӛңірегінде, яғни кейіпкер мінезін ашып кӛрсетуде аудармашы Әбілмәжін
Жұмабаев Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романын аудару үстінде бірталай
жетістіктерге қолы жеткен. Кейіпкер характерін аша түсу үшін ӛз тарапынан
диалогтар, детальдар қосқан. Олары да орайын тапқан оңды дүниелер болып
шыққан. «Қыз соңынан ашқарақ тазыдай ентелей қуып келе жатып, Колхаун
егер оны осы жолы құтқарсам, жақсылығымды ұмытпас деп ойлады. Осы
шабыстың аяғы немен тынарын жігіттің ӛзі де біле бермейді, кобурасынан
томпиып тұрған пистолет тұтқасына алақтап қарауынан бір сұмдықты
бастағалы келе жатқаны сезіледі» [4,101].
Міне, бұл үзінді шығарманың орысша нұсқасында жоқ, аудармашы
тарапынан енгізілген. Қыз соңынан ашқарақ тазыдай ентелей қуғанына,
пистолет тұтқасына алақтап қарасынан - ақ оқушының Колхаун мінезінен
146
мағлұмат алары айдай анық. Мұны артық дүние, аудармашының «ӛзім білемге
салынуы» деп қабылдау керек пе? Жоқ, бұл тұста аудармашы орыстың ұлы
сыншысы В.Белинскийдің аударма нұсқаға қатысты айтқан «тӛлтума
шығармадай болып кету керек» деген тұжырымына сай әрекет еткен деген
қорытындыға келеміз.
Адам бойындағы ең жақсы қасиетттерді - әділдікті, адалдық пен
бауырмашылдықты,батырлық пен достықты, махаббатты жыр етіп, қараулық
пен екі жүзділікті, қатыгездік пен әділетсіздіктің күні қараң екенін суреттеген
осы шығарманың қазақша атының «Жұмбақ салт атты» болып алынуының ӛзі -
ақ тәржімашы таланттылығын, шеберлігін аңғартса керек. Әйтпесе, «Всадник
без головы» деп аударылған орысша нұсқа атауын қазақшаға аудару да анау–
мынау аудармашыны естен тандырары хақ. Тақырыпшалар тәржімалануы да
аудармашының тапқырлығын танытады.
Ә.Жұмабаевтың аттың жүрісін, сыртқы түр-тұлғасын суреттеудегі
талғамына кӛңілің есіп, риза боласың. Мысалы: ол «ат біресе шоқытып кетті»
десе, бірде «бұлаң құйрыққа басты, бірде аяңнан бүлкілге кӛшті» деп оймен
тіркес мағынасына қарай шебер тәржімалап отырады, ал бұл сӛздер орысша
нұсқада тек «конь ускорил шаг» деп қана берілген. Немесе мына сӛйлемге
назар аударайық: «Красивая окраска сочеталась с безупречным сложением
животного – это было широко грудная с округлыми контурами и стройными
тонкими ногами красивая лошадь» [3,35].
«Теңге шұбардың түрі де қаншырдай жараған әсем денесіне лайық екен.
Ол салқы тӛсті, ой желкелі, қой мойынды, қоян жақ, талмай шабар тік аяқтың
нағыз ӛзі болатын» [4, 36-37]. Иә, бұдан артық қайтіп тәржімаларсың.
Сондай – ақ , аудармада ұлттық тіл ӛрнектеріне сәйкес «анау қара
бейшаралардың қаққанда қанын, соққанда сӛлін алатын азаптаушы», «сенің
қоқаң - лоққыңнан қорқып», «түстіктің асыл тектісі», «бұралқы ит» т.б. тәрізді
мығым метафорамен ойнатып бейнелеу тәржімашы талантының табиғатын
танытса керек. Енді жоғарыдағы пікірлерді жинақтап, қорытар болсақ,
тӛмендегіше ой түйер едік:
1.Ә.Жұмабаев Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романын аудару үстінде
шығарманың тұла бойының терең тамырлы рухына үңги еніп, ішкі иірімдер
мен ырғақтардың қыр – сырларын жанымен сезіне отырып, мазмұн мен мәнер
арасындағы байланысты, кӛркемдік қасиеттерді сақтауға кӛп тер тӛккен.
2.Ә.Жұмабаевтың М.Ридтің «Жұмбақ салт атты» романын қазақшалауда
түпнұсқа ойын дӛп басқандықтан, сӛйлемге жан бітіре, тамаша тәржімалаған
тұстары кӛп. Бір ғана мысал, жоғарыда айтып ӛткеніміздей,орынды
қолданылған бір ғана «жазған» сӛзінің ӛзі бүкіл сӛйлемді ойнатып тұрғаны
анық.
3.М.Ридтің «Жұмбақ салт атты» романының қазақшалануында олқылық та
кеткен, мәселен «күрең кӛз» деген қолданысты қазақ тілінде дағдылы қолданыс
деп айту қиын, одан гӛрі аудармашының «қоңыр кӛз» деп аударғаны жӛн
сияқты. Келешек роман тағы да қайта басылатын болса, мұның ескерілгені
дұрыс.
147
4.Шығарманың қазақшалануында аудармашының ӛте білімпаздықпен
шешім қабылдаған тұстары мол. Мәселен, бір ғана мысал «У всадника нет
головы!» - дегенді оның «Құдай - ай, сақтай гӛр! Салт аттының басы жоқ
қой!» - деп алуының ӛзі, жалпы романның қазақша атауы да тәржімашы
шеберлігінен хабар береді.
5.Аудармашы тарапынан еркіндік басым, алайда бұл негізсіз жасала салған
дүние емес, кӛркем шындық қажеттігінен туған шешім болғандықтан түпнұсқа
табиғатын жеткізуге кірпіш болып қаланған.
6.Аудармашы ат жүрісіне, ер-тұрман және т.с.с. ат, жылқыға қатысты
тұстарды ӛте шеберлікпен жеткізген. Ә.Жұмабаевтың аттың жүрісін, сыртқы
түр-тұлғасын суреттеудегі талғамына кӛңілің есіп, риза боласың. Мысалы: ол
«ат біресе шоқытып кетті» десе, бірде «бұлаң құйрыққа басты, бірде аяңнан
бүлкілге кӛшті» деп ой мен тіркес мағынасына қарай шебер тәржімалап
отырады, ал бұл сӛздер орысша нұсқада тек «конь ускорил шаг» деп қана
берілген. Сірә, бұл біздің қазақ халқының ӛмірі, тыныс – тіршілігі де жылқы, ат
т.с.с тұтасып кеткендігінен болар. Мәселен, орысша нұсқадан тура тәржімалар
болсақ, « ат жүрісін тездетті» болып шығар ойды «Бұлаң, құйрыққа басты» -
деген баламамен діттеген жерге дәл тигізіп, аудармашы қазақ ұғымына сай
келісті сурет жасаған.
7.Шығармада жақсы аударылған диалог те, шұбалыңқы аударылған
кемшілікті диалог те кездеседі.
8.М.Ридтің «Жұмбақ салт атты» романының қазақшалануында
тәржімашының кей сӛздердің дәл баламасын тауып, ал кейде сол сӛздердің сӛз
тіркестері немесе мақал-мәтел арқылы беруі кӛңілге қонымды.
9.Кейіпкер мінезін ашып кӛрсетуде аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев
Майн Ридтің «Жұмбақ салт атты» романын аудару үстінде бірталай
жетістіктерге қолы жеткен. Кейіпкер характерін аша түсу үшін ӛз тарапынан
диалогтар, детальдар қосқан. Олары да орайын тапқан оңды дүниелер болып
шыққан. Осылайша ой қорытпасын жалғастыра беруге болады, алайда біз осы
да жеткілікті деген шешімге келдік. Қазақ кӛркем аудармасының осы бір үлкен
табысы туралы, оны қазақ топырағына әкеп тӛлтума туындыға айналдырған
тәржімашы Әбілмәжін Жұмабаевтың қаламгерлік жетістіктері туралы
ойымызды Қасымжан Ӛмірұлының мына бір сӛзімен аяқтауды жӛн кӛрдік:
«Жұмбақ салт атты» романын қазақшалағанда Әбілмәжін Жұмабаев Майн Рид
тәсілін терең түсіне қолданып, реалистік аударманың ақбоз үйін қисатпастан
тіккен» [2].
Бұл айтылғандардың барлығы да аудармашы шығармашылық даралығы
аса күрделі мәселе, мұнда аудармашы еркіндігі де кӛп рӛл атқаратыны
анықтығын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |