Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50

Әдебиеттер 

1.

 

Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997 г. 



2.

 

Джаманбалаева 



Ш.Е. 

Особенности 

социализации 

подрастающего 

поколенияКазахстанское  общество  и  социология:  новые  реалии  и  новые 

идеи.  Сборник  материалов  1  конгресса  социологов  Казахстана.-А:  Қазақ 

Университетi, 2002 г. 

3.

 



Ешпанова  Д.  Д.,  Нысанбаев  А.  Н.  Социальный  портрет  молодежи  в 

современном Казахстане. Социологические исследования. – 2004 г.   

4.

 

Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. Социология 



молодежи. 2005 г. 

 

 



263 

 

Резюме 



В  данной  статье  рассматриваются  особенности  установлення  

молодежной политики в Казахстане 

Summary 

This  article  discusses  the  features  of  the  establishment  of  youth  policy  in 

Kazakhstan 

 

 



ӘӚЖ 347.1(075) 

                 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҦМЫС САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ МЕН 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАУДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

 



Магистрант Джумабаев С. 

 

Заң ғылымдарының кандидаты Паридинова А. 

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 

 Шымкент қ., Қазақстан 

 

Қазақстан  қоғамында  реформалардың  жүруі,  әлеуметтік  жұмысты 



ұйымдастырудың  жаңа  формаларының  пайда  болуы,  дәстүрлі  түрлерін 

жетілдіру,  саяси  тұрақтылық  пен  экономикалық  ӛсуді  нығайту  жолында 

социономдардың  практикалық  іс-әрекеттері,  оларды  жүзеге  асырудың 

әдістемелері  мен  технологиялары  айрықша  маңызға  ие  болады.  Бұл  ретте 

Қазақстанның  әр  аймағында,  сол  сияқты  әр  түрлі  жастағы  адамдармен 

әлеуметтік  жұмыс  жүргізудің  ерекшеліктері  бар  екендігін  ұмытпаған  жӛн. 

Сондай-ақ  жастардың  ӛзі  де  әртүрлі  субмәдениетке  ие.  Аймақтық,  ауылдық 

және қалалық, студент және жұмысшы, т.б. ерекшеліктері қаншама. Бұған қоса 

жұмыссыздарды  алсақ,  олардың  да  әлеуметтік  проблемалары  шаш  етектен. 

Осының  барлығы  да  әлеуметтік  жұмыс  жүргізудің  алуан  түрін  және  ерекше 

тәсілін қажет ететіндігі сӛзсіз[1, 48 б]. 

 

Елімізде ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлеуметтік  жұмыс саласында 



әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  ӛкілдеріне  әлеуметтік  кӛмек  беретін  тиісті 

мекемелер  мен  әлеуметтік  қызметкерлер  болып  па  еді?    Бұған  түрліше  жауап 

беруге болады, олардың барлығын жиып келгенде мынаған саяды: 

 

–  Қазақстанда  әлеуметтік  қызмет  мекемелері  80-жылдарға  дейін  болған 



жоқ; 

 

– әлеуметтік қызмет кӛрсететін мекемелер 80-жылдары бой кӛрсете бастап, 

тек 90-жылдардың үстінде дамып, қанатын кең жая бастады; 

 

– Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың жекелеген формалары мен бағыттары 



ғана  болып,    ХХІ  ғасырдың  басындағы  дамуға  сай  келетін  әлеуметтік 

жұмыстың біртұтас жүйесі болған жоқ. 

 

Осы айтылған пікірлер шындыққа сәйкес келеді деп санаймыз. Әлеуметтік 



жұмыс  ұзақ  уақыт  бойы болғанымен,  оны  жүзеге  асырудың  біртұтас,  кешенді 

жүйесі, арнайы әдістемесі әлі де кемшік күйінде қалуда.  



264 

 

 



Оның үстіне совет заманында жолға қойылған әртүрлі әлеуметтік топтарға 

арналған  медициналық,  зейнетақы,  тұрғын  үй-тұрмыстық  және  басқа 

кӛмектердің  желісі  үзіліп  қалды.  Жастармен  жұмыс  істеудің  де  бірыңғай 

формасы қалыптаспай отыр. Осының бәрі де белгілі бір дәрежеде қиындықтар 

туғызуда.  

 

Қазақстанда  әлеуметтік  жұмыс  кәсіпқой  қызмет  ретінде  қажеттілікке 



айналды.  Практикалық  қызмет  формасы  ретінде  әлеуметтік  жұмыстың  ӛзіндік 

ерекшелігін  ашудан  бұрын  қызмет  дегенде  нені  түсінетінімізді  анықтап  алған 

жӛн. 

 

Ғылыми әдебиетте «қызмет» термині кең мағынаға ие. Мысалы, «орталық 



жүйке  қызметі»,  т.б.  Гегельдің  «қызмет»  терминін  қозғалысқа  қатысты 

қолданғаны  белгілі.  Философияда  «қызмет»  термині  жалпы  қоғамдық  ӛмірді, 

оның  жекелеген  формаларын,  тарихи  процесін  зерттеу  құралы  ұғымын 

білдіреді. Мұндай жағдайда ойымыз шашырап кетуі мүмкін.  

 

Сол секілді ғылыми әдебиетте «мінез-құлық», «жай-күйі» деген терминдер 



де  жиі  кездеседі.  Қызмет  ұғымын  әртүрлі  түсіндіру  қызметтің  әртүрлі 

формалары  мен  типтерін  жіктеуге  кӛптеген  негіздеме  ұсынды.  Бұған  қызмет 

объектісі  кӛбірек  жатады.  Осыған  орай  құқықтық  қызмет,  медициналық 

қызмет, ӛндірістік қызмет және т.б. туралы айтуға болады.  

 

Егер  біз  осы  негіздемені  әлеуметтік  кеңістікке  қосатын  болсақ,  онда  бұл 



жағдайда әлеуметтік қызметті бӛліп алуға болады. Оның мақсаты – адамдардың 

тұлғаның  тіршілігі  мен  қызметіне  қолдау  кӛрсету  қажеттілігін  бірге 

қанағаттандыру барысында қоғам ӛмірінің барлық саласында субъектілік ролін 

жүзеге асыруын оңтайландыру қызметі. Осы қызмет әлеуметтік  жұмыс болып 

табылады. 

 

Әлеуметтік жұмыстың басты мақсатына мыналарды жатқызуға болады:  



 

а)  жастардың  дербестік  дәрежесін,  яғни  ӛз  проблемаларын  ӛзі  шешу,  ӛз 

тағдырын ӛзі анықтау қабілетін арттыру; 

 

ә)  жастардың  ӛз  мүмкіндіктерін  барынша  ашуына  және  олардың  заңда 



кӛзделген мүмкіндіктің барлығын алуына жағдай жасау; 

 

б) жастардың қоғамда адаптациясы немесе реадаптациясы; 



 

в)  жастардың  дене  кемістіктеріне,  кӛңіл-күйінің  күйзелісіне  қарамастан, 

ӛзін  қоршаған  орта  тарапынан  қысым  кӛрмей,  ӛзін  лайықты  адам  ретінде 

сезініп ӛмір сүре алатындай жағдай туғызу

 

г)  мұның  түпкі  мақсаты  жастардың  әлеуметтік  қызметкердің  кӛмегіне 



мұқтаждығын барынша азайту. 

 

Әлеуметтік  жұмыс қоғамда кәсіпқой  және  кәсіпқой емес деңгейде  жүзеге 



асырылуы  мүмкін.  Кәсіпқой  емес  деңгейге  ерікті  кӛмек  пен  ӛзара  кӛмектің 

әртүрлі формалары жатады.  

  ХХ  ғасырдың  80-жылдары  кӛптеген  елде  кәсіпқой  емес  кӛмектің  алуан 

түрлі формалары қанат жайды. Мұның себебі әлеуметтік жұмыстың бастапқыда 

ерікті, филантроптық және қайырымдылық кӛмек ретінде пайда болғандығын, 

ең  алдымен  мұқтаж  жандарға  жан  ашырлық  сезімнен  бастау  алғандығына 

байланысты.  Бұл  кейіннен  кәсіпқой  әлеуметтік  жұмыс  түрлерінің  пайда 

болуына ықпал етті[2, 36 б]. 



265 

 

 



Кез  келген  елдің  даму  тарихында  осы  немесе  басқа  тарихи  кезеңде 

туындайтын  әлеуметтік  жұмыстар  мен  әлеуметтік  проблемалар  түрлері  мен 

формалары  арасында  байланысты  табуға  болады.  Кәсіпқой  қызмет  ретінде 

әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формаларының пайда болуы кӛп жағдайда елдің 

дамуының  полимәдени  және  ұлттық  ерекшеліктеріне,  әртүрлі  әлеуметтік 

институттардың  ӛзара  қарым-қатынасының  сипатына,  қоғамдық  сананың, 

ғылымның, мәдениеттің, білімнің даму деңгейіне де байланысты.  

 

Қазақстанда  әлеуметтік  жұмыстың  кәсіпқой  қызмет  ретінде  (батыстық 



түсінік  бойынша)  даму  барысы  енді  ғана  дами  бастағынын  ұмытпаған  жӛн. 

Сондықтан  да  халықтың  әртүрлі  топтарына  әлеуметтік  кӛмек  кӛрсеткенде 

әлемде қолданылып жүрген тәжірибені белсенді пайдаланған абзал.  

 

Сол  секілді  әлеуметтік  жұмысты  ұйымдастыруда  белгілі  бір  әлеуметтік 



құбылыстар  мен  процестерге  қолдану  үшін  қалыптасқан  теориялық-

методологиялық тәсілдердің де бар екендігін есте ұстаған лазым.  

 

Бұл ретте бір жағынан, жеке тұлғалық деңгейде әлеуметтік кӛмек кӛрсету, 



ықпал  ету  технологияларын,  екінші  жағынан  –  кӛмекке  зәру  индивидтің, 

әлеуметтік  субъектінің  тұрмысына,  тіршілігіне  қолайлы  жағдай  қалыптастыру 

бойынша  қызмет  әдістерін  ескеру  керек.  Осы  контексте  әлеуметтік  жұмыс 

ӛзгермелі  әлемде  адамға  әлеуметтік  субъектілікті  іске  асыруға  жағдай  туғызу 

жӛніндегі қызмет ретінде болуы тиіс. 

 

Еуропаның  кӛпшілік  елінде  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін 



әлеуметтік  саясат  пен  әлеуметтік  қамтамасыз  ету  бағдарламасын,  әртүрлі 

әлеуметтік  топтарға  қолдау  кӛрсетуді  жүзеге  асыру  үшін  ресми  құрылымдар 

құрылды.  Медицина,  руханиат  және  құқық  қызметтерімен  қатар  қазіргі  кезде 

әлеуметтік жұмыс та маңызды орын алады.  

 

Қазіргі  кезде  әлемде  әлеуметтік  жұмыстың  қоғамдағы  ролі  мен 



міндеттеріне  түрлі  кӛзқарастар  бар.  Біздің  ойымызша,  әлеуметтік  жұмыстың 

алдында  тұрған  амңызды  міндет  индивидтің  қоғамда,  топта  субъектілік  ролін 

қамтамасыз  ету  және  кӛрсету  механизмдерін  оңтайландыру  болып  табылады. 

Осы  механизмдерді  таңдау  белгілі  бір  деңгейде  жалпы  қоғамдық  жүйеде, 

қоғамның әлеуметтік құрылымында, әлеуметтік институттарында айқындалған. 

 

Шет  елдерде  әлеуметтік  жұмыстың  негізіне  мынадай  қарым-қатынас 



жатады:  қызметкер  –  клиент  («клиент»  ретінде  қоғам  да,  әлеуметтік  топ  та, 

индивид  те  әрекет  ете  алады).  Осы  қарым-қатынасты  іске  асыру  екі  бағыт 

бойынша  жүруі  мүмкін:  әлеуметтік  жобалау  мен  болжам  жасау  (құрылымдық 

әлеуметтік  жұмыс)  және  индивидпен  немесе  топпен  тікелей  жұмыс  жүргізу 

(психоәлеуметтік жұмыс). 

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  қоғамы  үшін,  оның  экономикалық,  саяси  және 



әлеуметтік-психологиялық  жағдайын  ескергенде,  әлеуметтік  жұмыстың 

кәсіпқой  және  кәсіпқой  емес  формалары  мен  бағыттарын  ӛзгерістерге  икемді 

және  тиімді  бейімделе  алатындай  біртұтас  жүйеге  интеграциялау  қолайлы 

болмақ.  

  

Осы тұрғыдан алғанда, қызмет ретінде әлеуметтік жұмысқа жүйелік тәсіл 



ерекше мәнге ие болмақ. 

266 

 

Кез  келген  әлеуметтік  қызмет  (оның  ішінде  әлеуметтік  жұмыс)  мақсат, 



құралдары,  талаптары  секілді  компоненттерге  ие.  Дегенмен,  әлеуметтік 

жұмыстың  әртүрлі  формалары  мен  түрлерінің  пайда  болуы  үшін  әртүріл 

негіздемелердің  бар  екендігін  есте  ұстаған  жӛн.  Осындай  негіздеменің  бірі 

әлеуметтік  тәжірибе  саласы  болуы  мүмкін.  Мұнда  білім  беру,  денсаулық 

сақтау,  бос  уақыт  және  т.б.  саласындағы  әлеуметтік  жұмыс  туралы  айтуға 

болады. Басқа негіздемелер ретінде әлеуметтік жұмыс клиенттері – жастардың, 

әлеуметтік  тәуекел  топтарының,  суицидке  бейім  жандардың  әлеуметтік-

психологиялық  ерекшеліктері;  үшіншілеріне  -  әлеуметтік  қызметкерлер 

алдында  тұрған  мәселелер  жатуы  мүмкін.  Бұдан  басқа  да  негіздемелер  табуға 

болады. Осы секілді бүкіл жағдайда әлеуметтік жұмыстың мақсаты нақтылана 

түседі.  

Әлеуметтік  жұмыстың  әрбір  түрі  үшін  қойылатын  талаптар  да  әртүрлі 

деңгей  мен  саланы  ескергенде  нақтылана  түседі:  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік-психологиялық және этноұлттық[3, 52 б]. 

Бұл  жағдайда  құралдар  ретінде  әлеуметтік  институттар,  әлеуметтік 

жұмысты іске асыру әдістері қарастырылуы мүмкін. 

  Осыған  байланысты  әлеуметтік  қызметтерге  типология  жасауға, 

практикалық  әлеуметтік  жұмысты  ұйымдастыруға  негіздемене  бӛліп  алу 

ерекше  маңызға  ие  болады.  Әлеуметтік  жұмыстың  әралуан  түрлері  мен 

формаларын  жіктеу  негізіне  әртүрлі  негіздеме  жатуы  мүмкін,  бірақ  оларыдң 

бәрі де мынаған саяды: 

● клиенттің проблемасымен жұмыс жүргізу; 

●  басқа  қызметтермен,  мекемелермен,  ұйымдармен  жұмыс  жүргізу.  Осы 

екі  форманың  ішінде  ӛз  кезегінде  әлеуметтік  жұмыстың  әртүрлі  түрлерінің 

жіктемесі  жүреді.  Сонымен,  бірінші  жағдайда,  клиенттің  проблемаларының 

сипаты  туралы  (ажырасу,  жұмыстан  шығу,  жақын  адамының  қайтыс  болуы, 

мүгедектік  және  с.с.);  екінші  жағынан  –  клиенттің  ерекшелігі  туралы  айта 

аламыз, яғни клиент ретінде индивид те, топ та, сол сияқты ірі әлеуметтік топ 

ретінде қоғам да әрекет етеді.  

Екінші  жағдайда,  бір  жағынан,  басқа  қызметтермен,  ассоциациялармен 

ӛзара қарым-қатынаста проблемалар туындайтын қызмет саласы туралы; екінші 

жағынан  –  осы  ұйымдардың  мәртебесі  туралы  (мемлекеттік,  ұжымдық, 

қоғамдық,  қайырымдылық,  жеке  меншік  және  т.б.)  айта  аламыз.  Негіздеме 

ретінде  «клеинтті»  алалық.  Бұл  жағдайда  мынадай  қызметтер  туралы  айтуға 

болады:  

а)  халыққа  әлеуметтік  кӛмек  кӛрсету  қызметі,  оның  мақсатының  бірі 

әлеуметтік  мұқтаж  отбасын,  тобын  анықтау  (кӛп  балалы,  бүтін  емес,  студент, 

мүгедек  жандары  бар,  қолайсыз  жағдайда  ӛмір  сүріп  жатқан,  жалғыз  басты, 

кәрі)  және  оларға  материалдық,  медициналық,  заң,  психологиялық-

педагогикалық,  әлеуметтік-тұрмыстық  кӛмек  алуына  қолдау  кӛрсету  болып 

табылады; 

б)  әлеуметтік  реабилитация  қызметі,  оның  мақсаты  қиын  ахуалға  душар 

болған, түрмеден босанған, т.б. адамдарға әлеуметтік кӛмек кӛрсету; 

в) отбасына әртүрлі кӛмек кӛрсету қызметтері: 

г) отбасылық кеңес беру; 


267 

 

д) танысу қызметі



е) ағарту және ӛзін ӛзі білім алу қызметі; 

ж) сексология кабинеттері

з) педиатрия кабинеттері; 

и) педагогикалық кеңес беру және басқалары. 

Мына негіздемелерге тӛмендегідей қызметтер саласы жатады: 

а) әлеуметтік-тұрмыстық кӛмек қызметі, оның мақсаты жалғыз басты кәрі 

адамдарға мүгедектерге кӛрсеьілетін қызмет түрлерін кеңейту; 

б)  отбасылық  кӛңіл  кӛтеру  қызметі,  оның  мақсаты  отбасылық  туризмді, 

отбасылық  серуенді,  отбасының  ұйымдасқан  демалысын  ұйымдастыруды 

ынталандыру, отбасы клубтарын, жас кӛп балалы отбасылар клубтарын құру[4, 

7 б]. 

Біздіңше,  әлеуметтік  жұмысты  аймақтық,  муниципалды  деңгейде 



ұйымдастыру моделі адамның ӛмірлік қуаты, жеке және әлеуметтік  субъектісі 

концепциясы  базасында  қалыптасуы  тиіс.  Осы  концепцияға  сай  әлеуметтік 

жобаларды  (бағдарламаларды)  жүзеге  асыру  жекелеген  адамдарға  да,  сол 

сияқты  әлеуметтік  топтарға  да  әртүрлі  ӛмірлік  ахуалда,  әртүрлі  әлеуметтік-

экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайда кӛмек береді.  

 

Әдебиеттер 

1.

 

Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997. 



2.

 

Джаманбалаева Ш.Е. Особенности социализации подрастающего поколения 



Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи сборник 

материалов  1  конгресса  социологов  Казахстана.-А:  Қазақ  Университетi, 

2002. 

3.

 



Ешпанова  Д.  Д.,  Нысанбаев  А.  Н.  Социальный  портрет  молодежи  в 

современном Казахстане Социологические исследования. - 2004.   

4.

 

Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. Социология 



молодежи. 2005, № 2.  

Резюме 

В  данной  статье  рассматривается  методика  организации  социального 

планирования и практики в сфере социальной работы 

Summary 

In this paper, the technique of the organization of social planning and practices 

in the field of social work 

 

 



ҤКІМЕТТІК ЕМЕС ҦЙЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК 

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ ҚЫЗМЕТІ 

 

Додаева Қ.Ж 

Аймақтық Әлеуметтік ИнновациялықУниверситетінің магистрі 

 

Әлеуметтік  сфера  саласына,  соның  ішінде  білім  беру  мен  ғылымға, 



қосымша  қаражаттарды  тартудың  кӛптеген  міндеттерін  тиімді  шеше  алатын, 

268 

 

ұлттық  экономиканың  ресурстарын  тиімді  бӛліп  беруге  септігін  тигізе  алатын 



институттардың  бірі  «коммерциялық  емес  сектор»  болып  табылады.  Оны 

сондай-ақ  «үкіметтік  емес»  немесе  «экономиканың  үшінші  секторы»  деп  те 

атайды (мүндағы бірінші сектор - мемлекеттік мекемелер және екінші сектор -

кәсіпкерлік  сферасындағы  бизнес-кәсіпорындар).  Осыған  байланысты 

коммерциялық  емес  шаруашылықтың  проблемаларын  зерттеу  әлеуметтік 

сфераны қолдау ісінде, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде, елдің 

ғылыми және білім беру әлеуетін сақтап қалуда ерекше ӛзектілікке ие болуда. 

Коммерциялық  емес  сектордың  ерекше  рӛлі,  оның  ұйымдарының 

азаматтық  қоғамның  ӛзегін  құрауында,  ал  онсыз  демократия  принциптерін  іс 

жүзіне  асыру  мүмкін  емес.  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  арқасында  қоғам 

азаматтары 

ӛздерінің 

индивидуалдылығын 

білдіруге 

және 

ерікті 


инициативаларын  кӛрсетуге  деген  терең  адамзаттық  ұмтылыстарын  жүзеге 

асыруға мүмкіндік алады. 

Азаматтық  қоғамның  негізін  қүрайтын  субъект  үкіметтік  емес  ұйымдар. 

ҮЕҰ-дар  мемлекет  (халықтың  әлеуметтік  қорғалуына  мүдделі  жақ)  пен 

коммерциялық  сектордың  (әлеуметтік  ӛзекті  бағдарламаларға,  жобаларға 

қаржы тарту) арасындағы кӛпір болып табылады. ҮЕҰ-дың әлеуметтік  қорғау 

жүйесіндегі  тиімділігі  жоғары,  себебі  олар  ерікте  түрде  құрылып,  негізгі 

міндеті түрғындарға барынша кӛмек кӛрсетуді кӛздейді. 

Азаматтық  қоғамның  жоғары  деңгейде  дамуы  демократияның  басты 

кӛрсеткіші  болып  табылады.  Біздің  еліміз  демократия  принципін  үстанатын 

нарықты  экономикалы  ел.  Әрине  бүл  орайда  азаматтық  қоғам  мемлекеттің 

дамуының  әлеуметтік  кепіліне  айналады.  Азаматтық  қоғамның  субъектісі 

ретіндегі  ҮЕҰ-ның  мүнда  атқаратын  функциялары  маңызды  болып  келеді. 

ҮЕҰ-дар  түрлі  әлеуметтік  институттармен  қарым-қатынасқа  түседі,  қоғамның 

түрлі  салаларымен  тығыз  қарым-қатынаста  болады.  Қоғамда  алатын  осындай 

орнының арқасында халықтың проблемасын жете түсініп, оның себептерін кӛре 

біліп, қандай да бір проблемаларды шешуде, әрқашан оң шешімін таба біледі. 

Осы  арқылы  саяси  түрақтылықты  да,  экономиканың  бӛгетсіз  дамуына  да, 

жалпы  әлеуметтік  сфераның  қамтамасыз  етілуіне  де  үлкен  септігін  тигізеді. 

Осылайша, мемлекеттің игілігіне ат салысып отырады. 

Бүгінде  Қазақстандағы  ҮЕҰ  (Үкіметтік  Емес  Ұйымдар)  халықтың  түрлі 

топтарының кӛптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуда. Ең бастысы, 

ол денсаулық сақтау, әлеуметтік жетімдік, білім беру және басқа да әлеуметтік 

бірқатар  салалардың  сапасын  жақсарту  және    инфрақұрылымын  дамыту, 

кедейшілік  мәселелері,  азаматтардың  құқықтары  мен  қауіпсіздіктерін  қорғау, 

әлеуметтік  оңалту  проблемалары  және  ӛмірдің  қиын  жағдайларына  түсудің 

рецидивінің  алдын  алу  және  т.б.  ҮЕҰ-дар  халықтың  әр  түрлі  әлеуметтік 

топтарымен  жұмыс  істейді,    қиын  жағдайларда  балалар  мен  егде  жастағы 

адамдарға,  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  кӛмек  беру,  алкоголь  және 

нашақорлыққа  тәуелді  адамдарға,  ЖҚТБ-мен  АҚТҚ-мен  ауыратындарға, 

ардагерлер,  үйсіздерге  қол  ұшын  созады.  Бүгінгі  күні  ешкім  ҮЕҰ-дың 

қатысуымен    шешілген  әлеуметтік  проблемаларға  статистикалық  бағалау 

жүргізіп, олардың мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне 


269 

 

санақ  жасап  жатқан  жоқ.  ҮЕҰ-дың    халықтың  түрлі  топтарының  кӛптеген 



әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған қызметтерінің ішіндегі дамыған ең 

басты салалары құқық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдағы жастар және 

балалар мәселелері, мүгедектердің қоғамға бейімделуі, әйелдер және қоғамдағы 

гендерлік проблемалар. 



Құқық  қорғау  ұйымдары    халықтың  әлсіз  топтарына  (тұтқындар, 

мүгедектер,  ардагерлер,  босқындар  және  т.б.)    және  адам  құқықтарын 

бұзушылық кӛрініс берген жағдайларда заңгерлік кӛмек береді, сондай-ақ сотта 

қоғамдық  қорғаушы  ретінде  құқығын  қорғайды,  тәрбиелік  және  әлеуметтік 

науқандарды  ұйымдастыруға  үлес  қосып,  қылмыстық  жазалау  реформасын 

жетілдіруге,  азаматтық бақылау механизмдерін дамытуға атсалысады       



Қоршаған  ортаны  қорғау  ұйымдары  азаматтардың  таза  қоршаған  ортада 

ӛмір  сүруге  деген  құқықтарын  қорғайды,  аймақтарды  тазалау,  қорықтар  мен 

ұлттық  парктерді  сақтау,  саны  азайған  немесе  құрып  кету  қаупі  тӛніп  тұрған 

ӛсімдік  пен  жануарлардың  түрлерін  қорғау,  қоғамдық  экологиялық  сараптама 

жүргізу,  денсаулық  пен  тіршілікке  зиян  тигізетін  нысандардың  салынуына 

қарсы әрекеттер ұйымдастыру, халық арасында қоршаған ортаны қорғау жайлы 

ағартушылық  және  тәрбие  жұмыстарын  жүргізу  сияқты  бағдарламаларды  іске 

асырады. 



Жастар  және  балалар  ұйымдары  жас  ұрпақтың  бос  уақыттын 

ұйымдастыру,  үйірмелер  мен  клубтар  құру,  балалар  мен  жастардың 

шығармашылықтарын  дамытумен  айналысады.  Олардың  кейбіреулері    білім 

берудің  үздік  жобаларын  ұсынады,  білім  беру  реформаларын  дамытуға  үлес 

қосып,      жасӛспірімдерді  техникалық  прогреске  тәрбиелейді.    Мүмкіндігі 

шектеулі  балалар  дамуда  ақауы  бар  балаларға  кӛмек  беру,  қиын 

жасӛспірімдерге психологиялық ықпал жасайды.  

Әйелдер  ұйымдарының  бағдарламалары  әйелдердің  ұрпақ  жалғастыру 

үшін  денсаулығын  сақтау  және    кӛпбалалы  немесе  жалғызбасты  әйел-

аналардың  әлеуметтік  мәселелеріне  кӛп  кӛңіл  бӛледі,  жұмыссыз  әйелдерді 

қайта даярлауға мүмкіндіктер іздейді, отбасы және отбасылық құндылықтарды 

қолдайды.  

Мүгедектер  Қауымдастықтары    мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың 

құқықтарын  қорғау,  әлеуметтік  оңалту  және  жұмыспен  қамту,  демалысын 

ұйымдастыру,  сондай-ақ  науқастардың  туыстарын  қолдау  мәселерін  шешуді 

кӛздейді. 

Жоғарыдағы тізімделгендерен басқа  да гуманитарлық, ардагерлер, спорт, 

босқындар,  әскери  ұйымдар,  тұтыну  бірлестіктері  жоғары  белсенділік 

танытуда. 

ҮЕҰ  сондай-ақ  әр  түрлі  бағыттағы:  білім  беру  мен  ғылымның  дамуы, 

мемлекеттегі кӛпұлттардың мәдени дәстүрлерін, тарихи және рухани мұрасын 

сақтау,  халықаралық  қатынастар  мен  заң  шығару  қызметін  жетілдіру  т.б 

салаларда  да ӛз қызметін жемісті атқарып келеді. 

2009  жылы  жүргізілген  Қазақстанның  Азаматтық  Альянсының  20-

жылдығының  қарсаңында  Қазақстанның  ҮЕҰ  секторы  жағдайы  бойынша 

әлеуметтік-cаяси  зерттеулер  институты  жүргізген  социологиялық  зерттеу 



270 

 

Қазақстанның  ҮЕҰ  қызмет  кӛрсету  салалары  мен  түрлерінің  ӛзгергенін 



кӛрсетеді.  Біріншіден,  Қазақстан  үшінші  секторының  айналысатын    салалары 

салыстырмалы    түрде  әр  түрлілігімен  және  ӛте  үлкен  аумақты  қамтитынымен 

ерекшеленеді.  ҮЕҰ  қамтитын  қызметтерінің  саны  білім  беруден    бастап 

ақпарат  таратуға    дейін  123-ке  жеткен.    Екіншіден,  қазіргі  заманғы  Үкіметтік 

емес ұйымдардың 63,5% -ы қызмет кӛрсету ауқымы кӛпсалалы,  яғни мүгедек 

балалары  бар  отбасылар  үшін  маманданған  ұйым  оларға  әр  түрлі  ауқымдағы 

қызметтер  кӛрсетуі  мүмкін,  мысалы  медициналық,  құқықтық,  білім  беру,  т.б. 

Білім беру ұйымы әр түрлі субъектілерге әр түрлі пәндерден дәріс беруі мүмкін. 

Үшіншіден  зерттеу  бойынша  ҮЕҰ-дың  атқаратын  қызметтерінің  ішінен  кең 

таралған  18  саласы  анықталған,  сұралғандардың  кем  дегенде  3%-ы  сол 

қызметтердің барлығын қамтыған. Кеңінен таралған 10 түрлі салаларда қызмет 

кӛрсету  зерттелген  ұйымдардың    80%-дан  астамына  тән  екендігі  анықталған. 

Тӛртіншіден,  үшінші  сектордың  қызмет  кӛрсету  салаларының  негізгі  түрлері 

географиялық  аймақтардың  бәрінде  бірдей  деңгейде  қамтылған.  Бесіншіден, 

қазіргі кезде үкіметтік емес ұйымдардың іс-бағытындағы кӛшбасшылықта келе 

жатқан  білім  беру  саласы,  әсіресе  балалар  мен  жастармен  жұмыс  үшінші 

сектордың  соңғы  4-5  жылдағы  дамуының  нәтижесі.  Коммерциялық  емес 

ұйымдардың  білім  беру  шаралары      кӛбіне  негізгі  қызметі  емес,  қосымша 

жобасы болып табылады. 

Үкіметтік  емес  ұйымдардың  дамуы  үшін  қолайлы  заңды  алаңды 

қалыптастыру  мемлекеттің  негізгі  міндеті  болып  табылады.  Мемлекеттік 

органдардың  күшті  үкіметтік  емес  сектордың  қүрылуы  үшін  тиімді  заңды 

қалыптастыруға бағытталғандығы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының 

институционалды  және  ұйымдасушылық  дамуы  үшін  базалық  жағдай 

қалыптастырады.  Біз  Қазақстанда  XXI  ғасырдың  дамыған,  тәуелсіз  және 

бәсекеге  қабілетті  қоғамын  қүрғымыз  келсе,  елдің  қоғамдық-саяси  даму 

процесіне шетелдік қорлар емес, мемлекет инвестиция құюы тиіс. Ол үшін ең 

алдымен  сәйкес  заңды  алаң  қалыптастыру  керек,  одан  кейін  елдің  үкіметтік 

емес секторында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат жүйесінде жүйе 

қалыптастырушы әлемент болатын, арнайы дайындалған «даму институтын»  -

халықаралық  даму  бойынша  Қазақстандық  агенттік  қалыптастыру  қажет,  бұл 

азаматтық    қоғамның    дамуындағы    және    дамыған    саяси    демократияның 

құрылуындағы  мемлекеттік  инвестициялар  тиімділігінің  жоғары  деңгейін 

қамтамасыз етеді. 



Түйіндеме 

Бұл  мақалада  Үкіметтік  Емес  Ұйымдардың  мемлекеттің  ӛркендеуіне, 

азаматтық  қоғамның  дамуына  қосатын  үлесін  талдай  келе,  ҮЕҰ-дың  

қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі қызметіне сараптама жасалған. 

 

 



 

 

 



 

271 

 

ӘОЖ 546-028.27(075) 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет