Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет32/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

Әдебиеттер 

1.

 



Кайназарова  А.Е.  Музейное  дело  в  Казахстане  (1831-1925  гг.):  Автореф. 

дисс.  канд.  истор. наук. – Алматы, 1995. – 25 с. 

2.

 

Ибраева  А.Ғ.  Қазақстандағы  музей  ісі:  қалыптасуы  мен  дамуының  тарихи 



тәжірибесі  (1831-2006 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дис. автореф. – Астана, 2010. 

– 48 б. 


290 

 

3.



 

Тайман  С.Т.  Қазақстанда  мұражай  ісінің  дамуы:  тәжіребилері  және 

проблемалары (1946-1970 жж): Тар. ғыл-ң. канд. дис. – Қарағанды, 1999.  –  

130 


4.

 

Алиясова В.Н. К истории возникновения краеведческих музеев в северном и 



восточном  Казахстане.  ҚазҰУ  хабаршысы.  Тарих  сериясы.  -  2005.  –  №  2 

(37). 


5.

 

Мекебаева  А.А.  Қазақстан  Республикасының  орталық  мемлекеттік 



музейінің тарихынан (Жетісу кезеңі) // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 

2004. – № 2 – (38).  

6.

 

Үлкенбайұлы Н. Ғылыми–зерттеу және мәдени–білім беруі ісі.\\   қазақстан 



музейлері, 2002. -№ 1 - 97 б. 

7.

 



Мухамбетова А. Центральный историко-краеведческий музей Казахстана // 

Советский музей, 1940. – № 4. – 35 б. 

8.

 

Этномәдени  мұраларды  зерттеудегі  музейдің  рӛлі  //  Аймақтық  семинар  –



кеңес. - Атырау, 2003. -78 б. 

 

 



ӘОЖ: 94(574):904 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҦРАЖАЙ  ІСІНІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН 

ДАМУЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 

 

Ермашова Н.О. ғылыми қызметкер 

«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі»   

 

Резюме: 

В научной статье описывается становление первых музеев в Казахстане 

и его обязанности 

Summary: 

In  the  scientific  article  describes  the  emergence  of  the  first  museums  in 

Kazakhstan and its responsibilities 

 

Қазақстан  Республикасының  Перзиденті  Н.Ә.  Назарбаев  ӛзінің  

«Қазақстан -2030 жолдауында: «Бүгінгі таңда біз тұрақтану кезеңінен ӛтудеміз. 

Ең ӛзекті және маңызды міндеттеріміздің шешуде қол жеткен табысымыз бізге 

жан-жағымызға  үңіле  зер  тастауға,  ӛткен  жолымызды  таразылауға  әрі 

болашаққа  батылырақ  кӛз  салуға,  алдағы  дамуымыз  туралы  ойлауға,  ӛз 

жоспарыларымызды түзеуге мүмкіндік береді», - деген сӛзімен «Мәдени мұра» 

бағдарламасы  аясында  ӛлкетанулық  мұражайлардың  маңызын  нық  атап  ӛткен  

[1].     

Адамзат  тарихының  күре  тамыры  мәдениет  болса,  мәдениеттің  күре 

тамыры  –  адам  баласының  ақыл-ойы  мен  қимыл-қарекеті  дүниеге  әкелген 

ғажайып  рухани  және  материалдық  құндылықтар.  Қай  халықтың  болсын  ӛзге 

ешбір ұлтқа ұқсамайтын бӛлек болмыс-бітімін даралап, ӛзгеше тағдыр-талайын 

айқындайтын  жәдігерлер.  Олардың  ұлт  рухының  тірегі,  халықтық  қасиеттер 



291 

 

саналатыны да сондықтан.   



Ұлттық  сана  мен  ұлтжандылықты  Қазақстан  халқының  бойына  дарыту 

үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек. Осыған орай, ғылыми, 

ағартушылық-біліми,  мәдени  мекеме  ретінде  мұражайлардың    рӛлі  ӛте  зор. 

Кезінде  Кеңес  үкіметі  ӛз  идеологиясын  халыққа  насихаттау  үш  ін  мектептен 

тыс  мекемелерге,  соның  ішінде  мұражайларға  ерекше  кӛңіл  бӛлген.  Мұндай 

тәжірибе нәтижесіз қалған жоқ, тіпті ӛзінің айтарлықтай жемісін де берді. 

Мұражай – ел тарихы, ұлттың кӛне менталитеті, дүние жүзі мәдениетінің 

қайнар  кӛзі  тоғысатын  жер.  Себебі,  музей  қойылымдарына  орналасқан  әрбір 

мұраның  астарында  сол  жеке  мұра  тарихы  ғана  емес,  осыған  байланысты 

болатын кез келген халықтың жүріп ӛткен ізі, тарихы жатыр. Демек, аталмыш 

тақырып қай тұсынан алып қарасақ та бүгінгі күн талабына сай зерттеуді қажет 

ететін  ӛзекті,  кӛкейтесті  мәселе  болып  табылады.  Ӛлкетану  музей  ісіне 

байланысты 

жекелеген 

зерттеулер 

болғанымен, 

олар 

Қазақстан 



мұражайларының  қалыптасуы  мен  даму  тарихы  жӛнінде  толыққынды, 

аяқталған  ғылыми  негіз  бере  алмайды.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 

мұражайлар, ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан былай қарайғы музейлер тарихы, 

қайта  құру  жылдарындағы  мұражайлардың  жай-күйі,  тәуелсіздік  алғаннан 

кейінгі  музейлер ӛміріндегі ӛзгерістер  ғылыми  зерттеу  назарынан  мүлдем  тыс 

қалған  [2].     

Қазақстанда мұражайлық ӛлкетану жұмысының жүзеге асырылу барысын 

мына  бір  мәліметтен  байқауымызға  болады:  ―Қазақстандағы  мұражайлық-

ӛлкетану  жұмысына  бұқара  қауым  қызығушылығын  туғызып,  кӛптеп  тартыла 

бастады. Бұл түсінікті де. Жаңа қоғамда ӛзін-ӛзі әлеуметтік жағынан анықтау, 

ұлан-ғайыр  территорияны  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  мәдени  дамудың  жемісі 

болуы қажет‖,-деп кӛрсетілді. 

Мұражай  саласында  ұзақ  уақыт  бойы  жүргізілген  жұмыстың  барысына 

баға  беру,  олардың  қоғамдағы  мақсат-міндеттері  мен  болашағын  анықтайтын 

маңызды мәселелерді кӛтерген үлкен жиын 1949 жылы Алматы қаласында ӛтті. 

Қазақ  КСР  Орталық  мемлекеттік  музейі  ғылыми  сессияның  ғылыми  кеңесі 

және  музей  қызметкерлері  қатысқан  республикалық  семинарға  облыстық, 

аудандық  ӛлкетану  және  тарихи-мемориалдық  музейлерінің  директорлары, 

Орталық  музейдің,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  және  жоғарғы  оқу 

орындарынан арнайы  шақырылған  ғылыми  қызметкерлері  қатысты.Семинарда 

республиканың  ӛлкетану  және  басқа  саладағы  музейлерінің  қызметі,олардың 

жұмысын қайта құру мәселелеріне байланысты 14 ғылыми мақала талқыланды. 

Қазақстанның  кӛпшілік  мұражай  жұмысының  негізгі  бағыты  ӛлкетану 

болғандықтан,  осы  сала  бойынша  атқарылып  жатқан  іс-әрекеттердің  кӛңілге 

қонымсыздығы баса айтылып, қиындықтан шығу жолдарын қарастыру мәселесі 

кӛтерілген  еді.Осы  тұрғыда  мына  бір  мәліметті  келтіре  кеткен  жӛн 

болар:‖Біздің  республиканың  музейлері  ӛлкетанулық  бағытта.  Бірақ  ӛлкетану 

музейлерінің  экспозицияларын  ӛлкетанулық  деп  айтуға  келе  бермейді.  Себебі 

кӛптеген  музейлер  қоймасына  түсіп  жатқан  заттар  кездейсоқ    және  ғылыми 

сұрыпталмаған [3].      

Ӛлкетану мұражайлрының қажеттіліктерінің бірі ӛнеркәсіп кабинеті және 


292 

 

ауылшаруашылық  экономикалық  техника  болып  республика  музейлерінің 



кӛпшілігіінде  лайықты  орындарын  тапқан.  Музейлердің  зерттеу  жұмыстарына 

қажетті  аталмыш  лабораториялар  мен  онда  жүргізілетін  жұмыстар  нәтижесі 

бүкіл музей ісін жандандыруға айтарлықтай әсер етеді. Кӛрсетілген бағыттарға 

орай  республика  ӛлкетану  музейлерінің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 

қаншалықты  деңгейде  жүргізілді  деген  сауалға  мұрағат  қорларында  сақталған 

деректер  мен  ғылыми  айналымға  қосылған  деректер    мен  ғылыми  айналымға 

қосылған  еңбектер  негізінде  тоқтала  кетейік.  Республика  музейлерінің 

қорларында  халқымыздың  ӛте  бай  материалдық  және  рухани  байлығын 

бейнелейтін,  шаруашылықын,  тарихын,  этнографиясын,  ӛнерін,  жағрафиясын, 

бір  сӛзбен  айтқанда,  Қазақстанның  экономикасы  мен  мәдениетін  сипаттайтын 

заттар  шоғырландырылған.  Республикадағы  кӛне  музейлердің  бірі  Орталық 

мемлекеттік  музейдің  ғылыми-зерттеу  жұмысы  дұрыс  жолға  қойылған.  Оның 

қорларында  ежелгі  кездерден  бастап  тарихи  әр  кезеңді  қамтитын 

археологиялық және этнографиялық заттар жинақталып, ғылыми сұрыптаудан 

ӛткізілген.  Сонымен  қатар,  Ресей  империясы  революция,  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы бейне-фотоқұжаттар, Абай Құнанбайұлы, Амангелді Иманұлы, 

Әміре  Қашаубайұлы,  Ыбырай  Алтынсариннің,  Жаяу  Мұсаның,  тағы  басқа 

тарихи тұлғалардың жеке заттары, құжаттары сақталған [4]. 

Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының, ҚР Алтын 

және  асыл  металдар  музейінің  «Алтын  адам  –  сақ  қорғандарының  қазынасы» 

атты  кӛрмесі,  кітап  кӛрмесі  «Мәскеу  Кремлі»  мемлекеттік  тарихи-мәдени 

қорық-музейінде  үлкен  жетістікпен  кӛрсетілді.  Жамбыл  облыстық  тарихи-

ӛлкетану музейі, Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-ӛлкетану музейі, Шығыс 

Қазақстан  облыстық  этнография  музейі  Мәскеу,  Омск  қалаларында  әсемдік 

қолданбалы ӛнер туындыларына қатысты кӛрмелер ұйымдастырды  [5]. 

Қазақстанның  әрбір  облысында  жұмыс  жүргізетін  ӛлкетану  облыстық 

мұражайлар,  қалалалық,  аудандық,  мекемелік  мұражайлық  қор,  экспозиция, 

экскурсиялық жұмыстарды жүргізіп келеді. 

Музейлер  ӛздерінің  бағыттарына  сай  қорлар  жинақтап,  зерттеп,  оны 

экспозицияда  кӛрсету  жұмыстарын  жан-жақты  ӛрбітумен  қатар  келушілерге 

мәдени-ағарту бағыттарында қызмет кӛрсетіп, еңбек етеді.  

Қазақстан  мұражайларының  картасында  республикалық,  мекемелік, 

облыстық,  қалалық,  аудандық  деп  бӛлінген.  Осы  аталған  мұражайлар  ӛз 

бағыттарына  қарай  ерекшеленеді.  Мысалы,  тарихи-ӛлкетану,  мемориалдық, 

бейнелеу  ӛнері,  тарихи-мәдени  қорық,  әдеби,  археология,  этнография,  т.б. 

болып  жіктеледі.  Қазіргі  кезде  Қазақстанда  200-дей  мұражайлар  ӛз 

бағыттарына  сай  қор,  экспозиция,  ғылыми-зерттеу,  тәрбие-ағарту,  мәдениетті 

насихаттау жұмыстарын жүргізуде. 

Қазақстанда  қазіргі  кезеңде  200-дей  мұражай  жұмыс  істейді.  Бұл 

мұражайлар сипаттары бойынша әр түрлі бағытта және деңгейде деуге болады. 

Солардың  ішінде  облыстық  маңызы  бар  мұражайлар  әр  облыс  аумағында 

ӛлкенің  тарихын,  заттай  мәдениет  ескерткіштерін  сақтау,  қорғау,  кӛрсету, 

насихаттау,  жариялау  жұмыстарын  жүргізеді.  27  облыстық  мұражайлар,  42 

қалалық  мұражайлар,  55  аудандық  мұражайлар  сонымен  қатар  мекемелік 



293 

 

мұражайлар  жұмыс істейді [6]. 



Кезінде  әртүрлі  жағдайларға  байланысты  еліміздің  кӛптеген  бай  мұрасы 

шекара  асып,  шетел  мұражай  қорларының  қорын  толықтырғаны  аз  емес.  Сол 

баға  жетпес  мәдени  құндылықтарымызды  қайтару  мәселері  мемлекеттік 

деңгейде іске асырылып, олардың ерекшеліктері зерттелсе игі іс болар еді.  

Қазіргі  заманға  сәйкес  ӛлкетану  мұрайлардың  материалдық-техникалық 

базасын  жетілдірумен  қатар  заманауи  жылжымалы  кӛрмелер  мен  кездесулер 

ӛткізуге, ақпарат құралдарында ұлттық ӛнер туындыларының қадыр - қасиетін 

артыратын  бағдарламалар  түсіруге  мемлекет  тарапынан  қаржылай  қолдау 

кӛрсетілсе қолӛнердің ӛміршеңдігін арттырған болар едік.    

           



Әдебиеттер 

1.

 



Санақұлова  Б.Қ.  Қазақстан  Республикасындағы  музей  құрылысы  мен 

қызметі (1991-2004 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дис. автореф. – Орал, 2006. –125 

б.  

2.

 



Кайназарова  А.Е.  Музейное  дело  в  Казахстане  (1831-1925  гг.):  Автореф. 

дисс.  канд.  истор. наук. – Алматы, 1995. – 25 с. 

3.

 

Ибраева  А.Ғ.  Қазақстандағы  музей  ісі:  қалыптасуы  мен  дамуының  тарихи 



тәжірибесі  (1831-2006 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дис. автореф. – Астана, 2010. 

– 48 б. 


4.

 

Тайман  С.Т.  Қазақстанда  мұражай  ісінің  дамуы:  тәжіребилері  және 



проблемалары (1946-1970 жж): Тар. ғыл-ң. канд. дис. – Қарағанды, 1999.  –  

130 б.  


5.

 

Муханова  М.З.  Развитие  музеев  Казахстана  (1991-2001  гг.)  т.ғ.к. 



дис....автореферат. – Алматы, 2007  – 161 б. 

6.

 



Мустапаев Д.Ӛ. Қазақстандағы музей ісінің тарихы. –Түркістан, 2011. – 200 

б; 


 

 

ӘОЖ 372.3:004   



 

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

АРҚЫЛЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ 

  

Есалиева З.Р.., магистр оқытушы, Боранбаева Л.Р., аға оқытушы 

Наушабекова А.Е., магистр оқытушы 

Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті 

Шымкент, Қазақстан 

 

Кез келген елдің рухани  - мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдегі 



оқыған  білімді  индивидумдар  деңгейімен  анықталады.  Ал  жеке  тұлғалардың 

білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне 

тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың 

кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты. 



294 

 

Әр  күні  кӛптеген  ғылыми  жаңалықтарға  терең  әлеуметтік  ӛзгерістерге 



толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация кӛлемі кеңеюде. Ал оны 

игеруге  бӛлінетін  уақыт  ӛзгеріссіз  қалуда.  Сондықтан  білім  берудің  сапасын 

жақсарту,  білім  берудің  әдістемелік  негізін  ӛзгерту  заман  талабына  сәйкес 

туындап отырған қажеттілік. 

Бұрынғы  әдетке  айналған  оқу  үрдісінде  мұғалім  басты  рӛль  атқарған 

болса,  қазіргі  оқу  үрдісінде  оқушы  белсенділік  кӛрсетуге  тиіс,  яғни  мұғалім 

кӛбіне  кеңесші,  бағдарлаушы  рӛль  атқаруға  тиіс.  Қазіргі  кезеңде  оқытудың 

басты  мақсаты  ӛз  бетінше  дами  алатын,  жеке  шығармашылық  тұлғаларды 

қалыптастыру  болғандықтан  мектеп  қабырғасында  оқушылар  ӛз  бетінше 

танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс. 

Жалпы  білім  беру  саласындағы  жаңа  саяси  ұстанымның  біртіндеп  іс 

жүзіне  асуы  егемен  еліміздің  ӛркендеу  бейнесінің  бір  кӛрінісі.  Ӛркениетті 

елдермен тереземіз тең болу үшін әлемдік білім аясына кірігуді мақсат тұтқан 

еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократиялау, ізгілендіру арқылы жаңа 

сапалы  деңгейге  кӛтеруді  кӛздейді.  Осыған  байланысты  білім  берудегі 

бірыңғайлықтан бас тартып, кӛп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған 

жағдайда  оқушылардың  топтық  ерекшеліктерімен  қоса  жеке  танымдық 

ерекшеліктерін ескеріп - оңтайлы оқытуды ұйымдастыру - бүгінгі ӛзекті мәселе. 

Осы  тұрғыдан  зерттеуді  қажет  ететін  мәселелердің  бірі  -  оңтайлы  оқыту 

мүмкіндіктерін ашу. 

Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу 

осы проблемаларды шешуге маңызды  рӛль  атқарады. Оқу процесінде қолдану 

үшін ұсынылып жатқан технология түрлері ӛте кӛп.  

Соңғы  мәліметтерге  қарағанда  бес  бағыттан  бағдарланған  50  -  ге  жуық 

технологиялар  ғылыми  түрде  негізделген.  Сондықтан  осындай  жаңартылған 

технологиялардың  ішінен  ӛз  қажеттісін  таңдап  алу  -әр  мұғалім  үшін 

жауапкершілікті қажет ететін іс. 

В.  Кодикованың  "Саралап  оқыту"  -  оқуының  жан  -  жақты  мүмкіндігін 

ескере  отырып  оқыту  әдісі.  Бұл  дегеніміз  -  оқуға  берілетін  кӛмекті  саралау, 

әрбір  оқушы  ең  жоғары  нәтижеге  жету  үшін  мұғалімнің  істейтін  іс  - 

әрекеттерінің жиынтығы. 

Саралап оқытудың ең басты шарты - оқушыларды үш топқа бӛлу. Бірінші 

топқа  мынадай  оқушылар  топтастырылады:  қабілеті  жоғары,  білім,  білік 

дағдылары  қалыптасқан,  ӛз  бетімен  ойлау  қабілеті  бар,  сабаққа  деген 

белсенділігі күшті, мұғалім кӛмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін 

жұмыстың  мақсаты  -  оқушы  бойында  ғылыми  бағытта  ойлау  қабілетін 

қалыптастыру. 

Т.Ғалиевтің  жүйелі  оқыту  технологиясына  кӛңіл  бӛлу  белгілі  бір  жүйеге 

қалыптастырып, танымдық белсенділіктерін арттырады, ӛз беттерінше ізденуге, 

шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылар 

ӛз  ойын,  ой  пікірлерін  еркін  жеткізіп,  талдау  жасауға,  қорытынды  шығаруға 

үйренеді.  Белгілі  бір  сызба  кестелер  бойынша  кез  -  келген  заңдылықтарды 

жүйелі түрде айтуға, оларды сапалы түрде қолдана білуге дағдыландырады. 


295 

 

Оқу  барысында  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруда 



талмай  еңбек  ететін  -  бұл  пән  мұғалімі  болып  саналады.  Т.  Ғалиевтің  құрған 

педагогикалық  технологиясын  негізге  ала  отырып  кәсіпке  оқыту  бойынша  әр 

сабақтың  мазмұнын  анықтап,  оқушылардың  міндетті  түрде  білуге  тиісті 

материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған. 

М. Жанпейісова "Модульдік оқыту" - белгілі бір жүйенің, құрылымның ӛз 

бетінше  бола  алатын  бӛлшегі.  Модульдік  оқыту  сабақтар  барысында  оқушы 

мұғалімнен  нені  есте  сақтау,  нені  жазу,  нені  қайдан  табу,  қалай  тиімді  әрекет 

ету,  нені  білу  керектігі  туралы  жазбаша  нүсқау  алады.  Мұғалім  оқу 

элементтерінің  мазмұнын,  кӛлемін,  ретін,  олардың  әрқайсысына  кететін 

уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін модуль соңында нені біліп, 

нені  оқу  керектігін  кӛрсететін  біріктірілген  мақсаттар  айқындалады. 

Тапсырмаларды  орындау  барысы  мен  модульдік  игеру  барысын  тексеретін  әр 

түрлі бақылау жұмыстары орындалады. 

 

1-



 

кесте.Білім берудегі инновациялық технологиялар 

 

 



Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз 

жұмсап,  білім  алудың,  тәрбиелеудің  және  дамытудың  қорытындыларын  ең 

үлкен  мүмкіндігінше  жеткізетін  оқу  процесін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру 

жүйесін айтады. 

Оқытуды  оңтайландырудың  әдістемелік  негізі,  оқу  процесін  басқарудың 

диалектикалық - материалистік жүйесімен әдіс - амалын таба біліп, оның нақты 

жағдайлардағы  ең  жақсы  нұсқаларын  таңдау.  Бұндай  таңдаулар  нақты 

шындықтың  әдістемелік  сапалылығына  жүгінеді.  Мұғалім  оқытудың 

заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп, нақты педагогикалық  жағдайларды 

және  ғылым  негіздерін  талдауды  үйреніп,  оқу  процесінің  қорытындылық  және 

үнемділік тұрғысынан ең жақсы нұсқасын таңдайды. 

Педагог 

 

Технология 



Әдісі мен формасы 

Қҧралы 

Мазмҧны 

Нәтиже 

Оқушы 

296 

 

Оқытудың  жан  -  жақты  ең  жақсы  нұсқасын  негіздеуді,  тек  қана  бүтіндей 



жүйені  әдіс  -амалдар  қолданумен  іске  асады.  Оңтайландыру  еңбекті  ғылыми 

ұйымдастырудың  маңызды  принципі  болып  табылады.  Мұғалім  оқу  процесін, 

оңтайландыру ептілігін меңгермеген болса, онда педагогикалық еңбекті ғылыми 

ұйымдастырудың сыртқы белгілерімен ғана шектеліп қалады. Олар - приборлар 

орналасуын  жақсарту,  техникалық  құралдарды  қолдану,  дидактикалық 

материалдарды  жетілдіру.  Міне,  сондықтан  да  мұғалім  еңбегінің  ғылыми 

ұйымдастырылуы оңтайландырусыз мүмкін емес. 

Оқытудың оңтайлы нұсқаларын құрастыру кезінде оқыту технологиясының 

негізгі  принциптері  есепке  алынады.  Оқыту  "жақындағы  даму  қарқынына" 

қалыптасуы керек, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылуы, 

бірақ оларға бейімделумен емес, ал оқушылардың жаңа іс - әрекеті мен жаңа даму 

деңгейлерін  жоспарлау  жолымен  іске  асуы  керек.  Оқыту  мен  білім  беру,  іс  - 

әрекетті  және  операцияларды  меңгерумен  шектеліп  қалмай,  оқушылардың 

тұлғалық қасиетін қалыптастыруға басты мән беріп, оның ӛзін ұстау қасиеттерін 

дамыту. Дамытушы мен тәрбиелеуші тиімділіктерді барлығы бере бермейді, тек 

оқу  іс  -әрекетін  қалыптастырумен  іске  асады.  Оқытуды  жоспарлауда 

оқушылардың уақытпен және үдемелі қарқындылық пен оқу жұмысына қабілетті 

тәуелділігі  туралы  мектептің  гигиеналык  зерттеу  қорытындысын  есепке  алу 

керек.  Сонымен  қатар,  мектепте  оқитын  оқушылардың  әрбір  жастарына  және 

сыныбына  берілетін,  сынып  және  үй  жұмыстарын  орындауға  кететін  уакыт 

шығындарын  мӛлшерлейтін  гигиенашылардың  қорытындыларын  негізге  алу 

керек. 


Оқытуды  оңтайландырудың  теориясы  мен  әдістемесі  жоғарыда  аталған 

заңдылықтармен  және  дидактикалық,  психологиялық,  мектеп  гигиенасы 

принциптерімен  тұрақты  шектелмей,  мұғалімнің  жүйеленген  және  ӛзара 

байланысқан іс - әрекет, тәсілдерін ашып кӛрсетеді. 

Мұғалімнің  күші  мен  уақыт  шығын  мӛлшерінің  жоғарылауын  ескертетін 

және  тәрбиелеу  тиімділігін  жоғарылатуға  апаратын  мұғалімнің  негізгі  іс  - 

әрекет тәсілдерінің қатарына жататындар: 

Оқыту міндеттерін  таңдау  мен  шешуге,  оның мазмұнын,  әдістерін,  іс  -  

әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету. 

Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс  - әрекетінің міндетін, 

мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау. 

Іс  -  әрекеттің  міндетін,  мазмұнын,  түрлерін,  әдістерін  жоспарлау  кезінде 

басты мәнді анықтау. 

Оқытудың  әртүрлі  әдістер,  құралдар,  мазмұндар,  түрлер  нұсқаларын 

салыстырмалы  бағалау,  оның  мақсаты  шартты  ӛлшеміне  сәйкес  ең  жақсысын 

таңдау. 


Оқушылардың  жеке  топ   ерекшеліктерін  ескеріп,   оқытудың   міндетін,   

мазмұнын, әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау. 

Оқытуға қажетті шарттар тудыру. 

Оқытуды  ӛзгермелі  шарттар  мен  мүмкіндіктерге  байланысты  жылдам 

түзеу. 

Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру. 



297 

 

Оқытуды  оңтайландырудың  жалпы  тәсілдерін  қысқаша  түрде  міндеттін, 



нақтылаудың,  топтап  қорытуды,  салыстырмалы  бағаны  және  нұсқаларды 

таңдауды,  бӛлшектеп  бӛлуді,  жылдам  түзетуді,  оқу  процесінің  барлық 

құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады. 

Міндетті  кешенді  жоспарлаудың  оңтайландыру  тәсілі  ретіндегі  маңызы  - 

оқушыларды  білім  беру,  тәрбиелеу  мен  дамытумен  қатар  бүгіндегі  үлкен 

міндеттерді  жүйелі  кешенді  түрде  шешуді  қарастырады.  Тек  осы  кешенді 

жоспарлаумен оңтайлы қорытындыға жету мүмкін емес. Оқытуға қатысты нақты 

жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескеруіміз керек. 

Оқу  процесінің  барлық  құрылымын  нақтылауды  жүзеге  асыру. 

Оңтайландырудың бұл тәсілі оқытудың заңдылықтарына сүйеніп, оқушылардың 

мүмкіндіктеріне,  оқу  -  материалдық  базасына,  гигиенасына,  адамгершілік 

психологиясына  және  сезімдік  шарттары  мен  мұғалімдердің  ӛздерінің 

мүмкіндіктеріне тәуелді болады. 

Оңтайландырудың  келесі  тәсілі  басты  мәнді  анықтау  болып  табылады. 

Басты  мәнді  анықтаумен  біз  оқу  процесінің  негізгі  міндеттерін  шешуді 

қамтамасыз  етіп  қоймай,  мүғалім  мен  оқушылардың  уақыты  мен  күшін 

үнемдейміз.  Оқу  процесінің  мазмұнын  талдауда,  әрбір  тақырыптың  басты 

түсінігін, зандарын, теориялық негіздері мен фактілерін анықтайды. 

Оңтайландырудың  ең  басты  тәсілі  оқытудың  әр  түрлі  нұсқаларын 

салыстырмалыбағалау, оның мақсаты нақты жағдайға байланыстыең жақсысын 

таңдау. 

Мұғалім  нұсқаларды  салыстырып,  ең  жақсысын  таңдауды  үйрену  үшін, 

оқытудың  бар  байлығын  -  мазмұнын,  әдістерін,  құралдарын,  ұйымдастыру 

түрлерін жақсы меңгеру керек. 

Оқытудың әртүрлі нұсқаларының тиімділігін салыстыру кезінде (әдістерді, 

құралдарды,  түрлері  және  т.б.)  мынаны  есте  сақтау  керек,  яғни  тиімділікті 

әдетте  іс  -  әрекеттің  соңғы  қорытынды  мақсатымен  сәйкестену  дәрежесімен 

есептейді. Тиімділікті іс - әрекеттің соңында бағалайды, ал оны салыстыруды іс 

-  әрекеттің  алдында  ӛткізеді.  Салыстырукезінде  алдымен  іске  аспайтын 

жақтарын  алып  тастайды,  содан  соң  нұсқаларын  екіден бірге  дейін  тарылтып, 

екі нұсқаның біреуін нақты жағдайда іске асатынын таңдайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет