Министрлiгi министерство образования и науки республики


ЖАЛПЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

ЖАЛПЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ 

ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҦРУ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ 

 

Дуйсебекова А.Т., Қайназарова К.Т., Кистаубаев Е.И. 

АӘИУ Академиялық инновациялық институты,  

Шымкент қаласы 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  тӛралығымен 

2015 жыл ақпанның 11 жұлдызында ӛткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  

Қазақстан  Президенті  білім  беруді  және  денсаулық  сақтауды  жаңғырту 

жұмыстарын  жалғастыру  қажеттігіне  тоқталды.  Бұл  –  болашақ  экономикалық 

ӛсімге  негіз  қалауға  мүмкіндік  беретін  адам  капиталына  салынатын 

ұзақмерзімді  инвестиция.  Білім  беру  саласында  «Балапан»  бағдарламасын 

жүзеге  асыруды,  орта  білім  бойынша  жан  басына  қаржыландыру  тәртібіне 

кӛшуді және 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп ӛтуді жалғастыру қажет, 

–  деп  атап  кӛрсетті  Елбасы.  Елбасы  алдыңғы  Қазақстан  халқына 

жолдауларында  да:  Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың 

әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ  ғасырдағы 

дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты  азаматтар. 

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім 

берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп 

тұр.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін, 

білікті  мамандар  ұсыну  маңызды.  Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін 

мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу 

керек.  Мектеп  түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс. 

Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  ӛзіндік  ізденіс  пен 

ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс  деп  атап  кӛрсеткен 

болатын. Осы жолдау бойынша  Мәңгілік ел және дамыған 30 елдің қатарына 

кіру  үшін  білім  саласындада  кӛптеген  ізденістер  мен  жаңашыл  оқыту  түрлері 

қажет.  Қазіргі  кезде  дамыған  елдердің  барлығында  білім  беру  процесінде 

негізінен компьютерлік технология арқылы оқытып жатыр [1]. 

Қазақстандағы  білім  саласындағы  оқыту  процесіне  ақпараттық 

технологиялар  ендіру  біртіндеп  дамып  келеді.  Ақпараттық  коммуникациялық 

технологияларды  оқу  процесінде  пайдаланудың  негізгі  мақсаты  мен  міндеті: 

Елімізде  біртұтас  білімдік  ақпараттық  технологиялық  ортаны  құру,  жаңа 

ақпараттық 

технологияны 

пайдалану 

Қазақстан 

Республикасындағы 

ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен  сабақтастырып 

байланыстыру  болып  табылады.  Сонымен    қатар  соңғы  кездері  химия  пәні 

сабақтарында  да  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  жиі 

қолданылуда.  Заттардың  құрамы  мен  құрылымын,  қасиеттерінің  құрылымына 

тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық 

ӛзгерістердің  заңдылықтары  мен  оларды  басқарудың  жолдарын  зерделеу-

мектепте  химия  пәнін  оқытудағы  негізгі  мәселелері.  Заттар  әлемін  (олардың 


272 

 

құрамын, құрылысын, құрылымын , бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей 



отырып,  оқушылар  практикалық  қызмет  үшін  тиянақты  білім  алуы  тиіс.  

Ақпараттық  технологияларды  пайдаланып  оқытуда  электрондық  оқулықтар 

арқылы  білім  берудің  орны  ерекше.    Қазақстанда  инновациялық  тұрғыда 

оқытатын  сапалы  электронды  оқулықтар  әсіресе  қазақ  тілінде  енді  біртіндеп 

кӛптеп шығарыла бастады. Бірақ жаратылыстану ғылымдары бойынша, әсіресе 

химия  пәндерінен  мемлекеттік  тілде  шығарылып  жатқан  электрондық 

оқулықтар  сана  енді  ғана  біртіндеп  артып  келеді.  Бірақ  химия  пәндерінен 

елімізде 

анимациялық-демонстрациялық 

жобалар 


мен 

интерактивті-

мультимедиалық  түрде  жасалынған  электрондық  оқулықтар  жоқтың  қасы. 

Негізінен,  химиялық  салалар  бойынша  лабораториялық  тәжірибелерді 

электронды  оқулықтарда,  мультимедиалық  тұрғыда  кӛрсетіп  оқыту  білім 

сапасын артыруға кӛп септігін тигізеді. Қазіргі кезде білім беруді инновациялау 

оқыту  процесіне  компьютерлік  технологияларды  ендіруді  болжайды.  Жаңа 

ақпараттық  технологияда  электронды  оқулықтар  кӛптеп  ендірілуде. 

Электрондық  оқулықтар  оқыту-әдістемелік  комплекстерде,  виртуалдық 

лабораториялық  жұмыстарда,  қашықтан  оқытуда  қолданыс  тауып  келеді. 

Соңғы  уақытта  электрондық  оқулықтар  жоғары  танымалдылыққа  ие  болып, 

дәстүрлі оқулықтардан да кӛп қолданылып жүр [2].  

Ақпараттық  технология  негіздері  тұлғаның  химия  пәнінен  алған  білім 

сапасы  мен  сауаттылығын  кеңейтуге  жәрдемдеседі,  мысалы:  интернет  сайты 

немесе  ӛзіміз  жасаған  электрондық  оқулық  арқылы    жоғары  деңгейдегі 

кӛрнекіліктерді  пайдалануға  болады.  Заман  ағымына  қарай  сабаққа  видео, 

аудио  қондырғылары  мен  теледидарды,  компьютерді  және  интерактивті 

тақталарды қолдану білімгердің дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы 

тарауларды  қорытындылау  кезінде  білімгерлер  қосымша  материалдар 

жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, 

қисынды  ойлау  жүйесін  қалыптастырып,  шығармашылығын  дамытады.  Тестік 

тапсырмалар  орындайды.  Компьютер  кӛмегімен  оқыту  оң  нәтижелер  береді. 

Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз-  тек  компьютермен  дұрыс  жұмыс  істей  білу 

ғана  емес,  кез-келген  ақпарат  кӛзін:    анықтамаларды,  химиялық  формулалар, 

сӛздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сӛз. 

Мысалы,  бір  ғана  химиялық  формуланың  ӛзінен  кӛп  ақпарат  алуға  болады. 

Химиялық  формула-химиялық  тілдің  ең  маңызды  бӛлігі  болып  есептелінеді, 

себебі  сол  заттың  химиялық  құрамын  ажыратып  береді.  Жаңа  ақпараттық 

технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  білімгерлерге  ӛз  бетімен  немесе 

бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  ӛз 

жұмысының  нәтижесін  кӛріп,  ӛз  -  ӛзіне  сын  кӛзбен  қарауына  және  жеткен 

жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Электронды оқулық – білімгерлерге 

қажетті  ақпараттарды,  ғылыми  жұмыстарымен  айналысу  үшін  теориялық 

материал  беретін,  апробация,  тренаж  және  белгілі  тақырыпта  білім  дәрежесін 

бағалауда  білімгерлер  мен  мұғалімдерге  кӛмектесетін  ӛзіндік  шығармашылық 

жұмыс  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін,  сонымен  қатар  құрамында  керекті 

анықтамалық мәліметтері  бар бағдарламалық құрал болып табылады. Жоғары 

сыныптарда  ақпараттық  компьютерлік  технология  арқылы  оқыту  барысында 



273 

 

периодтық  жүйедегі  химия  элементтерін  терең  меңгере  отырып,  оқушылар 



терең  оқып  білім  алумен  қатар,  лабораториялық  тәжірибилерді  электронды 

виртуалды  лабораториялық  жұмыстар  арқылы  кӛрсетіп  және  электронды 

оқулықтар арқылы оқытса білімдері жан-жақты артады.  

Дәстүрлi  оқытуда  кейбiр  оқушылар  түсiнбей  қалған  материалдарды, 

мысалы,  химия  сабағында  ол  кӛбіне  химиялық  реакциялар  теңдеулері, 

химиялық  формулалар  немесе  тәжірибелік  жұмыстар  болып  келеді, 

оқытушыдан  қайталап  сұрай  беруге  кейде  қысылады,  сол  себептi  жаңа 

тақырыпты  дұрыс  қабылдай  алмауына  әкеп  соғады.  Ал,  жаңа  ақпараттық 

технология арқылы электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол 

тақырыпты  бiрнеше  қайталап  оқуына,  тыңдауына,  химиялық  тәжірибелерді 

қайта  кӛруіне,  тiптi  түсiнбеген  сӛздi  бӛлiп  алып  анықтама  бӛлiмiнен  қарауға, 

сол  сӛздiң  түсiндiрмесiн  бiлуiне,  оның  грамматикалық  жасалу  жолдарын 

бiлуiне  және  химиялық  есептерді  шығарғанда  анықтамалық  кестелерден 

заттардың  барлық  есепке  қажетті  мәліметтерді  алуына  кӛптен-кӛп  кӛмегiн 

тигiзедi [3].  

Жалпы  химия  пәнің  электронды  оқулық  арқылы  оқыту  тӛмендегідей 

қосымша мүмкіндіктер береді: 

 

кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету; 



 

күрделі  химиялық  эксперименттерді  виртуалды  лаборатория  арқылы 

кӛрсету; 

 

аудиовизуалды  құралдарды  қолдану  оқу  материалының  мазмұнын 



түсінікті және қызықты етеді; 

 

оқушылардың  білімін  есепке  алу  мақсатында  тез  және  тиімді  жолмен 



тест алу;  

 

химиялық  құбылыстардың  табиғаттағы  және  лабораториядағы 



кӛрсеткішті суреттеуі және модельдеу

 

химиялық  құбылыстарды  атомдар  мен  молекулалардың  қозғалысын 



модельдеуі; 

 

химиялық  формулармен  және  теңестіру  реакцияларының  кӛмегімен 



суреттеу, химиялық құбылыстарды модельдеу; 

 

қажетті мәліметті жылдам табу; 



 

химиялық құбылыстарды ӛзі бақылауға; 

 

сирек кездесетін элементтерді ӛзі бақылау; 



 

химиялық  тәжірибелерді  видео  материалдарды  кӛру  арқылы  ӛзі 

жасағандай әсер алуы; 

 

мультипликациялар  және  видеотехникалар  құралдарын  пайдалану 



арқылы динамикалық режимінде оқулық материалын нақты мысалдармен кӛре 

алуы.  


 

Химия  курсында,  мысалыға,  компьютер  қолдану  арқылы  химиялық 

эксперименттер  ӛткізілуін,  әртүрлі  заттар  алудың  ӛндіріс  әдістерінің  кӛрінісін 

ӛз кӛзімен кӛруіне мүмкіндік туады.    

Әдебиеттік  шолу  жасап  және  информациялық  технологиялардың  дамуын 

зерттей отырып, олар Қазақстанда жеткілікті дамымаған және оқыту процесінде 



274 

 

жаңа  информациялық  және  мультимедиалық  технологияларды  құрастыруды 



зерттеу деген шешімге келдік. 

Осы  ғылыми  жұмыс  электронды  оқыту-әдістемелік  комплекстерді  құру 

технологиясының  әлеміне  электронды  оқулықтарды  кіргізеді.  Жобада 

анимациялық-мультипликациялық 

жобаларды 

және 


интерактивті 

– 

мультимедиалық  қосымшаларды  Shock  wave  технология  құралдарымен  құру 



технологиясы қарастырылады. 

Біздің  зерттеулеріміздің  нәтижелері  бойынша,  химиялық  пәндерден 

электронды  оқулықтар  мен  электронды  оқыту-әдістемелік  комплекстері  құру 

мен конструкциялау үшін Flash технологиясын қолдану қойылған мақсаттарда 

жүзеге асыру үшін қажетті құрал-саймандар арасында маңызды. Сондықтан бұл 

ғылыми жұмыста жаңа технологияның бірі электронды оқулықты қолдану мен 

электронды 

бағдарламалық, 

әдістемелік, 

мультимедиялық-интерактивті 

виртуалды оқыту-әдістемелік комплекстерді құрудың принципі және жасаудың 

инновациялық технологиясы қарастырылды.  

Электронды  оқулықтарды  жасау  және  құру  –  Қазақстандық  білім  беру 

деңгейін жоғарылатудың негізгі мәселелерінің бірі. Сапалы электронды оқулық 

құрудың технологиясы педагогикалық информатиканың күрделі инновациялық 

бағдарламаларды білуді талап етеді. 

Ғылыми  жұмыстың  ӛзектілігі  бойынша  қашықтықтан  оқыту  жүйесінде 

электронды  оқулықты  қолдану,  электронды  оқулық  туралы  түсінік  және 

құрылымы, электронды оқулықты дайындаудың қазіргі таңдағы мәселелері мен 

мақсаты,  электронды  оқулықты  құруға  қойылатын  талаптары,  тиімділігі, 

артықшылықтары  мен  кемшіліктері  жайлы  толық  теориялық  мәліметтер 

қарастырылды.  Сонымен  қатар  электронды  оқулық  жасауда  ақпараттық 

технологиялар мен программалау орталарының маңыздығы келтірілді.  

Зерттеу жұмыстың нәтижесінде Жалпы химия пәні бойынша қашықтықтан 

оқыту  электронды  оқулығы  жасалынып,  теориялық  мәліметтермен  қатар, 

тестілеу,  кестелер,  есептер,  дыбысты  видеолабораториялар  дайындалып, 

оқулық құрамына енгізілді. 

Қорыта  айтқанда,  қазіргі  кезде  химия  пәнін  оқытқанда  ақпараттық 

коммуникациялық  технологияларды  пайдаланып  жүргізудің  орны  ерекше. 

Әсіресе  электронды  оқулықтардың  маңызы  зор,  себебі  баршамызға  белгілі 

химия  саласында  қазақ  тіліндегі  оқулықтар  кӛп  емес.  Ал  химиялық 

тәжірибелерді  жасатуға  кӛптеген  мекемелердің  мүмкіндіктері  келе  бермейді. 

Сондықтан,  химиялық  тәжірибелерді  виртуалды  лаборатория  арқылы 

электронды оқулық кӛмегімен кӛрсету тиімдірек. Сонымен қатар электрондық 

оқулықтардың кӛмегімен химия сабағын  оқыту студенттердің интуициясы мен 

бейнелеп  ойлануын  дамытуға  мүмкіндік  береді  және  олардың  материалды 

түсіну  деңгейін  жоғарылатуға  және  ӛз  бетінше  оқуға  қызығулышылығын 

арттыруға кӛмектеседі. 

Қорыта  келгенде,  Жалпы  химия  пәніне  арналып  жасалған  электронды 

оқулық білімгерлердің: 

 

білім деңгейін тереңдетуге; 



 

ӛз бетімен іздену қабілетін қалыптастыруға; 

 

ойлау жүйесі мен ойын дамытуға; 



275 

 

 



химия пәнін үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына; 

 

сабақта ӛзін еркін ұстап, ӛз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына; 



 

ӛз ісіне талдау жасай алуына кӛптен-кӛп кӛмегін тигізеді; 

 

қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді; 



 

білімгер  жұмысты  орындау  барысында  ғылыми-зерттеу  жұмысына 

тартылады,  оның  бойында  зерттеушілік  қабілет  пен  ғылымға  деген  ынта 

қалыптаса бастайды.  

Дайындалған  Жалпы  химия  пәніне  арналған  электронды  оқулық  жоғарғы 

оқу  орындарында,  колледждерде,  мектептерде  оқыту  процесінде  қолданыс 

табады  деген  сенім  мол.  Сонымен  қатар,  әрі  қашықтықтан  оқыту  құралы,  әрі 

білімді  толықтыратын  электронды  оқулық,  әрі  дайын  анықтамалық  ретінде 

интерактивті әдіспен оқытуда ӛте тиімді құрал бола алады. 

 

Әдебиеттер  

1.

 



Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  жолы-2050.  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ. 

Қазақстан халқына жолдауы. Астана: 17 қаңтар 2014 жыл. 

2.

 

В.Б.Ясинский. Интерактивные учебники и виртуальные лаборатории для 



дистанционного обучения с помощью Интернет. Караганда: ЦНТИ, 2000 г. 

3.

 



www.alhimik.ru 

4.

 



www.himik.ru 

Резюме 

В 

данной 

статье 

рассматриваются 

современные 

проблемы 

использования  электронного  учебника  на  уроке  химии  в  системе 

дистанционного  обучения,  цель,  требования  по  созданию  и  структура 

электронного учебника, его преимущества и недостатки. 

Summary 

 

This  article  deals  with  modern  problems  of  using  electronic  text-book  in 

chemistry  class  in  the  distance  education  system,  purposes,  requirements  to  its 

making and structure of the electronic text-book, its advantages and disadvantages 

 

 



ӘОЖ 71.75. 

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫНДА ҚҦРАЛДАР МЕН 



ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ 

 

Алшынбаев К.И., Егембердиев Н.А., Беков А.А. 

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент қаласы 

 

Денсаулық,  спорт,  тәрбие,  білім  егіз  ұғымдар.  Олай  болса,  қоғамымызды 

ӛркендететін  бүгінгі  ұрпақтың  денсаулығы  мықты  болу  үшін  спорт  қажет, 

спорт арқылы тәрбие қалыптасса, бұлар жинақталып білімді азамат шығарады 

деп  ойлаймын.  Яғни,  спорт  жас  ұрпақтың  бойында  күш,  ептілік,  тӛзімділік, 

мықтылық, сергектік секілді моральдік ерік сапаларын қалыптастырады. Біздің 

Елбасымыз  Н.А.  Назарбаев  «Қазақстан  -  2030»  халыққа  Жолдауында:  «Біздің 


276 

 

болашақ  ұрпағымыздың  ӛсіп  жетілуіне  әлеуметтік  жағдайларын  дұрыс 



қалыптастырып,  балалардың  білімді,  дені  сау,  епті,  күшті,  сымбатты  болып 

ӛсуіне кӛңіл бӛлу қажет» - деген. 

Құралдар  тек сабақ  барысында қолданылып, оның  міндеттерін орындауға 

бағытталған,  оқытушы  мен  оқушының  іс-әрекет  қимылдарымен  олардың 

түрлерін атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын 

амалдардың  қосындысы.  Дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтары  тапсырмаларын 

орындаудың  құралдары  мен  әдістеріне  дене  жаттығулары  мен  түрлі  ақпарат 

түрлері жатады. 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас 

бірлікте болады.Барлық жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша айналымдық 

және  айналымдық  емес  болып  бӛлінеді.  Айналымдық  деп,  белгілі  бір  қимыл 

топтамасы барлық іс-әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын 

дене  жаттығуларын  айтамыз  (мысалы,  жүгіру,  жүру,  жүзу,  ескек  елу,  шаңғы 

тебу, коньки тебу). Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене 

жаттығуларын айтамыз (секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т.б.). 

Аталған  әр  бӛлімдер  топтар  мен  шағын  топтарға  бӛлінеді  (2-сурет).Бұдан 

бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі тӛрт топқа бӛлеміз: 1) спорт 

жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. 

Спорт  жаттығулары,  бұл  –  дене  дайындығы  дәрежесімен,  қимыл  ӛнерін 

меңгеруімен,  психиканың  кей  жақтарын  дамытумен  жарыс  пәні  ретінде 

кӛрінетін  қимыл  іс-әрекеті.  Гимнастикалық  жаттығулары  еңбек,  әскери,  спорт 

және  табыну  іс-әрекеттері  мен  солардың  үйлесуінен  құралады.  Ойындар 

ойыншыларды  ролдерге,  олардың  орындайтын  қимыл-қозғалыстарына  бӛлуді 

анықтайтын  фабуламен  сипатталады.  Туристік  шаралар  (серуен,  экскурсия, 

жорық  және  саяхат)  қозғалыстың  белсенді  құралдарымен  елді  мекендері  аз 

жерде 


орындалады.Дене 

жаттығуларын 

олардың 

кӛмегімен 

қандай 

тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бӛлуге болады:  



1) реттік; 2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



2-сурет. Дене жаттығуларының жіктелуі (А.Н. Крестовников бойынша) 

 

Реттік  дене  жаттығулары  деп  -  дайындалушыларды  ұйымдастыруға, 



оларды  сапқа  тұрғызуға  арналған  жаттығуларды  айтамыз.  Дайындық  дене 

жаттығулары  тірек-қимыл  аппараты  мен  қимыл  сапаларын  дамыту  үшін 

қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі ӛз ішінде қимыл сапасына, яғни 

Тездікті 

ұлғайтумен 

Айналымдық  

Жоғарғы қарқынмен 

Субмаксимальды 

қарқын 

Үлкен қарқын 



Қалыпты қарқын 

Тӛзімділікті 

кӛрсетумен 

Жылдамдық күш 

сапасын кӛрсетумен 

Дене 


жаттығулары 

Айналымдық емес 

Ептілікті  кӛрсетумен 


277 

 

оның  әсер  ету  мүмкіндігіне  қарай  бірнеше  түрге  бӛлінеді  (күшті,  тездікті, 



тӛзімділікті,  т.б.  дамытуға  арналған  жаттығулар).  Дайындық  жаттығуларына 

тыныс  алу  жаттығулары  да  жатады.  Жүргізілетін  жаттығулар  үйреніп  жатқан 

қимыл  туралы  бейне  қалыптастыру,  оның  құрылымын  меңгеруді  жеңілдету 

қатені  дұрыстау  тактикалық  дағдыны  игеру  үшін  пайдаланылады.  Кіріспе 

жаттығулары  белсенді  демалыс  және  сабаққа  қызығушылығын  арттыру  үшін 

қолданылады.  Сымбат  жаттығулары  дене  кемшілігін  дұрыстау  үшін 

жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар кӛмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, 

психикалық  процестерге  ықпал  ету  үшін  қолданылады  (мысалы,  батылдыққа 

шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге). 

Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі 

мен  спорт  сабақтарындағы  кез-келген тапсырманы  орындау  үшін  қолданылуы 

мүмкін.  Ӛзіне  тән  қимыл  іс-әрекеттерін  білуі  үшін  қажет.  Алайда  дене 

жаттығуларын  аталған  топтарға  бӛлуді  оларды  жіктеуге  талаптану  деп 

қарастыру дұрыс емес, себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын 

тек бір ғана топқа жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының кӛпшілігі 

дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  барлық  тапсырмаларын  орындауға 

арналған. 

Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) – бұл нақты 

тапсырмаларды  орындауға  арналған,  (қойылған  мақсатқа  жету)  мақсатты 

бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы. 

Олардың  мағынасына  қарай  (үлкен  немесе  кіші  міндеттерді  атқару 

мүмкіндігіне  қарай)  жаттығуларды  (әдістерді)  екі  топқа  бӛлеміз:  негізгі  және 

кӛмекші.  Негізгі  әдістерге  дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  барлық 

міндеттерін  орындайтын,  ал  кӛмекші  жаттығуларда  дене  жаттығуларын 

үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады. 

Қолдану  аясының  белгілеріне  қарай  жаттығу  әдістері  пайдаланылатын 

айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бӛлінеді. 

Негізгі  әдістер  жұмыс  сипатына  қарай  үздіксіз  және  интервалды  болып 

бӛлінеді.  Үздіксіз  жаттығулар  (әдістер)  ұзақ  уақыт  ішінде  орташа  қарқынмен 

белгілі  бір  қимылды  орындау  арқылы  жасалады  (мысалы,  800м-ге  жүгіруге 

дайындалған  спортшы  үшін  –  3-5  км-ге  біркелкі  жылдамдықпен  тоқтамай 

жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-

ақ  қимыл  ұзақтығы  белгіленген  уақытпен  шектелетін  айналымдық  емес 

түрлерінде  де  қолданылады  (мысалы,  бокста,  күресте,  спорт  ойындарының 

кӛпшілігінде).  Спорттың  айналымдық  емес  түрлерінде  үздіксіз  жаттығулар 

құрылымы  бойынша  ӛзгеретін  немесе  ӛзгермей  орындалатын  спорт 

жаттығуларын  бүтіндей  немесе  оның  жеке  топтарын  демалыссыз  орындау 

арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, 

футболшылар  мен  баскетболшылардың  допты  алып  жүру  жаттығулары). 

Үздіксіз  жаттығуларда  сабақтан  сабаққа  жаттығу  кӛлемі  бірте-бірте  ұлғая 

береді. 

Интервалды  жаттығулар  қимылдарды  үзбей  орындауды  қарқындылықпен 

игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады. 

Жоғарыда  аталған  жағдайлардың  ӛзгеруіне  қарай  бұл  әдіс  кезекті 

жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бӛлінеді. 


278 

 

Кезекті  жаттығулар  қимылды  орындау  күшін  бірте-бірте  ӛзгерту  арқылы 



(кезекпен) орындалады (3-сурет). Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес 

спорт  түрінде  қолданылады,  яғни  үздіксіз  жаттығулармен  қатар  қолданылады 

(бокс, күрес, спорт ойныдары). Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті 

жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (ӛзгермелі). 

 



Қашықтықтың кӛп бӛлігі баяу, азы-тез бағындырылады 



Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру 

Қашықтықтың кӛп бӛлігі тез, азы, баяу бағындырылады 



Тез  бастау  қимылды  баяулатумен  аяқталады,  сосын  жылдамдық 

артады, ол қашықтықты тез ӛтумен аяқталады 

Қашықтықты қысқа, бӛліктерде баяу ӛтумен жылдамдықты бірнеше 



дүркін ӛзгерту 

Жаттыққан  қашықтықты  тез  ӛтіп,  қанша  спортшы  ырғақты  ұстап 



тұра алады, сосын қалған қашықтық бӛлігін баяу аяқтау 

 

3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы 

 

Қайталау жаттығулары бір сабақ барысында белгілі бір қимылды демалыс 



үзілістерімен  орындауға  құралады.  Бұл  әдіс  барлық  спорт  түрі  сабақтарында 

қолданылады.  Интервалды  әдістің  қайталау  және  кезекті  нұсқаулары 

арасындағы  айырмашылық  бірінші  жағдайда  оқушылар  демалыстық  үзіліс 

уақытында толығымен демалмайды (немесе басқа бір қимылдарды орындайды), 

ал екінші жағдайда-демалыс үшін негізгі жаттығу пайдаланылады, бірақ оның 

орындалу  қарқыны  бұнда  тез  тӛмендейді  (мысалы,  жүзуде-еркін  жүзу, 

желаяқтарда-жай жүгіру) (4-сурет). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



4-сурет. Жаттығу әдістері 

Негізгі әдістер 

Интервалды жаттығулар 

Кезекті жаттығулар  

Қайталау жаттығулары  

Қимыл 


құрылымын 

ӛзгерте 


отырып 

Қимыл 


қысымын 

ӛзгерте 


отырып 

Жаттығу пәнін, 

қимыл құрылымын, 

қашықты ұзындығын 

ӛзгертпей 

Жаттығу пәнін, 

қимыл құрылымын, 

қашықтық ұзындығын 

ӛзгерте отырып 

Сызықпен   

Дәлдік  

Шеңбер әдісімен 

Үздіксіз жаттығулар 


279 

 

Дене  жаттығуларының  айналымдық  емес  түрлерінде  қайталау  әдісі 



жаттығу  пәнінің  ӛзгермеуін  нақтаумен  немесе  жаттығу  пәнін  ӛзгертумен 

орындалады. Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу 

әдісінің  түрі  шеңбер  әдісі  болып  табылады.  Қайталау  әдісінің  бір  сызықты 

түрінде жаттығу спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның 

тактикалық  түрлерін  меңгеру  үшін  түрлі  қимыл  сапаларын  бірізді  әсер  етуі 

үшін  бір  шеңбермен  жүргізіледі.  Қайталау  әдісінің  дәлдеу  немесе  шеңбер 

нұсқасында 

жаттығу 


бірнеше 

«шеңберде» 

орындалады. 

Кӛптеген 

зерттеушілердің  (С.П.  Белиц-Гейман  мен  Г.Ф.  Полевой-теннисте,  Ю.В. 

Куншир-жүзуде,  Е.М.  Чумаков-күресте)  мәліметтері  бойынша  сызықты  әдіске 

қарағанда  дәлдік  әдісі  тиімді  деп  есептеледі.  Шеңбер  әдісі  түрлі  дене 

жаттығуларын  бағдарланған  ретпен  және  олардың  әрқайсысын  қарқынды 

қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-сурет). 

 

 



5-сурет. Жаттығудың айналымдық әдісінің нұсқалары 

 

Бұнда  қимыл  сипаты,  жаттығудың  қарқындылығы  мен  кӛлемі  сабақ 

міндетіне  байланысты  анықталады.  Бұл  әдіс  бойынша  жаттығулар  қатарына 

тапсырманы алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін 

анықтағаннан  кейін  ғана  кірісе  алады.  4-6  аптадан  соң  әр  жаттығу  бойынша 

оқушылардың  ең  жоғарғы  мүмкіндіктерін  анықтау  үшін  бақылау  жүргізіледі. 

Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады. 

Үздіксіз,  қайталау  және  кезекті  жаттығулар  «таза»  күйінде  бір-бірімен 

үйлесіп  те  қолданыла  береді.  Ең  кӛп  тараған  үйлесімді  қайталау  кезекті 

жаттығулар болып табылады.  

Таңдаған  спорт  түріне,  сабақ  кезеңі,  орындалатын  тапсырмалар, 

оқушылардың  жағдайына  қарай  аталған  жаттығу  әдістерінің  біріне  немесе 

олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас 

сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады. 

Жаттығулардың  негізгі  әдістері  академиялық  және  ойындық  жарыстар 

түрінде  орындалады.  Академиялық  түр  ең  бастысы  орындалатын  жаттығулар 

түрінде,  олардың  құрылымдарын  қатаң  сақтай  отырып,  оқушы  зейінін 

аударумен  сипатталады,  ал  ойындық  (жарыстық)  түріне  сюжеттік  ендіріледі, 

нақты  қимыл  тапсырмалары  мен  оған  қол  жеткізу  кӛрсеткіштері  анықталады. 

Ойын  әдісі  дегенде  жарыстың  ұйымдастырылуын  немесе  ойынды  тура 

мағынасында  түсінген  жӛн  емес  ол  берілген  тапсырмаларды  шешуге 

кӛмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей 



280 

 

және  оның  жекелеген  жүйеліктері  оқытылады,  ал  қимыл  сапасын  дамытуға 



арналған  жаттығулар  жарыс  түрінде  орындалады.  Жарыстар  оқытушының 

немесе  оқушылардың  ӛздері  ұсынған  ӛндірістік  ережелер  бойынша 

орындалады.  Бұл  әдіс  үшін  түрлі  снарядтар  мен  ойын  жаттығуларының 

аспаптарын  пайдалану  сипатына  тән.  Жарыстық  әдіс  оқушыға  үлкен  қимыл. 

Еркіндігін  береді,  олардың  қызығушылығын  арттырады,  қимыл  түрлерін 

іздеуде бастама кӛтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды үлкен кӛлемде және 

үлкен  қарқынмен  орындауға  жол  ашып,  спорт  тәсілдерін  тез  әрі  жетік 

меңгеруге,  ағзаның  қызмет  мүмкіндіктерін  дамытуға  жәрдем  береді.  Бірсайыс 

сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында жарыстық әдіс 

негізгі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет