Әдебиеттер
1.
Лесгафт Л.Ф. Руководство по физическому образованию детей школьного
возраста.Сиб.1912. 59 с.
2.
Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания /Под ред. - М.:ИП,
1990. - 287 с.
3.
Ахметова.Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі дәстүрі. Алматы.1966,-25 б.
4.
Қоянбаев Р.М.,Қоянбаев Ж.Б. Педагогика (оқу құралы) Алматы 2004ж 188-193б
5.
Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288б.
Резюме
Тренировочные упражнения на уроках физкультуры, направленные на
развитие ловкости - быстроты
Summary
The using of methods in physical culture and the lesson of sport
ӘОЖ:745:1(091)
ДИЗАЙНЕР МАМАНЫН ӚРНЕК ӚНЕРІ АРҚЫЛЫ КӚРКЕМ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ОҚЫТУДЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҦРҒЫДАН
НЕГІЗДЕУ
Магистрант Ерназарова Жамила
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Шымкент.,Қазақстан
Қазіргі кезде философия, ғылымдарының кӛптеген мәдени мұраларды
зерттеген тәжірибелері ұлттық ӛнердің қалыптасуы, дамуы және негізгі
бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және методологиялық
мәселелері жӛнінде жинақталған, жалпы ойларды тұжырымдауға мүмкіндіктер
бар.
Біріншіден, ұлттық ӛрнек пен түрлі реңктердің дәл шыққан мерзімін
белгілеу ӛте қиын. Философ-ғалымдар А.Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: «Біз
281
тарихта XIV ғасырдың басынан бастап қазақ деген атпен енсек те мың жылдық
мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз» деген ғылыми
тұжырымдамалары біздің мәдени тарихымыздың тым әлімсақтан басталғанын
дәлелдей түскендей. Екіншіден, ұлттық ӛрнек пен реңктер деген ұғымның ӛзіне
дәл анықтама беруге осы кезге дейін толық қол жеткен жоқ, оның
шығармашылық даму жолдары жайындағы жазба түрдегі ғылыми тұжырымдар
жоқтың қасы. Осы мәселелер жеке бір зерттеудің пәні болуға тиісті.
Ұлттық ӛнердегі ӛрнек ӛнерінің пайда болуын белгілі бір кеңістік-уақыт
параметрінде шығармашылық пайымдалуын үш белеске немесе үш кезеңге
бӛліп қарауға болар еді.
Бірінші, ӛрнекке тән нәрсе объективтілік пен субъективтілікті ӛте нашар
ажырата білетін сана. Оның негізінде шығармашылық ойлау іштей қайшылығы
кем, қажетті дәлелденген пайымдаулар құра алмайды. Бұл кезеңге ӛрнек
элементтері мифтік-кӛркемдік әдіспен ұйымдастыру арқасында дәл сол
кезеңдерге сәйкес ӛзіндік семантикалық тұтастық пен бірлік жасауға мүмкіндік
туады.
Екінші белеске тән қасиет объективтілік пен субъективтілікті ажырата
білетін сананың қалыптасуы. Басқаша айтқанда, кӛркем шығармашылық
пайымдау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып қоршаған дүниені дұрыс
бейнелеу белесіне жету. Оларда саналы түрде әдептелінген, шығармашылық
пайымдалуы орын тепкен әртүрлі бағыттағы ӛрнек түрлері. Себебі ӛрнек
түрлерінің дүниеге кӛзқарастары ӛнердегі ерекшеліктері әрқилы бағыттарға
іштей бӛлініп жатыр.
Ҥшінші белес теориялық-методологиялық кӛркем шығармашылық
пайымдаулармен жаңғыртылған, кӛркем жүйеге ие болған және халықтың
әлеуметтік мәдени мұрасымен ұштастырылған, қазіргі замандағы ұлттық ӛнер
түріндегі ӛрнек ӛнері.
Сонымен қазақтың ұлттық мәдени мұрасындағы ӛрнек ӛнерінің кӛркем
шығармашылық мазмұнын анықтай білу ӛрнек ӛнерін тани білу
философиясының қорытындылары болуы тиіс. Философия - ойлаудың жалпы
заңдары жӛнінде дүниеге біртұтас кӛзқарасты қалыптастыруға бағытталған
ғылым жүйесі. Философия - гректің екі сӛзі (фило - сүйеніп және софия -
даналық) бірігіп бір мағынаға айналған: даналықты сүю немесе
данышпандыққа құштарлық. Философия - әлемді, айналадағы дүниені, ондағы
адам орнын білуге қажетті дүниетанымды идеялармен кӛзқарастар жүйесін
жасауға бағытталған және адамның дүниеге деген танымдық, құндылық,
эстетикалық қатынастарын зерттейтін қоғамдық сананың формасы. Философия
- табиғаттың, қоғамның және ойдың ортақ заңдылықтары туралы ғылым,
ғылыми танымның жалпы методологиясы.
В.В.Ванслов: «Кӛркем шығармашылық дегеніміз ӛмірдің (шындықтың)
кӛркем образдағы (ӛнер формасындағы) ақиқатты (шыншыл) шағылысы
(кӛшірмесі) - іске асуы мүмкін емес қияли әдіс» деп тұжырымдайды (74).
Сондай-ақ, ӛмір шындығы негізінде жасалған кӛркем шығармашылық туынды
сол ӛнердің дамуына немесе ӛзіне қайта әсер ететіні де бегілі. Бұл жерде
шығармашылықтың кӛркемдік қызметі ерекше кӛрініс береді. Кӛркем
282
шығарманың негізінде сананың шындықты бейнелеуі жатады: бұл бейнелеу әрі
таным процесі, әрі ӛнерді игеру процесі болып табылады.
Бұл туралы Р.Якобсон былай деп жазған: «Адам кӛзіне түскен кез келген
объектіні кӛріп қалып есте сақтауға бейім. Әртүрлі таңбаларды шабылған
тамырлар мен сынған бұтақтарды, тірі атаулының, табиғат кӛрінісі мен
бейнелеу ӛнері шығармаларының кең тараған үлгісіне, кез келген кӛріністі
табиғаттың бар объектісіне айналдыру абстрактылы суреттер, жұмбақ бейнелер
ретінде қарастыруға бейім. Сондықтан осы жұмбақты шеше алмау елеулі толқу
тудырады»
Біздің пайымдауымызша П. М. Якобсоның еңбегіндегі кӛркем
шығармашылыққа байланысты қажеттілікті байқап қарау кезеңінің алдына
интеллектік-шығармашылыққа дайындық қойылады. Бұл - ӛрнек ӛнеріндегі
кӛркем шығармашылық процесінің кезеңдерін ұсынуды елеулі түрде кеңейте
түседі.
- ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылыққа деген қажеттіліктерді терең
сезіну;
- ӛрнек ӛнеріндегі шығармашылықты қанағаттандыруға деген ынтызарлық
әрекет;
- ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем идеялық мәселелердің туындауы;
- ӛрнек ӛнеріндегі кӛркемдік нақыштардың үлгісін іздестіру;
- ӛрнек элементтерін образды ойлап табу процестерін терең меңгере
отырып іске асыру;
- бейнеленген ӛрнек образын кӛркем шығармашылықпен дамыту.
Демек,
дизайнер
мамандарын
ӛрнек
ӛнері
арқылы
кӛркем
шығармашылыққа даярлаудың аса маңыздыларының бірі - кӛркем
шығармашылықты қалыптастыруға ықпал ететін ойды дамыту мен шеберлікке
тәрбиелеу.
Зерттеу принциптері, методологиялық әдістері айқындалып болмаған сала
- ӛрнек ӛнері. Ал қазақтың ұлттық ӛрнек ӛнерінің осал буыны, жете
зерттелмеген объектісі - стиль. Әсіресе ӛрнек ӛнеріндегі стильді эстетикалық
категория тұрғысынан карастыру принципі сирек ұшырасады.
Тікелей кӛркем образ арқылы бірден байқалатын бұл сәйкестік, ӛрнектерді
кӛркемдікпен әдептеуде (стилизациялауда) айқын байқалады. Алғашқыда -
суреттер мейлінше реалистік сипатта, екіншісінде - ӛрнек түрінде мүлде
шартты, кейде тіпті абстрактілі деуге болады. Ӛрнек ӛнеріндегі мұндай кӛркем
шығармашылық тәсілдер ӛрнек ӛнерінде кӛркем образ жасауға ӛте ыңғайлы,
ӛйткені мұндай кӛркемдік образдар түрлі формаларды кӛз алдыңызға келтіреді.
«Жаңа түсініктің бәрі кезінде ұмыт болған ескі ұғымдар» деген
қалыптасқан пікірге сәйкес мәдени дамуда стильдік қайталаулар, ӛрлеулер
немесе жаңғырулар болып тұратыны анық. «Әр түрлі халықтардың мәдени-
тарихи құндылықтары кенеттен немесе мәнді объективті алғышарт-тардың
ықпалынсыз пайда болмайды. Ілкі мәдениеттің ішкі механизм қызметін түсіну
жаңа, алдыңғы қатарлы идеология формалары мен қоғамдық қатынастарды
негіздеуде пайдалы болуы мүмкін.
283
Біз философия ғылымдарындағы стильді зерттеу арнасы бойынша
В.Виноградовтың «Стильдер теориясы», «Стиль және сюжет» еңбектерін,
А.Чичериннін «Идеялар және стиль», А.Соколовтың «Стиль теориясы»
зерттеулеріне сүйендік.
Дизайнер мамандарына ӛрнек ӛнеріндегі стильді таныту дегеніміз -
ӛрнектерді нақыштауда кӛркемдік даярлығын жетілдіру деген сӛз. Бұл
дизайнер мамандарына ӛрнек ӛнерінде эстетикалық кӛркемдікті жетілдіруге
деген ынтаны арттырады.
Дизайнер мамандарына ӛрнек ӛнерінде кӛркем шығармашылықтың
композициялық тұтастығын таныту үшін ӛрнек құрылымындағы кӛркемдік
компоненттерді терең меңгеру шеберлікті, нақты ойды тұжырымдауға
кӛмектеседі.
Ӛрнек ӛнеріндегі кӛркемдік қиял шығармашылық арқылы қоршаған
әлемнің миниатюрлық кескінін ӛрнек ӛнеріне айналдырады. Мұнда қиял да,
әсерлеу де, ӛрбіту де, типтендіру де бар. Ӛрнек ӛнеріндегі кӛркемдік стильдің
ерекшелігі де осында.
Демек, стильді ӛрнек ӛнерінің бейнелі нақышталуынан іздеуіміз керек,
ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылық алғышаттары осыдан кӛрінеді.
Біздің зерттеуіміздегі дизайнер мамандарына ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем
шығармашылығы белгілі бір образда ӛрнек элементтерін әдептеу
(стилизациялау) арқылы шығармашылық нәтиже әкелетін кӛркемдік бағыт
түрлері болып саналады. Ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем образдар жүйесі, ӛрнек
элементтерін әсерлі бейнелеу шеберлік қырлары - ақылдан, ойдан қиялдан,
философиялық кӛзқарастан туады. Ӛрнек ӛнерінде кӛркем шығармашылық
негізі үш бӛліктен тұрады: ӛрнек элементтерін ойлап табу, әсерлеу, әсірелеу,
құбылту, әшекейлеу, табылған әшекейлеуді жүйелі орналастыру және шебер
орындау.
Біз халық мұрасындағы ұлттық ӛрнектерді кӛркем шығармашылық дамуын
мәдениет философиясы тұрғысынан қарастырған уақытта кез-келген терең
мәнді ӛнер туындысы тура және жанама жағдайда сол шығарма пайда болған
заманның мәдени, танымын құрайтын жемісті философиялық идеялардың
ықпалымен қалыптасты деп тұжырымдай аламыз.
Ӛрнек ӛнерінде халық ӛмірінің күрделі мәліметтерін шешуде - ӛзіндік
кӛркем синтез мәселесі, сонымен бірге тіршілік ортасын эстетикалық тәсілмен
әшекейлеу қызметін атқарған. Кезінде ӛзіндік бір тәсілмен барлық ӛрнектер
«оқылатын» болған. Қазір ӛрнектің талдауы мазмұндық мәнін жоғалтқан.
Қазақтың ежелгі ӛрнек ӛнері мен қолданбалы қол ӛнері жайында
мағлұматтарды біз И.А.Костанье, Р.Каруца, Б.А.Куфтина, И.Г.Георгий
еңбектерінен кездестіреміз. Негізінен эпизодтық үзінді түріндегі құнды
мағлұматтарды Е.А.Фелькерзам, А.А.Семенов, А.А.Богалюбов Орта Азия кілем
ӛнеріне арналған еңбектерінен кӛруге болады.
Ӛрнек ӛнерін зерттеудің келесі кезеңіне бағытталған құнды пікірлер
қалдырған С.М. Дудин. Оның жұмысы қазақтың қолданбалы қол ӛнеріндегі
түрлі ӛрнектерді салыстырып саралаудан тұрады. Е.Р.Шнейдер қазақ ою-
ӛрнектерінің мазмұндық ерекшеліктерінде түрлі формалардың атқаратын ролі
284
жайында жеке жұмыс арнады. В.Н.Чепелев болса «Қазақтың халық ӛрнегі»
альбомына кіріспе жазды.
Ұлттық ӛнердегі аса күрделі мәселелердің бірі - адам проблемасы. Оның
табиғаттан, қоғамнан алар орны, ӛзара қарым-қатынастарының негізгі
сипаттары. Бүгінгі ұлттық ӛнеріміз кешегіден едәуір биікте тұр. Оның сан
сырлары бұтақтанып, жеке-жеке отау тігіп, ӛз еншісін алып бӛлек шығып
жатыр.
Асанқайғы ізімен жер ұйық іздеп, тұлпары мен құмайы тазысының алдына
тӛрт түлік малын салып, жаз жайлауда, қыс-қыстақта үдере кӛшіп үйренген
кӛшпенділердің ӛз ӛрнегі болғанын жоғарыда айттық. Сондықтан да
кӛшпелілер философиясындағы, ӛрнек ӛнеріндегі дала даналығына терең үңіле
білуіміз керек.
Енді «ӛнер», «образ» ұғымдары ӛзіміз қарастырып отырған проблемада
қандай орын алады және біздін түсінігімізде олардың ӛзара қатынасы қалай
анықталады деген сауалдарға тоқталайық.
Ал, «ӛнер», яғни бұл сӛздің түбірінде, «жасандылық» ұғымы жатыр. Біз
«ӛнер» деп кӛрерменнің мәдени болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп,
оны толғандыратын суреткер қолынан сомдалған субъективті салдарды
айтамыз.
Ұлттың ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылық ӛзгешеліктер ең алдымен
ӛрнек ӛнерінің кӛркемдік дамуының, қоғамдық, тұрмыстық сондай-ақ
географиялық ортаның ерекшеліктеріне байланысты бейнеленеді.
Мұндай бейнелеу (лицетворение) түріндегі кӛркемдік әдістер ӛрнек
ӛнеріндегі кӛркем шығармашылықты қалыптастыру мақсатында ӛрнектердің
түрлі формаларына байланысты проблемаларды зерттеумен толықтырылып
отырады. Ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылықтың бейнелеу түрлеріне
талдау жасау - оның бейнелі кӛркемдік жүйесін табу деген сӛз. Мұның барлығы
285
ӛрнек ӛнері шығармашылығында ӛзіндік ұлттық нақыш әкеле отырып, ӛз
кӛрінісін бейнелейді.
Образ - болмыс, тіршілік кӛрінісінің, қоршаған орта мен жағдай, уақыт
және адам арасында туындайтын құбылыс-құпиялардың жинақтаушылық мәнге
ие бейнелі кӛрінісі.
Сондай-ақ,
дизайнер
мамандарының
ӛрнек
ӛнеріндегі
кӛркем
шығармашылығын дамыту жүйесінде оның мынадай элементтерін кӛрсете
аламыз:
- ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылық процестің мақсатын,
құрылымын және кезеңдерін теориялық негіздеу;
- дизайнер мамандарының ӛрнек ӛнерінде кӛркем шығармашылыққа
даярлау жүйесінің элементтерін құрайтын кӛркем шығармашылықтың негізгі
әдіс-тәсілдері мен бағыттарын айқындау;
- кӛркем шығармашылықты қалыптастыруды ойдағыдай қамтамасыз ете
алатын негізгі талаптар мен шарттар.
Сондықтан, бұл мәселені тек қана таным мақсатында ғана кӛздемей,
бүгінгі шындық және шеберлік халықтық дәстүрлі ӛрнек ӛнерінің кӛркем
шығармашылығын үйрене білу тұрғысынан алып отырмыз.
Дизайнер мамандарының ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылыққа
даярлаудың негізгі элементтерін айқындай келе, ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем
шығармашылықты дамытудың философиялық жүйелерін талдай келе мынадай
жорамал ұсындық: «ӛрнек ӛнеріндегі кӛркем шығармашылық кең
мағынасында. шығармашылықтын даму тетігі ретінде, кӛркемдік дамуға
жетелейтін ӛзара байланысқан әрекет ретінде кӛрінеді».
Сондықтан да, сол ӛткендегі адам баласы жасаған ӛнер табыстарын
ӛзіміздің мирасымыз, мұрамыз деп қарайтын болсақ, оларды терең түсінбей
тұрып ешуақытта кӛркем шығармашылыққа дұрыс қадам жасай алмаймыз.
Әдебиеттер
1.
Амиргазин К.Ж. Художественная обработка кожи и меха (содержание и
методика обучения) в кружках общеобразовательных школ. Каз ССР.
Автореф дисс... канд, пед. наук. -М., 1981. - 15 с.
2.
Әбдіғапарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою-ӛрнектері. – Алматы: Ӛнер, 1999. –
125 б.
3.
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. - Б. 3. - 231 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются обучении основание философского
подхода дизайнеров, через орнаментного искусства художественных
творчеств
Summary
In this article examined educating founding of philosophical approach of
designers, through decorative pattern art of artistic творчеств
286
ӘОЖ 94(574):904
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ермашова Н.О. ғылыми қызметкер
«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі»
Резюме:
В данной научной статье рассматриваются некоторые актуальные
вопросы в формировании и развитиимузей в Казахстане
Summary:
In this scientific article discusses some current issues in the formation and
development of the museum in Kazakhstan
XIX ғ. Қазақстандағы алғашқы музейлердің пайда болуы сол кездегі
саяси-әлеуметтік, экономикалық ӛзгерістерге байланысты болғаны белгілі.
Арнаулы мақсаттарға негізделіп жұмыс жүргізген статистикалық комитеттер,
ғылыми архивтік комиссиялар, жеке ғалымдар мен зерттеушілер, әр түрлі
шенді зиялылар қазақ халқының материалдық және рухани туындыларын,
археология, табиғат, жануарлар дүниесіне, этнографияға байланысты
жәдігерлерді жинады. Сол кездегі музейлер қоры ӛлкетанушылардың жеке
коллекцияларының негізінде кӛбейіп, дамып отырды.
Қазақстанда музейлік ӛлкетану жұмысының жүзеге асырылу барысын
мына бір мәліметтен байқауымызға болады: ―Қазақстандағы музейлік-ӛлкетану
жұмысына бұқара қауым қызығушылығын туғызып, кӛптеп тартыла бастады.
Бұл түсінікті де. Жаңа қоғамда ӛзін-ӛзі әлеуметтік жағынан анықтау, ұлан-
ғайыр территорияны ғылыми тұрғыдан зерттеу мәдени дамудың жемісі болуы
қажет‖, - деп кӛрсетілді.
Ӛлкетану музей қызметінің негізгі бағыттарына келетін болсақ, Қазан
тӛңкерісіне дейінгі музейлердің алдында ӛлкенің тарихы мен табиғатын
бейнелейтің заттарды жинақтау міндеттері тұрғандықтан оларда негізінен
археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, зоологиялық, ботаникалық,
палеонтологиялық коллекциялар жинағы қалыптасты. Мысалы: Орынбор
музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекеттік музейі) табиғи бӛлімнің құнды
заттармен жабдықталуына белгілі профессорлар Э.Эверсман, Н.А. Зарудный,
Карелин, Карженскийдің коллекциялары мен ғылыми еңбектері негіз болады.
Семей музейінде Абай Құнанбайұлының, Ш. Уәлиханұлының коллекциялары
мен кітаптары сақталған [1].
Музей жұмысының негізгі бағыты оның қорлары, дәлірек айтқанда, қор
жинақталған музейлік заттар арқылы жүзеге асырылады. Музейлік зат –дегеніміз
музей қорындағы, белгілі бір тарихи кезеңге тиісті, шынайы ӛмірден алынған,
ұзақ мерзім сақталған, оның міндеттерін жүзеге асыруда қолданылатын музейлік
құны бар зат. Музей қоры дегеніміз – музей жинағы құрамындағы ғылыми–
қосалқы материалдар және музейлік мәні бар заттардың ұйымдасқан жиынтығы.
287
Музей қорларындағы заттар музей саласына қарай топтастырылып, бүкіл музей
жұмысында
пайдаланылады.
Музей
қорларының
жабдықталуы
а)
экспедициялық-жинақтау; ә) жеке адамдар коллекциялары; б) мекемелерден,
ғылыми орталықтардан, басқа музейлерден келіп түскен заттар арқылы толығып
отырады. Жинақтау жұмысының талаптары: а) материалдың ғылыми сұрыпталуы
(заттың атауы, шыққан жері, пайдалануы, жасаушысы, ӛмір сүрген ортасы,
шыққан жылы т.б.) жатады; ә) заттың құндылығын анықтау мақсатында
неғұрлым мол ақпарат жинастыру (суретке түсіру, әңгімелесу); б) жинақталған
заттарды ғылыми зерттеу арқылы әрқайсысын тіркеу кітабына енгізу;
талаптардың орындалумен байланысты. Музейдің толыққанды қызмет істеуі
жоғарыда айтылған талаптардың орындалуымен байланысты болады. XIX
ғасырда қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан, Орынбор, Жетісу және Семей
музейлерін қалыптастыру және дамыту бағытындағы оңтайлы істер атқарылып
жатты [2].
1831 жылы Орынбор қаласында музейдің құрылуын Қазақстанның бас
музейін ұйымдастырудың негізі қаланған уақыт деп есептеуге болады. Орынбор
қаласындағы алғашқы музей 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы, генерал-
адъютан, граф Павл Петрович Сухтеленнің бастамасымен ұйымдастырылды.
Музейдің алғашқы меңгерушісі болып философия магистрі Ф.К. Зан
тағайындалды. Кеңес ӛкіметі кезіндегі Қазақстан музей ісінің қалыптасу мен
дамуы 1921 жылғы ҚАССР Халық ағарту комисариатының «Орынбор ӛлкелік
музейін Қырғыз ӛлкесінің Орталық ӛлкетану ғылыми музейі ретінде қайта құру»
туралы қаулысының қабылдануынан басталады.
1925 жылы 15-19 сәуірінде Республиканың жаңа астанасы Қызылордада
Қазақстан Кеңестерінің V съезі ӛтті. Съезде халықтың тарихи «қазақ» атауын
қайтарып, республиканың атауын Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы атауына ауыстырылды. Орынбор Ресей Федерациясына қарады.
Ал, республиканың барлық басқару органдары Қызылордаға ауыстырылды.
Алайда керекті ғимараттардың болмағындығынан кӛптеген мекемелер, оның
ішінде ОӚМ-де уақытша Орынборда қалды.
1929 жылы 4 қаңтарда кӛшуге байланысты дайындық жұмыстары 20
наурызда аяқталады. Музей директоры «Орынбордағы Қазақстан орталық
Ӛлкелік музейі жұмысының аяқталуы» туралы бұйрық шығарады. 1929 жылы
шілдеде Қазақстан ОӚМ Алматыға толық кӛшіп келіп, 13 шілдеде музей
кеңестінің отырысы Қазақстанның Орталық Ӛлкелік музейін Қазақстанның
Орталық Музейі деп атау туралы шешім қабылдады [3].
XIX ғ. аяғында Қазақстан территориясында Орынбор, Семей қалаларынан
басқа музей ісі дамыған тағы бір мәдени, ғылыми орталық Жетісу болды. Жетісу
жерінде 1879 жылы облыстық статистикалық, комитетінің жемісті еңбегінің
нәтижесінде орыс география қоғамының Жетісу бӛлімшесінің ашылуы
Верныйды Қазақстанның ірі ғылым мен мәдениет орталығына айналдырды. 1898
жылы Жетісу облыстық статистикалық, комитеттінің жанынан областық
ӛлкетану музейі мен кітапхана ұйымдастырылды.
1870 ж. Жетісу ӛлкесіне Шығыстану факультетінің түлегі Н.Н.Пантусов
келді. Ол Түркістан, Жетісу статистикалық комитеттерінің, Археологиялық
288
комиссияның, Қазан университетінің жанындағы археология, тарих және
этнография қоғамының мүшесі болды.
Н.Н. Пантусов Жетісудың географиясын, археологиясын, этнографиясын,
ауыз әдебиетін зерттеген ірі ғалым болды. 1896-1907 жж. ол статистикалық
комитеттің қызметін басқара отырып, Верныйда мәдениет пен білімнің
дамуына үлкен ықпал етті. 1898 ж. Н.Н. Пантусовтың ұйымдастыруымен
Жетісу музейі құрылды. Музей тарихи және археологиялық бӛлімдерден
құрылған болатын. Н.Н. Пантусов археология саласын зерттеуші ғалым ретінде
1897 ж. Қапшағай шатқалында 18 тас тапты.
1898 жылдан бастап музейге заттар жеке адамдардың, уез бастықтарының,
оқу орындары мен жергілікті және орталық орындардағы жанашырлардын қол
ұшымен ғана жиналған еді. Музейге алғаш коллекцияларын ӛткізген Жетісу
облыстық статистиклық, комитетінің мүшелері Э.О.Баум және К.А. Ларионов
болды. Жетісу ӛлкетану музейінің алғашқы директоры және оның қорының бас
сақтаушысы жергілікті ӛлкетанушы Е.В. Недзвецкий болды. В.Е. Недзвецкий
Жетісу облыстық музейін басқара отырып, оның қалыптасуы мен дамуына аса
маңызды үлес қосты. Қазіргі кезеңге дейін Қазақстанның Орталық Мемлекеттік
музейінде «Тірі табиғат» бӛлімінде қойылған экспонаттардың бірқатары
Недзвецкийдің қолымен дайындалған еді [4].
Музей қорын толықтыру мақсатында музей Жетісу ӛлкесіне жиі
экспедициялар жасап тұрды. Оның нәтижесінде қазақ халқының тұрмыстық
заттармен қатар ұлттық киімдер жиналды. Жетісу облыстық музейі Рессейдің
белгілі кеңселері кӛңіл аударған. Тек 1905 жылы Жетісу территориясында
ғылыми мақсатта үш экспедиция ӛткізілді: 1) Томск Университетінің профессоры
В.В.Сапожников бастаған экспедиция; 2) Императорлық орыс қауымының
мүшесі Л.С. Берг Балқаш экспедициясын басқарған 3) Ӛсімдік бағының басты
ӛсімдіктанушысы В.И. Липский [5].
1918 жылға дейін Жетісу Ӛлкетану музейінің меңгерушісі қызметінде
музейдің қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1922 жылы музейге В.Д. Городецкий
меңгеруші болды. В.А. Городецкий музей қорының жаңа экспонаттармен
толықтырылуына, ғылыми-зерттеу жұмысы-ның деңгейінің кӛтерілуіне кӛп
еңбек сіңірді.
1877 ж. Н.Г. Хлудов Верныйға келіп, ӛмірін Қазақстанмен ұштастырды.
Түркістан
археология
әуесқойларының
үйір-месінің,
Жетісу
Орыс
географиялық қоғамының жұмыстарына белсене қатысты. Н.Г.Хлудов бар
ӛмірін ӛлкені зерттеуге, ағартушылық ісіне бағыттады. Отыз жыл ішінде
ӛлкетанушы-этнограф ретінде қазақтардың ӛмірімен танысып, үлкен суреттер
жинағын жазды. 130 бейнелеу ӛнері туындыларының 78-і Қазақстан Орталық
музейінде сақтаулы тұр.
Сонымен қатар, Жетісу тарихи-ӛлкетану музейінің қызметкерлері
профессор Бродский Шелек ӛзені бойына зоожағрафиялық экспедиция жасаса,
зоолог Шнитников Шу ӛзені бойына, профессор Мухин Іле ӛзенінің бойына және
Шымкент уезіндегі Ақ-Бастау және Қара-Бастауда жүргізген палеонтологиялық
экспедициялар туралы мәліметтер сақталған [6].
Жетісу облыстық музейдің қызметі тарихты зерттеулер, этнография,
289
ревалюцияға дейінгі Қазақстанның мәдени, ғылыми орталығына айналдыру.
1929 жылы музей Қазақстанның Орталық музейіне қосып, Жетісу
облыстық музейінің бұдан кейінгі тарихы Орталық мемлекеттік музейдің
тарихымен тікелей байланысты болды.
Семейде 1878 жылы Облыстық статистикалық комитеттің құрылуы, Орыс
географиялық
қоғамы
бӛлімшесінің
ашылуы
қаланы
Қазақстанның
шығысындағы ғылым мен мәдениет орталығына айналдырды. Статистикалық
комитетің алғашқы секретары Е.П. Михаэлис болды. Осы Е.П. Михаэлистің
коллекция жинауы негіз болып Семей музейі құрылды [7].
Семей музейінің қалыптасуында оның алғашқы ашылған күнінен 1897
жылға дейін меңгерушісі болып келген М.И. Суворцев едәуір еңбек сіңірді. Ол
музей қорын сол ӛңірдегі археологиялық, этнографиялық және табиғатты
бейнелейтін жәдігерлермен толықтыруға күш сала отырып, оларды дұрыс, жүйелі
түрде орналастыра білді. 1883 жылдың 11 қыркүйегінде жинастырылған
жәдігерлер мен кітаптар негізінде Семей қаласында алғашқы музей мен кітапхана
ашылды. Түрлі бағыттағы кітаптардың жинақталуы музейдің кітапхана қорын
ұлғайты. Қазақ халқының ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбайұлы ӛзінің
досы Е.П. Михаэлиспен Семей кітапханасында танысқан еді. 1886 жылы 4
мамырда Е.Михаэлистің ұсынуымен Абай Құнанбайұлы Семей статистикалық
комитетіне мүше болып қабылданды. Сонымен қатар, Абай және оның әкесі
Құнанбай Семей музейіне ұлттық үлгіде жасалынған әйелдердің түрлі
әшекейлерін, киім-кешек пен алаша–кілемдерді сыйға тартты.
Кӛп жылғы ӛлкетанулық еңбектерін нәтижесінде ағайынды Белослюдовтар
ӛздерінің үй музейін құрды. Бұл геология, минерология, палеонтология,
антропология, кӛне заттар, нумизматика, этнография және сурет галереясын
қамтыған бӛлімдерден тұрған музей болды. Археология бӛлімінде алты жүзден
аса зат болды, ал нумизматика бӛлімі мыңнан аса алтын, күміс, мыс теңгелер
жиынтығын қамтыған еді. Ағайынды Белослюдовтар Семей облыстық тарихи-
ӛлкетану музейінің қалыптасуына кӛп еңбек етті. А.Н.Белослюдов кӛптеген
жылдар бойы музей меңгерушісі болды. 1911 ж. ағайынды Белослюдовтар
музейге ӛздерінің үй музейлерінен 500 заттан тұратын коллекциясын табыс етті
[8].
Сонымен, Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы музейлерге негізінен
әлеуметтік және жаратылыстану тарихын бейнелейтін заттар ашылған. XIX
ғасырларда әр облыста жүргізілген кӛптеген экспедициялар жұмысы ӛлкетану
музейлерінің қалыптасуына әсер етті. Алғашқы ӛлкетану музейлері Орынбор,
Семей және Жетісу ӛлкелерінде пайда болды. Сол кездердегі қиыншылықтан
осы аталған музейлер қалыптасып, одан әрі дамуда.
Достарыңызбен бөлісу: |