Министрлігінде тіркелген. Куәлік №2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#7900
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Бақылау  жұмысы.  Оқу  бағдарламасының  жекелеген  тақырыптарын  және 
бөлімдерін  өтіп  болған  соң  жазбаша  немесе  тәжірибелік  бақылау  жұмыстары 
өткізіледі. 
Бақылау  жұмысының  алдында  мұғалім  оқушылардың  оқылған  материалды 
меңгергенін  анықтау  мақсатымен  жазба  жұмыстарын  жүргізеді.  Егер  оқушылар 
тақырыпты  не  бөлімді  жақсы  меңгермесе,  онда  бақылау  жұмысы  жүргізілмейді,  оқу 
материалын меңгерту бағытында еңбектенеді. 
 Оқушылар  бақылау  жұмысына  дайындалу  үшін,  мұғалім  бақылау  жұмысы 
болатынын  бір-екі  апта  бұрын  хабарлап,  дайындық  жұмыстарын  ұйымдастырады. 
Мысалы,  бақылау  жұмысына  ұқсас  тапсырмалар  орындау  және  жаттығулар  жазу. 
Алдын  ала  бір  бақылау  жұмысын  жүргізіп,  оқушылардың  болашақтағы  бақылау 
жұмысына дайындығын тексереді. 
 Оқушылардың  үй  жұмысын  тексеру  –  бастауыш  мектептегі  негізгі  әдістердің 
бірі. Күнбе-күнгі  тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген 
білімнің  сапасын  бақылап,  оқушылардың  біліміндегі  кемшіліктерді  анықтап,  келесі 
сабақтардың  жоспарларына  түзету  енгізеді.  Дәстүрлісі  және  тиімдісі  –  оқушылардың 
үй  жұмыстары  орындалған  дәптерлерді  тексеру.  Оқу  үлгерімі  нашар  оқушылардың 
дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге 
болады.  Кейде  сабақтың  соңында  үй  жұмысын  тез  тексеруге  болады,  ол  үшін 
оқушылар  жаттығу  жазып,  немесе  шағын  өздік  жұмыс  орындап  жатқан  кезді 
пайдаланған  дұрыс.  Оқушылар  тек  дұрыс  жауапты  айтады,  мұғалімнің  қате 
жауаптарды  талдауға  уақыты  жетпейді.  Сондықтан  осындай  тексеруден  кейін  нашар 
оқушылармен жұмыс істеледі 
Неге тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері 
неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты. 
 Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі 
болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері 
талданады.  "Енді  жоспарланған  көрсеткішке  неге  толықтай  жете  алмадық?"  -  деген 
сұраққа  жауап  беру  керек.  "Оқыту  процесі  тиімді  болу  үшін  не  істеу  керек?"  -  деген 
сұраққа диагностика жауап береді. 
 Диагностика нәтиже  мен  процесті  бірге  зерттейді.  Оқушының  еңбегі  мұғалімнің 
еңбегімен  бірге  талданып,  оқушының  мүмкіндігі,  қабілеті  және  икемділігі  зерттеледі. 
Мұғалімнің  жұмысына  ықпал  еткен  жағдайлар  ескеріледі.  Тексеру  оқушының 
"оқығым  келмейді"  деген  пікірімен  санаспайды.  Ал  диагностика  онымен  санасады, 
оқушының  оқуға  ынтасын  арттыру  тәсілдерін  табады.  Мысалы,  тексеру  арқылы  3-
сыныптың  оқушысы  барлық  тапсырманы  дұрыс  орындағаны  анықталады.  Мұғалім 
оған  "өте  жақсы"  деген  баға  қойды  және  мадақтады.  Процесс  те,  нәтиже  де  жақсы 
сияқты.  Тек  қана  диагностика  оқушының  "өте  жақсы"  баға  алғаны  есте  сақтау 
қабілетінің  жақсылығынан  екендігін,  бірақ  оның  ақыл-ой  жұмысына  қабілеті 
нашарлығын  анықтайды.  Мұғалім  кемшілікті  жою  мақсатымен  оқушыға  түрлі 
тапсырмалар береді. 
 Дәстүрлі  тексеру  нәтижелерді  бағалап,  олардың  себептерін  түсіндірмейді. 
Диагностика  арқылы  оқушылардың  білім,  іскерліктері  тексеріліп  бағаланады,  сандық 
мәліметтер  талданады,  бағыттар  айқындалып,  одан  арғы  жұмыстар  болжанады. 
Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі 
тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық 

 
151 
сапаларын,  атап  айтсақ,  есті,  зейінді,  ақыл-ойды,  т.б.  зерттеу,  жеке  оқушылармен 
жұмысты  жобалау  әдісі  қолданылады.  Қазіргі  мектепте  қолданылатын  диагностика 
педагогикалық  қатынастар  жүйесіндегі  оқушыны  (сыныпты)  жан-жақты  зерттеуге 
мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы. 
 Дәстүрлі  тексеру  әдістері  диагностика  арқылы  ізгілікке  қызмет  етіп,  мектепте 
жақсы  қарым-қатынас  орнатады.  Диагностика  оқушыларды  "орташа",  "үздік"  деп 
бөлмей,  олардың  мүмкіндіктерін  анықтайды.  Диагностикалық  қорытындылар  дәл, 
толық  болу  керек.  Барлық  мұғалімдер  гуманистік  идеяларды  мойындағанда  ғана 
диагностика  арқылы  әрбір  оқушы  туралы  ақпараттар  жиналып,  оның  қабілетін, 
дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады. 
 Білім  берудің  жаңа  мазмұнын  әзірлеу  оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін 
бағалаудың  жаңа  тәсілдерін  қажет  етеді.  Әлем  бойынша  оқушыларды  бағалау  үшін 
критериальды жүйесі қолданылады. Бұл білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес 
келетін, критерия үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала белгілі, ұжымдық 
тұрғыда  әзірленген,  оқушының  оқудағы  жетістіктері  нақты  анықталған  салыстыруға 
негізделеді.  Ондаған  жылдар  бойы  оқушының  жетістіктері  оның  өзге  замандасының 
нәтижелерімен  салыстыруға  байланысты  бағаланып  келді.  Критериальды  бағалау 
әрбір оқушының оқудағы жеке траекториясын анықтайды. 
 Оқушының  өзін-өзі  бағалауы  өте  тиімді  екеніне  көзім  жетті.  Қазіргі  уақытта 
әрбір  оқушыда  бағалау  дәптері  болғандықтан  оқушының  күнделігі  де  оншалықты 
қажет  болмай  қалғанын  да  жасырғым  келмейді.  Балдық  жүйе  бойынша  бағалау 
критериін жасау алдағы уақытта сапалы да нәтижелі білімнің жемісін көрсетері анық. 
Сондықтан  оқушының  өзін-өзі  жүйелі  бағалап  отыруы  өзіне  деген  сенімнің  де 
тұрақтауына мүмкіндік береді деп ойлаймын.  
 
 
Мамалакова К.С., Абдрахманова К.Т. 
 
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ЖЕКЕ БІЛІМ БЕРУ КАРТАСЫН 
ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Данная  статья  раскрывает  индивидуальную  работу  с  учащимися  при  подготовке  к 
ЕНТ.  Вданной  статье  представлена  одна  из  эффективных  форм  работы,  которая  дает 
положительные результаты. 
This  article  reveals  the  individual  work  with  students  in  preparation  for  UNT.  This  article 
presents one of the most effective forms of work that gives positive results. 
 
Кез  келген  сабақтың  тиімділігі  мұғалім  оқушыларға  не  бергенімен  емес,  олар 
оқыту  үдерісінен  не  алғанымен  анықталады  (сабақтан  немен  кетті).  Мұғалімнің 
міндеті  –  оқыту  үдерісін  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  дамуымен,  олардың 
саналық  әрекетінің  негізгі  тетіктері  қалыптасумен  байланыстыра  білу.  Мұғалім 
әрекетінің  сынағы  соңғы  нәтиже  болып  табылады:  оқушыға  тек  пән  бойынша  білім 
беріп  қана  қоймай,  тұлға  қалыптастыру.  Оқушылардың  шығармашылық  әрекеті  тек 
жаңаны қабылдауымен шектелмейді. Жұмыс оқушы өзі ойланғанда, тапсырма беріліп, 
ол игерілген білім арқылы шешімін тапқанда ғана шығармашылық болады. 
Осылайша, оқушы мұғалім оқытатын адам емес, керісінше мұғалімнен үйренетін 
адам. Мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырушы, оқушыларға қажетті қолдау мен көмекті 
беретін  жеке  іс-әрекет  жетекшісі  ретінде  көрінеді.  Бұл  оқыту  үдерісінде  басты 
«жұмысшы»  оқушы  болатын,  оқыту  әрекеті  тұлға  қалыптастыруға  бағытталған,  ал 
негізгі түрткісі оқу-танымдық болып табылатын сабақ. 

 
152 
Білім  үдерісіне  ұлттық  бірыңғай  тестілеуді  енгізу  бізден,  қазақ  тілі 
мұғалімдерінен  тек  оқушыларды  ҰБТ-ға  дайындау  әдістемесін  өзгертуді  ғана  емес, 
сонымен қатар тақырыпты түсіндіру, бекіту және  қайталау тәсілдерін өзгертуді талап 
етті.  Бір  түрі  –  тест  бойынша  үй  тапсырмалары,  бұл  әр  оқушының  әр  тақырып 
бойынша  білім  деңгейін  бақылауға  және  қайталау  үдерісін  жекешелендіруге 
мүмкіндік береді. Тексеруден кейін қателерді талдау, сонымен қатар ерекше қиындық 
тудырған  тапсырмаларды  талдау  жүзеге  асырылады.  Осы  бақылау  жұмысының 
тапсырмалары  қазақ  тіліне  деген  қызығушылықты  тудырып,  өздік  жұмыс  орындау 
дағдыларын қалыптастырады.  
ҰБТ-  ға  дайындаудың  ең  тиімді  тәсілі,  біздіңше,  мұғалім  дайындайтын  жеке 
білім  беру  картасы  болып  табылады.  Әр  оқушыға  пән  бойынша  тест  тапсырғаннан 
кейін  жеке  білім  беру  картасы  жасалады.  Жеке  карта  пән  бойынша  оқу 
материалдарының  тақырыптық  тізімін  құрайды.  Ол  тест  тапсырғаннан  кейін 
қалыптасады және үнемі кезекті тесттен кейін өзгеріп отырады. 
Кесте 1. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (10 сынып) 
Этап, 
цель 
работы 
Вид работы  
(что делать) 
Сроки  Как 
делать, 
что 
использовать 
Оцен
ка 
Қазақ 
отбасы. 
Фонетика. 
Дыбыс 
үндестігі.  
 
1. 
Повторить 
теоретический 
материал.  
2. 
Выполнить 
фонетический разбор. 
3. 
Пересказать 
тексты. 
4.  Уметь  отвечать  на 
вопросы. 
5. 
Выучить 

пословиц. 
3.09-
10.09.
2011 

Қ.т.10кл. 
Алматы 
«Мектеп»,2010ж., 
стр.39-
правила; §1текст IV;  
2.  Т.М.Артыкова  «Опорные 
схемы 
по 
казахскому 
языку», 
Алматы 
«Атамұра»2005, 
блок 
№1,2,3;  
3. 
Қ.т.9кл. 
Алматы 
«Атамұра»,2005ж.,стр. 
45-
46; 
 урок  №1  упр№4;  урок№2 
упр№2. 
 
Қасиетті 
қара 
шаңырақ.  
Зат  есімнің 
жалғаулары 
(көптік, 
септік, 
тәуелдік, 
жіктік). 
1. 
Повторить 
теоретический 
материал.  
2.  Уметь  правильно 
определять 
виды 
окончаний, 
знать 
пути 
способы 
образования 
притяжательных, 
личных 
окончаний, 
знать 
падежные 
вопросы и окончания. 
3. 
Пересказать 
тексты. 
4.  Уметь  отвечать  на 
вопросы. 
12.09-
26.09.
2011 
1. 
Қ.т.10кл. 
Алматы 
«Мектеп»,2010ж.,  стр.60-61-
правила; §1 текст IV;  
2.  Т.М.Артыкова  «Опорные 
схемы по казахскому  
 языку», 
Алматы 
«Атамұра»2005, 
блок 
№6,7,8;  
3.Қ.т.9кл.Алматы 
«Атамұра»,2005ж.,стр. 
45-
46;  урок  №1  упр№1,3;  урок 
№2 упр. №1. 
 
 
Ақ 
бата. 
Қазақтың 
ұлттық 
1.Повторить 
и 
выучить 
теоретический  
1.10-
6.10.2
011 
1. 
Қ.т.10кл. 
Алматы 
«Мектеп»,2010ж.,  стр.15;  §1 
текст  IV;  стр.154;  §7  текст 
 

 
153 
тағамдары. 
Синонимдер

антонимдер, 
омонимдер. 
 материал.  
2. 
Выучить: 
Антонимы-20;  
 Синонимы-15; 
Омонимы-10; 
3. 
Уметь 
задавать 
вопросы к заданной  
 теме. 
4. Написать конспект, 
реферат на тему:  
 «Қазақтың 
ұлттық 
тағамдары ». 
VI; 
2. 
А.Тұрлыбаева 
«Ақ 
бата»,Алматы «Өнер»1992; 
3.  Т.М.Артыкова  «Опорные 
схемы по казахскому  
 языку», 
Алматы 
«Атамұра»2005, блок №4. 
Кесте 2. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (11 сынып) 
Этап,  цель 
работы 
Вид работы (что делать) 
Сроки 
Как 
делать, 
что 
использовать 
Резуль
тат 
Етістік 
Етістіктің 
шақтары 
1. Етістіктің ережесі 
2.  Нақ  осы  шақ  және  оның 
түрлері 
3.  Келер  шақ  және  оның 
түрлері 
4.  Өткен  шақ  және  оның 
түрлері 
Январь 
(2-
3нед.) 
1.  Опорные  схемы 
стр.18-19 
2.  Қ.т.  5кл.стр.109-
111 
3.  Қ.т.  6кл.стр.102-
103, 108 
4. Қ.т. 7кл.стр.60-61 
 
Етістіктің 
райлары 
1. Ашық рай (мысал) 
2. Бұйрық рай (мысал) 
3. Шартты рай (мысал) 
4. Қалау рай (мысал) 
Январь 
(4нед.) 
1.  Опорные  схемы 
стр.19 
2. Қ.т. 5кл.стр.110 
3. Қ.т. 6кл.стр.114 
4. Қ.т. 7кл.стр.81 
 
Есімше 
Көсемше 
Етіс 
1. Есімшенің жасалу ережесі 
2. 
Көсемшенің 
жасалу 
ережесі 
3. Етіс түрлері 
Феврал
ь 
(1-
2нед.) 
1.  Опорные  схемы 
стр.20 
2. Қ.т. 7кл.стр.102 
3. Қ.т. 7кл.стр.113 
 
Үстеу 
1. Үстеудің ережесі 
2. Үстеудің сұрақтары 
3. Үстеудің түрлері 
Феврал
ь 
(3-
4нед.) 
 
1.  Опорные  схемы 
стр.21 
2. Қ.т. 5кл.стр.134 
3.  Қ.т.  6кл.стр.131-
132 
 
Жеке  білім  беру  картасын  қолдану  технологиясы  «Барлығын  емес,  жеке-жеке 
оқыту»  ұстанымын  ұстанады  және  өзінің  соңғы  кезеңінде  оқушылардың  қазақ  тілі 
пәнінен ҰБТ тапсыру кезіндегі білім сапасының артқанын байқатады.
 
Жеке білім беру карталарын қолдану арқылы қорытынды қайталау үдерісі қалай 
құрылады? 
Ең  алдымен  ҰБТ  материалына  кіретін  әр  тақырыпты  сынып  оқушыларының 
меңгеру  сапасының  диагностикасы  жасалады.  Бұл  диагногнистка  жыл  бойы  немесе 
оқушылардың әр кешенді тестілеуінен кейін жасалып отырады. Диагностикадан кейін 
мұғалім  жақсы  меңгерілген  және  де  әлі  де  қайталауды  қажет  ететін  тақырыптарды 
анықтайды.  Осыған  сәйкес  мұғалім  материалды  тақырыптық  жағынан  бөлуді 
жоспарлайды. 
Сабақты қайталау жүйесі тақырыптық және грамматикалық блоктардан тұрады, 
мысалы,  «Фонетика»,  «Лексика»,  «Морфология»,  «Құрмалас  сөйлем  синтаксисі», 

 
154 
«Лексикалық тақырыптар», «Пунктуация», т.б. Әр блок сәйкесінше ұйымдастырылған 
белгілі сабақ көлемінен тұрады. 
Жеке  білім  беру  картасы  оқушылар  орташа  деңгейде  меңгерген  тақырыптарға 
жасалады. Қалған тақырып бойынша олар қалған оқушылармен бірге жұмыс жасайды.  
Қайталау бойынша жеке білім беру картасының құрылымы келесідей: 
 әр  сабақ  сайын  тақырыпты  қайталау  жүріп  жатқанда  оқушы  карточка  түрінде 
үш блок бойынша құрылған жеке үй тапсырмасын алады: грамматикалық терминдер, 
лексикалық тесттер, өздік жұмысқа арналған тесттер; 
 келесі сабақта үй тапсырмасын талдау барысында бұл балалар жауаптары бар 
тесттерді алады, өзін-өзі тексеру жүргізіледі; 
 келесі  кезең:  мұғалім  туындаған  сұрақтар  бойынша  кеңес  береді,  оқушылар 
үйде орындай алмаған тапсырмаларын аяқтайды; 
 Ары қарай бұл оқушылар сыныптағы жалпы жұмысқа қосылады.  
Сабақ аяқталғаннан  кейін  олар  қайтадан  үйге  жеке  тапсырма алады;  жеке  білім 
беру  картасы  бойынша  жұмыс  жасайтын  балалар  өз  қалауы  бойынша  сыныптағы 
жалпы үй жұмысын да орындай алады. 
Оқушылардың  дайындығын  жеке  білім  беру  картасы  арқылы  ұйымдастыру 
мұғалімдерге  оқушылардың  білім,  білік  пен  дағдысының  өсу  деңгейін  бақылауға, 
оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. 
3  жыл  ішіндегі  ҰБТ  нәтижесі  бойынша  оқушылардың  білім  сапасы 
мониторингісінің диаграммасын ұсынамыз. 
2007-2012 жж. ҰБТ нәтижелері 
Учебный год 
 ЕНТ-11 класс 
(средний балл) 
качество ЗУН (в %)  
2008-2009 
17,3 
87,2 
2009-2010 
15,9 
81,6 
2010-2011 
19,4 
100 
2011-2012 
 20 
100
 
 
 
 
 

 
155 
Әдебиет: 
 
1. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы // Астана, 2011. 
2. 
К.  Құдайбергенова.  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критерий  //  «білім сапасын 
бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық 
ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б 
3. 
Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік:  Педагогика  /  О  74  Жалпы  редакциясын  басқарған 
э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. 
4. 
Б.А.  Тұрғынбаева.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті  арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 
 
 
Айтанова Г.М.  
  
БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ 
 
В данной статье говорится о значимости начальной школы как основы всех знаний
 This article speaks of the importance of primary education as the foundation of all knowledge.  
Еңбегі жоқ ғалым-ыстығы 
жоқ жалын халық мақалы 
 
Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл, 
өзіне-өзі  сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүниетанымы  дұрыс  қалыптасқан 
азамат  етіп  тәрбиелеуде  мектептің  алатын  орны  айрықша.  Мектеп  қазіргі  қоғамның 
дамуымен,  әлеуметтік  практикамен  тығыз  байланысты.  Мектеп  өмірі  балаға  жаңа 
әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. 
 Тәрбиенің  сан  салалы,  күрделі  мәселе-леріне  терең  бойлауға  бастайтын,  күнделікті 
тұрмыста  кездесетін  дағдылар  арқылы  баланың  жан  дүниесіне  әсер  ететін  білім  мен 
тәрбиенің  алғашқы  баспалдағы  –  бастауыш  мектеп.  Бастауыш  саты  –  білім,  дағды, 
іскерліктің  қалыптасуының  бастамасы  болып  табылады.  Келешекте  жалпы  білім  алу 
мен  кез  келген  арнаулы  мамандықтарға  талпынудың  іргетасы  осы  бастауышта 
қаланбақ. Сондықтан,  оның  сипаты  мен  мазмұны, оқытудың  әдістері  мен  формалары 
қазіргі  жағдайда  жан-жақты  талданып  отыр.  Өйткені,  баланың  жеке  бас  қасиеттері, 
оның  адамгершілігінің,  белсенділігінің  қалыптасуы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, 
шығарма-шылық  қабілетінің,  жалпы  мүмкіндіктерінің  ашылар  кезі.  Бастауыш 
мектептің  негізгі  міндеті  –  жеке  тұлғаны  дамытып,  оның  алғашқы  қалыптасуын 
қамтамасыз  ету,  білімге  деген  сенімін  нығайту,  іскерлігі  мен  дүниетанымын 
қалыптастыру,  оқуға  деген  қызығушылығын  оятып,  ынтасын  арттыру  болып 
табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты 
ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. 
Халқымыз  әрқашан  да  ұстаз  мәртебесін  көтеріп,  аса  жоғары  қастерлеп, 
бағалаған.  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  Үйретуден  балаға»,  «Адамның  адамшылығы 
жақсы  ұстаздан  болады»  деп  айтқан  ұлы  Абай.  Ал  чехтің  педагогы  Я.А.Коменский: 
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін 
сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. 
Мектеп  табалдырығын  аттаған  жас  бала  ертеңгі  ел  тұтқасы  десек,  оларды 
парасатты,  саналы  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  әрбір  ұстаздың  борышы.  Бүгінгі  мұғалім 
кіші  мектеп  оқушыларына  тек  білім  беріп  қана  қоймай,  оларды  халықтық  педагоги-

 
156 
каның  нәрлі  қайнарымен  сусындату,  әрбір  оқушы  бойында  ұлттық  мінез-құлық, 
адамгершілік,  сыпайылық  пен  кішіпейілділік  қасиеттерін  қалыптастыруға,  баланың 
жан  дүниесін  рухани  қазыналармен  байытуға,  қазақ  халқының  әдет-ғұрпын,  салт-
дәстүрін меңгертуге тиіс. 
Алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  жетілдіре  отырып,  оқу  үрдісіне  жаңа  әдіс-
тәсілдерді,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп,  оқушылардың  жалпы  дамуын 
қамтамасыз етуі  керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз 
нәрсені  ашуға  тырысатын  болғандықтан,  бастауыш  сынып  мұғалімі  олардың  осы 
талпынысын  дамытуға  көңіл  бөлуі  тиіс.  Оқушылардың  сүйіспеншілігін  арттыру 
мақсатында  сабақ  барысында  тиімді  әдіс-тәсілдерді  енгізіп,  оны  ұйымдастыру 
формасын  түрлендіріп  отыру  –  мұғалімнің  басты  міндеті  екені  белгілі.  Мұндай 
жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.  
Кіші  мектеп  оқушылары  үшін  мұғалім  олар  еліктейтін,  үлгі  ететін  абыройлы 
жан.  Олар  ұстазының  бүкіл  іс-қимылына, жүріс-тұрысына,  сөйлеу  мәнеріне,  адаммен 
қарым-қатынасына  еліктейді.  Сондықтан  да,  жауапкершілігі  мол,  адал  да  мейірімді, 
әділ  де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, 
оның  жан  дүниесіне  әсер  ете  алады.Қоғамымыздың  қазіргі  даму  кезеңі  мектептегі 
білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. 
Оқытудың  әртүрлі  технологиялары  жасалып,  білім  беру  мекемелерінің  тәжірибесіне 
енуде.  Жаңа  технологияны  меңгеруте  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, 
адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, 
тәжірибеде  жақсы  нәтиже  беруде.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды  күнделікті 
сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін,  әр  мұғалім  алдында  отырған  оқушылардың  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтық  мақсатына,  мүддесіне  сай  өзінің 
шеберлігіне  орай  таңдап  алады.  Бұл  жаңа  технологиялар  –  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  терең  ойлай  білуін,  теориялық  негіздерін,  эстетикалық 
көзқарастарын пайымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. 
 Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқу-тәрбие  үрдісін  жаңаша  таныту,  оның 
нәтижесінің  жоғары  деңгейде  болуын  қадағалау  жаңашыл  педагогтардың  қолында. 
Олар педагогикаға «Жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың 
мақсаты  –  оқушылардың  алатын  білімін  сапалы  ету,  оның  толық  қанды  жеке  тұлға 
болып  қалыптасуына негіз  алу.  Осыған  орай  жаңашыл  педагогтардың  педагогикалық 
технологиялары  көп  деп  саналады.  Мысалы  айтар  болсақ:  В.  Занковтың  «Дамыта 
оқыту технологиясы», Ш. Амоношвилидің «Білім беруді ізгіендіру технологиясы»,  
М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  және  де  «Сын 
тұрғысынан ойлау бағдарламасы», т.б көптеген технологиялар енгізілді. 
Бұл  педагогикалық  жаңа  технологиялар  бастауыш  сынып  мұғалімдерінде 
мынадай қағидаларды ұстанады. 
- оқуға шығармашылықтың енуі 
- мұғалі мен оқушының арасындағы ынтымақтастық 
- өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы 
- жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы 
 Яғни,  жеке  тұлғаға  бағытталған  оқу  тұлға  дамуының  сыртқы  әсерімен  бірге 
оқушының  ішкі  түрткілері  негізінде  жүргізілуі.  Сонымен  педагогикалық  жаңа 
технология  дегеніміз  –  тәжірибеде  жүзеге  асырылып  нәтиже  беретін  оқушылардың 
қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы. 
 Бүгінгі  күні  жаңа  технологиялардың  ішінде  әсіресе  бастауыш  сыныптарды 
«сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясының  стратегиялары  жиі  пайдаланылып  келеді. 

 
157 
Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  өте 
қажет екені белгілі. Атақты шығыс ғұламасы: «Өзіндік пікірі жоқ адамнан қорқу керек 
» дегендей өз ойын толық жеткізе алмайтын, біреудің жұмысына пікір айта алмайтын 
оқушы  да  жоқ  емес.  Білім  әлеміне  өз  үлесін  қосып  жүрген  ,  өз  халқының  болашағын 
ойлаған ұстаздар қауымын бұл жағдай бей-жай қалдырады деп ойламаймын. Осындай 
кемшіліктерді  болдырмау  үшін  ұстаз  әрдайым  жаңашыл  болуы  қажет.  Оқушыларда 
сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның 
шынайылығы мен ақпаратты түрде салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана 
білу  қабілеті  ,өзінің  оқуына  қатысты  таңдау  жасау  және  басқалардың  идеяларына 
күмәнмен  қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі.  Сыни  тұрғыдан  ойлау-Қазақстандағы 
білім беруді  дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі  ең басты педагогикалық 
түсінік. 
 Сыни  тұрғыдан  ойлаудың  негіздерін  кішкентай  балалармен  жұмыс 
барысында,  қажетті  дағдыларды  дамыту  мақсатында  білім  берудің  ерте  кезеңінен 
дамытуға  болады.  Бұл  жолдағы  ең  оңтайлы  тәсіл-балалардың  жеке  басының 
тәжірибесіндегі 
дәлелдерге 
мән 
беруге 
ынталандыру. 
Бізде 
балалардың 
қызығушылығын  оятып,олардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдыларын  дамыту  үшін 
қолдануға  болатын,  әлемнің  түрлі  бөліктеріндегі  және  тарихтың  түрлі  кезеңдеріндегі 
тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. 
 Бала  бойындағы  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерінен  табуды  қажет  ететін 
негізгі ерекшеліктер: 
Ұтқырлық:  ең  жақсы  түсініктемені  табуға  ұмтылу,үзілді-кесілді  жауаптарды 
іздеудің орнына сұрақ қою, эмоцияға емес, себепке негізделу. 
Сыңаржақтылықтың  болмауы:  барлық  қорытындыларды  бағалау;  болжамдық 
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру. 
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен 
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау. 
Тәртіп:тиянақты, нақты және жан-жақты болу. 
Өзіндік  сана-сезім:  өзіміздің  эмоциямыз  бен  көзқарасымыздың,  сеніміміз  бен 
болжамымыздың субьективті екенін сезіну. 
Жалпы  сыни  тұрғыдан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақ 
қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін стратегиялар пайдаланады; олар 
ауызша,  жазбаша,  көзбен  шолу  дәлелдеріне  сенімсіздікпен  қарай  отырып,ештеңеге 
сенбейді,  мұндай  адамдар  жаңашыл  идеялар  мен  келешекке  ашық  болады. 
(нұсқаулық) 
 «Сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясы  бойынша,  үш  кезеңнен  тұратын 
модульдік сабақты пайдаланады: 
- Шақыру 
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну) 
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы) 
Сондықтан жаңа технологияны пайдалану барысында үшке оқитын оқушының 
белсенділігі  артқанын  байқадым.  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясымен  жұмыс 
істеу  барысында  мол  тәжірибе  жинадым.  Әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолдану 
балалардың  тілін  дамытып,  тілді  меңгеруге  мүмкіндік  берді.  Жаңа  әдіс-тәсілдер 
арқылы  оқушының  не  білетінін,  нені  меңгеретінін,  нені  меңгергенін  білуге 
болатынына  көзім  жетті.  Соның  нәтижесінде  оларда  намыс  пайда  болып,  жанындағы 
оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасының арта түскенін байқадым. 
 Дидакт  -ғалымдардың  айтуынша,  дәстүрлі  дидактикада  жеті  кемшілік  бар 
екен: 

 
158 
 1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді. 
 2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді. 
 3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі. 
 4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді. 
 5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар. 
 6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді. 
 7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана. 
 Қорыта келгенде, оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен 
ынтасын  дамыту-  бүгінгі  таңдағы  негізгі  мәселенің  бірі.  Себебі,  оқушы  өз  бетімен 
ізденіп  жұмыс  істеуге,  өз  бетінше  алған  білімін  тәжірибеде,  өмірде  пайдалануға 
үйренбеген.  Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  дайын  білімді,  дағдыларды 
меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін,  тың 
жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға 
қалыптастыру 
міндеті 
тұр. 
Сондықтан, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
құзыреттілігін  қалыптастырып,  дүниетанымын  кеңейтуде  СТО  жобасын  сабақта 
қолданудың маңызы зор деп есептеймін. 
 Сыни ойлау туралы әр түрлі психологиялық әдебиеттерде әр  қилы айтылады. 
Мысалы: 
В.Г.Крутецкий – ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың 
ойларын белсенді бағалау дағдылы барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды 
нақты және жан-жақты тексеру. 
 Ал, отандық психолог Сәбет Бап-баба әр қандай шешім сындарлы ойға түсіп, 
жұрттың  айтқанын  не  өз  топшалауын  жалаң  құптай  салмай,  терең  сын  талдауға 
келтіріп «оң, не қарсы» тараптары таразылағанды талап етеді. 
 Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау 
тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып  оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  аса  дұрыс 
түсінік  емес.  Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз 
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 
 Әл-Фарабидің  «беделді  адам»  жөнінде  айтылған  ойлары  «құзырлылық» 
ұғымына қатысты ойлармен, энциклопедиялық сөздіктерде берілген түсініктемелердің 
астарын дәл мағынасында ашады деп түсінеміз. 
 Қорыта келгенде, оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен 
ынтасын  дамыту-  бүгінгі  таңдағы  негізгі  мәселенің  бірі.  Себебі,  оқушы  өз  бетімен 
ізденіп  жұмыс  істеуге,  өз  бетінше  алған  білімін  тәжірибеде,  өмірде  пайдалануға 
үйренбеген.  Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  дайын  білімді,  дағдыларды 
меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін,  тың 
жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға 
қалыптастыру 
міндеті 
тұр. 
Сондықтан, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
құзыреттілігін  қалыптастырып,  дүниетанымын  кеңейтуде  СТО  жобасын  сабақта 
қолданудың маңызы зор деп есептеймін. 
 Сыни ойлау туралы әр түрлі психологиялық әдебиеттерде әр  қилы айтылады. 
Мысалы:  В.Г.Крутецкий  –  ойдың  сыншылдығы  –  бұл  адамның  өзінің  және 
басқалардың  ойларын  белсенді  бағалау  дағдылы  барлық  ұсынылған  ережелер  мен 
қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру. 
 Ал, отандық психолог Сәбет Бап-баба әр қандай шешім сындарлы ойға түсіп, 
жұрттың  айтқанын  не  өз  топшалауын  жалаң  құптай  салмай,  терең  сын  талдауға 
келтіріп «оң, не қарсы» тараптары таразылағанды талап етеді.  
 Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау 
тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып  оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  аса  дұрыс 

 
159 
түсінік  емес.  Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз 
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.  
Әл-Фарабидің  «беделді  адам»  жөнінде  айтылған  ойлары  «құзырлылық»  ұғымына 
қатысты  ойлармен,  энциклопедиялық  сөздіктерде  берілген  түсініктемелердің 
астарын дәл мағынасында ашады деп түсінеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет