Міржақып Дулатұлы оян, Қазақ! Байбатыр Ержанұлы т ¥ Р, Қазақ! Әбілқасым Арғыни жатпа, Қазақ!



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата02.12.2023
өлшемі323,4 Kb.
#132711
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2
 жалпы 
і 
^ 6 ^ 


жұртының сол кездегі ауыр жағдайына алаңцаған Байбатыр Ержанұлы 
пен Әбілқасым Арғьши да өздерінің қоғамға айтар ойын Міржақып 
Дулатұлының әдіс-тәсілімен жеткізгенді дұрыс көрді. Сондықтан да 
«Тұр, қазақ!» пен «Жатпа, қазақтың» құрылымы, көтерер тақырыбы 
мен ішкі мазмұнына қарап, «Оян, қазақтың» дәстүрлі жалғасындай 
көрінетіні бар. Расында да XX ғасыр басындағы бейғамдық өмірді 
сын садағына алған ақындардың арман-тілегі, айтар ойы бір арнада 
тоғысып жатты. Десек те, эр ақынның сөз саптауы, жазу мэнері мен 
ой орамдары өздігімен ерекшеленіп тұрды. 
1909 жылы Орынборда басылған «Оян, қазақтың» мұқабасы: 
Көзінді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал қарап боп, 
Қазағым, енді жату жарамас-ты, -
деген жолдармен басылса, 1914 жылы Қазанда жарық көрген «Тұр, 
қазақ!» кітабы да: 
Қазағым, халың жаздым бұ кітапқа, 
Алыңыз оқуменен ілтипатқа. 
Жер кетіп, халің нашар болып қалды 
Аярып, мэз болмаңыз құр атаққа, -
деген шумақтармен ашылған. Осыдан-ақ, екі кітаптың бірдей сарын-
да жазылғанын аңғаруға болады. Тіпті, Міржақыптың өлеңдерінен 
қатты эсерленген Байбатыр ақын: 
Көтеріп бастарыңды, оян, қазақ! 
Болады ұйықтасаңыз енді ғажап, 
Жер кетіп, халің хараб
3
болып қалды, 
Басыңа түсер байгұс енді азап.... 
Япырмай, ұймас па едің ұжмақ жерде, 
¥
жмақ жерде дегенім басьщ төрде, 
3
 ойран 


Оянбай бостан-босқа ұйықтап жатып, 
Секілді болып қалдың жатқан көрде. 
деген жолдармен өрілген «Оян, қазақ!» деген өлең де жазған. 
Ал, 1917 жылы Ташкентте басылған Әбілқасым Арғынидың «Жат-
па, қазағы» бұл «дэстүрді» сақтамағанымен де, көтерер тақырыбы 
мен ішкі мазмұны жағынан алдьщғы екі кітаппен толықтай үндесіп 
жатыр. 
Қазағым, мұнан бұлай қарап жатпа, 
Муафық
4
іс қылайық шариғатқа, 
Ілгергі
озғандарды қуьш жетпей, 
Алашым, күнің келді осы шақта. 
Қазағым, ғапілеттен
5
көзіңді аш, 
Ғапілетпен өтіп кетті бірталай жас, 
Осындай бостандық күн келген уақытта, 
Жастана жата бермей, көтерің
6
бас, -
деп жазған ақын алаш баласының ғапілетте жатып қалмастан, маға-
рифқа яғни оқу-білімге талпыну керектігін ашып айтқан. Әбілқасым 
Арғынидың сол замандағы ел қамын жеген ұлтшылдардың туын-
дыларымен, эсіресе, Міржақьш Дулатұлының шығармашылығымен 
жақьшнан таныс екендігі ешбір талас тудырмайды. Ақынның өзі де: 
«Алаш»тан бұрын шықты «Қазақ» ғазет, 
Ахмет Байтұрсынов жатқан жазып, 
«Садиқул-кәләм»
7
болып басқалардан, 
Жэдидэ
8
емлесіменен жатыр сызып. 
Міржақып Дулатов ағаларым, 
Сізді һәм бірнешеге санар едім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет