£ ?
Ч ф г ^
Сондықтан да Сұлтанмахмұт Торайғыровтьщ «Қараңғы қазақ көпне,
өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың көгінде, күн болмаған-
да кім болам?» деп жырлағанындай, сол уақытта ұлт қамын жеген
ақын-жазушылар көптеп шығып, ағартушылыққа ден қойды. Акын-
дар жалынды жьфларымен қатар, жер-жерден шыға бастаған газет-
терге де өткір мақалалар жазып, қазақ қоғамына ой тастауға тырыс-
ты. Кейбірінің шығармалары мен еңбектері Қазан, Орынбор шаһар-
ларындағы баспаханалардан жарық көріп, көзі қарақты жандардың
санасына ой салды. Сол кездегі ағартушылық эдебиет хақында соңғы
ширек ғасыр көлемінде көптеген зерттеулер жазылып, біраз зерт-
теу еңбектері дүниеге келді. Солардың қатарында Ш.Елеукенов,
Т.Жұртбай,
А.Ісіма
қова, Д.Қамзабекұлы, А.Шэріп секілді т.б. ға-
лымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Міржақып Дулатовтың 1909 жылы Орынборда жарық көрген
«Оян, қазақ!» атты кітабы XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы-
на қатты эсер еткені белгілі. Ол кітаптың кіріспесінде:
«Дүниеге ңа-
тынасып жүрген, оцыган заттарымыз болмаса, біздің умуми
2
қазац
халцы пайдалы мәселелерден бейхабар еді. Себебі, дария цасындагы
тамшы секілді, оцыгандарымыз аздыгынан, халцъшыз шаһар ретін-
ше емес, көшпелі әр жерде бытырап жүргендіктен, заман ахуалынан
хабар білерлік оқуга өз тілімізде газет жоцтъщтан, татар туган-
дарымыздың эдеби тілменен жазылган газеттері аныц оцымаган
халыцца түсініксіздігінен, дүниеде болып жатцан гажайып уә гара-
йыптан пайда ала алмай, біздің халық дүние сарайының бір цараңгы
түкпірінде үйыцтап, умыт цалган секілді болып тұр»
деп жазып,
алаш жұртының сол кездегі ахуалына аландаушылық білдірген бола-
тын. Кітаптың мұқабасынан-ақ: «Көзінді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп, қараңғылықта қапысыз жатқан
қазақты оятуға тырысты. Қазақ халқының бұрынғы һэм сол кездегі
жағдайына шолу жасап, қоғамның мерез тұстарын ашып көрсетті.
Міржақып Дулатовтың осы кітапта ғылым, білім, оку ағартушылық,
ел мен жер мэселесі хақындағы көтерген мэселелері сол кездегі ойлы
жанға, эсіресе ақын жандыларға біраз ой тастады. Басқасын бы-
лай қойғанда, «Оян, қазақтың» ізімен «Тұр, қазақ!» жэне «Жатпа,
қазақ!» кітаптарының жарық көруі соның жарқын дэлелі. Алаш
Достарыңызбен бөлісу: