8
I
қолтаңбасын барынша сақтау мақсатымен қолжазбаның бір-екі
жеріне қалам тигізгеніміз болмаса, негізінен сол қалпында беруге
тырыстық.
Әрі кітап авторларының тегі сол кездегі саяси жағдайларға байла-
нысты «ов, ев» больш бұрмаланып жазылғаны ескеріліп, Дулатұлы,
Ержанулы деп түзетіп бергенімізді ерекше атап өткіміз келеді
20
.
Үш кітап та осы уақытқа дейін қадімше басылған тасбаспа (лито-
графиялық) нұсқалардан дайындалып отыр. «Оян, қазақ!», (Орьшбор,
1909 ж.) пен «Тұр, қазақтың!», (Қазан, 1914 ж.) екінші басылымдарын
пайдаланғанды жөн деп таптық. Ондағы мақсат — соңғы басылым
қашанда толық эрі сенімді нүхқа болуы тиіс деген ойдан туындады.
Ал, Ташкентте (1917 ж.) жарық көрген «Жатпа, қазақтың!» басқа ба-
сылымдары болмағандықтан да, алғашқы басылымға жүгіндік.
Асты-үстіндегі нүктесіне байланысты мағынасы өзгеріп кететін
араб каллиграфиясын көнерген қолжазбаларға қарағанда тасбаспа
(литографиялық) кітаптарды зерттеп, зерделеу оңай болатыны бел-
гілі. Десек те қадім үлгісінде басылған бүл кітаптарды қатеден ада
дей алмаймыз. Сол кездегі Қазан, Ташкент шаһарларындағы баспа-
ларда қырағы нашырлар (редакторлар) отыр дегенімізбен де, қате ба-
сылған, тіпті кейбір жолдары түсіп қалған жайттар да жиі кездеседі
екен. Сондықтан да кітаптарда баспагерлер тарапынан түсіп қалған
кейбір жерлерді ашып көрсетуге тырыстық.
Кітапты баспаға дайындау барысында Қазан университетінің
(Татарстан) Н.И.Лобачевский атындағы Ғылыми кітапханасыньщ қо-
рындағы литографиялық кітаптармен қатар, Алматыдағы Орталық
ғылыми кітапхананың Қолжазба және сирек кітаптар бөліміндегі
нұсқаларды да кеңінен пайдаланғанымызды ерекше айтып өткіміз
келеді.
«Оян, қазақ!» кітабы Наурызбай Ақбайүлының құрастыруымен
2003 жылы «Атамүра» баспасынан жарыққа шыққаны белгілі. Ал
ай
да ол
кітапқа «Оян, қазақта!» қамтылған шығармалармен қоса Мір-
жақыптың басқа да туындылары енгізілген болатын. Біз қолдарыңы-
здағы бүл кітапты дайындау барысында 1909 жылы шыққан нұсқа-
дағы шығармалармен ғана жұмыс жасағанымызбен де, осы салада
Достарыңызбен бөлісу: