Мысал: «noname» кофеханасын ашуға арналған бизнес жоспар жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет10/13
Дата02.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#132564
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мысал, бизнес план

Атауы

Сату бағасы

Кофе сусындары

500-1000тг

Шай сусындары

500-800тг

Басқа сусындар

300-700тг

Сендвичтер

700-1000тг

Сорпалар

500-700тг

Салаттар

700-1000тг

Десерттер

500-1200тг

Ассортименттегі кітаптар

1500-6000тг



Кімге сатуды жоспарлап отырсыз?
Ең алдымен, осындай мекемелерде клиент үшін жайлылық – басты шарттардың бірі, сондықтан біз осылай жасауға барынша тырысамыз, біздің клиенттеріміз – 22-ден 65 жасқа дейін тұрақты табыс табатын орта санаттағы адамдар, көршілер, кітап оқуды жақсы көретін, жұмысынан, қала қарбаласынан соң жайлы демалуды ұнататын адамдар:

  • 20-25 жас аралығындағы студенттер. Осы санаттағы клиенттердің негізгі трафигі таңғы сағат 8.00-ден 10.00-ға дейін және бизнес-ланчтың кезіне (сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін) сәйкес келеді;

  • 25-тен 35 жасқа дейінгі кеңсе қызметкерлері. Бизнес-ланчтарға сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін келеді. Кейде жұмыстан кейін кешкі ас ішуге кіреді, яғни сағат 19.00-ден кейін;

  • Басшылық лауазымдарында қызмет ететін және түскі асын іскерлік келіссөздермен біріктіріп өткізетін адамдар. Келу уақыты: сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін;

  • Кофеханаға күнделікті жұмыстан демалып, жайлы отыру үшін келетін үй шаруасындағы әйелдер. Олардың келетін уақыты сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін.

Кешкі уақытта кофеханаға жоғарыда аталғанның барлық санатындағы адамдар келеді. Сағат 8.00-ден 10.00-ға дейінгі таңғы асқа жұмыс күні кешірек басталатын немесе еркін кестеде жұмыс істейтіндер келеді.
Демалыс күндері кофеханаға көбінесе балалары бар отбасылар келеді, өйткені оларды десерттердің үлкен таңдауы қызықтырады.
Ал кофеханада кофе ішіп немесе өзімен бірге алуға тілек білдірген кездейсоқ адам кез келген сәтте келуі мүмкін.
Тұтынушылар сегментінің барынша көп санын қамту үшін бағаның орташа деңгейін ұстанып, сондай-ақ арнайы ұсыныстарды тұрақты түрде енгізіп отыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет