Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ


Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшеліктері



бет12/15
Дата22.12.2023
өлшемі283 Kb.
#142677
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы (1)

3.2. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшеліктері.


Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ мынадай жолдармен жасалады.

  1. Болымды және болымсыз етістік түрлеріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғалы өткен шақ есімшелері бар-ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.

Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген. (Ш.М., 1994, 126).
Сол сайыста екі батыр екеуі де бір мезгілде аттарынан ұшып түскен. (Ш.М., 1994, 131).
Шабданның асында Теке батыр мен Соқыр батыр қайта сайысып, бұл жолы Соқыр Теке батырды ұшырып түсірген. (Ш.М., 1994, 134).
Кеше ол камераға кеш оралған. (Ш.М., 1994, 135).
Тасыраңбай Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен. (Ш.М., 1994, 134).
Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп тапсыра отырып, Тұрарға да емеурін айтқан. (Ш.М., 1994, 140).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М., 1994, 16).
Заңғар таудың кеудесіне шығып отырған екі адам маздап жанған отқа үзіліп қапты. (Ш.М., 1994, 19).
Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын ала орналасыпты. (Ш.М., 1994, 37).
Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. (Ш.М., 1994, 45).
Көшенің аты өшіп қалыпты. (Ш.М., 1994, 54).
Күміс ерді ерліктің, елдіктің, дүбірлі күндердің белгісіндей келелі зат есебінде сақтапты. (Ш.М., 1994, 149).
Өз өміріндегі ат үстіне күміс ерді салмапты. (Ш.М., 1994, 149).
Күміс ер-тоқымнан басқа мұра болмапты. (Ш.М., 1994, 149).
б) –қан//кен және –ып, -іп, -п тұлғалары мне –ушы аффикстері арқылы –е етістігінен өткен шақ жасалады.
Ол жоғалса аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген әруақ адасып қаласындай көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 149).
Ал, шандағында Молдабек те, Шыныбек те, Қорған да мойындарынан емес, аяқтарынан асулы тұр еді. (Ш.М., 1994, 97).
Ізбайша жортпаш Түйметайды қолынан жетектеп ауылдас отырған Ахат қарияның үйіне кетіп еді. (Ш.М., 1994, 28).
Сол жолы өзі есімдес алқаптан Рысқұл таутеке атып алып еді. (Ш.М., 1994, 22).
Тұтқын келген ізімен кері қарай бөрі бүлкіл салып, салмақпен желе жортып еді. (Ш.М., 1994, 60).
Өзінің тұсынан өте бергенде қарауылдың көзі Рысқұлдың көзімен атысып қалып еді. (Ш.М., 1994, 61).
Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 60).
Өткен шақтың бұл түрі А. Ысқақовтың оқулығында танық (айғақсыз) өткен шақ деп беріледі.
Танық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекеттері өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп ... білген формаларды айтамыз. Олардың көрсеткіштері мыналар:

  1. ып, (-іп, -п) жұрнағы.

Торлама сары қауындардың біразы пісігі өтіп, қақ-қақ жарылып кетіпті. (Ш.М., 1994).
Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты. (Ш.М., 1994).
Адам баласын кейде бір жыртқыштық құмар билеп кете ме екен, әйтеуір осы тәлкектен бір рахат тапқандай әуестеніп алыпты. (Ш.М., 1994).
Алтын түстес сары шашын сылаң тарап, желкесіне қаздитып түйіп, мүйіз тарақпен қапсыра жабыстырып тастапты. (Ш.М., 1994).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя салыпты. (Ш.М., 1994).
Табиғат шіркін тамылжып, тікенегіне дейін ажарланып алыпты. (Ш.М., 1994, -б).
Немістің ішінен бір менмен профессоры бірде Ломоносовқа дәл сен құсап қолын шошайтып күліпті. (Ш.М., 1994).
Таудың бөтеге бөктерлері жауыннан ісінгендей теңкиіңкіреп кетіпті. (Ш.М., 1994).

  1. ған екен, (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты.

Тастай батқан, суда сіңген, сілесі қатқан қалың ұйқыға кеткен екен. (Ш.М., 1994, 104-б).Бас Қараштың бауырындағы бір мал шөптің түбінде жатқан екен. (Ш.М., 1994, 104-б). Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 104).
Мерген жаралаған бейкүнә мақұлық қаны сырғалап жүріп-жүріп, жетіп жығылған жері осы болған екен. (Ш.М., 1994, 62). Айналып жүретін шеңберден шығып кеткен екен. (Ш.М., 1994, 145). Жолаушы жауынгерлер Әлекеннің сөзіне тоқтап, аттарынан түсіп, сусын ішіп, жауға Әлімбек батырмен бірге аттанған екен. (Ш.М., 1994, 149).

  1. а+ды екен (е+ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңесіп жүреді екен) т.б. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында бұрынғы өткен шақтың 1) етістік түбіріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғаны есімшелер жіктеліп қосылуы арқылы; 2) Етістіктер –ып//-іп тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы; 3) –қан//-кен және ып, іп, п тұлғалары мен ушы аффикстері арқылы –е етістігінің жіктелеуімен күрделене айтылу арқылы; 4) –ып, іп, п жұрнағы жалғану арқылы; 5) –ған екен, -ген екен, қан екен, кен екен форманты арқылы жасалған өткен шақ түрлері кездеседі. Ал, а+ды екен (е+ді екен) форманттары арқылы жасалған көрсеткіштер кездеспейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет