Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ



бет10/15
Дата22.12.2023
өлшемі283 Kb.
#142677
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы (1)

Дағдылы өткен шақ ерте кезде болып өткен дағыдыға айналған (қайталанып отыратын) қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Біз киноға бірге баратынбыз.
1.Семантикалық түрі –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары жалғанып, үш жақта жіктелу арқылы жасалады. Мыс, мен бағатынмын, сен бағатынсың, сіз бағатынсыз, ол бағатын.
2.Аналитикалық тәсілмен жасалған дағдылы өткен шақ түрі –атын, -етін, -йтын, -йтін және –ушы, -уші жұрнақтары жасалған етістік пен еді көмекші етістіктің тіркесу арқылы жасалады. Масылы, білетін едім, білуші едім, білмеуші едің. Бірақ ушы еді формтымен келген сөзден гөрі атын еді немесе атын формалары сөз жиі қолданылады.
Сонымен дағдылы өткен шақтың сөйлеу кезінен бұрын болған қимылдарды білдірумен қатар, ол қимыл-қозғалыстың дағдыға айналғандығын, дүркін-дүркін қайталанып тұрғандығын аңғартады (33,51-52).


ІІІ тарау.
Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
3.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.


Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеуші баяндап тұрған уақыттан бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіреді.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында амалдың кезін білдіретін етістік формалары аса бай. Бірақ ол формалардың түрлері де, мағыналары да бірдей емес, әр алуан. Мысалы, мағына реті жағынан олардың біреулері сөйлеп отырған кезден әжептәуір бұрын я соның дәл алдында ғана болған амалды білдірсе, біреулері едәуір бұрынғы, біреулері одан әріректегі, біреулері одан да аяғы кездегі, енді біреулері тіпті арғы замандардағы, атам замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар өтен кезде істелмекші болғанымен, түрлі жағдайлардың себептері мен салдарынан сол кезде жүзеге аспай қалған амал - әрекеттерді де өткен амал ретінде білдіреді. Осыларға орай, қазақ тіліндегі өткен шақтың көрсеткіштері де өте көп және ол көрсеткіштердің түрлері жалаң (синтетикалық) да, күрделі (аналитикалық) та болып келеді.
Мысалы: -Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады. (Ш.М., 1994.,58).
Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған. (Ш.М.,1994., 5).
Мырзалар желкесін қасыды. (Ш.М.,1994., 5).
Приходько мырза шын діндар кісі еді. (Ш.М.,1994., 7).
Айнала балауыс шырағдандар жағылған. (Ш.М.,1994., 8).
Әкесі Рысқұлды Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. (Ш.М.,1994., 9).
Бұлар ол айланы алдақашан есепке алып қойған. (Ш.М.,1994., 10).
Тура бес күн бостандықта болдым. (Ш.М.,1994., 10).
Сонда әке жазған сезіктеніп қалып еді. (Ш.М.,1994., 10).
Сөйтіп жүргенде көрген Тұрары ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді. (Ш.М.,1994., 13).
Шал да болса Түлкібас – Жуалыдан ауып келген Шымырдың бір тентегінің қорлығына көнбек емес еді. (Ш.М.,1994., 15).
Өз ықтиярымен шықтым. (Ш.М.,1994., 15).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М.,1994., 16).
Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына рахмет айтуды да ұмытып кетіп еді. (Ш.М.,1994., 16).
Тұқымбай да сезіктенулі болатын. (Ш.М.,1994., 37).
Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл жебе үрікпесе болар еді. (Ш.М.,1994., 38).
Келтірілген мысалдардағы осы формалардың бәрі де грамматикалық көрсеткіштеріне қарағанда, өткен шаққа жатқызылуы тиіс. Өйткені олардың бәрінің құрамында да өткен шақтың көрсеткіші –ды (-ді) және –ған, (-ген) элементтері қатысады, осы элементтер аналитикалық етістіктердің еді (е+ді), екен (е+кен) деген тұрақты көмекші компоненттерінде де кездеседі.
Сөйтіп өткен шақ категориясын жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіштерге: -ды(-ді), -ған(-ген), -атын(-етін), -ып (-іп) жұрнақтары жатады да, күрделі көрсеткіштерге: -ғана еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; -ушы еді; -ған екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й+ды екен; - са екен; -йын деген екен сияқты аналитикалық форманттар және тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.
Осы формалардың бәрі де өткен шаққа тән жалпы грамматикалық мағыналарды білдіреді. Бірақ сондай жалпы грамматикалық мағыналары бола тұра, олардың әр түріне лайық анықтық, толықтық, күдіктілік, қажеттілік, міндеттілік, болжамдық және басқа да солар сияқты модальдік реңктерді білдіретін ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, олардың өткен шаққа қатысты жалпы грамматикалық мағыналарының өздері де, жоғарыда айтылғандай, бұрын жасалған амалдың әрқилы шама-шарқын және басқа сыр-сипаттарын білдіру жағынан бір дәрежеде емес, әр алуан болып келеді. Ондай әр алуандық, әр келкілік өткен шақ формаларының әр түрінің өзді-өзіне тән тұлға-тұрпаттарына, яғни тұлғалық құрылымдарының өзара бір-бірінен сараланатын ерекшеліктеріне байланысты. Өйткен, қашан да болсын, сөздің құрылымындағы ерекшелік мағынасына, керісінше, мағынасындағы өзгешелік құрылымына сай болып отыруы – тілдегі орнықты заң. Мысалы: бар-ды-қ, бар-ған-быз; бар-атын-быз; бар-ып-пыз деген төрт форманың төртеуі де өткен шақты білдіргенімен, төртеуінің семантикалық өзгешеліктері төрт түрлі. Мысалы, бар-ды-қ дегенмен амалдың жуық арада істелгені аңғарылса, бар-ған-быз дегенмен сол амалдың бұрынырақ кезде болғаны байқалады. Бар-ып-пыз деген форма бұрын жасалған, бірақ ұмытылған іс-әрекетті кейін еске түсіру, байыптап ойлап қарау арқылы немесе сөйлеушінің өзі басы-қасында болмай, көзімен көрмей істелген амал-әрекетті есту, сұрау, оқу және басқа сол сияқты айғақтарға сүйену арқылы білдіретіндікті аңғартады. Ал «бар-атын-быз» деген форма контестке қарай, бұрын дәйім я дүркін-дүркін анық істелген істі немесе әбден үйреншікке айналған дағдылы машық бойынша бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұйытқы болатыны рас болғанымен, күрделі форманттар, сан жағынан болсын мағыналық реңктерді білдіру қабілеті жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. Мысалы, алған еді және алатын еді деген екі күрделі форманың мағыналық реңктері бірдей еместігі сияқты, алған екен және алмақ екен дегендердің де мәндері өзара бірдей емес. Демек, шаққа қатысты осындай аналитикалық формалар қанша болса, олардың мағыналық реңктері де сонша аналитикалық формалардың бәрінде я топ-тобында болатын жалпы категориялық мағына да, жеке түрлерінде болатын семантикалық айырмашылықтар да етістік негізіне тіркелетін аналитикалық формантқа байланысты оларға етістік негізі қалып тұрады.
Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; көр-ген екен; көр-мек екен; көр-се екен; көр-ер екен; көр-е+ді екен деген формаларды алсақ кел, көр негіздері өткен шақтың жалпы категориясы мағыналарынан да, бір-біріне ажырайтын семантикалық ерекшеліктерінен де алыс тұр. Оларға қатысы жоқ. Ал осы сөздердің алғашқыларына дәнекер –еді компоненті, екінші топтағы сөздеріне – екен компоненті өткен шақ формаға түсіріп, оларға категориялық мағына беріп тұр. Сөйтіп аналитикалық форманттардың біріне ортақ бұл (екінші) компоненттер (еді, екен) жалпы грамматикалық (категориялық) мағыналық көрсеткіштері болса, аналитикалық форманттардың бірінші топтағы компонеттері (-етін, -ген, -іп, -ер, -мек, -се, -уші) және екінші топтағы бірінші компонеттері (-етін, -ген, -ер, -мек, -се, -е+ді) өткен шақ формаларын бір-бірінен семантикалық жағынан саралап ажырататын көрсеткіштер болады. Бірақ сөйлеу тілінде олардың әрқайсысының (-атын, -ген) екінші (еді, екен) компонент бастарын құрап, бір тұтас аналитикалық тұлға (единица) есебінде (-атын еді, -атын екен) қызмет етеді. Олардың тұлғалық құрамын, семантикалық ерекшеліктерін және жалпы грамматикалық қызметін көрнекті етіп көрсетеді.
Сөйтіп, еді я екен компоненті тіркесінен кейін, күрделі формалардың бір-біріне ұқсамайтын (ажырайтын) семантикалық ерекшеліктері жойылмайды сақталады, олар тек өткен шақ формасына түседі, бірақ еді және екен компоненттерінің айырмашылықтарына (е+ді, е+кен) орай, өткен шақтың біріншісі (мысалы, ал-ған еді, кел-ген еді) мәніне сәйкес анық өткен (айғақты) шаққа, танық (айғақсыз) өткен шаққа жатады. Өйткені алған еді дегенде, анықтық (айғақтылық, күдіксіздік), ұғымы пайда бола қалса алған екен дегеннен таныттық (айғақсыздық, күдіктілік) түсінігі көкейге қона қалады. Осындай мағыналық ерекшеліктерді жақсы бағдарлау үшін, мына мысалдардағы өткен шақ реңктерін және оларды білдіретін формаларын салыстырып көрейік.

  1. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалыпты; (Ш.М., 1994., 63). 2. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған екен; 3. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған көрінеді; 4. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек (үйіліп қалған болса керек); 5. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған білем; т.б. Ал қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалды (... қалған еді ... үйіліп қалатын еді ..., үйіліп қалушы еді т.б.)» деп айта алмайды және айтуы мүмкін емес, өйткені бұл формаларды тек осы жайларды өз көзімен көрген, оның басы-қасында болған адам ғана қолданса керек. Бірақ, қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек; Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған шығар» деп айта алады. Өйткені бұл сөйлемдердегі қазуға байланысты әрекеттер өткен кезде жүзеге асырылмақшы болған ынта, тілек, мақсат, нысана, шарт, болжам тәрізді амалдар: сөйлеуші бұларда сол өткендегі әрекеттерді еді, екен, шығар, сияқты... дәнекерлері арқылы болғандай етіп көрсетеді, ал шындығында, олардың болғандары да, болмағандары да неғайбыл, демек, өткен шақ анық та емес танық та емес.

Шақ формаларын сыртқы тұлға түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге болады. А.Ысқақов өткен шақтың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өткен шақты а) анық (айғақты) өткен шақ, ә) танық (айғақсыз) өткен шақ және б) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөледі. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» өткен шақ а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді.
Ал, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында осы аталған өткен шақтың барлық түрлері кездеседі. Олардың мағыналық ерекшеліктері контекстке қарай анықталып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет