Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтігін (майыстырмай) диаметрі ең азында 4 см
болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз.
Шығыс түтігі еденнен немесе ыдыс жуу машинасы
тұрған беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А).
Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас
бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
KAZ
53
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен
су ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы
жүйемен жабдықталған.
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop
*
деп аталатын қосымша қауіпсіздік құралымен
жабдықталған, ол тіпті кіріс түтігінің жыртылып
кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз,
себебі онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа жалғау
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз
жеткізіңіз:
•
Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы
ережелерге сәйкес келеді.
• Розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай
алады. Бұл мән есіктің ішкі жағында орналасқан
деректер тілімшесінде көрсетілген («Құрылғының
сипаттамасы» деп аталатын тарауды қараңыз).
• Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде
көрсетілген мәндер ауқымында жатыр.
• Розетка құрылғы айырына сәйкес келеді. Олай
болмаса, куәландырылған маманды шақыртып,
айырды ауыстырыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз);
ұзарту кабельдерін немесе бірнеше розетканы
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен
розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал
қатерлерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
Техникалық көмек көрсету қызметі ауыстыруы керек.
(«Көмек» бөлімін қараңыз)
Бұл ережелер орындалмаса, Компания кез келген
жағымсыз оқиғаларға жауапты болмайды.
Конденсациядан қорғайтын лента
*
Ыдыс жуу машинасын орнатқаннан кейін, есікті
ашып, түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау үшін
желімді мөлдір лентаны ағаш тартпаның астына
жабыстырыңыз.
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Құрылғы орнатылғаннан кейін, бірінші жуу циклын
іске қоспас бұрын, тұз диспенсерін сумен толық
толтырыңыз да, содан кейін ғана оған шамамен 1
кг тұз қосыңыз («Шаюға көмекші зат және тұз»
деп аталатын тарауды қараңыз). Су асып төгілуі
мүмкін: бұл қалыпты жағдай және проблема емес. Су
қаттылығының мәнін таңдаңыз («Шаюға көмекші зат
және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). - Тұз
машинаға құйылғаннан кейін, ТҰЗ АЗ индикатор шамы
*
сөнеді.
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
ECODESIGN REGULATION
ECO Жуу циклы ›уат белгісіндегі деректер н±с›ап т±р“ан стандартты цикл; б±л циклды ластану дЩрежесі орташа ы
дыс-ая›ты жуу Їшін ›олдану“а болады жЩне осы ыдыс-ая› тЇріне ›уат пен суды еЈ тиімді тЇрде ж±мсайды. Т±тынуды о
дан Щрі азайту Їшін ыдыс жуу машинасын тек толтырып ж±мыс істетіЈіз. КЇту кЇйіндегі т±тынуы: љосылып т±ру режим
індегі т±тынуы: 3 Жуу йшірулі режиміндегі т±тынуы: 1,3 Жуу
Негізгі циклдар“а арнал“ан т±тыну деректерініЈ кестесі
*
Цикл деректері EN 50242 Еуропалы› стандарт›а сЩйкес, зертханада алын“ан мЩндерді кйрсетеді.
**
Деректер
›±рыл“ыны пайдаланушыныЈ ыдыс-ая›тарымен жЇктеп, ж±мыс істету ар›ылы жазыл“ан мЩндерден алын“ан.
Стандартты шарттар*
Пайдаланушы шарттары**
љуат т±тыну
(кВт/цикл)
Су т±тыну
(л/цикл)
Мерзім
(мин/цикл)
љуат т±тыну
(кВт/цикл)
Су т±тыну
(л/цикл)
Мерзім
(мин/цикл)
љАРљЫНДЫ 1,65
16
150
1,45
15
135
љАЛЫПТЫ
1,35
16
120
1,20
15
110
KAZ
54
Құрал:
Ыдыс жуу машинасы
Сауда атауы
Өндірушінің сауда белгісі
Үлгі
DFG 2631M
Дайындаған
Indesit Company
Өндірілген елі
Польша
Сыйымдылығы
14 дастархан жабдығы
Өлшемдері
Ені 60 см
Биіктігі 85 см
Тереңдігі 60 см
Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер
ауқымының номиналды мәні
220-230 В ~
Электр токтың стандартты түрі немесе айнымалы
токтың номиналды жиілігі
50 Гц
Су қысымы
0,05-1 МПа (0,5-10 бар) 7,25-145 фунт/шаршы дюйм
Сақтандырғыш
Жабдықтың техникалық деректер кестесін қараңыз
Жуу сыныбы
A
Кептіру сыныбы
A
Қуат тұтыну сыныбы
A
Электр ток тұтынуы
1,03 кВт/сағат
Стандартты жуу циклының су тұтынуы
12 литр
Электр токтан қорғау сыныбы
I қорғау сыныбы
IPX0
Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік
куәліктері туралы қосымша ақпарат немесе сәйкестік
куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit.com
электрондық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге
болады.
Жабдық төмендегі Еуропа экономикалық
қауымдастығының директиваларына сәйкес келеді:
- 2006/95/EC (“төмен кернеу”)
- 2004/108/ЕС (“электр магниттік үйлесімділік”)
- 2005/32/EC (“Comm. Reg. 1275/2008”) (Экодизайн)
- 97/17/EC (Белгілеу)
- 2002/96/ЕС («Қоқыс электр және электрондық
жабдық»)
Осы құралдың өндірілген күнін штрих-кодта көрсетілген
сериялық нөмірден табуға болады (S/N XXXXXXXXX *
XXXXXXXXXXX), яғни:
- Сериялық нөмірдегі 1-сан жылдың соңғы санын
білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 2- және 3-сан айдың реттік
нөмірін білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 4- және 5-сан айтылған ай мен
жылдың күнін білдіреді.
Өндіруші:
Indesit Company S.p.A.
Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия
Импорттаушы:
ООО Indesit RUS
Сұрақтарыңыз бар болса, мына мекенжайға
хабарласыңыз (Ресейде):
01.01.2011 күніне дейін: Павильон 46, ВВЦ, проспект
Мира, 129223 Мәскеу, Ресей
01.01.2011 күнінен кейін: корпус 1, 12-үй, Двинцев
көшесі, 127018 Мәскеу, Ресей
Ораушы жəне жеке оның элементтерi
азықпен байланысу үшiн арналмаған.
KAZ
55
Жалпы шолу
Құрылғы
сипаттамасы
1.
Жоғарғы тартпа
2.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекше
3.
Қайырмалы бөлімшелер
4.
Тартпаның биіктігін реттеу құралы
5.
Төменгі тартпа
6.
Төменгі тозаңдатқыш өзекше
7.
Ыдыс-аяқ себеті
8.
Жуу сүзгісі
9.
Тұз диспенсері
10.
Жуғыш зат пен шаюға көмекші зат диспенсерлері
11.
Деректер тілімшесі
12.
Басқару тақтасы
***
***
Тек толығымен ішке салынатын үлгілерде.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
Басқару тақтасы
Жуу және 3 сағат
Кешіктіріп бастау
индикатор шамы
Кептіру және 6 сағат
Кешіктіріп бастау индикатор
шамы
Соңы және 9 сағат
Кешіктіріп бастау
индикатор шамы
Бастау/Тоқтата тұру түймесі
және индикатор шамы
Кешіктіріп бастау
түймесі және
индикатор шамы
Тұз аз индикатор шамы
Шаюға көмекші зат аз
индикатор шамы
Жартылай жүктеу
түймесі және
индикатор шамы
ҚОСУ/ӨШІРУ/Қайта
орнату түймесі*
Жуу циклын
таңдау тұтқасы
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық
тамақ қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен
шыныаяқтан сұйықтықтарды төгіңіз.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер
еркін жылжи алатынын тексеріңіз.
Төменгі тартпа және ыдыс-аяқ себеті
Төменгі тартпаға табаларды, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат
ыдыстарын, ыдыс-аяқтарды және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер
мен қақпақтарды тартпаның шеткі жақтарына қойған абзал.
Бірнеше ыдыс жуу машиналары қайырмалы бөлімшелермен
*
жабдықталады, оларды тәрелкелерді салған кезде тік қалыпта
немесе кастрөлдер, салат ыдыстарын немесе табаларды
салған кезде көлденең қалыпта қолдануға болады.
Ыдыс-аяқ себетінің түрі (модульді немесе модульді емес)
ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты әртүрлі болады.
Модульді емес себетті
тек төменгі тартпаның алдыңғы жағына
қоюға болады.
Екеуінде де,
ыдыс-аяқтарды
салу ыңғайлы
болуы үшін,
жоғарғы
жақтарында
торлар болады.
Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар
төмен қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе
оларды жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге
көлденең қоюға болады.
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға нәзік және жеңіл ыдыс-аяқты салыңыз: стақандар,
шыныаяқтар, табақшалар және таяз салат ыдыстары.
Орнын реттеуге болатын қайырмалы бөліктер
Ыдыс-аяқтарды тартпада
оңай реттеу үшін
қайырмалы бөліктерді
әртүрлі биіктіктерде
орналастыруға болады.
Шарап стақандарының
аяқтарын тиісті
ұяларға кіргізу арқылы
оларды қайырмалы
бөліктерде қауіпсіз түрде
орналастыруға болады.
Кейбір ыдыс жуу машиналарының
үлгілері суырма науалармен
*
жабдықталған, оны ас құралдарын немесе
кіші шыныаяқтарды салу үшін қолдануға
болады. Жуу тиімділігі оңтайлы болуы
үшін көлемді ыдыс-аяқтарды науаның дәл
астына қоймауға тырысыңыз.
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны жоғары
немесе төмен жылжытуға болады.
Жоғарғы тартпаның биіктігі негізінде ТАРТПА БОС
БОЛҒАНДА реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп қоюшы
БОЛМАҢЫЗ.
Сол және оң бағыттауыш тірегіштерін ашып,
тартпаны суырып алыңыз; оны қажетінше
жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз
да, алдыңғы дөңгелектер орнына келгенше
бағыттауыштар бойымен сырғытып,
тірегіштерді жабыңыз (суретті қараңыз).
Тартпа
Қос орын тұтқаларымен
*
жабдықталған болса (суретті қараңыз),
жоғарғы тартпаны тоқтау нүктесіне
жеткенше суырыңыз да, тартпаның
бүйірлеріндегі тұтқалардан ұстап оны
жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз,
одан кейін орнына түскенше ақырындап жіберіңіз.
Ыдыс жуу машинасында жууға болмайтын заттар
• Ағаш заттар, тұтқалары ағаштан жасалған немесе
жабыстырылған бөліктері бар нысандар.
• Алюминий, мыс, жез, қалайы-қорғасын қоспасы немесе
қалайыдан жасалған заттар.
• Қызуға шыдамайтын пластикалық материалдан жасалған заттар.
• Көне немесе қолмен боялған фарфор.
• Көне күміс. Дегенмен, көне емес күмісті нәзік жуу циклын
қолдана отырып ыдыс жуу машинасында жууға болады,
бірақ ол басқа металдарға тимеуі тиіс.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасында жууға болатын ыдыс-аяқты
пайдалануды ұсынамыз.
K
A
Z
56
Тартпаларды жүктеу
KAZ
57
Қосу және пайдалану
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады;
белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін
арттырмайды және қоршаған ортаны көбірек
ластауға әкеледі.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл
аяқталғанда құрылғы ішінде көбіктің қалуына
әкелуі мүмкін.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ
БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде
қолданған жөн.
Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы
нәтиже алу үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші
сұйықтық пен тұз қолданылуы керек.
А бөлігі: Жууға арналған жуғыш зат
В бөлігі: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат
1. «С» қақпағын «D» түймесін
басу арқылы ашыңыз.
2. Жуу циклдарының кестесін
қарағаннан кейін жуғыш затты
салыңыз:
• Ұнтақ жуғыш зат үшін А және
В бөліктерін қолданыңыз.
• Таблетка түріндегі жуғыш зат
үшін: циклға 1 таблетка қажет
кезде, оны А бөлігіне салып қақпақты жабыңыз; 2
таблетка қажет болса, екінші таблетканы құрылғының
түбіне салыңыз.
3. Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп
алып, қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: басқару тақтасындағы
барлық индикатор шамдар бірнеше секунд жанады.
3. Есікті ашып жуғыш заттың қолайлы мөлшерін
құйыңыз (төменнен қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу»
бөлімін қараңыз), одан кейін есікті жабыңыз.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын сағат тілі бағыты
бойынша бұру арқылы жуу циклын таңдаңыз: тұтқадағы
кетікті қажетті жуу циклын білдіретін санға немесе
таңбаға дәлдеңіз. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор
шамы жыпылықтайды.
6. Жуу опцияларын таңдаңыз
*
(қасындағы ақпаратты
қараңыз).
7. БАСТАУ түймесін басу арқылы циклды бастаңыз;
индикатор шамы қалыпты түрде жанып тұратын
болады.
Жуу кезеңіне сәйкес келетін индикатор шамы
жанады, солайша ол жуу циклының басталғанын
білдіреді.
8. Жуу циклының соңында
СОҢЫ индикатор шамы
жанады
(қалыпты шам). ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан кейін шүмекті
жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен
бастап босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы
белгілі бір белсенсіздік кездерінде автоматты
түрде өшеді.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту
мүмкін: жуу циклы басталғаннан кейін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғы өшіріңіз.
Сол түйменің көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті
жуу циклы мен опцияларды таңдаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Бастау/Тоқтата тұру түймесін басыңыз (тиісті индикатор
шамы жыпылықтайды). Шыққан буға тимеуге тырысып
есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты құрылғының ішіне
қойыңыз. Бастау/Тоқтата тұру түймесін басыңыз (шам
тұрақты түрде жанады): цикл тоқтаған жерінен бастайды.
Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастау/Тоқтата тұру
түймесі басылса, жуу циклы немесе Кешіктіріп бастау
*
функциясы (таңдалған болса) үзіледі.
Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан
немесе ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен
қайтадан іске қосылады.
KAZ
58
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Жартылай жүктеу
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
түймесін басыңыз: индикатор шамы жанады.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуды ұмытпаңыз.
Бұл жағдайда ұнтақ жуғыш затты пайдаланған жөн.
Бұл опцияны төмендегі жуу циклымен үйлесімді
емес: Жылдам жуу.
Жуу опциялары*
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру
түймесі басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ
орнатуға, өзгертуге немесе қайта орнатуға
болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді
опцияларды ғана таңдауға болады. Опция таңдалған
жуу циклына сәйкес келмесе (Жуу циклдарының
кестесін қараңыз), тиісті жарық диоды 3 рет жылдам
жыпылықтайды.
Бұрын таңдалған басқа опциямен немесе жуу
циклымен үйлесімді емес опция таңдалса, үйлесімді
емес опция шамы 3 рет жыпылықтап өшежі, ал ең
соңғы таңдалған параметр жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас
тарту үшін тиісті түймені тағы бір рет басыңыз.
Кешіктіріп бастау
Жуу циклының басталу уақытын
3, 6 немесе 9 сағатқа
кешіктіруге болады.
1: Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды
таңдағаннан кейін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін
басыңыз, индикатор шамы жанады.
2: Кешіктіріп бастау түймесін қайта-қайта басу арқылы
қажетті кешіктіру уақытын таңдаңыз; жуу кезеңі (3
сағат), кептіру кезеңі (6 сағат) және «соңы» (9 сағат)
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанады.
Кешіктіріп бастау түймесі тағы бір рет басылса,
опцияның таңдалуы доғарылып, индикатор шамы
сөнеді.
3. Бастау/Тоқтата тұру түймесі басылған кезде кері
санақ басталады. Таңдалған кешіктіру кезеңінің
индикатор шамы жыпылықтайды және Бастау/Тоқтата
тұру түймесін жыпылықтауды тоқтатады (оның орнына
шам тұрақты түрде жана бастайды).
4. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ
индикатор шамы өшеді де, жуу циклы басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп
бастау функциясын орнату мүмкін емес.
Жуу опциялары
Опциялар
кестесі
A
B
Кешіктіріп
бастау
Жартылай
жүктеу
1. Қарқынды
Иә
Иә
2. қалыпты
Иә
Иә
3. Суға салып
қою
Иә
Иә
4. Эко
Иә
Иә
5. Жылдам
Иә
Жоқ
6. Кристалл
Иә
Иә
KAZ
59
Жуу циклдары
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу машинасына салынбас бұрын шайылған болса,
жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар
әртүрлі болуы мүмкін.
Ескертпелер:
«Жылдам жуу» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу
арқылы қол жеткізуге болады.
Жуғыш затты өлшеуді жеңілдету үшін мына жағдайларды есте сақтаған жөн:
1 ас қасық = 15 г ұнтақ = шамамен 15 мл сұйықтық - 1 шәй қасығы = 5 г ұнтақ = шамамен 5 мл сұйықтық
*
Эко жуу циклы EN-50242 ережесіне сай келеді. Дегенмен, басқа жуу циклдарына қарағанда көбірек уақыт қажет етеді,
азырақ қуат жұмсайды және қоршаған ортаға зияны азырақ болады.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға
электрондық хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_LVS@indesitcompany.com
Бар ОПЦИЯЛАРДЫ көру үшін «Іске қосу және пайдалану» бетіндегі Опциялар кестесін қараңыз.
Жуу
циклын
таңдау
нұсқаулары
Жуу
циклы
Жуғыш
зат
(
А
) =
А
бөлігі
(
В
) =
В
бөлігі
Кептіруді
қамтитын
жуу
циклдары
Опциялар
Жуу
циклының
мерзімі
(±10%
ауытқу
)
Сағ
.
Мин
.
Ұнтақ
Сұйықтық
Таблеткалар
Кастрөлдер
мен
табақтарға
қолайлы
,
қуатты
тұтыну
деңгейлері
төмен
,
экологиялық
тұрғыдан
зияны
аз
жуу
циклы
4.
Эко
*
29
г
(
А
)
6
г
(
В
)
29
мл
(
А
)
6
мл
(
В
)
1 (
А
)
Иə
A–B
2:55’
Орташа
ластанған
кастрөлдер
мен
табақтар
.
Стандартты
күнделікті
жуу
циклы
.
2.
Қалыпты
жуу
29
г
(
А
)
6
г
(
В
)
29
мл
(
А
)
6
мл
(
В
)
1 (
А
)
Иə
A–B
1:50’
Келесі
тамақтан
табақтардың
жүктелуінің
аяқталуын
күтіп
тұрған
кезде
ыдыстарды
алдын
ала
жуу
3.
Суға
салып
қою
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
A – B
0:08’
Қатты
ластанған
табақтар
мен
кастрөлдер
(
нəзік
заттар
үшін
пайдаланылмауы
тиіс
).
1.
Қарқынды
35
г
(
А
)
35
мл
(
А
)
1 (
А
)
Иə
A–B
2:25’
Үнемді
жəне
жылдам
жуу
аз
ластанған
табақтарға
қолданылуы
тиіс
.
(
Қолданғаннан
кейін
циклды
дереу
іске
қосыңыз
) (2
тəрелке
+ 4
ас
құралы
+ 1
кастрөл
+ 1
кіші
таба
).
5.
Жылдам
25
г
(
А
)
25
мл
(
А
)
1 (
А
)
Жоқ
A
0:35’
Жоғары
температура
сезімтал
нəзік
заттарға
арналған
үнемді
жəне
жылдам
жуу
. (
Қолданғаннан
кейін
циклды
дереу
іске
қосыңыз
) (
жоғарғы
тартпада
стақандар
+
төменгі
тартпада
нəзік
тəрелкелер
).
6.
Кристалл
35
г
(
А
)
35
мл
(
А
)
1 (
А
)
Иə
A–B
1:30’
KAZ
60
Шаюға көмекші зат және
тазаланған тұз
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
өнімдерді ғана қолданыңыз.
Ас тұзын, өндіріс тұзын немесе қолмен ыдыс
жууға арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз.
Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз,
шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ;
дегенмен,
тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты немесе
өте қатты жерде тұратын болсаңыз. Орамада берілген
нұсқауларды орындаңыз.
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз,
ТҰЗ АЗ
*
және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ
*
индикатор шамдары жанып тұра береді.
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін жеңілдетеді, себебі
су беттерінен жылдамырақ ағып кетеді және сондықтан
сызықтар немесе дақтар қалдырмайды.
Шаюға көмекші зат диспенсері мына жағдайларда
толтырылуы тиіс:
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ
*
индикатор шамы басқару
тақтасында/дисплейде жанған кезде;
1. Қақпақты (G) сағат тіліне
қарсы бағытта бұрау арқылы
диспенсерді ашыңыз.
2. Диспенсерден толып ағып
кетпеуіне назар аудара отырып,
шаюға көмекші затты құйыңыз.
Бұл орын алса, төгілген
сұйықтықты құрғақ шүберекпен
дереу сүртіп алыңыз.
3. Қақпақты орнына бұраңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей
ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші заттың мөлшерін реттеу
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз,
қолданылатын шаюға көмекші заттың мөлшерін
реттеуіңізге болады. Мөлшерлеу реттегішін (F) алдын ала
орнатылған 6 позицияның біріне бұрағышпен бұраңыз
(әдепкі позиция 4-ке қойылған):
• Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, реттеу құралын
төменірек санға орнатыңыз (1-3).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары қалса немесе цикл
аяқталғаннан кейін қақ дақтары бар болса, реттегішті
жоғарырақ санға орнатыңыз (4-6).
Судың қаттылығын орнату
Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне
арналған тазаланған тұзды пайдалана отырып ыдыс-аяқты
жуу үшін пайдаланылатын қақсыз суды қамтамасыз ететін
су жұмсартқышымен жабдықталады.
Бұл ыдыс жуу машинасы қоршаған ортаны ластауды азайтуға
көмектесетін параметрді ұсынады және мекеніңіздегі судың
қаттылығының деңгейіне сәйкес жуу өнімділігін оңтайландырады.
Бұл ақпаратты жергілікті су жеткізушісінен алуға болады.
-
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріп,
есікті ашыңыз.
-
ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын 5 жуу циклына, одан кейін 1 жуу
циклына және одан кейін қайтадан
5 жуу циклына орнатыңыз.
-
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз; жуу циклының кезеңінің
(жуу, кептіру, соңы) индикатор шамдары жыпылықтайды. Енді
судың қаттылық деңгейін таңдауға болады. Әрбір жуу циклына
сәйкес келетін судың қаттылық деңгейі бар:
Мысалы: 1-жуу циклы, 1-судың қаттылық деңгейі; 2-жуу циклы,
2-судың қаттылық деңгейі және с.с. ең көбі
5
*
деңгей.
(Әдепкі су жұмсартқышының параметрі –
3-деңгей).
- Функциядан шығу үшін бірнеше секунд күтіңіз немесе
опция түймелерінің
*
бірін басыңыз, болмаса,
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз.
Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз
да, тұз диспенсері толтырылуы тиіс.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f = Франсуз
дәрежелерінде өлшенген қаттылық - ммоль/л = бір литрдегі
миллимоль)
Тазаланған тұзды өлшеу
Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін, диспенсер ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз
етіңіз. Тазаланған тұз суды қақтан тазалайды, осылайды
ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді.
Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде
орналасқан («Сипаттама» бөлімін қараңыз) және мына
жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Жасыл қалтқы
*
тұз диспенсерінің үстінен жай ғана
қарағанда көрінбейтін кезде.
• ТҰЗ АЗ
*
индикатор шамы басқару тақтасында/дисплейде
жанған кезде;
1. Төменгі тартпаны шығарып алып,
контейнер қақпағын бұрап шығарып
алыңыз (сағат тіліне қарсы бағытта).
2. Мұны бірінші рет орындаған кезде: су
ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.
3. Воронканы орналастырып
*
(суретті қараңыз), тұз
контейнерін шетіне дейін толтырыңыз (ол шамамен 1 кг
сыйдыруы тиіс); біраз судың ағып кетуі қалыпты жағдай.
4. Воронканы алып тастап*, тесіктен тұз қалдықтарын сүртіп
алыңыз; қақпақты су ағыны астында шайыңыз да, қақпақтың төменгі
жағындағы жұлдыз пішініндегі төрт кетіктен су ағып кетуі үшін, бетін
төмен қаратып бұраңыз. (Жасыл қалтқысы бар тұз қақпағы*)
Контейнерге тұз қосқан сайын бұл процедураны
орындаған жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп кетпейтіндей
қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз (әйтпесе, су
жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы мүмкін).
Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп
алыңыз, солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз
ерітіндісі жойылады.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Су ›аттылы“ыныЈ кестесі
Т±з контейнерініЈ сыйымдылы
“
ыныЈ орташа мерзімі
**
ДеЈгей °dH °fH ммоль/л
ай
1
0 - 6
0 - 10 0
-
1 7
ай
2 6
-
11
11 - 20
1,1 - 2
5 ай
3 12 - 17 21 - 30
2,1 - 3
3 ай
4 17 - 34 31 - 60
3,1 - 6
2 ай
5* 34 - 50 61 - 90
6,1 - 9
2/3 апта
0°f мен 10°f аралы“ында“ы мЩндер Їшін т±зды ›олдану ±сынылмайды*
б±л параметр циклдардыЈ мерзімін сЩл ±зартуы мЇмкін.
**
кЇніне 1 жуу циклы Їшін.
KAZ
61
Күтім көрсету және
техникалық қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су
шүмегін жауып отырыңыз.
• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан
ажыратыңыз.
Ыдыс жуу машинасын тазалау
• Құрылғының сыртқы беттері мен басқару тақтасын
сумен ылғалданған, абразивті емес шүберекпен
тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті
өнімдерді қолданбаңыз.
• Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен
және аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен
кетіруге болады.
Жағымсыз иістердің алдын алу
• Құрылғының іші дымқылданып кетпеуі үшін оның
есігін әрдайым біраз ашып ұстаңыз.
• Есік айналасындағы бекіткіштер мен жуғыш
зат диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал
губкамен тазалап отырыңыз. Мұның нәтижесінде
бекіткіштерде тамақ тұрып қалмайды, ал бұл жағдай
жағымсыз иістердің пайда болуының негізгі себебі.
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне
қатып қалып, су шашатын тесіктерді бітеуі мүмкін.
Сондықтан, өзекшелерді мерзімді түрде тексеріп,
металсыз щеткамен тазаланып тұрғаны жөн.
Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
шығарып алу үшін құлыптау
сақинасын сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
тесіктерін жоғары қаратып
қайтадан орнына қою керек.
Төменгі тозаңдатқыш өзекшені
жоғары қарай тарту арқылы
шығарып алуға болады.
Судың кіріс сүзгісін тазалау*
Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы
қолданылмаған болса, жалғамас бұрын олар арқылы
су өткізіп, таза әрі ішінде қалдықтар жоқ екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл сақтық шарасы орындалмаса, судың кіріс
бітеліп, ыдыс жуу машинасы зақымдалуы мүмкін.
Шүмек жағындағы судың кіріс сүзгісін мерзімді түрде
тазалап отырыңыз.
- Су шүмегін жабыңыз.
- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін
сүзгіні алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.
- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жинағы суды тамақ қалдықтарын тазалайтын және
одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады.
Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, оларды
тазалау керек.
Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.
Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап кеткен
кезде пайдалануға болмайды.
• Бірнеше рет жуғаннан кейін, сүзгі жинағын тексеріңіз және
қажет болса оны металсыз щеткамен әрі төмендегі нұсқауларды
орындай отырып, су ағыны астында жақсылап тазалаңыз:
1. Цилиндрлік C сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз
да, суырып алыңыз (1-сурет).
2. Шыныаяқ B сүзгісін жиектері аздап басу арқылы шығарып
алыңыз (2-сурет).
3. Тот баспайтын болат тілімше А сүзгісін суырып алыңыз
(3-сурет).
4.
Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ
қалдықтарынан тазартыңыз. жуу циклының сорғысын
ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ (4-сурет).
Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына қойып,
оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының тиімді
жұмысы үшін өте маңызды.
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға
қалдыру
• Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.
• Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
• Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап жуу
циклын іске қосыңыз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
C
B
2
4
1
11
1
1
3
33
3
3
KAZ
62
Сақтық шаралары мен кеңес
Бұл құрылғы ағымдағы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай құрылған және өнідірілген. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік мақсатында берілген, сондықтан оны
мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны
қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның
ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған.
• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау
керек.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
• Құрылғы үйдегі ыдыс-аяқты осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес жуу үшін ересек адамдармен
қолданылуға арналған.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны жауын мен найзағай астында
қалдыру өте қауіпті
• Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға тимеңіз.
• Құрылғыны өшіргенде штепсельдік ұшты желі
розеткасынан әрдайым ажыратыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны тазаламас немесе кез келген қызмет
көрсету жұмысын орындамас бұрын су шүмегін жабу
және айырды розеткадан ағыту керек.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен
жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз.
• Қыздыру бөлігіне ешқашан тиюші болмаңыз.
• Құрылғының ашық есігіне сүйенбеңіз немесе оған
отырмаңыз: бұл құрылғыны аударып түсуі мүмкін.
• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды, себебі ол
қауіпті кедергі болып табылады.
• Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты балалардан аулақ
ұстаңыз.
• Орама материалын ойыншық ретінде қолдануға
болмайды.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады.
Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау туралы
қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар тиісті мекемеге
немесе жергілікті құрылғы сатушысына хабарласуы
мүмкін.
Қуатты үнемдеу және қоршаған
ортаны құрметтеу
Су мен қуатты үнемдеу
• Ыдыс жуу машинасы толған кезде ғана жуу циклын
бастаңыз. Ыдыс жуу машинасының толуын күту
барысында жағымсыз иістердің алдын алу үшін Суға
салып қою циклын қолданыңыз («Жуу циклдары»
бөлімін қараңыз).
• Ыдыс-аяқ түріне және ластану дәрежесіне қолайлы жуу
циклын таңдаңыз, бұл үшін Жуу циклдарының кестесін
пайдаланыңыз:
- Орташа ластанған ыдыстар үшін Эко жуу циклын
пайдаланыңыз, ол қуат пен судың төмен деңгейі
қолданылатынын қамтамасыз етеді.
- Жүктеу әдеттегіден азырақ болса, Жартылай жүктеу
опциясын
*
қолданыңыз («Іске қосу және пайдалану»
бөлімін қараңыз).
• Егер ток жеткізу келісім-шартында токты үнемдеуге
арналған уақыт аралықтары болса, төмен баға
қолданылатын кезде жуу циклдарын орындаңыз.
Кешіктіріп бастау
*
түймесі («Іске қосу және пайдалану»
бөлімін қараңыз) жуу циклдарын тиісті түрде
ұйымдастыруға көмектеседі.
Фосфат пен хлорды қамтымайтын, құрамында
ферменттері бар жуғыш заттар
• Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш
заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер
қоршаған ортаға зиянды.
• Ферменттер 50°C шамасындағы температураларда
ең тиімді түрде әрекет етеді, және қалыпты 65°C
жуу циклындағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін
нәтижесінде ферменттерді қамтитын жуғыш заттарды
температурасы төмен жуу циклдары үшін қолданылады.
• Жуғыш зат ысрап болмауы үшін өнідірушінің
кеңестеріне, су қаттылығы мен топырық деңгейі және
жуылатын ыдыс-аяқ мөлшеріне байланысты өнімді
тиісті мөлшерлерде пайдаланыңыз. Биологиялық түрде
ыдырайтын болса да, табиғаттың тепетеңдігіне әсер
етуі мүмкін заттарды қамтиды.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
KAZ
63
Ақаулықтарды жою
Құрылғы жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Ақаулық:
Ықтимал себептері / шешімдері:
Ыдыс жуу машинасы іске
қосылмайды немесе оны
басқару мүмкін емес
• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны бір
шамамен бір минуттан кейін қосып, бағдарламаны қайта орнатыңыз.
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған.
Есік жабылмайды
• Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.
Ыдыс жуу машинасынан су
ағызылмайды.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Ағызу түтігі бұғатталған.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
Ыдыс жуу машинасы шамадан
тыс шуыл шығарады.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу
машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану»
бөлімін қараңыз).
Табақтар мен стақандардың
бетінде ақ түсті қабықшамен
немесе тат қалдықтарымен
қапталған.
• Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың
қаттылығына дұрыс қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін
қараңыз).
• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
Табақтар мен стақандар
сызылған немесе реңгі көкшіл.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
Ыдыс-аяқ дұрыс кептірілмейді.
• Кептіру бағдарламасы жоқ жуу циклы таңдалған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен
(«Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі қолайлы емес.
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.
Табақтар таза емес.
• Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу» бөлімін
қараңыз).
• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Тозаңдатқыш өзекшелер еркін жылжи алмайды.
• Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу
машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану»
бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған.
• Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық қызмет
көрсету» бөлімін қараңыз).
• Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін
қараңыз).
Ыдыс жуу машинасына су
кірмейді - Шүмек өшірулі
дабылы
(бірнеше қысқа сигнал беріледі
*
)
(Кептіру және Соңы индикатор
шамдары жыпылықтайды).
• Жүйеде су жоқ.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.
• Құрылғының құлпы белсендірілген, себебі сигнал
*
берілгенде ешбір әрекет
жасалмаған. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, одан
кейін шүмекті ашыңыз да, дәл сол түймені 20 секундтан кейін басу арқылы
құрылғыны қайтадан қосыңыз. Құрылғыны қайта бағдарламалап, жуу
циклын қайтадан бастаңыз.
Судың кіріс түтігінің дабылы /
Судың кіріс сүзгісі бұғатталған
(Жуу, Кептіру және Соңы индикатор
шамдары жыпылықтайды).
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз. Су ағып кету қаупін
жою үшін шүмекті жабыңыз және айырды розеткадан суырып алыңыз.
Судың кіріс сүзгісін қалдықтар бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз («Күтім
көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
KAZ
64
Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:
• Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын қолдана отырып шешуге болатынын, не болмайтынын
тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз).
• Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема кеткенін тексеріңіз.
• Проблема шешілмесе, Куәландырылған техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз.
Куәландырылмаған мамандарға қызмет көрсеткізбеңіз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Проблеманың түрі
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде табуға болатын («Құрылғының сипаттамасы» бөлімін қараңыз).
Көмек
19510
7834
.0
1
02/2013
pb
- Xerox Fabriano
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |