Алғаш рет ол антикалық дәуірдін соңғы кезеңіндегі христиандардың -өздерін мәжусилікті ұстанатындардан (аntigui ескілерден, көнелерден) ажырату үшін қолданылды
Алғаш рет ол антикалық дәуірдін соңғы кезеңіндегі христиандардың -өздерін мәжусилікті ұстанатындардан (аntigui ескілерден, көнелерден) ажырату үшін қолданылды.
Ал тарихи бетбұрыс идеясы аса өзекті болған Қайта Өрлеу кезінде "модернді ғасыр'' ұғымы Ф.Петрарка, Дж.Вазаридің еңбектерінде кездеседі. Толық мағынада модерн ұғымы Жаңа Заманмен теңестіріліп, жаңаевропалық мәдениеттің синониміне айналды: дәл осы кезеңде индустриалды қоғамның қазіргі заманғы типі қалыптасты. Модерн ұғымының қолданысы мұнымен шектеліп қоймай, "модерн" - белгілі нақты тарихи дәуірді ғана емес, қоғам мен мәдениеттің түпкі мақсаты ретінде ұмтылатын, қалайтын образын да бейнеледі (мысалы, Ағартушылық дәуір идеологиясы).
Бұл мағынада "модерн" - мәдениетті дамытудың өзіндік дүниетанымдық жобасы ретінде қарастырылады. Оның басты мазмұны - ойлау мен әлеуметтік ұйымдастырудың рационалды тәсілдеріне - миф, дін, ескі түсініктер мен биліктің үстемдігінен азат ететін бірден-бір жол ретінде сеніп, оларды барынша дамыту .
Ағартушылық дәуірі адам ақыл-ойының шексіз мүмкіндіктері туралы толық сенімде болатын. Және мұндай мүмкіндік саясатта (озық білімді абсолютті монархия идеясы), философияда (И. Кант пікірінше, философ — бұл "адам ақыл-ой қызметінің ережелерін көрсетіп беретін заңгер"), өнерде (классицизм), табиғатынан парасатты ойға ие тіршілік иесі ретіндегі адам концепциясында іске асуға тиіс еді.
Яғни, болмысты акылға сүйене отырып рационалды түрде тәртіпке, ретке келтіруге ұмтылыс - жаңаевропалық дүние туралы картинада мәдениеттің өзіндік санасының өзегі ретіндел көрінді.
Модернизмнің кредосы оның өз атауымен беріліп тұр ("модерн" - "жаңа"), ол —жаңаны жасау.Осылайша, "модерн" деп, біріншіден, ХҮІІ-ХУШ ғасырларда қалыптасып, ХІХғ мен ХХғасырдың бірінші жартысында дамыған индустриалды қоғам мен мәдениеттің типін; екіншіден, осы кезеңге тән мәдениеттегі өзіндік таным тәсілін айтады.
Тұтас алғанда модернді жеке-дара тарихи кезең деп емес, (жоғарыда келтірілген тарихи шолу оның хронологиялық шекарасын нақтыайту, анықтау мүмкін еместігін көрсетті), өз бастауын Ежелгі Грециядан алып, хронологиялық дәуірді көктей өтіп, Жаңа Заманда ғана толық көрініс берген тарихи дүниетанымдық жоба ретінде қарастырған дұрыс болар.
Хабермас "модерндік жоба" деп атаған бұл құбылыстың негізгі сипаты мынадай: 1 .дүниедегі көптүрлілікті біртұтас негізге апарып тірейтін дүниенің универсалды бейнесін жасауға ұмтылыс 2 . сол біртұтас негіз туралы абсолютті білімнің адам ақылына лайық, сыйымды екеніне деген сенім; 3. және сол білімді іске асыруға талпыныс: 4. ал сол іске асудың нәтижесі адам бақытын молайта түсетінініне деген сенім; 5. адамзат дамуының жоғарылай, үдей түсетіндігіне, қазіргі күннің кешегіден, ал келешектің қазіргіден жақсы болатындығына кәміл сенім.