2.Субъективті дүниетаным - кез келген эстетикалық тәжірибенің негізінде және адамның, индивидуалды қатынастың жатуы;
3. Классикалық өнердегі үйлесімді, қалыпты формаларға демонстративті түрде жаңа формаларды қарсы қою;
4. Модернистердің қазіргі дәуір қайшылықтарын шешу мүмкін еместігі туралы ұстанымы рухани - адамгершіліктік ақиқатгарды терістеуге әкеліп тіреді;
5. Жаңаны іздеу, жасау талпыныстары адам болмысының тұтастығы мен үйлесімділігін біртұтас космологиялық жүйе шеңберінде (көркем құралдары арқылы) қайта қалыптастыру жолдарын іздеуге; Яғни өнер әфсаналық шығармашылық (мифотворчестволық) әдіске қайта оралды: бір кездерде бұл дүниемен үйлесімде болған, жалғандық пен тұлғалық зорлық деген болмаған алғашқы қауымдық өнер және балалар шығармашылығының түрлеріне ден қойды.
6. омірдің барлық жақтарын барынша рационалдандыруга ұмтылыс;
Қоғамдағы модернизациялық процестер нәтижесінің мәдениет дамуындағы салдары түрліше болды
Жағымдысы: индивидуалды проектілердің іске асуына болып көрмеген мүмкіндіктер жасалды.
Жағымсызы: адам мен қоғамның тарихта болып көрмеген қарсы тұруы басталды. Бұл құбылыс социолог Э.Дюркгейм "аномия" деп атаған топтық құндылықтардың әлсіреуімен түсіндіріледі: дәстүрлі әлеуметтік қауымдастақтардың абстрактылы мегақұрылымдармен алмастырылуы нәтижесінде адам өзін күрделі де бірегей тұлға ретінде қабылдай бастады. Және технологияландырылған, бюрократтандырылған абстрактылы дүниеде өмір сүретін адам мен оның нақты да көптүрлі өмірдің әрбір сәтіне тікелей қатысу, сезіну тілегі арасында қайшылык туды. Теориялық тұрғыда бұл құбылыс өркениет пен мәдениетті қарсы қою және мәдениеттің дағдарысы түрінде карастырылады.