Модуль – Қоректік заттарды сіңіру (метаболизм) ЖӘне гомеостаз


жылдамдығына әсер ететін факторлар



бет4/10
Дата06.02.2023
өлшемі252,62 Kb.
#65469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ас қорыту. 1-сабақ хаттамасы

жылдамдығына әсер ететін факторлар:
• Он екі елі ішектегі май пилорикалық сфинктердің ашылуын тежейді.
• Сфинктердің ашылуын тағамның сипаты анықтайlы (көмірсулы тағам нәруызlық тағамға қарағанда тез өтеді, майлы тамақ асқазанда 8—10 сағаттай болады).
• Асқазандағы ас кесегінің осмостық қысымы. Гипертониялық ерітінділер астың он екі елі ішекке өтуін тежейді.
• Асқазан мен он екі елі ішектің асқа толу деңгейі.
• Препилорикалық сфинктердің жұмысы.

Өт қабы (өттің бөліну механизмі)

Өттің бөлінуі (холекинез) - Ас қорыту кезінде өт қапшығының жиырылуы есебінен ондағы қысым күрт артады, және ашық Одди сфинктері арқылы өттің он екі елі ішекке шығуы қамтамасыз етіледі. Өт бөлінуінің күшті қоздырғыштары сүт, жұмыртканын сарысы, магний сульфаты, майлар болып табылады. Тамак қабылдаған соң 3-6 сағаттан кейін өт бөлінуі төмендейді, өт
қайтадан өт қапшығына жинала бастайды. Өт бөлінуінің рефлекторлық механизмдері: Жалпы өт өзегі сфинктерінің ашылуы асқазан мен ауыз қуысының рецепторлары тамақпен тітіркенгенде іске асады, әсіресе асқазанның механикалық тітіркенуінде және оған майлы тамақ түскенде. Бұл әсерлер кезкелген жүйкелер арқылы іске асады. Өт қапшығын жүйкелендіретін кезкелген жүйкенің кішкене тармағын ақырын тітіркендірсе, жалпы өт өзегінің сфинктері босаңсиды, өт капшығы жиырылады. Қатты тітіркендірсе сфинктер жиырылады және бір мезгілде өт қапшығы босаңсиды. Симпатикалық жүйке жүйесі өт қапшығының жиырылуын тежейді, бұл құбылыс α₂-адренорецепторлармен де іске асады.
Өт бөлінуінің гуморальдық механизмдері
Ашыққан жануарға «қаныққан қанды» құйғанда өт бөлінуі күшейеді. Өттің бөлінуін жандандыратын басты гуморальдық факторы холецистокинин-панкреозимин болып саналады, ол он екі елі ішектің кілегей қабатының клеткаларында тұз қышқылы мен май қышқылдарының әсерінен пайда болады. Гастрин, секретин, бомбезин, П заты өт қапшығының жиырылуын және өттің бөлінуін күшейтеді. Өт қапшығының жиырылуын симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі, сондай-ак глюкагон, кальцитонин,ВИП, панкреатикалық полипептид тежейді.



Ішек (моторикасының түрлері)

Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады. Қимыл әрекетінің 5 түрі бар:
1. Ширақтық (тонустық)-тонуста болады,қуысы тарылып,кеңиді.
2. Маятник тәрізді-ұзыннан ұзақ орналасқан еттер қысқарады.
3. Ырғақты бунақталу-сақина тәрізді ет талшықтары бірнеше жерлерде жиырылады
4. Перисталтикалық-екі түріде қатысады. Химустың жоғарғы жағында-сақина тәрізділер жиырылып, дәл сол кезде одан төмен ұзыннан орналасқан еттер жиырылады, ішек қуысын кеңейтеді.
5. Кері перситалтикалық (құсу).



Дефекация акті

Дефекация актісі - үлкен дәретке отыру негізінде қалыптасқан ерікті реттелу механизмдерін үлкен жарты шарлар қыртысының
пирамидалық клеткаларын, әсіресе алдыңғы орталық иірімді қамтитын
қозу төмен өрлейтін бағытта дефекацияның жұлындық орталықтарына таралады. Осының нәтижесінде, құрсақ асты жүйкесінің тонусы төмендейді, парасимпатикалық жамбас жүйкесінің тонусы жоғарылайды. Нәтижесінде тік ішектің ішкі сфинктері босаңсиды.
Құйымшақтың парасимпатикалық нейрондары қозуы есебінен тік және тоқ ішектің дистальды бөлімінің еттері жиырылады. Ерікті әсер есебінен жыныс жүйкелері арқылы тік ішектің сыртқы сфинктері босаңсиды және нәжіс тік ішек пен тоқ ішектің перистальтикалық қозғалыстарынан сыртқа шығарылады.
Үлкен дәретке отыруға күшену, құрсақ еттерінің жиырылуы,тыныстың тежелуі, көк еттің және жамбас астауы түбі еттерінің кернеуі, сондай-ақ арткы өтіс сфинктерінің көтерілуін қамт.ететін еттердің жиырылуы көмектеседі.
Үлкен дәретке отыру процесі қыртыс асты орталықтарына төмен
өрлейтін қыртыстық әсер есебінен ерікті реттеледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет