«Білім беру ортасы» ұғымы соңғы он жылдықта бірқатар жақын және алыс шет елдік ғал ымдардың еңбектерінде жасалды (В .И. Сло- бодчиков, В.А. Петровский, Н.Б. Крылова, М.М. Князева т.б.) [53]. Ғалымдар «білім беру ортасы» ұғымын, оны жобалаудың тәсілдері мен технологияларын философиялық аспектіде қарастыруға назар аударады. Білім беру ортасы мәселелерінің оқыту практикасы мен тәрбиеге қатысты қолданылуы О.С. Газман, М.В. Кларин, И.Д. Фрумин және т.б. дамушы білім жүйесінің негізін салушы галымдардың еңбектерінде талданады (Давыдов В.В.) [ 54].
Білім беру ортасы-жеке тұлғаның даму үдерісі ұйымдастырылуы жағынан түрлі деңгейде, стихиялы ететін кез келген әлеуметтік мәдени кеңістік.
Психологиялық тұрғыдан Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, А.Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және тағы басқаларының көзқарастары бойынша, білім беру ортасы - дамып жатқан білім беру жүзеге асатын, реттелген білім беру ортасы. Бала егер әлеуметтік заггық ортада өз әрекеттерінің әдістерін үнемі жетілдіруге мүмкіндік алса, соншалықты қабілетті бола бастайды [53].
Ортаны зерттей отырып Н.Е. Щуркова оның мынадай компо- ненттерін ажыратады: заттық - кеңістік, мінез-құлықтық, оқиғалық және ақпараттық мәдени кеңістік [55]. С.Л. Новоселова ортаны бала қызметінің рухани және физикалық бет-бейнесі дамуының мазмұнын функционалды тұрғыдан үлгілейтін материалды объектілерінің жүйесі ретінде анықтайды [56].
Л.Н. Седова жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы бар дамушы білім беру ортасының негізгі үш параметрін анықтайды:
біріншіден, бұл мақсатты орындау параметрі - педагогты да- мушы білім беру ортасын арнайы ұйымдастырылған педагогикалық кеңістік ретінде түсінуге бағыттау: бұл ортаға енген әрбір субъектіге белсенділіктің әр түрін оңтайлы дамыту және баламалы өзіндік жүзеге асыру үшін жан-жақты кеңістік беріледі;
екінші параметр, дамушы білім беру ортасын педагогикалқ кұбылыс ретінде түсіну, бүл жеке тұлғаның қалыптасуының шарты, білім берудің қазіргі жаңа мазмұнымен тығыз байланыста болады;
үшінші параметр, дамушы білім беру ортасын педагогикалық ғылым түрғысынан қарастыра отырып танымдық белсенділікті қалыптастырудың нәтижелі әдісі мен тәсілдерін зерттеумен ерекшеленеді [57].
Осыларға байланысты, баланың психикалық дамуын ынта- ландыруға мүмкіндік беретін арнайы педагогикалық жағдаяттар жасайтын технологиялар сияқты, білім беру мекемелерінің түрлі типтері аясындағы дамушы ортаны құру технологияларын да арнайы педагогикалық тұрғыдан қайта қарап түсіну қажет.
Білім беру ортасының өз құрылымы бар, дегенмен, білім беру компоненттерін ажырататындай бірізді тұжырым жоқ. Жекелеген авторлардың көзқарастарын қарастырайық:
Г.А. Ковалев білім беру ортасының бірлігі ретінде физикалық қоршаған орта, адам факторлары және оқыту бағдарламасын көр- сетеді.