Сурет 3. Оқушылардың аралас тобын калыптастырудағы оқу орындарының орналасу жоспары
Соңғы кезде оқу кеңістігін ұйымдастырудың осы тәсілі, тиімді окыту мақсатында балаларды топтастырудың керемет тәсілі ретінде қарастырылады, әсіресе, аралас топтарда жұмыс барысында кездесетін қиындықтардың алдын алуға ықпал етеді. Құрамы бойынша біртекті емес топтарда, әртүрлі шығу тегі, қабілеттері мен қызытушылықтары бар балалар сабақта белсенді түрде өзара әрекет ете алады және бір-бірінен үйренеді.
Мұндай орналасуда балалар белсенді түрде өзара әрекет ете алады, мүнда балаға бағытталған, алуан түрлі оқытудың әдістері мен тұғырларын қолдануға болады. Қажеттілік болса, балалар мұндай жеке тапсырмаларды орындай алады [68].
Оқу кеңістігін ұйымдастыруда мұғалім үшін аталған тәсілдің артықшылықтары бар, мұғалімнің рөлі өзгереді, мүғалім орталықта болатын әдістер қолданылатын сабақтарға қарағанда оқыту үдерісіне көбірек көмектесе бастайды. Сонымен қатар, мұғалім сыныптың кез келген бөлігінде оқу үдерісін жүзеге асыра алады, балалардың жанына келіп, оларға жеке көмек бере алады.
Инклюзивті сыныптағы білім беру ортасын модельдеуде, жеке оқытуга ариалган оқу кецістігін ұйымдастыруға (Сурет 4) негізделген тұғырдың біршама мәні бар. Бірқатар мұғалімдер өзінің сыныбындағы кеңістікті топтастырудың белгілі бір принципі бойынша оқу орындарының орналасуы мүлдем болмайтындай
ұйымдастырады. Мұндай әдістің басымдылығы ретінде, баланың өзіне аса қолайлы болатын сыныптың аймағын тандауы алынады. Бұлай ұйымдастырылған кеңістік шағын топтарда жұмыс істеу үшін және жеке жұмыс үшін қолайлы болады. Қолайлы диванды немесе жұмсақ жиһазды қамтитын сыныптың аймағы, ресми емес оқу, әңгімелесу, пікірталас өткізу үшін өте пайдалы болады. Мұғалім сынып ішінде оңай козғала алады және сынып кеңістігінің алуан түрлі бөліктерінде туындайтын балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Кеңістікті ұйымдастырудың осындай тәсілін қолданудағы кедергілер, көп жағдайда практикалық тұрғыда болуы мүмкін. Мұндай тұғырдың балалар үшін басымдылығы ретінде олардың оқу іс- әрекетіне деген мотивациясының жоғары деңгейі және өзіндік тәртіптің жоғары деңгейінің қалыптасуы алынады, олар үнемі өздері жұмыс істегісі келетін кеңістікті тандай алады.
I I Т
Достарыңызбен бөлісу: |