Теориялық сұрақтар «Білім беру ортасы» ұғымының беретін мағынасы
Я.А. Коменскийдің пікірі бойынша («Ұлы дидактика») білім беру ортасы қандай болуы керек?
М.Монтессори сыныптағы кеңістікті-білім беру ортасын модельдеуде неге назар аудару қажеттігін атап көрсетті?
Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптағы заттық- білім беру ортасын модельдеуге қойылатын талаптар мен принциптерді сипаптаңыз.
Кеңістікті-білім беру ортасын модельдеудің дәстүрлі түрін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
Кеңістікті-білім беру ортасын модельдеудің инновациялық түрінің артыкшылыктары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
Практикалык тапсырмалар 1. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың тарихын оқыңыздар, сұрақка жауап беріңіздер. Шағын топтағы жұмыс: Жеті жасар Арман туылғаннан көзі көрмейді. On жарық пен қараңғылықты ажырата алады, бірақ, ол өзінің кеңістіктегі қалпын көзі арқылы анықтай алмайды. Бала қозғалғанда қолын қабырғаға және жиһазга дейін жеткізіп қозгалады. Оны жақында инклюзивті сыныпқа қабылдайды.
Топта жұмыс істей отырып, сыныпта оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай өзгерістерді жасауға болатындығын аныктаңыз:
Арман сіздің сыныбыңызда қалай козғалатын еді?
Қандай қауіпсіздік шараларын қолдану кажет?
Бала оз шкафын қалай табады? Әжетхананы? Су кранын?
Ол өзінің сыныптың қай бөлігінде тұрғанын қалай анықтайды?
Б) Сегіз жасар Софьяда церебралъды паралич. Ол мүгедектер ар- басымен қозгалады. Оның интеллектілі және әлеуметтік дамуы өте жақсы. Қыз еденде отыра алады, бірақ, оган нақты бір қозгалыс жасау керек болганда оган көмек қажет. Топта жұмыс істей отырып, сыныпта Софьяның ерекше кажеттілік- терін канағаттандыру үшін қандай өзгерістер жасау керектігін анықта- ңыздар:
Софья сыныпта қалай қозғалады?
Қандай қауіпсіздік шараларын кабылдау қажет?
Оның тамақ ішуі мен әжетханаға баруын жеңілдету үшін не істеу кажет?
Қыз сыныптағы ұйымдастырылған топтык шараларға калай катысады?
Сегіз жасар Әнуарда назар тапиылыгы синдромы, ол гипер белсен- ділікпен ерекшеленеді. Бала өте албырт, белсенді (тіпті, тыныш тамақта іше алмайды) және ешнәрсеге өз назарын 2-3 минуттан артық ұстап тұра алмайды.
Топта жұмыс істей отырып Әнуардың ерекше кажеттіліктерін канағаттандыру үшін сыныпта қандай өзгерістер ендіруге болады?
Сыныпта баланың назарын шоғырландыруға ықпал ететін орын бар ма?
Сыныпта Әнуар қозғалғанда өзіне немесе баска балаларға кесірін тигізу қаупі төнбейтіндей орын бар ма?
Қандай қауіпсіздік шараларын алдын ала колдану кажет?