Сурет 4. Жеке оқытудағы оқу орындарын орналастыру жоспары
Бірқатарбалаларүшінсыныпкеңістігініңжеткіліксізқүрылымды болмауы, белгілі қиындықтар тудыруы мүмкін. Мүндай кеңістікте балалар оқытудың өзіндік курсына сүйенулері керек және өз жұмы- сын дербес орындауға үйренулері керек.
Мүндай инклюзивті сыныптың үлгісі ретінде, «Step by step» халықаралық білім беру технологиясының аясындағы заттық- дамытушы ортаны құрудың инновациялық моделін көрсетуге болады, ол модель баланың тұлғасын ізгіліктендіруге, демократияландыруға және дараландыруға бағытталған. Бұл білім беру ортасының осы моделі баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қызмететеді, ал оның элементтері (жабдықтар, оқулықтар, дидактикалық материал) баланы дамытуға арналады [69].
Осы технология бойынша жұмыс істейтін сыныптардағы барлық материалдар «белсенділік орталығына» орналасады, яғни нақтылы ұйымдастырылған ауданда, сынып бөлмесінің әр түрлі жерлерінде. Мұндай орталықтардың саны әртүрлі және оларды тандап алудағы жалпы принцип бала белсенділігінің әр түрлілігінің көп болуы болып табылады. Баланың өз таңдауын жасауға мүмкіндігі болуы маңызды, бала өзінің белсенді орталықтың қай жерінде отыратындығын өзі анықтайды. Мысалы, оқу жылы бойында әртүрлі белсенді орталықтардағы жұмыс балалардың ауытқуларын есепке ала отырып, олардың танымдық, интеллектілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды. Бақылаулар көрсеткендей, олар көрнекті суретпен жұмыс істеу, қойылған міндеттерді орындау үшін заттардын көлемі мен формаларын қалыпқа келтіру біліктілігі қажет болатын кез келген өнімді қызметтің түрлерін жасай алады. Оку жылының соңына қарай ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпылау, талдау, салыстыру, жіктеу сияқты негізгі қызметтерді орындауға қабілеттерін айқын көрсетеді.
Ғылым орталығында балалар жалпыланған көрініс деңгейінде өз білімдерін қолдана алады, ойлау және қорытындылаудың элементарлы тәсілдерін, ойлаудың жанама түрлерін, өлшемді, сызбаларды қолдану және т.б. сияқты ойлау тапсырмаларын көрнекі моделдеудің шешу тәсілдерін, меңгереді. Бақылау көрсеткендей, ерекше балалар ізденісті, эврикалық, тапқырлық қызметке шын ниеттерімен кіріседі, белсенді эксперимент жасай бастайды, объекгілердің өзгеруінің практикалық тәсілдерін меңгереді. Педагогтар балаларға белсенділік орталығында өз бетінше әртүрлі заттармен, материалдармен жүмыс істеуге мүмкіндік береді, табылған шешімді сөзбен аныктауға көмектеседі, оларға әртүрлі жағдаяттарда туындайтын проблемаларды шешу жолдарын өз беттерінше табуды ұсынады.
Сонымен, MOT «SBS» білім алу қажетгіліктері әртүрлі ба- лалармен жеке-дифференциалды жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасайды. Педагогтар үнемі балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қолдап отырады, жаңа объектілерге назарларын аударып, балаларды бақылауға тартады, Белсенділік орталығында есінде жаксы сақтап қалуға, бейнелі жады- ны байытуға қабілеттерін қалыптастыратын арнайы дидактикалык ойындар жинақталған. Инклюзивті сыныптардағы сабақтарда, таңертеңгілік жиналыстарда педагогтар материалдарды есте сақтап қалуына арналған арнайы құралдарды қолдануды, балаларға өзін- өзі бақылауды, қарапайым есте сақтау тәсілдерін үйретеді. Тірек- қозғалыс аппараттары бұзылған балалардың ірі және жіңішке мо- торикалары дамуына ыкпал ететін түрлі жаттылғулар мен ойындар жасатады, бұған манипулятивті орталықтағы, өнер орталығындағы, қол еңбегіндегі жұмыстар ықпал етеді (сурет салу, жабыстыру, аппликация, кесу, тігу, току, өру т.б.)
Біз байқағанымыздай, аталған білім беру ортасының моделі бала- ның қызығушылығы мен қажеттіліктеріне, ал олардың элемемттері (жабдықтар, оқу құралдары, дидактикалык. материалдар) баланың дамуына қызмет етеді.
Сондықтан, инклюзивті сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар- мен жұмыс істейтін педагог үшін білім беру ортасының түрлі компоненттерін моделдей білу, әртүрлі оқушылардың толыққанды тәрбиесі мен дамуы үшін жағдай жасау маңызды.
Осы жағдайларды есепке ала отырып, инклюзивті сыныптарда дамушы органы құрудың психологиялық негіздері қызметтік- жас ерекшелік тәсілге құрылады және төмендегідей галаптарды анықтайды:
орта эргономиканың негізгі ережелеріне жауап беретін, қазіргі заман талабына сай, қарапайым балалар үшін де, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де оқу және шығармашылық қызмет үшін ыңғайлы болуы керек;
орта бала шығармашылығы дамуындағы перспективалық дең- гейді, жаңашылдыққа жетуді қамтамасыз етуі керек;
орта мүмкіндігі шектеулі баланың өзекті, жақын арадағы және перспективадағы дамуының, шығармашылық дамуының қажет- тіліктерін қамтамасыз етуі керек;
орта баланың қажеттіліктерін жас ерекшелігін және бала- лардың ерекше қажеттіліктерін есепке алуы қажет.