психофизикалық дамуының сипаты мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қозғалыс-моторлық, көру-кеңіс- тік); екіншіден, дамушы орта тұжырымдамасында жасалған және ұсынылған талаптарды есепке алу қажет, дегенмен, біздің көзқа- расымызша, төмендегідей принциптер ерекше маңызға ие болады:
Ортаныц көп функционалдылыгы. Мүмкіндігі шектеулі ба- лалар үшін оларды әр түрлі әрекеттерге ынталандыратын жағдай жасалады. Оку құралдары, дидактикалық материалдар балалар қызметтің мазмұнын шарты нормамен өз бетінше анықтай ала- тындай, әрекет жоспарларын жасап және түрлі тапсырмаларды белсенді шеше алатындай беріледі.
Қолайлылық және түрақтылық прищипі. Сыныптың инклю- зивті ортасын жасағанда баланы қоршаған жағдайдың қолайлы және тартымды болуы өте маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін орта компоненттерінің тұрақты болуы өте маңызды, өйткені, бұл олар үшін сенімділік және қорғаныш сезімдерін қамтамасыз етеді. Осы принципті есепке ала отырып жасалған орта барлық балалардың куаныш сезімін оятады, жаңа әсерлер мен білімдермен байытады.
Әрбір баланыңдаму ерекшелігін есепке any принципі Инклюзивті кеңістікті жобалау үдерісінде әрбір баланың психологиялық физикалық даму деңгейін, баланың қызығушылығын есепке алу маңызды.
Орта баланың өзекті, жақын арадағы және перспективадағы дамуының және оның өзіндік дамуының қажеттіліктерін қанағат- тандыруы тиіс:
Қарым-қатынас мумкіндігінің дамуы.Ерекше бала үшін қарым-қатынас мүмкіндігінің дамуы ерекше мәнге ие болады. Мы-
салы, ойын баланың өз құрбыларымен және ересектермен фор- малсыз қарым-қатынасына жағдай жасайды, оған толықтай еркін әрекет етуге мүмкіндік береді.