Сурет 2. Сыныптагы оқу орындарын орналастырудың дәстүрлі жоспары
Оқу орындарын бұлай орналастырудың басымдылығы ретінде, оқушылардың зейінінің алдында тұрған мұғалімге тікелей қаратылуы алынады. Мұғалім өзінің барлық оқушыларының бетін көре алады, бұл барлық балалардың өзін тындап отырғанына және сабақта нәтижелі іс-әрекетке енгізілгеніне сенімді болуына көмек береді [64]. Сыныптағы оқу орындарының мұндай орналасуының оқыту үдерісіне әсер ететін маңызды кемшіліктері де болады. Ең алдымен, оқыту мұғалімге орталықтанған болып саналады, ал оқытудың қатарластармен пікірталас және диалог арқылы мүмкіндіктері күрт қысқарады. Мұндай жағдайдағы оқытудың өзі оқушылар үшін бірқатар оку материалын енжар қабылдау (chalk and talk) болып саналады, ал оқушылардың оқыту үдерісіне белсендіру және ендіру жүзеге аспайды[65].
Мүмкіндіктері әртүрлі балалар оқытудың осы стилінде өздерін ерекше жетімсіз санайды. Оқу орындарының бұлай орналасуы, жоғарыда айтқанымыздай, мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін оқшау сезінуіне әсер етеді, алдыңғы қатарда, үнемі мүғалімнің наза- рында отырған баланың өз жолдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі болмайды. Оқу орындарының бұлай орналасуының академиялық дағдыларды қалыптастыруда кейде артықшылықтары да бар [66], әлеуметтік кедергілер төмендемейді, керсінше, көбейе түседі және айқынырақ болады. Сонымен қатар, оқытудың аталған тәсілінің тағы бір маңыздылығы, ол мүмкіндіктері әр түрлі балаларды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді. Оқыттудың мұндай моделінде бала өзінің жанында отырған баламен ғана өзара әрекетке түсе алады [68]. Сонымен қатар, оқыту барысында барлық оқушыларға білім алу тиімді болуы үшін балалар бір-бірімен әр түрлі әрекеттерге түсуі міндетті [67].
Сыныптың физикалық ортасының келесі моделі ретінде, біз оқушылардың аралас топтарын қалыптастыру арқылы оқу кецістігін ұйымдастыруды аламыз: бұл әртүрлі қабілеттері бар оқушылар сабақтағы жұмыс үшін бір аралас топқа бірігеді (Сурет3).