Модуль№4 «Оқыту технологиялары»


Педагогикалық менеджмент принципі



бет39/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан басқарудың келесі принциптері анықталды:
Адамға деген құрмет пен сенім принципі;
Адамға тұтас көзқарас принципі;
Ынтымақтастық принципі;
Әлеуметтік әділеттілік принципі;
Басқаруға жеке көзқарас принципі;
Мұғалім еңбегін байыту принципі;
Жеке ынталандыру принципі;
консенсус принципі;  (лат.consensus — келісім, бірауыздық, ынтымақтылық) — келіссөздер барысында қандай да бір мәселе бойынша дауыс берусіз ортақ шешімге келу.
Ұжымдық шешім қабылдау принципі;
Мақсатты үйлестіру принципі;
Көлденең байланыстар принципі;
Басқаруды автономизациялау принципі;
Тұрақты жаңару принципі.

Педагогикалық менеджмент әдістері:



  • психо-педагогикалық әсер ету әдісі;

  • әкімшілік басқару әдісі;

  • экономикалық әдістер;

  • қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.

Менеджмент кейде менеджмент ғылымы (MANAGEMENT SCIENCE) деп те аталады. Яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы ретінде есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдіснамалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе операцияларды зерттеу (OPERATIONS RESEARCH) және статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды.
Менеджмент ұғымы ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені белгілі.
Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері
Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет