Модульдік бірлік Менеджмент эволюциясы


ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады



бет2/10
Дата27.11.2023
өлшемі39,39 Kb.
#129043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5d41cdb2bb233b0d25342c8776729117 1

20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады.

  • ғылыми басқару мектебі;

  • классикалық мектеп;

  • адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі;

  • басқару ғылымының мектебі.

  1. Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады.

Фредрик Тейлор мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдын-ала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі:

  • империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру;

  • тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту;

  • өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы;

  • ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру;

  • әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық;

  • жұмысқа жоспарлау және дайындау;

  • жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау.

Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет