Модульдік бірлік Менеджмент эволюциясы


-жылдарда Тейлордың ізін басушы және “ғылыми басқарудың” белсенділері Генри Гантт Френк және Лилиан Гилбертьи, Эмерсон, Г.Форд, т.б. болды



бет4/10
Дата27.11.2023
өлшемі39,39 Kb.
#129043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5d41cdb2bb233b0d25342c8776729117 1

20-жылдарда Тейлордың ізін басушы және “ғылыми басқарудың” белсенділері Генри Гантт Френк және Лилиан Гилбертьи, Эмерсон, Г.Форд, т.б. болды.


  1. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950)

Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады. Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды. Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың (1841-1925) есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді.
А. Фойель өзінің негізгі «Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916) атты еңбегінде капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатаң міндектті принциптерін тұжырымдады. Басқару деп есептеді ол кәсіпорынды мақсатына сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкіндігін қолдану. А. Файольдің пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігін және де техникалық(технологиялық процесс), коммерциялық (сатып алу, сату және айырбастау, қаржылық) ақша қаражаттарын іздестіру және оны тиімді пайдалану, қорғаныстық (жеке меншік пен жеке адамды қорғау), бухгалтерлік (мүлікті түгендеу, баланстық ведомость, шығындар, статистика), әкімшілік (жұмыскерлерге ықпал ету) салаларын қамтиды.
Әкімшілік қызметті талдай отырып, А. Файоль оның бес элементін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау. Ф. Тейлор теориясына қарамастан, А, Файоль әкімшілік қызметі ұйымдастырудың барлық деңгейінде, тіпті жұмысшылар арасында да болады деп есептеді. А. Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырды, мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принциптері менеджерлердің өз қызмет-міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді.
А. Файоль менеджерлерге арналған он төрт принципінде басқарушылардың қызмет міндеттерін қалай орындау керектігін көрсетеді.

      1. Жұмысты бөлісу. Еңбекті мамандандыру ұйымдық табысқа жету үшін қажет.

      2. Билік. Бұйрық беру правосы жауапкершілікпен ұштасуы тиіс.

      3. Тәртіп. Тыңдау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      4. Дара басшылық. Әрбір жұмыскер тек бір бастығынан ғана бұйрық алуы тиіс.

      5. Бағыт билігі. Ұйымдастыру кезінде әрбір адамның күш-жігері бір бағытқа үйлестірілуі тиіс.

      6. Жеке мүддені жалпы мүддегі бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай – жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игілікке айналдыра білуде.

      7. Ақы төлеу. Жұмыскерлер өздерінің қосқан үлесіне қарай ақы алуы тиіс.

      8. Орталықтандыру. Орталықтандыру мен децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелерінің кейбір басқару міндетін тапсыру) пропорция мәселесі болып саналады; әрбір ұйымда қолайлы тепе-теңдік болуы тиіс.

      9. Иерархиялық (төмен шенділердің жоғары шенділерге бағыну тәртібі) тізбек. Басшылар басшылықтың формальды тізбегін орындауы тиіс, мұның өзі жоғарыдағы басшылардың біреуі басқалармен ақпаратты алмасу жөніндегі нұсқау бергенше сақталады.

      10. Реттілік. Материалдың құндылығы затында болуы тиіс.

      11. Әділеттілік. Мейірімділік пен заңдылыққа негізделген әділеттілік қызметті шың көңілмен беріле істеуге ықпал етеді.

      12. Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдарға өз жұмысын жете білуіне уақыт беру қажет.

      13. Ынта – ықылас. Адамдардың ең көп қанағаттануы – жоспарлы өз бетінше жасауы және орындауы.

      14. Ерекше рух. Қызметкерлердің күш-жігерді жұмылдыруын ұйымдастырудың табысты болуының кепілі.

А. Файольдің қызметі мен принциптері уақыт тезінен ойдағыдай өтіп, жаппай қолданыла бастады.
А. Файоль былай деп атап көрсетті: басқару күрделі процесс ретінде тәуелсіз салалар мен қызметтерге бөлінуі мүмкін. Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күні бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.
Классикалық мектептің өкілі  ағылшын  Линдал Урвик А. Фойольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамытып, тереңдете түсті. Л. Урвик те Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штатты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зерттеушілердің түп қазығы ретінде пайдаланылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет