Модульдік бірлік Менеджмент эволюциясы



бет3/10
Дата27.11.2023
өлшемі39,39 Kb.
#129043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5d41cdb2bb233b0d25342c8776729117 1

Тейлордың қағидасы:

  • қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды);

  • жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

  • Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементің ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол былай деді: басқаруды да көпір салу секілді асқан дәлдік керек.

  • Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.

  • Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшылар арасын,дағы ынтымақтастық.

  • Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Г. Эммерсо 1953-1931 ж.ж. ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды (1912 ж.). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды әрі тұжырымдады. Г. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

  • Дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен оның қол астындағылар ұмтылады;

  • Болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

  • Білікті кеңес беру – өндіріске және басұаруға байланысты арнайы білімнің қажеттілігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

  • Тәртіп – барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіп ережеге бағынуы;

  • Қызметкерлерге әділ төрелік;

  • Басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

  • Ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетңн шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалпына келтіру;

  • Уақытты белгілеуді және әрбір операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;

  • Атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар.

  • Әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет