Модульдік бірлік Менеджмент эволюциясы


Л. Урвик формальді ұйым құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталанып отыр



бет5/10
Дата27.11.2023
өлшемі39,39 Kb.
#129043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Л. Урвик формальді ұйым құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталанып отыр:

  • Құрылымның сәйкестігінде атап көрсетілетіні – әуелі ұйымдастыру құрылымын мұқият ойластыру, содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет .

  • Арнайы және бас штабты құру. Басқарудың күрделене түсуін ескеріп, Л. Урвик ұйымдастыруда «штабтық» мамандардың маңыздылығын жете түсінді. Ол арнайы штабтар құру қажет деп есептеді. Олардың негізгі қызметі ұйым басшысы үшін ұсыныс жасау, сонымен қоса үйлестіру қызметінің күрделене түсетіндігін жорамалдаған ол «бас» штаб құруды қажет деп санайды. Сөйтіп «бас» штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындауын және таратуын, күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар қызметін үйлестіре басшыларға көмек көрсетуін жақтады:

  • Құқ пен жауапкершіліктің салыстырмалығы. Сызықтағы басшыларға белгілі бір қызмет жауапкершілігін ғана жүктеу жеткіліксіз, сондай-ақ оларға тиісті билік пен тең жауапкершілікті де жүктеу қажет.

  • Бақылау өрісі – басшыға тікелей бағынатын адамдар саны. Урвик былай деп сендірді: әрбір жағдайда бақылау өрісі басшының жекелей сапасына байланысты, демек нақты белгіленетін норма болуы мүмкін емес;

  • Мамандандыру. Басшы қызметкерлерге мамандандырудың үш түрі болуы мүмкін мақсат белгісі, операциялар бойынша. Алайда, бұлайша дәл белгілеу өте қиынға түседі, сондықтан да әрбір жағдайда жиынтық белгілер (критерийлер) бойынша таңдау қажет;

  • Анықтық. Ұйымдағы әрбір қызметкер үшін правосы, міндеті, жауапкершілігі, басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жазбаша анықталуы тиіс. Тек сонда ғана ұйым қызметінің айқындығына қол жеткізуге болады.

Л. Урвик А. Файоль көзқарастарының жақындығына қарамастан, формальді ұйымды құрудың басты принциптерін тереңірек тұжырымдады.
Классикалық мектептің келесі өкілі Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) болып саналады. Ол ұйым бірлігіндегі жетекшілік пен құрылым проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрлі кезеңін ажыратады: харизматикалық, дәстүрлі, идеалды (немесе бюрократтық).
Ұйымдастырудың харизматикалық түрі басшының ерекше сапасы болған жағдайда пайда болады. Ұйымдастырудың дәстүрлі түрі харизматикалық түрде туындайды, мұнда жетекшінің орнын басқан адамға бағынады. Ең соңында ұйымдастырудың идеалдық (бюрократтық) түрі билікті арнайы бөлуге негізделеді де, ұйым басшысының жетекші болуы қамтамасыз етілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет