Модульдік бірлік Менеджмент эволюциясы


М. Вебер, әсіресе, ұйымдастырудың үшінші түрінің сипаттамасына тереңірек мән берді. Ол басшының жетекшілігі былайша қамтамасыз етілетіндігін атап көрсетті



бет6/10
Дата27.11.2023
өлшемі39,39 Kb.
#129043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5d41cdb2bb233b0d25342c8776729117 1

М. Вебер, әсіресе, ұйымдастырудың үшінші түрінің сипаттамасына тереңірек мән берді. Ол басшының жетекшілігі былайша қамтамасыз етілетіндігін атап көрсетті.

    • Ұйымның барлық қызметі қарапайым операциялардан тұрады да, оларды орындау формальды түрде жекелеген буындарға жүктеледі;

    • Әрбір басшының формальды түрде бекітілген билігі мен беделі болады да, мұның өзі тек ұйым үшін ғана жүзеге асады. Ұйымды құрғанда жоғарыдан төменге қарай бағыну принципі айқын белгіленуі тиіс;

    • Жекелеген қызметкерлер ерекшелігінің ұйым жұмысына әсерін болдырмау мақсатында, ұйысдағы әрбір мүшенің жұмыс тәртібі мен жауапкершілігін айқындайтын нақтылы ережелер, нұсқаулар мен стандарттар жасалады;

    • Кез келген басшы қажетті «әлеуметтік аралықты» сақтауы, өзіне келушілерге және қарамағындағыларға әділ болуы тиіс, мұның өзі барлық адамдарға бірдей әділетті болуына ықпал етеді;

Ұйымда белгілі бір кадр саясаты жүзеге асырылып, мұның өзі ондағы мүшелер қызметін ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Ұйымның әрбір мүшесі мамандығына сәйкес келетін қызметпен шұғылдануы, әрі жұмыстан қалмау жағына қамқорлық жасалуы тиіс.
Кадрлардың қызметін жоғарлату жүйесі істеген жұмыс ұзақтығына және мінсіз қызметіне байланысты.
Анықталған белгілердің қолайлы жақтарын (атап айтқанда еңбек бөлінісінің және оның формальды бекітілуінің қажеттілігін) бағалай отырып, Макс Вебердің ұйым қызметін талдаудағы көзқарасының біржақтылығын, тек оның элементтерінің ғана жұмыс істеуін қарастырумен шектелетіндігін атап көрсеткен жөн.

  1. Адамгершілік қарым – қатынас мектебі (1930-1950)

Келесі мектеп адамдық қатынастар мектебі. 1930-1950 жж. Негізгі өкілдері Элтон Мэйо, Мери Паркер Фале.
Негізгі мақсаты жұмыскерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату, жақсартып еңбек өнімділігін арттыру. Бұл мектепті неоклассикалық мектеп деп атайды.
Бақытты жұмысшы ең тиімді «жұмысшы» деген қағидаға ұстаған. Жұмысшылардың неғұрлым әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілсе жұмысшылар өздерінің жұмыстарына ыңталасты, жақсы жұмыс істейді.
Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді, сондықтан да осы да, олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формальды қызмет қарым – қатынасты орнату секілді мәселелермен шектеледі. Адамгершілік қарым – қатынасты жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым – қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Ф. Тейлор және Э. Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы 1-кестеде келтірілген.

1-кесте - Ф. Тейлор мен Э. Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет