Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Баспалдақтың  бұрылысына немесе айналымына қарай спираль оң  жақты немесе сол жақты болып бөлінеді.  3.22-сурет



Pdf көрінісі
бет140/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.22-сурет
). Баспалдақтың 
бұрылысына немесе айналымына қарай спираль оң 
жақты немесе сол жақты болып бөлінеді. 
3.22-сурет. 
Спиральдің 
кейбір қасиеттері. (A-В) 
Суббөліктер қатары бір-
бірімен қалыпты түрде 
байланысқан 
жағдайда 
спираль түзіледі. Төмен-
де осы спиральдардың 
әрқайсысы 
спиральдің 
жоғары жағынан көрсетіл-
ген және спиральдің (А) 
екі, (Ә) үш және (Б) алты суббөліктен тұратындығы көрініп тұр. (В) суретіндегі спираль мен (Б) суретін-
дегі спиральда суббөліктер саны бірдей болғанымен, екеуінің спиральдарының кеңдігі әртүрлі бо-
латындығына назар аударыңыз. Мәтінде талқылағандай, спираль оң немесе сол жақты бола алады. 
Негіз ретінде металдан жасалған бұрама шеге сағат тілімен бұралған кезде енетінін ескере отырып, 
оны оң жақты деп атайды. Спираль аударылған жағдайда өзінің бұралу жақтылығын сақтайтынын 
ескеріңіз (PDB коды: 2DHB).
Биологиялық құрылымдарда спиральдардың түзілуі жиі байқалатын құбылыс болып 
табылады. Мұндай жағдай суббөліктердің, коваленттік байланыстармен жалғанған, кіші 
молекулалардан (мысалы, α-спиральдағы амин қышқылдары) түзілуі немесе суббөлік-


БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
151
тердің, коваленттік емес тартылыстар көмегімен байланысқан, үлкен белок молекула-
ларынан (мысалы, актин филаменттеріндегі актин молекулалары) түзілуі жағдайында 
орын алады. Бұл таңғаларлық құбылыс емес. Спираль арнайы құрылым емес, себебі ол 
бірдей суббөліктерді бір тізбекке жалғау көмегімен оңай түзіледі. Барлық суббөліктер 
бір-бірімен бір қалыпта жалғанатындықтан спиральдің баспалдақ түріндегі құрылымы 
өздігінен пайда болады. 
Көптеген белок молекулалары созыңқы, талшықты пішінге ие болады
Ферменттер, әдетте, глобулярлы белоктар болып келеді: көпшілігі үлкен, күрделі және 
мультисуббөлікті болса да, жалпы алғанда шар тәрізді пішінде болады. 3.21-суретте 
глобулярлы белоктардың ұзын филаменттерге біріге алатындығы көрсетілген. Белок 
молекуласының ұзын тізбек түзуі оның клеткадағы атқаратын функциясымен байла-
нысты. Мұндай белоктар, салыстырмалы түрде, қарапайым және ұзарған үш кеңістікті 
құрылымға ие болады: оларды талшықты белоктар деп атайды. 
Клетка ішіндегі талшықты белоктардың үлкен бір туыстастығы α-кератиннен тұра-
ды (бұл белок α-спиральді сипаттаған кезде талқыланды). Кератиннің филаменттері өте 
тұрақты және шаш, тырнақ және мүйіз сияқты ұзақ уақыт сақталатын құрылымдардың 
негізгі компоненті болып табылады. α-кератиннің молекуласы әр суббөліктің ұзын 
α-спиралі бір-бірімен ораулы-орауыш түзетін екі бірдей суббөліктен тұратын димер 
болып табылады. Ораулы-орауыш аудандары әр ұшында байланысу сайттары бар гло-
булярлы доменмен бітелген. Сондықтан осы класқа жататын белоктар жіп тәрізді ара-
лық филаменттерге біріге алады. Аралық филаменттер, клетканың ішкі құрылымдық 
негізін қалайтын, цитоқаңқаның маңызды компонентін құрайды (16.67-суретті қара).
Талшықты белоктар, әсіресе клетка сыртында жиі кездеседі. Олар клеткаларды 
ұлпаға біріктіретін гель-тәрізді клетка сыртындағы матрикстің негізгі компоненті бо-
лып табылады. Клеткалар клетка сыртындағы матрикс белоктарын қоршаған ортасына 
бөледі және осы белоктар клетка сыртында қатпарлар немесе ұзын талшықтарға бірігеді. 
Коллаген осы белоктардың жануар ұлпасында ең кең таралған өкілі болып табылады. 
Коллаген молекуласы әр үшінші орында полярлы емес глицин амин қышқылы бола-
тын үш ұзын полипептидтік тізбектен тұрады. Осындай қалыпты құрылым тізбектерге 
оралуға және үш тізбектен тұратын спираль түзуге мүмкіншілік береді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет