150 3-тарау. Белоктар
3.21-сурет.
Актин талшықтары. (A) Теріс боялған актин тал-
шықтарының трансмиссиялық
электрондық микрография-
сы. (Ә) Актин талшығындағы актин молекулаларының спи-
ральдік ұйымдасуы (A, Roger Craig рұқсатымен қолданылды).
Біз осы кітапта көптеген спиральдік құрылымдар-
мен танысамыз. Неге спиральдік құрылымдар био-
логияда кең таралған? Біз көргендей, биологиялық
құрылымдар, жиі жағдайда,
бірдей суббөліктердің
қайталамалы ұзын тізбектерге жалғану көмегімен
түзіледі. Егер барлық суббөліктер бірдей болса, онда
көршілес суббөліктер
бір-бірімен тек бір қалыпта
жалғана алады, ал олардың арасындағы бос энергия
мөлшері минималды болады. Нәтижесінде әр суб-
бөлік келесі
суббөлікпен бірдей жалғанады, яғни
3-суббөлік екіншісіне, ал 2-суббөлік біріншісіне сай
келеді. Суббөліктердің бір тізбекке жалғануы өте
сирек орын алатындықтан, осындай жалғану бары-
сында спираль түзіледі – спираль баспалдақ түрінде
түзілетін құрылым (
Достарыңызбен бөлісу: