148 3-тарау. Белоктар
бірақ осы арақатынастардың біздің адам болып қалыптасуымызға қандай үлес қосаты-
ны белгісіз.
Тірі организмдердің күрделілігі
таңғажайып құ-
былыс болып табылады
және адам геномының
тізбегі анықталғаннан кейін табылған 10000-нан
астам белоктардың
функциялары осы күнге дейін
бізге белгісіз болып отыр.
Үлкен белок молекулалары, әдетте, бірден астам
полипептидтік тізбектен
тұрады
Белок тізбегінің спецификалық құрылым түзуін қамтамасыз
ететін әлсіз коваленттік
емес байланыстар белоктардың бір-бірімен байланысып, клеткада үлкен құрылымдар-
дың қалыптасуына жол ашады. Белоктың басқа молекулалармен коваленттік емес бай-
ланыстар көмегімен әрекеттесе алатын аймағы
байланысу сайты деп аталады. Белок-
тың құрамында үлкен және кіші молекулалармен байланысу сайттары болады. Егер бір
белоктың байланысу сайты басқа белоктың байланысу ауданын анықтайтын болса, онда
фолдингке ұшыраған екі белоктың арасында берік байланыс түзіледі де, нәтижесінде
нақты геометриялық пішіні мен құрылымы бар үлкен белок кешені түзіледі. Осындай
белок құрамындағы әр полипептидтік тізбек
белок суббөлігі деп аталады.
Ең қарапайым жағдайда фолдингке ұшыраған екі бірдей полипептидтік тізбек бір-
бірімен «басқа-бас» ауысу көмегімен бірдей байланысу сайттарының арасында түзілетін
байланыстар арқылы екі белок суббөліктерден тұратын (димер) симметриялық кешен
түзеді. Осыған
Cro репрессорлық белок – инфекцияланған бактериялық клеткада белгілі
бір вирустық гендерді өшіру үшін ДНҚ-мен байланысатын гендерді реттейтін вирустық
белок мысал бола алады (
3.18-сурет
). Клеткаларда бір полипептидтік тізбектің бірнеше
көшірмесінен түзілетін басқа да симметриялық белоктық кешендердің көптеген түрлері
болады.
Достарыңызбен бөлісу: