Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет138/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.17-сурет
Функциялары ұқсас болып саналатын эво-
люциялық тұрғыдан туыстас келетін белок тобының 
домендік құрылымы. Негізінде, адам сияқты күрделі 
организмдерде белоктар көптеген домендерден құрылуға 
бағытталған болады – осы жағдайда ДНҚ-байланыстырушы 
белок салыстырылған. 
3.18-сурет. 
Симметриялық белок 
димерін түзетін белоктың екі бірдей 
суббөлігі. Бактериофаг лямбданың 
Сro репрессорлық белогы вирустық 
гендердің белгілі бір жиынтығын 
өшіру үшін ДНҚ-мен байланысады. 
Оның екі бірдей суббөлігі гидро-
фобтық тартылыстар (көк) және 
сутектік байланыстар жиынтығымен 
(сары) ұсталады (D.H. Ohlendorf, 
D.E. Tronrud and B.W. Matthews, J. 
Mol
. Biol.280:129-136, 1998 көзінен 
Academic Press рұқсатымен қолда-
нылған).


БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
149
Клеткадағы көптеген белоктардың құрамында екі немесе одан да көп полипептидтік 
тізбектердің түрлері болады. Қанның қызыл клеткаларында оттегі молекуласын тасы-
малдайтын гемоглобин белогының құрамында екі бірдей α-глобин суббөліктері мен екі 
бірдей β-глобин суббөліктері болады (
3.19-сурет
). Осындай көп суббөлікті белоктар 
клеткада жиі кездеседі (
3.6-бейнефильм
).
β
α
β
α
3.19-сурет. 
Екі әртүрлі суббөліктің төрт данасының 
симметриялық жиналуынан қалыптасатын белок. Ге-
моглобин қанның қызыл клеткаларында көп кездесетін 
белок болып табылады және ол екі α-глобин (жасыл
және екі β-глобин (көк) көшірмелерінен жиналады. Осы 
полипептидтік тізбектердің құрамына оттегінің байла-
нысу сайты болатын гем тобы (қызыл) кіреді. Сонымен, 
гемоглобиннің әр молекуласы төрт оттегі молекуласын 
тасымалдайды (PDB коды: 2DHB).
Кейбір глобулярлы белоктар ұзын спиральді филаменттер түзеді
Біз қарастырған белоктардың көпшілігі глобурлярлы белоктар болып табылады, олар-
дың полипептидтік тізбектері жинақы, шар тәрізді құрылым түрінде болады. Осыған 
қарамастан мұндай белоктардың кейбіреулері клетканы толығымен бойлайтын фи-
ламенттер түзе алады. Қарапайым 
тілмен айтқанда, егер әр молекуланың 
байланысу сайты дәл сол молекула-
ның бетіндегі басқа ауданға компле-
ментарлы болған жағдайда бірдей 
белоктардың ұзын тізбегі түзіле алады 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет