Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Амилоид талшықтары ядросының құрылымы



Pdf көрінісі
бет148/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Амилоид талшықтары ядросының құрылымы. 
Осы суретте кең зерттелген ашытқының Sup35 приондық 
белогының жеті амин қышқылынан түзілетін амилоид тал-
шығының қиғаш-бета тізбегі көрсетілген. Оның глицин-аспа-
рагин-аспарагин-глутамин-глутамин-аспарагин-тирозиннен 
(GNNQONY) құрылымы ретнген сәулелік кристаллография 
көмегімен анықталды. «Стерикалық ілгек» көмегімен ұста-
латын екі ұзын β-қатпарлардан тұратын амилоидтың қиғаш 
бета тізбегі басқа амилоидтарда ұқсас болғанымен, қатысатын 
қысқа пептидтік тізбекке байланысты әртүрлі құрылымдарға 
ие бола алады. (A) Тізбектің бір бөлігі көрсетілген. Қалыпты 
параллель β-қатпарлар құрылымы екі жанама тізбектер мен 
қаңқадағы екі атом арасындағы арасындағы сутектік бай-
ланыстар жиынтығымен ұсталады (оттегі атомдары қызыл 
және азот атомдары көк). Тек бес қабат көрсетілгенімен (әр 
қабат сызықты нұсқа ретінде көрсетілген), құрылым ондаған 
мың қабаттардан тұрады. (Ә) Толық қиғаш-бета тізбек. Екінші 
ұқсас β–қатпар біріншісімен жұптасады да, талшықтың бүкіл 
ұзындығына созылатын екі қатпарлы мотив түзеді. (Б) Толық 
тізбектің (Ә суретіндегі) жоғары жақтан қарағандағы көрінісі. 
Жақын орналасқан жанама тізбектер стерикалық ілгек атты 
тығыз судан тыс құрылым түзеді (David Eisenberg және Michael 
Sawaya, UCLA иелігі; R. Nelson et al., Nature. 435:773-778, 2005 
көзіне Macmillan Publishers Ltd. рұқсатымен негізделген).
Дені сау адамдарда белоктардың сапасын рет-
тейтін механизмдер жас үлкейген сайын әлсіздейді 
де, қалыпты белоктар патологиялық агрегаттар түзе 
бастайды. Белок агрегаттары өлі клеткадан шыға 
алады және клетка- аралық матриксте амилоид түрін-
де жинала алады. Аса қауіпті жағдайларда осындай 
амилоид талшықтарының клетка ішінде жинақталуы 
клетканы өлтіріп, ұлпаны зақымдай алады. Адам миы 
жоғары дәрежеде ұйымдасқан және регенерацияға 
қабілеті жоқ жүйке клеткаларынан тұратындықтан
ол осындай кумулятивтік зақымға аса шалдыққыш ке-
леді. Амилоид талшықтары әртүрлі ұлпаларда түзіле 
алады және дененің бірнеше ауданында патологиялар 
тудыруы мүмкін. Амилоид талшықтарының ең қауіпті әрі өткір зақымдарына нейроде-
генеративтік аурулар жатады. Мысалы, ғалымдар аса тұрақты амилоид талшықтарының 
қалыпты жағдайдан тыс түзілуі Альцгеймер және Паркинсон ауруларының орталық 
себепшісі болуы мүмкін деп болжайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет