Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет145/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

156 3-тарау. Белоктар
3.28-сурет. 
Шар тәрізді вирустың құрылысы. Вирустарда, бір белок суббөлігінің көптеген көшірме-
лері шар тәрізді қабықты қалыптастыру мақсатында жиналады (капсид). Осы капсид РНҚ немесе 
ДНҚ-дан тұратын вирустық геномды қорғайды (3.27-суретті қара). Геометриялық тұрғыдан 60-қа 
дейін бірдей суббөлік симметриялық нақты пішінге жинала алады. Дегенмен, симметриядағы аз ғана 
ауытқулар арқысында икосаэдрлік симметрияны қалыптастыру үшін көбірек суббөлік қолдана ала-
ды. Осы жерде көрсетілген томаттың бұтақты ергежейлілік вирусы (tomato bushy stunt virus – TBSV) 
диаметрі 33 нм-ді құрайтын вирус болып табылады. Оның геномы 4500 нуклеотидтен тұратын РНҚ-
дан тұрады. Ал капсиді 386 амин қышықлынан тұратын капсидтік белоктың 180 бірдей көшірмесінен 
жиналады. Осындай үлкен капсидті жинау үшін белок үш әртүрлі ортаға сай болуы тиіс. Осы процесс 
суретте бөлек түстермен таңбаланған үш ерекше конформацияны қажет етеді. Жиналудың болжал-
малы жолы көрсетілген; нақты үш кеңістікті құрылымы рентген сәулелік кристаллография көмегімен 
анықталды (Steve Harrison рұқсатымен қолданылды).


БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
157
Клеткалардың көптеген құрылымдарының өздігінен жинала алатын қасиеті 
болады
Клеткадағы макромолекулалар
жиналуының ақпараты суббөліктердің өздерінде болуы 
тиіс, себебі тазартылып бөліп алынған суббөліктер, белгілі бір қолайлы жағдайда, өзді-
гінен соңғы құрылымға жинала алады. Өзінің құрамдас бөліктерінен өздігінен жинала 
алатын тұңғыш зерттелген үлкен макромолекула – темекі мозаика вирусы (tobacco 
mosaic virus – TMV). Бұл вирус ұзын таяқша тәрізді келеді және оның белоктық ци-
линдрінде спиральды РНҚ-сы орналасады (
3.29-сурет
). Егер диссоциацияланған РНҚ 
мен белок суббөліктерін сұйықтықта бірге араластырсақ, олар толық белсенді вирустық 
бөлшек болып жиналады. Жиналу процесі күрделі болып келеде және өсіп келе жатқан 
вирустық қабыққа қосылатын аралық заттар қызметін атқаратын белоктық қос сақина-
лардың түзілуінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет