Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет183/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.75-сурет
Белоктың бір бағытта қозғалу жолы. (A) АТФ гидролизімен 
қозғалысқа келтірілетін аллостерикалық моторлық белок. Үш әртүрлі кон-
формациялар арасындағы транзиция АТФ гидролизінің қадамы арқылы 
жүзеге асады. Нәтижесінде бүкіл циклды қайтымсыз күйге айналдыратын 
«бірбағытты сылдырақ» түзіледі. Қайталмалы циклдар арқылы белок 
тізбек бойымен тоқтамай қозғалады. (Ә) Жоғары жылдамдықты атомдық 
күш микроскопының көмегімен қозғалып жатқан миозин моторлық бе-
локтың тікелей бақылануы; қадамдар арасындағы уақыт 0,5 секундтан 
кем (Ә, N. Kodera et al., Nature 468:72-76, 2010 көзінен Macmillan Publishers 
Ltd рұқсатымен өзгертіліп қолданылды).


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
201
АВС тасымалдағыштары (АТФ-байланыстырушы кассеталық тасымалдаушылар 
– ATP-binding cassette transporters) мембранамен байланысқан маңызды насостық бе-
локтар класын құрайды. Клетка бұл тасымалдағыштарды цитоплазмадан гидрофобты 
молекулаларды шығару үшін қолданады. Олардың кейбір өкілдері қарын-ішек жолы-
ның шырышты бетінде немесе гемато-энцефалиттік бөгетте токсинді молекулаларды 
жояды. АВС тасымалдағыштары айналасындағы зерттеулер медицина үшін өте маңы-
зды, себебі белоктардың осы класының кенеттен тыс өндірілуі ісік клеткаларының 
химиотерапиялық дәрмектерге төзімділігін арттырады. Бактерияларда белоктардың 
осыған ұқсас класы әртүрлі заттарды клетка ішіне тасымалдау үшін қолданылады. 
АВС тасымалдағыштары плазматикалық мембрананы тесіп өтетін суббөліктер жұбы 
және олармен байланысқан мембрананың ішкі бетіне жақын орналасқан АТФ-байла- 
ныстырушы суббөліктер жұбынан құралады. АТФ гидролизінен пайда болатын энергия 
АВС тасымалдағышының молекуласында конформациялық өзгеріс тудырады, осыдан 
кейін мембрананы тесіп өтетін суббөліктер олармен байланысқан молекулаларды ли-
пидтік биқабаттан өткізе бастайды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет