Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет184/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.76-сурет
).
3.76-сурет. 
АВС (АТФ-байланыстырушы кассета) тасымалдағыштары – молекулаларды мембрана-
дан өткізетін белок машинасы. (А) Тасымалдағыштардың үлкен туыстастығы бактерия клеткасында 
молекулаларды өткізу жолы. Екі АТФ молекулаларының байланысуы АТФ-байланыстырушы домен-
дердің берік байланысып, жабылуына әкеледі де, клетка сыртына шығатын каналды ашады. Кейін, 
субстрат молекуласының белок кешенінің клетка сыртындағы бетімен байланысуы АТФ гидролизі 
мен АДФ босатылуын қоздырады. Нәтижесінде цитоплазмалық қақпа ашылады да, тасымалдау жолы 
жаңа циклға дайын болады. (Ә) Эукариоттарда қарама-қарсы процесс орын алады. Клеткадан моле-
кулалардың сыртқа шығуы сұрыптамалы жолмен іске асады (11-тарау). (Б) Бактериялық АВС тасымал-
дағышының құрылысы (
11.5-бейнефильмді
қара) (Б, R.J. Dawson and K.P. Locher, Nature. 443:180-185, 
2006 көзінен Macmillan Publishers Ltd рұқсатымен қолданылды; PDB коды: 2HYD).
Маңызды насостар класына АТФ гидролизін Н

иондарының тасымалымен жұптас- 
тыратын айналмалы насосты жатқызуға болады. Бұл насостар лизосомалар мен одан 
басқа органеллалардың қышқылдығын пайдаланатын мини турбиналарға жиналады. 


202 3-тарау. Белоктар
Иондық градиент тудыратын басқа иондық насостар сияқты олар АДФ-тен АТФ түзілуін 
катализдей алады. Осындай насосқа АТФ-синтаза ферментін жатқызуға болады. Ол 
электрон тасымалы тізбегінен түзілетін протон концентрациясын пайдалана отырып 
тіршілік әлемінде қолданылатын АТФ-тің басым бөлігін синтездейді.
Белоктар, көп жағдайда, белоктық машиналар қызметін атқаратын үлкен 
кешендер түзеді
Көптеген домендерден тұратын үлкен белоктар, кіші 
белоктарға қарағанда, күрделірек қызмет атқара ала-
ды. Бірақ, белок жиынтықтары бір-бірімен ковалентті 
емес байланыстар арқылы бірігетін көптеген белок 
молекулаларынан тұрады. Қазіргі таңда көптеген 
процестерді зертхана жағдайында клеткадан тыс 
жүйеде құруға болады. Клеткадағы орталық процес- 
тер – ДНҚ репликациясы, белок синтезі, көпіршіктің 
ажырауы немесе сигналдардың мембрана арқылы та-
сымалдануы – жоғары деңгейде үйлестірілген 10-нан 
астам белоктардан құралған кешендермен іске асы-
рылады. Осындай белоктық машиналарда энергия 
жағынан тиімді (АТФ немесе ГТФ гидролизі) реакция 
бір немесе бірнеше суббөліктерде конформациялық 
өзгерістер тізбегін қоздырады. Осындай жолмен әр 
фермент қажетті ауданға жеткізіледі де, күрделі реак-
ция іске асырылады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет