Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет218/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

240 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
барлық эукариоттық организмдердің, соның ішінде адамдардың дамуында, өсуінде 
және қалпында сақталуында үлкен әрі маңызды рөл атқарады. 
Гетерохроматин жоғары дәрежеде ұйымдасқан және гендер экспрессиясын 
реттейді
Жарық микроскопиясы көмегімен 1930 жылдары жоғары сатыдағы эукариоттардың 
интерфазадағы ядросында хроматиннің екі түрі анықталды: жоғары конденсацияланған 
гетерохроматин және қалғаны, төмен конденсацияланған бөлігі эухроматин деп ата-
лады. Гетерохроматин хроматиннің аса компактты түріне жатады және біз оның моле-
кулалық қасиеттерін түсіне бастадық. Ол, теломера мен центромера сияқты, арнайы 
аудандарда жоғары деңгейде концентрацияланады. Бірақ, клетканың физиологиялық 
күйіне байланысты олар клетканың басқа да аудандарында концентрациялануы мүм-
кін. Сүтқоректілердің қалыпты клеткасында геномның, шамамен, 10%-ы осы жолмен 
қапталған.
Гетерохроматиндегі ДНҚ-да гендер саны аз болады және эухроматиндік ауданда, 
гетерохроматиндік күйге ауысқан кезде, оның құрамындағы гендер «өшіріледі». Де-
генмен, гетерохроматин термині гендер экспрессиясы үшін әртүрлі қолданыстары бар 
хроматин компакттілігінің әртүрлі күйлерін сипаттайды.
Гетерохроматиндік күй өзін-өзі қалыптастырады
Табиғи генетикалық жағдайдың немесе тәжірибе көмегімен тудырылған хромосомалық 
үзіліс пен қайта жалғану арқылы, қалыпты жағдайда, эухроматин күйіндегі хромосома 
гетерохроматин күйіне көшіріле алады. Осы процестің нәтижесінде, қалыпты жағдай-
да, белсенді гендердің  сайленсингі немесе инактивациясы орын алады. Осы феномен 
позиция эффектісі деп аталады. Ол гетерохроматин күйінің қалыпты эухроматин күйі-
не ауысуын көрсетеді және гетерохроматин күйінің қалыптасуы мен қалпында сақталу 
механизмдеріне жол ашады. Тұңғыш рет Drosophila шіркейінде табылған позиция эф-
фектісі көптеген эукариоттарда, соның ішінде ашытқылар, өсімдіктер мен адамдарда 
табылған. 
Хромосомалық үзіліс пен қайта жалғану кезінде эухроматин гетерохроматинге 
ауысқан ауданда сайленсинг аймағы шіркей эмбрионының әртүрлі бастапқы клет-
каларында әртүрлі қашықтыққа таралады. Таңқаларлық жағдайға клеткадағы осы 
қашықтықтар тұқым қуалайтыны және келесі ұрпақтарда осы қашықтық бірдей бо-
латыны жатады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет