238 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Нуклеосомалар бірінің үстіне бірі қандай механизмдердің көмегімен жиналады?
Нуклеосомалардың гистондар құйрықтары көмегімен байланысуы (Н4 құйрығы)
маңызды фактор болып табылады (
4.29-сурет
). Басқа
маңызды факторға нуклеосома
ядроларымен бірдей мөлшерде кездесетін қосымша
Н1 гистонының болуын жатқы-
зуға болады.
Линкерлік гистон деп аталатын гистон, ядролық гистондарға қарағанда,
үлкенірек болады және ол эволюция барысында консервативтілікке аз ұшыраған. Н1
гистонының жалғыз молекуласы әр нуклеосомамен байланысады да (ДНҚ мен белок-
тың екеуімен де әрекеттеседі), гистоннан шығатын ДНҚ-ның бағытын өзгертеді. Осы
өзгеріс нуклеосомалық ДНҚ-ның нығыздалуына мүмкіншілік тудырады (
4.30-сурет
).
Көптеген эукариоттық организмдерде Н1 гистон белоктары ұқсас, бірақ аминқышқыл-
дық құрамы бойынша әртүрлі болатын белоктардың бірнеше түрлерін түзеді. Гистон-
дармен тікелей байланысатын белоктарға қоса басқа ДНҚ-байланыстырушы белоктар
да нуклеосомалардың ұйымдасуына өз үлестерін қосуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: