242 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Гистондар ядролары әртүрлі сайттарда коваленттік модификацияларға
ұшырайды
Нуклеосома ядросындағы төрт гистонның аминқышқылдық жанама тізбектері әртүр-
лі коваленттік модификацияларға ұшырайды. Соның ішінде лизиннің ацетилденуін,
лизиннің моно-, ди-, триметилденуін және сериндердің фосфорильденуін атап кетуге
болады (
4.33-сурет
). Осы жанама тізбектер модификацияларының көпшілігі нуклеосо-
маның N-ұшынан шығатын ұйымдаспаған сегіз «гистон құйрықтарында» орын алады
(
4.34-сурет
). Дегенмен, нуклеосоманың глобулярлық ядросында 20-дан астам жанама
тізбектік модификациялар болады.
Жоғарыда айтылған модификациялардың барлығы қайтымды.
Бір фермент моди-
фикацияны іске асырса, екіншісі оның әсерін қайтарады. Мұндай ферменттер жоғары
спецификалық болады. Мысалы, ацетил топтары спецификалық лизиндерге
гистон-
дық ацетилтрансферазалар (
ГАТ-тар)
жиынтығының
көмегімен жалғанады және
гистондық деацетил кешендері (
ГДАК-тар) жиынтығының көмегімен бөлінеді. Осы
механизмге ұқсас, метил топтары метил трансферазалардың қатысуымен жалғанады
да, гисондық деметилазалардың көмегімен бөлінеді. Әр фермент хроматиннің әртүрлі
ауданына белгілі бір уақыт кезінде барады. Осы уақыт клетка тіршілігінің кезеңіне бай-
ланысты болады. Көпшілік жағдайда бастапқы рекрутинг
транскрипциялық реттегіш
белоктарға байланысты болады. Бұл белоктар хромосомадағы белгілі ДНҚ тізбектерін
таниды және олармен байланысады. Олар организм тіршілігінің әртүрлі кезеңдерінде
және әртүрлі аудандарында түзіледі және хроматинді
модификациялайтын фермент-
Достарыңызбен бөлісу: