264 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Биохимиялық мақсаттарды эффективті түрде
іске асыру үшін клетканың ерекше орталарды
қалыптастыру қасиеті болады.
Бұл субкомпарт-
менттер, ядрошық сияқты, тек қажетті жағдайда
ғана түзіледі, себебі олар осындай жағдайда ғана
көптеген ферменттер
мен РНҚ молекулалары-
ның жергілікті концентрациясын жоғарылатады.
Осыған ұқсас жолмен ДНҚ-ның зақымдануы орын
алған жағдайда, ДНҚ-ны репарациялайтын фер-
менттер ядроның белгілі бір ауданында жиналады
да, «репарациялық зауыттар» қалыптастырады.
4.58-сурет.
Қосқабатты мембранасыз эффективті компартментализация. (A) Шар тәрізді субядро-
лық органелланың (
сол) және ядролық қабықтың қасында ұқсас түрде ұйымдасқан субкомпартмент-
тің (
оң) ұйымдасуының сызбанұсқасы. Екі жағдайда да, РНҚ-лар мен/немесе белоктар (
сұр) басқа
РНҚ-лар мен белоктардың (
түрлі-түсті объектілер) байланысу сайттары
бар жоғары дәрежеде
пораланған, гель тәрізді құрылымдарды түзу мақсатында ассоциацияланады. (Ә) Таңдалған белоктар
мен РНҚ-лар жиынтықтарының ұзын иілгіш полимер тізбектерімен байланысуы ядро субкомпарт-
менттерінде реакциялар деңгейін арттыратын “әрекет алаңдарын” түзеді. Катализденетін реакция-
лар байланысумен тұрақтанған белгілі бір макромолекулаға тәуелді болады. Клетканың кез келген
компартменттерінде іске асатын реакциялар деңгейлерінің артуы ұқсас жолмен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: