дік хромосомалар түзіледі.
Шіркей дернәсілінің сілекей безіндегі политендік хромосомаларды жарық микро-
скопының астында қараған жағдайда қара түсті жолақтар мен ашық түсті аралық жолақтарды айқын көруге болады (
4.50-сурет ). Олар мыңдаған бірдей ДНҚ тізбек-
терінен түзіледі. Политендік хромосомадағы ДНҚ-ның 95%-ы қара түсті жолақтарда, ал
қалған 5%-ы аралық жолақтарда орналасады. Өте жіңішке жолақта 3000 нуклеотидтер
жұбы болса, онда өте ірі жолақта 200000 нуклеотидтер жұбы бола алады. Әр жолақтағы
хроматиннің түсі қара болып көрінеді, себебі оның құрамындағы ДНҚ-ның, аралық
жолақтарға қарағанда, конденсациялылығы жоғарырақ болады; сонымен қатар оның
құрамында белоктардың мөлшері де көбірек бола алады (
4.51-сурет ). Осы жолақ пат-
терндері амфибиялық шам щеткасы хромосомаларындағы ұйымдасуға ұқсас жағдайды
көрсететін сияқты.
4.50-сурет. Drosophila -ның сілекей безі клеткасындағы политендік хромосома- лардың толық жиынтығы. Осы микрографияда алып
хромосомалар микроскоп
шынысына
жайылған.
Drosophila -да төрт хромосо-
ма болады және төрт әртүр-
лі хромосомалар жұптары
көрсетілген. Бірақ әр хро-
мосома өзінің гомологымен
өте тығыз жұптасқан және
олар бір құрылым ретінде
көрінеді. Әр хромосома
репликацияның
көптеген
циклдарына ұшыраған және
гомологтар мен олардың
барлық дупликаттары нақты
тізбекте қалады. Нәтижесінде жуандығы бірнеше ДНҚ тізбегінен көп үлкен хроматин жіптері түзіледі.
Төрт политендік хромосомалар қалыпты жағдайда бір-бірімен центромераға жақын гетерохроматин-
дік аудандармен байланысады. Олар қосылып, бір үлкен хромоорталық (ашық қызыл) түзеді. Осы
препаратта хромоорталық препаратты даярлау барысында екіге бөлініп қалған (T.S. Painter, J. Hered.
25: 465-476, 1934 көзінен Oxford University Press рұқсатымен қолданылды).
Drosophila -ның политендік хромосомасының толық жиынтығынның құрамында,
шамамен, 3700 қара түсті және 3700 аралық жолақ болады. Жолақтар олардың жуан-
дығы мен кеңістіктегі орналасуы бойынша бір-бірінен ажыратыла алады. Шіркейдің
хромосомалық «картасын» қалыптастыру үшін олардың әрқайсысына реттік нөмір
берілді.