Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


ДНҚ синтезіне жоғары мұқияттылық беретін үш қадам



Pdf көрінісі
бет274/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   330
 ДНҚ синтезіне жоғары мұқияттылық беретін үш қадам
Репликация қадамы
Қосылған нуклеотидке шаққандағы қате
5’-3’ полимеризация
10
5
нуклеотидте 1 қате
3’-5’ экзонуклеазалық түзету
10
2
нуклеотидте 1 қате
Тізбекке бағытталған мисматч репарация
10
3
нуклеотидте 1 қате
Барлығы 
10
10
нуклеотидте 1 қате
Үшінші қадам – тізбекке бағытталған мисматч репарация – осы тараудың келесі бөлімдерінде 
сипатталады. Полимеризация қадамы үшін «қосылған нуклеотидке шаққандағы қате» түсінігі 
қате нуклеотидтің өсіп келе жатқан тізбекке қосылу мүмкіншілігін білдіреді. Басқа екі қадам 
үшін «қосылған нуклеотидке шаққандағы қате» түсінігі қатенің түзетілу мүмкіншілігін білдіреді. 
Әр қадам өз алдына соңғы қате мүмкіншілігін көрсетілген фактор бойынша азайтады.
Тек 5’-3’ бағыттағы ДНҚ репликациясы қателерді эффективті түрде түзетуге 
мүмкіншілік береді
Жоғары мұқияттылықтың қажеттілігі ДНҚ репликациясының тек 5’-3’ бағытта 
жүретіндігін түсіндіреді. Егер ДНҚ-полимераза 3’-5’ бағытында нуклеотидтерді қо-
сатын болса, онда өсіп келе жатқан тізбектің 5’-ұшы активациялайтын трифосфатпен 
қамтамасыз етілуі тиіс. Осы жағдайда полимеризация қателері гидролиздене алмайды, 
себебі тізбектің фосфатсыз 5’-ұшы репликация терминациясын қоздырар еді. 
ДНҚ репликациясын репарациялайтын механизмдеріне қарамастан ДНҚ полимера-
залары қателіктер жібереді. Дегенмен, клеткаларда қателерді түзетуге тағы бір мүмкін-
шілік болады – ол, тізбекке бағытталған мисматч репарациясы.
Осы механизмді сипаттамастан бұрын біз репликативтік айырдағы басқа белоктарды 
қарастырайық.
Арнайы нуклеотид полимеризациялаушы фермент қалыңқы тізбекте қысқа 
РНҚ праймер молекулаларын синтездейді
Жетекші тізбек үшін праймер тек репликация басталуы үшін қажет: репликативтік 
айыр қалыптасқаннан кейін ДНҚ-полимераза жаңа нуклеотидтерді қосады. Айырдың 
қалыңқы жағында ДНҚ полимераза әр қысқа Оказаки фрагментін аяқтағаннан кейін ол 
жаңа фрагментті синтездеуді бастауы тиіс. Арнайы механизм ДНҚ-полимеразаға қажет-
ті қысқа негіз жұбын құратын праймерді синтездейді. Осы механизм ДНҚ-праймаза 
атты ферменттің белсенділігіне тәуелді болады. Осы фермент қалыңқы тізбекте рибо-
нуклеотидтрифосфаттар көмегімен қысқа РНҚ праймерлерін синтездейді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет