Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет276/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   330
5.10-сурет
РНҚ праймерінің синтезі. Қалыңқы тізбекті матрица 
ретінде пайдалана отырып, қысқа РНҚ праймерлерін синтез-
дейтін РНҚ праймаза ферментімен катализеденетін реакци-
яның сызбанұсқалық көрінісі. ДНҚ полимеразаға қарағанда 
осы фермент екі нуклеотид трифосфаттарын бір-біріне жалғау 
арқылы жаңа полинуклеотидтік тізбектің синтезін бастай ала-
ды. Праймаза қысқа полинуклеотидтік тізбектерді 5’-3’ бағытта 
синтездейді және тоқтаған кезде полинуклеотидтің 3’-ұшы ДНҚ 
полимеразаға қолжетімді болады. 
5.11-сурет. 
Қалыңқы тізбекте бір ДНҚ фрагментінің 
синтезі. Эукариоттардың қалыңқы тізбегінде РНҚ прай-
мерлері әр 200 нуклеотид сайын синтезделеді және әр 
праймердің ұзындығы шамамен 10 нуклеотидті құрайды. 
Осы праймер РНҚ/ДНҚ спиралінде РНҚ тізбегін танитын 
маманданған ДНҚ репарациялаушы ферментпен (РНҚаза 
Н) жойылады; осы фермент бос аудандар қалдырады 
және осы орындар келешекте ДНҚ полимераза мен ДНҚ 
лигазамен толтырылады.


304 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
Осыған байланысты, екі қосымша репликациялық белоктардың түрі – ДНҚ-хеликаза 
және бір тізбекті ДНҚ-мен байланысатын белоктар – ДНҚ-ның қос тізбегін ажырату 
үшін қажет. 
ДНҚ хеликазалары, тұңғыш рет ДНҚ-ның жалғыз тізбегімен байланысқан кезде 
АТФ-ті гидролиздейтін белоктар ретінде бөлініп алынған. АТФ-тің гидролизі белокты 
механикалық жұмыс істеуге бағыттау үшін оның пішінін циклдық түрде өзгерте алады. 
Осы принциптің көмегімен ДНҚ-хеликаза ферменті өзінің молекуласын ДНҚ тізбегінің 
бойымен жылжытады. Олар қос тізбекті ауданға тап болған жағдайда, өз тізбегімен 
жылжи береді де, қос тізбекті, шамамен, секундына 1000 нуклеотидтер жұбы жылдам-
дығымен тарқатады (
5.13- 
және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет