Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


бағытталған мисматч репарациялаушы жүйе



Pdf көрінісі
бет281/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

бағытталған мисматч репарациялаушы жүйе ДНҚ спираліндегі комплементарлы 
емес негіздерден пайда болатын қос тізбектегі ауытқуларды іздейді. 
Егер түзетуші жүйе жаңа тізбектегі қатені анықтаған кезде, жүйе кездейсоқ түрде, 
осы екі нуклеотидтің біреуін түзетеді, бірақ ол түзетуді аналық клеткадан келген ДНҚ 
тізбегінде іске асыруы мүмкін және ескі ДНҚ тізбегінде мутация пайда болуы мүмкін. 
Сондықтан осындай жүйе жаңа синтезделген тізбекті ескі тізбектен ажырата алуы тиіс. 
E.coli-де, мисматчтық түзетуші жүйе қолданатын, тізбектерді ажырату немесе тану 
механизмі 
ДНҚ-дағы 
таңдалған А қалдықта-
рының 
метильденуіне 
тәуелді болады. Метил 
топтары ГАТЦ тізбегіндегі 
барлық А-ларға қосылады. 
Бірақ, жаңа тізбекке енген 
А-ның метильденуі біраз 
уақыттан кейін жүреді. 
Нәтижесінде жаңа тізбек-
тегі ГАТЦ қатарындағы 
барлық А-лар метильден-
беген болады. Осындай 
тану механизмінің көме-
гімен тізбекке бағытталған 
мисматч репарациялаушы 
жүйе тек жаңа тізбектерде-
гі мутацияларды түзетеді. 
Ұқсас 
мисматчтық 
түзетуші жүйе эукариот-
тарда да болады, бірақ ол 
жаңа тізбекті анықтаудың 
басқа жолын қолданады 
(
5.19-сурет
). 
Жаңадан 
синтезделген 
қалыңқы 
тізбекте көптеген үзіктер 
5.19-сурет. 
Тізбекке бағытталған мисматч репарация. (A) Көр-
сетілген белоктардың екеуі де бактерия мен эукариоттық клет-
каларда кездеседі: MutS мисматч негізбен тікелей байланысады, 
ал MutL ДНҚ-ны үзілістерге тексереді. MutL үзілісті тапқан кезде 
ол үзілген тізбекте үзіліске дейінгі барлық нуклеотидтердің жой-
ылуын қоздырады. Эукариоттарда үзілістер көбінесе жаңадан 
синтезделген тізбектерге тән болғандықтан, репликация қателері 
таңдалмалы түрде түзетіледі. Бактерияларда, кешендегі қосымша 
белок (MutH) метилденбеген ГАТЦ тізбегін үзеді. Эукариоттарда, 
MutL белогының ДНҚ-ны кесетін қасиеті болады. (Ә) ДНҚ мисмат-
чпен байланысқан MutS белогының құрылысы. Осы белок ДНҚ-
ның қос тізбегін ұстайтын және мисматчты негіз айналасында 
бұрайтын белок димері болып табылады. MutS белогы ДНҚ-ны 
мисматчтарға бұрала алатын сайттарды іздеу арқылы тексеретін 
сияқты (PDB коды: 1EWQ). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет