ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
307
5.17-сурет.
ДНҚ полимеразаны ДНҚ-мен байланыста ұстайтын реттегіш сырғу қысқышы. (A) Рентген
сәулелік кристаллография көмегімен алынған
E. coli-дің қысқыш белогының құрылысы. ДНҚ спиралі
белоктың ДНҚ-ның айналасында қалай орналасатынын көрсету үшін қосылды (
5.3-бейнефильм
).
(Ә) Қысқыштың (
қызыл және
сары суббөліктер) ДНҚ-ға қалай тиелетінін
және ДНҚ полимеразаны
молекуласын ДНҚ бойымен қалай жүргізетінін көрсететін сызбанұсқа. Қысқыш тиеушісі (
күңгірт жа-
сыл) бұрандалары ДНҚ-ның ойыстарына сай келетін сомын түрінде жиналады. Тиеуші бос қысқыш
молекуласымен байланысады да, қысқыш сақинасында ДНҚ-ның өтуіне қажетті үзілісті тудырады.
Қысқыш тиеушісі оның сомын тәрізді құрылымының арқасында ДНҚ-ның
қос тізбекті ауданын
таниды, ДНҚ-да қысылады және матрицалық ДНҚ мен жаңадан синтезделген праймер кешенімен
байланысады. Ол қысқышты праймердің 3’-ұшына дейін жылжытады. Праймердің 3’-ұшында тиеуші
АТФ-ті гидролиздейді де, қысқышты босатады. Нәтижесінде қысқыш
ДНҚ айналасында жабылады
және ДНҚ полимеразасымен байланысады. Қарапайым реакцияда, қысқыш тиелген кезде қысқыш
тиеушісі сұйықтыққа диссоциацияланады. Нағыз репликативтік айырда қысқыш тиеушісі полимера-
заға жақын орналасады және ол жаңа Оказаки фрагментінің басында жаңа қысқышты жинауға даяр
болады (A, X.P. Kong et al.,
Cell 69:425-437, 1992 көзінен Elsevier рұқсатымен қолданылды; Ә, B.A. Kelch
et al.,
Science 334:1675-1680, 2011 көзінен AAAS рұқсатымен қолданылды. PDB коды: 3BEP).
Репликативтік айырда орналасқан белоктар репликация
машинасын құру
мақсатында бірігеді
Біз ДНҚ репликациясының бөлек әрекет ететін белоктар жиынтығымен іске асырыла-
тынын қарастырғанбыз, бірақ белоктардың басым бөлігі ДНҚ-ны үлкен және реттелген
мультиферменттік кешен түрінде синтездей алады.
Осы кешенді, нуклеозид-трифос-
фаттар гидролизінің энергиясын пайдаланатын, кішігірім тігу машинасымен салысты-
руға болады.