Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет280/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   330
308 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.18-суретте
репликация машинасының құрамындағы суббірліктердің функциясы 
көрсетілген. Репликациялық айырдың алдында ДНҚ-хеликаза ферменті ДНҚ-ның қос 
спиралін тарқатады. Айырда екі ДНҚ-полимераза ферментінің біреуі жетекші, ал екін-
шісі қалыңқы тізбекте әрекет етеді. Жетекші тізбектегі ДНҚ-полимераза үздіксіз түрде 
жұмыс істейді. Қалыңқы тізбектегі полимераза әрбір қысқа тізбектер сайын өз әрекетін 
қайта бастап отыруы тиіс. Белок компонеттерінің жақын ассоциациясы репликация 
эффективтілігін арттырады. Осындай ассоциация Оказаки фрагменті синтезделген кез-
де полимеразалық қысқыштың тиеулуін ыңғайлатады: қысқыш тиеуіші мен қалыңқы 
тізбектегі ДНҚ-полимераза өзінің матрицасынан ажыраған болса да, бір-бірімен бай-
ланыста болады. Кейінірек репликациялық белоктардың барлығы бір бірлікке бірігеді 
(молекулалық массасы >10
6
Дальтон) және ДНҚ-ның синтезін екі тізбекте де іске асы-
рылуын қамтамасыз етеді. 
5.18-сурет. 
Бактериялық репликативтік айыр. (A) Осы сызбанұсқа ДНҚ синтезделген кезде реплика-
тивтік айырда репликативтік белоктардың орналасуын көрсетеді. ДНҚ-ның қалыңқы тізбегіндегі ДНҚ 
полимераза молекуласының жетекші тізбектегі ДНҚ полимераза молекуласымен кешен түзу мақса-
тында ДНҚ-ның қалыңқы тізбегі фолдингке ұшырайды. Сонымен қатар, осы фолдинг синтезделген 
Оказаки фрагментінің 3’-ұшын келесі Оказаки фрагментінің басталу сайтына жақындатады. Қалыңқы 
тізбектегі ДНҚ полимераза молекуласы басқа репликативтік белоктармен байланыста болғандықтан, 
ол келесі Оказаки фрагментінің синтезін қайта қолданыла алады. Қосымша белоктар (көрсетілмеген) 
айырдың әртүрлі белок компоненттерін ұстайды және олардың нақты әрекетін бағыттауға көмек-
теседі. (Ә) Т4 бактериофагының репликациялық машинасын көрсететін электрондық микрография. 
(Б) Микрографияның сипаттамасы эскиз ретінде берілген: қалыңқы тізбектегі ілмектерге назар ау-
дарыңыз. Осы электрондық микрографияны даярлау барысында репликациялық белоктар реплика-
тивтік айырдың бас жағынан ажырай бастады (Ә, Jack Griffith сыпайлылығымен қолданылды; P.D. 
Chastain et al., J. Biol. Chem. 278: 21276-21285, 2003 әдебиет көзін қараңыз).


ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
309
Тізбекке бағытталған мисматч репарациялаушы жүйе репликация 
машинасынан кейін қалған репликация қателерін түзейді
E.coli-дің әр 30 минут сайын бөліну қабілеті аздаған ғана уақыт аралығында популяция- 
ның көп мөлшерін алуға және осы популяцияда кездесетін мутацияларды іздестіруге 
мүмкіншілік береді. Мутанттардың қызықты класы, мутатор гендері, кездейсоқ му-
тациялар жиілігін арттырады. Соның ішінде, бір мутатор ДНҚ-полимеразаның құра-
мына кіретін 3’-5’ түзетуші экзонуклеаза ферментінде мутация тудырады. Нәтижесінде 
ферменттің қателерді түзету деңгейі төмендейді де, клеткадағы мутациялардың жиілігі 
артады. 
E.coli-дің, мутациялар деңгейі аса жоғары болатын басқа мутанттарына жүргізілген 
зерттеулері нәтижесінде, құрамында түзетуші экзонуклеазасы жоқ ДНҚ-полимераза-
ның репликациялық қателерін түзететін ферменті болатындығы анықталды. Тізбекке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет